kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг әдісін қолданудың тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама барысында бүгінгі таңдағы оқу процесінде жаңа әдәс-тәсілдердің бірі-коучингті өткізудің пайдасы мен ерекшеліктері жайлы жан-жақты түсінік беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг әдісін қолданудың тиімділігі»

Қазіргі таңда коучинг термині тиімді, әрі жаңа термин болып табылады. Дегенмен де, көптеген адамдар коучинг терминін жай ғана психотерапия немесе тренингтік жаттығулар деп санайды, алайда ол әдіс оқыту процесінде қолданатын тиімді, әрі қолжетерлік әдістердің негізгілері болып есептелінеді. Коучинг ілімі қазір әлемнің көптеген елдерінде табысты қолданылады. Алдымен ко- учинг сөзін анықтап алайық, коучинг (ағылш. coaching - оқыту, жаттықтыру) - консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы - коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге жету ұйғарылады. Бұл анықтаманы жасаған коучингтің негізін қалаушы Джон Уитмор [1]. «Коучинг адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Коучинг кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты өзі табуына көмектеседі. Оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жол ашады». Коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын қарауға, нақты мәселлерді шешуге бағытталған технология. Коучинг икемді, бейімдеу технология ынтымақтастығы; бұл өмірінің түрлі салала- рында сонымен қоса білім беруде де қолдануға мүмкіндік береді. Коучинг инновациялық білім беруді дамыту және құрылуына байланысты ерекше маңызға ие. Білім беру қызметтерінің жаңғырту жағдайында, жаңа білім беру техно- логияларын және ескі оқыту әдістері арасында жаңа талапкерлер мен қызметтерді дәстүрлі жеткізушілер арасындағы бәсекелестік жоғары оқу орындарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табыла- ды. Қазіргі таңда студенттердің белсенділігін арттыру үшін, әсіресе студенттердің өзара басқаруы артуында бұл әдіс белсенді болып отыр. Шет елдерде бұл әдісті тек оқыту процесінде емес, сонымен бірге бизнесте де үнемді етіп қолданады, тіпті кейбіреулері өздеріне арнайы мамандық та алған. Оның негізгі технологиясы студенттердің жаңа белестерге жетіп, білікті маман болуына көмектеседі. Павел Безручко пікірінше, «Коучингтің бір ерекшелігі ол белгісіз бір қиындық жағдайдан шығуда өзі шешім қабылдауына көмектеседі. Кейіннен ол сол арқылы өзге адамдарға өз үлесін қосады». Tim Gallwe көзқарасы бойынша, «Коучинг әдісі ол әр студенттің өз мүмкіндіктері мен 65 БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г. білім деңгейін сараптауына, бағалауына өз әсерін тигізеді». Коучинг әдісінің алғашқы негізін қалағандардың бірі Джон Уитмор пікірінше, сту- денттер өткенде алған білімдерін болашақпен байланыстырып үйлестіреді. The Wall Street Journal бұл журналдағы мақалада коучинг әдісіне «Коучинг студенттердің шешім қабылдауда тиімдірек, әрі нақты қабылдауын талап етеді» ,- деп түсінік береді, «Dragon Pathways» атты тренерлер то- бында да келесідей түсінік береді: «Коу- чинг -студенттердің маманын білікті, әрі қолжетерліктей жетік білуі үшін қолданылады» [2]. Коучингтің негізгі белгілері: «Сoaching»(Коучинг) – жаттықтыру, дем беру, машықтандыру деген мағынада қарастырылады. (Қысқартылған түрдегі оксфордтық сөздік). «Coaching» - студенттерді жарыстарға не- месе емтиханға даярлау, жаттықтыру (В.К Мюллердің ағылышын-орысша сөздігінен.) Коучинг – Студенттердің белгісіз білімді шешуде ізденуіне өзіндік көмегін тигізеді. Коучинг – ол студентке тиімді көмек беріп, өмірлік әрекеттерін орындауда әсерін тигізетін жағымды әрекет. Коучинг – болашақ психолог мамандарының көзқарасы бойынша ол клиентке жетістікке жетудегі мақсаттарын шешуіне өзіндік ықпалын тигізуші әдіс. Коучинг – ол студенттердің топ арасындағы қарым-қатынасын зерттеуге әсер етуші, өзінің жеке өміріне көмегін тигізуші әдіс. Коучинг әдісі адам өміріндегі барлық келеңсіз жағдайларды шешуге әсерін тигізеді, мысалы: білім алуда, отбасында, қиындық ситуацияларда және т.б. Коучинг оқу процесінде ол студенттердің бір – бірімен араласу барысында білім деңгейін жақсартуға, ақпарат алмасуға ықпалын тигізеді. Студенттердің топ ішіндегі мәселелерімен жеке мәселелері де сәйкестене бастайды. Коучингті ХХ шы ғасырдың негізгі мамандығы деп санауға әбден болады. Ол бірнеше бағыт бойынша дамиды: жеке коучинг, кәсіби коу- чинг, бизнес - коучинг және т.б. [3]. Коучинг – бұл өзінің мақсаттары мен міндеттерінен тұратын арнайы әдіс. Коучинг терминнің пайда болуына келетін болсақ, бұл студенттің мақсатқа жетуіндегі ең жаңа терминдерінің бірі болып саналады. Мұғалімнің дәріс беруі кезінде коучинг әдісі тиімді және интерактивті әдіс болып табылады. Коучинг тек, оқу процесін басқаруда ғана қолданылмайды, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруда, филосо- фия мен технологияның өзара байланысын- да сондай-ақ, студенттермен педагогтардың дамуына бағытталады. Коучинг технология- сын жеке және кәсіби дамуға қол жеткізу үшін тиімді әдістер жиынтығы ретінде жоғары білім беру жүйесінде қолдану тиімді, ол болашақ маманның мақсатқа жету жолдары мен шешімдерді қабылдауда тиімді. Білім беру жүйесінің ең негізгі міндеттерінің бірі оқытуды үйрету: негізгі білімдерді іздеу және оларды тал- дау болып табылады. Коучинг студенттердің танымдық мотивациясын белсендіру үшін мүмкіндік береді және өздігінен білім алуға және кәсіби өзін-өзі дамытуға үйретеді. Сондай-ақ, коучинг жоғары оқу орындарындағы түлектерді кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыруда пайда- ланылуы керек. Коучинг технологияла- рын педагогикалық қарым-қатынаста пайдаланудың тиімділігі оқытуды ұйымдастыру ынтымақтастығының негізгі бағыттары, ғылыми қызметпен мақсаттар қою және ғылыми білімді қалыптастыру дағдыларын дамыту, оқуға ынталандыру бо- лып табылады. Осы тәсілдір арқылы оқытушы мен студент арасындағы ынтымақтастықты дамытып, бірге жұмыс жасауға бірінің еңбегін бірі бағалауына үйретеді. Сонымен қатар жауапкершілікті сезініп, шығармашылық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінде коучингтің басты мақсаттары мыналар болып табылады: — мынадай құралдар: ықпалды сауал- дар, мұқият тыңдау, түйсіктер (интуиция- лар), өмірлік тепе-теңдікке (балансқа) оқыту және оны бірлесіп табу көмегімен студенттер мәселелік жағдаяттарды шешуге мүмкіндік туғызады; — студент соңғы шешімін ұсынады; — топтасып жұмыс жасауға бейімделеді; — өз бетінше оқуға ынталандырады; — студент мүмкіндігін толық ашу септігін тигізеді; — студент ойлауы, тілегі мен ниеті арта- ды. Сонымен қатар, коучинг технологияла- рын «педагогика-психология», «психология» мамандықтарында пән ретінде қолдануға бо- лады, мысалы, «әлеуметтік - психологиялық 66 МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г. бақылау технологиясы», «ұжымдағы конфликтерді басқару», «психологиялық жар- наманы басқару» және т.б. Сабақ барысында студенттермен қарым-қатынас барысында коучинг стилі орнатылады. Бұндай сабақтар студенттердің оқу мотивациясын белсендіріп, өз-өзіне сенімділікті, өзін-өзі жеке және кәсіби дамыту қажеттілігін, іске асыру үшін мүмкіндік береді. Коучинг барысында кәсіби тұрғысынан жеке мақсаттарына жету үшін жауапкершілік алу түсінігі пайда болады. Осыдан алдына қойған мақсаттарын және оны шешу жолдарын өз бетінше іздестіру жүзеге асырылады. Бұл жердегі жауапкершілік ол өзінің саналы түрде таңдаған мінез-құлқы, ойлауы мен эмоциялық сезімдері ерікті түрде болады. Коучинг, әлеуметтік іс-әрекет ретінде, студенттерге өз таңдауларын түсініп жауапкершілікті өз мойындарына алуға мүмкіндік береді. Л.К. Көмекбаева, З. Б. Мадалиева «Білім жүйесі мекемелеріндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты еңбектерінде жарияланған кәсіптік психограмманы да, осы коучинг әдісіне студенттерге тиімді интерактивті оқыту барысына ұсынуға бола- ды: Кәсіптік психограмма 1. Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіптік білу. 2. Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аудару. 3. Қарым - қатынасқа бейімділігі, жылышырайлығы. 4. Жетекші болуға қабілеттілігі. 5. Жарқын жүзділігі. 6. Шыдамдылығы, төзімділігі. 7. Үлкен жауапкершілікті сезінуі. 8. Әртүрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі. 9. Еңбек іс-әрекетіне ынтасы. 10. Әрекеттегі ұқыптылығы. 11. Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркіндігі. 12. Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі. 13. Есте сақтауы [4]. В. Н. Карандашевтың пікірі бойынша ма- ман компетенттілігі ол студенттің кәсіби біліммен, қабілеттіліктермен, ғылымдармен біліктілігінің болуы деп қарастырады[5]. Ресейлік психолог А.Н.Леонтьевтің айтуынша кәсіби қызметте адамды 3 түрлі сатыға бөледі: ойын, оқыту, еңбек. Іскерлік, рөлдік ойындарда қатынасушылар өзін еркін және шынайы түрде көрсетеді. Коучинг оқыту мен ойынның арасын үзеді, адамға негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға, өзінің қабілеттері мен құндылықтарын дамытуға, жеке даралығын анықтауға, өмірде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Оқыту кезінде студенттерге көптеген әдістерді жүргізуге болады. Ол әдіс студенттердің өзіндік белсенділігін арттырады, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру керек. Мысалы рөлдік ойындар, когнетивті әдістер, дискуссия. Қазіргі таңда студент жастардың бойы- на білім беруде тек құрғақ дәріспен неме- се семинар сабақтары мен дәріс беру мүмкін емес. Сол себепті де интерактивті әдістерді қолдану тиімді болып отыр. Ең негізгі инновациялық әдістер дәл осы интерактивті әдістерді қолдануымен байланысты. Осы кез- де интерактивті термин оқу әр түрлі мазмұн болып қарастырылады. Осыған сәйкес түсінік 1990 жылдары пайда болған, яғни ол ең алғашқы веб - браузе түсінігімен және интернет ұғымдарының пайда болуымен түсіндіріледі. Көптеген мамандар бұл ұғымды интернет арқылы білім алу деп түсіндіреді. Бұл әдісті кең тұрғыда қарастыратын болсақ, ол біреумен ди- алог құру деп қарастыруға болады. Н.Суворова интерактивті әдіс - ол жаңа әдіс. Интерактивті әдіс - ол ағылшын тілінен аударғанда «interact» («inter» - «жауапты», «act» -«әрекет»). Интерактивті оқыту ол та- ным әрекетінің арнайы ұйымдастырылған формасы болып саналады. Ол нақты және болжамды мақсаттарды көрсетіп береді. Осы мақсаттардың бірі оқудың комфортты шар- тын түзіп, осы сәтте студент немесе тыңдаушы оқу процесінің продуктивті болуына себеп болған - өзінің сәтті әрекетін, интеллектуал- ды деңгейін сезінеді. Интерактивті әдістің негізгі мазмұны оқу процесінде қатысушы студенттердің барлығы танымдылық танытып, олар өздерінің білгендері мен ойлайтындарын жаңғыртуға мүмкіндік алады. Осылайша коу- чинг технологиясы инновациялық өзгерістер үшін негізгі ресурс ретіне және тиімді оқыту әдістемесі ретінде, жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ең үздік тәсіл болып табылады.


































Пайдаланылған әдебиеттер



1. Ф.Бурнард «Тренинг межлистного взаимодействия» С-П. 2001 жыл.

2. Д.Корнеги « Как приобритеть друзей и оказовать влияние других» Киев 1989 жыл.

3. К.Рудестам «Групповая психотерапия» М. 1993 жыл.

4. Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева «Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» А.,2001

5. Карандашев В. Н. Методика преподавания психологии: Учебное пособие. - СПб.: Питер,


































Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебі







БАЯНДАМА




Тақырыбы: КОУЧИНГ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



















Дайындаған : А.С.Жуманова










2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Коучинг әдісін қолданудың тиімділігі

Автор: Жуманова Айтжан Слямбековна

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398870

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Сыни т?р?ыдан ойлау ?дісін саба?та ?олдануды? тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(50) "syniturgydanoilaudisinsabaktakoldanudyntiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "289124"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454742427"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "конспект коучинга на тему "АКТ-ны тиімді ?олдану""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiektkouchinghanatiemuaktnytiimdikoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "298316"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456314976"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Коучинг: Ба?алауды? т?рлері ж?не оны? тиімділігі."
    ["seo_title"] => string(47) "kouchinghbagalaudynturlierizhnieonyntiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "291154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455087658"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Сын т?р?ысынан ойлауды? ??ралдары. Коучинг-сессия "
    ["seo_title"] => string(56) "syn-tu-rg-ysynan-oilaudyn-k-u-raldary-kouchingh-siessiia"
    ["file_id"] => string(6) "239281"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444751788"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Сындарлы о?ытуда?ы ?діс-т?сілдерді? тиімділігі»"
    ["seo_title"] => string(42) "syndarlyokytudagydistsildierdintiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "289363"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454784408"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства