Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Академиялық шешендік сөз.»
Турысбекова Жанар Кажимовна
ШҚО, Үржар ауданы,Таскескен ауылы
«Үржар колледжі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Пән аты: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Академиялық шешендік сөз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Академиялық шешендік сөздің түрлері,мақсаты туралы түсінік беру.
Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар,академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Студенттерді ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік:Студентерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық зерттеу.
Пәнаралық байланыс:тарих.
Көрнекілігі: слайдтар,суреттер.интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, дайындығына назар аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
Мұғалім:Күнделікті дайындықты,үнемі толықтыруды,жетілдіруді қажет ететін,уақыт пен қоғамның тынысын дәл бағамдап отыруымен,жаңашылдық сипатымен,ғылыми негіздерінің тереңдігімен ерекшеленетін шешендік сөздің маңызды бір тегі-академиялық шешендік.
Академиялық шешендік сөздің мақсаты-тыңдаушыларға ғаламды танудың жолын көрсету,жаратылыстың заңдары мен заңдылықтарын түсіндіру,шындықты логикалық жүйемен аша отырып,адамның ғылми-танымдық өрісін кеңейту,дүниедегі алуан құбылыстардың табиғатын саналы түсінуге жол ашу.
Академиялық шешендік сөзге жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер.ғылыми баяндамалар,ғылыми хабарламалар,шолулар,ғылыми-көпшілік дәрістер жатады.Тыңдаушылармен бетпе-бет отырып сөйлеу шешеннің ерекше қырағылығын талап етеді.Шешен мен аудиторияның арасында біртұтастық,тікелей байланыс болады.
Аудиторияны өзіне бағындыру,ықыласына бөлену-үлкен өнер.
Ғалым Р.Сыздықова: «Біздің заманымыздағы жоғары оқу орнының оқытушысы кәсіби дәрісші болып саналады.Ол-ғылым мен техниканың,әдебиет пен өнердің табыстарын тиісті аудиторияға жеткізуші,насихаттаушы адам.Ал дәріскердің басты құралы-шешендік.Бұл типтегі шешендік сөздің негізгі сипаты тілдік-көркемдеуіш элементтерден емес, айтылған ойдың қажеттігінен, дәлелдігінен және ақпарат беретін мақсатынан танылуға тиіс.Мұндағы аргумент мақалдатып-мәтелдетіп берілмейді.Психологиялық эффект те сөздің «сылдырап өңкей келісімімен» емес,логикалық желінің күштілігімен,қорытынды түйіннің дәлелділігімен жасалады»,-дейді.
Академиялық шешендіктің басты ерекшелігі-шешендік сөздің ғылыми,танымдық негіздерінің мықты болуы,деректік мағлұматтардың дәлдігі,пайымдама,тұжырымдардың обьективтілігі,түйіндеулердің дәйектілігі.Академиялық шешендікте дәріскер мен аудиторияның жиі кездесуі,қарым-қатынасының біршама тұрақтылығы да оның өзіндік ерекшелігі болып табылады. «Сөз шешендік қисынға,ой-пікір жүйелілігіне,ұғымдар үйлесіміне негізделуі тиіс»,-деген әл-Фараби тұжырымы осы академиялық шешендікке сәйкес келеді.Академиялық шешендікте формалдық пен әсіребоямалыққа орын жоқ.Шешеннен психологиялық мәдениет талап етіледі.
4.Бекіту.
93-тапсырма.Мәтінді оқу,мазмұнына лайық ат қою.Академиялық шешендікке тән белгілерді атау.