kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Латын әліпбиіне көшу-заман талабы" дөңгелек үстел

Нажмите, чтобы узнать подробности

Латын әліпбиіне көшу- заман талабы атты дөңгелек үстел 2-курс студенттері арасында

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Латын әліпбиіне көшу-заман талабы" дөңгелек үстел»

«Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстелдің жоспары

Өткізілетін топ: 2ДТС-16

Өткізілетін орын: 303 кабинет

Тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың суреті, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жолдауы, бейнеролик, слайд.

Дөңгелек үстелдің барысы:

Кіріспе сөз:

Қазақ елінің өткен тарихында әліпби бірнеше рет ауысты. 1929 жылға дейін араб әліпбиін қолданып, 1940 жылға дейін латын әліпбиін пайдаландық. 1940 жылдан күні бүгінге дейін орыс алфавитін қолданып келеміз. (Бейнеролик көрсетіледі.)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

"2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек", — деп жазады . Бұдан бұрын бұл идеяны мемлекет басшысы 2012 жылы "Қазақстан-2050" Стратегиясында жария еткен болатын.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.

Әрине, қоғам болғандықтан, көпшілік болған соң әр түрлі пікір болады. Соған байланысты бүгінгі «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстелемізді бәрімізге таныс Эдвард де Бононың «Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы студенттеріміздің пікірін білгіміз келді.

«Алты ойшыл қалпақ» әдісі үшін топты 6-ға бөлдік.















Студенттер өз пікірлерімен бөліседі.

Қорытынды сөз.

Қорыта келе латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.



«Каспий» педагогикалық және салалық технологиялар колледжі


«Бекітемін»

Директордың оқу тәрбие

жөнінендегі орынбасары

_________ Әмірбекова Г.С

«___»___________2017ж


«Латын әліпбиіне көшу-заман талабы»

(Дөңгелек үстел)


Тобы: 2ДТС-16

Өткізген: Бурабаева Н.Б.

















2017-2018 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Латын әліпбиіне көшу-заман талабы" дөңгелек үстел

Автор: Бурабаева Назгул Боранбаева

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455882


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства