kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз.

Мақсаты: Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай тазалау керектігі жөнінде түсінік беру. Ұқыптылыққа, саламатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге, жеке  бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тіс щеткасы, балаларға арналған тіс пастасы түрлері, айна, тіс макеті.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейінін  тақтаға аудару.

ІІ. «Ой қозғау» сатысы

  • Балалар бізде неше тіс бар?
  • Сендер оларды қалай күтесіңдер?
  • Тамақтан соң тісімізді жуып-тазалауды ұмытып жүрген жоқпыз ба?

Бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы демекші, денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың  бірі ауырса, адамның денсаулығы  нашарлап, көңіл-күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Бүгінгі тәрбиелік-шарамыздың  тақырыбына байланысты әңгімеміз тіс туралы болмақ.  Тіс ауыз қуысында орналасқан, тіс жақ сүйектен өседі.  Адам өмірге келгеннен кейін, алты айда алғашқы тістер шыға бастайды. Ол «сүт тіс» деп аталады. Бала алты жасқа толғанда сүт тістері түсіп, түскен тістердің орнына «негізгі тістер» шыға бастайды. Олардың көлемі алғашқы шыққан  тістерден үлкендеу болады. Ауыз қуысына тістер түгел сыйып тұруы үшін адамның жақ сүйектері де өседі. Он екі жасқа толғанда баланың бар тісі жаңарып болады.  Адамдарда 28 негізгі  тіс болады. 4 тіс «ақыл тіс» ол барлық адамға шығуы шарт емес. Адамдардың көпшілігінде 20 жастан кейін 32 тіс толық шығып болады.  Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақта шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл сілекей бөлінеді, ол тістердің эмальді қабатын бұзады. Сондықтан тісті үнемі тамақтан соң тазалап отыруымыз қажет. Тісімізді таза, жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеуіміз керек, тәттілер тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмалін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Оны дер кезінде емдеу керек.   

Тіс щеткасын таңдағанда:

  • Балаларға арналған тіс щеткасының  сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.
  • Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.
  • Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет. Себебі тіс еттеріне зақым келсе, сему (атрофия) ет ауруын тудырады.

Тісті қалай тазалау керек?

Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал. Таңертеңгісін, кешке астан соң, ұйқы алдында. Себебі астан кейінгі қалдықтар тіс қуыстарында қалып қойып, тістің шіруіне алып келеді. Дұрыс күтілген тіске құрт түспейді. Тісті кем дегенде, үш минут жуу қажет. Өйткені,тіс пастасы тісті қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Тісті жуғанда,күрек тістен азу тістерге дейін жеңіл қозғалыспен айналдыра ысып шығамыз. Одан соң күрек тістері арқылы екінші жақ бөлігін, ысып шығамыз.  Үстіңгі, астыңғы тістерді де кезек-кезек ысқылаймыз. Тамақ қалдықтары көбінесе тістің астыңғы бөлігінде тұрып қалады. Сондықтан, тістің ішкі бетін де үнемі тазалап отыру қажет. Тісімізді тазаламайтын болсақ, тамақ қалдықтары шіріп, ауыз қуысы құрғап, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Ауыз қуысын құрамында спирті бар тазалағыш заттармен шайқауға болмайды, ол одан сайын ауыз қуысын  күйдіріп, құрғатып жібереді. Жағымсыз иістерден құтылудың оңай жолы – мамандарға қаралып, мамандар көмегіне жүгіну. Тіс күтіміне жақсы қарасақ, ас қорытуымыз да бұзылмайды. Тісіміз мықты болуы үшін «С» «Д» дәрумені бар тағамдар  жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. Ал, «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады. Балалар тісіміз сау болуы үшін мына ережелерді сақтайық:

  1. Тісті күніне екі рет тазалау.
  2. Тамақтан соң ауызды шаю.
  3. Ыстық тамақтан соң суық су іштеу.
  4. Қатты заттарды тіспен шақтау.
  5. Тәттіні көп жемеу.
  6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
  7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалануы керек.
  • Балалар, біздің бүгінгі тәрбиелік шарамызға Айжан әжей келіпті. Әжеміз бізге өз ертегісін, жұмбақтарын алып келген сияқты.

Амансыңдар ма, балаларым. Мен алыстан шаршап келдім. Сендердің мектептеріңде «Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз» тақырыбында тәрбиелік шара өтіп жатыр дегенді естіп, асығып жеткен бойым осы. Мен сендерге бір патшалықта болған оқиға туралы айтып бергім келіп отыр. Ерте, ерте, ертеде ел билеген бір патша өмір сүріпті. Оның Ақылбек және Жалқаубек деген ұлдары болыпты. Ақылбек таңертең ерте тұрып жуынып-шайынып, күн тәртібін  сақтайды екен. Ал, Жалқаубек болса сәске түске дейін ұйықтап жатады да, бірден тамаққа ұмтылады екен.  Тамақ ішіп болған соң да жуынбайды екен. Бір күні Жалқаубектің тістері түсе бастапты. Сарай емшілері оның тісіне тіс жегісі түскенін, тісінің таза еместігін айтыпты. Ал,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз»

Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз.

Мақсаты: Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай тазалау керектігі жөнінде түсінік беру. Ұқыптылыққа, саламатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге, жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тіс щеткасы, балаларға арналған тіс пастасы түрлері, айна, тіс макеті.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейінін тақтаға аудару.

ІІ. «Ой қозғау» сатысы

  • Балалар бізде неше тіс бар?

  • Сендер оларды қалай күтесіңдер?

  • Тамақтан соң тісімізді жуып-тазалауды ұмытып жүрген жоқпыз ба?

Бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы демекші, денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің , ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл-күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Бүгінгі тәрбиелік-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тіс туралы болмақ. Тіс ауыз қуысында орналасқан, тіс жақ сүйектен өседі. Адам өмірге келгеннен кейін, алты айда алғашқы тістер шыға бастайды. Ол «сүт тіс» деп аталады. Бала алты жасқа толғанда сүт тістері түсіп, түскен тістердің орнына «негізгі тістер» шыға бастайды. Олардың көлемі алғашқы шыққан тістерден үлкендеу болады. Ауыз қуысына тістер түгел сыйып тұруы үшін адамның жақ сүйектері де өседі. Он екі жасқа толғанда баланың бар тісі жаңарып болады. Адамдарда 28 негізгі тіс болады. 4 тіс «ақыл тіс» ол барлық адамға шығуы шарт емес. Адамдардың көпшілігінде 20 жастан кейін 32 тіс толық шығып болады. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақта шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл сілекей бөлінеді, ол тістердің эмальді қабатын бұзады. Сондықтан тісті үнемі тамақтан соң тазалап отыруымыз қажет. Тісімізді таза, жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеуіміз керек, тәттілер тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмалін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Оны дер кезінде емдеу керек.


Тіс щеткасын таңдағанда:

  • Балаларға арналған тіс щеткасының сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.

  • Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.

  • Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет. Себебі тіс еттеріне зақым келсе, сему (атрофия) ет ауруын тудырады.

Тісті қалай тазалау керек?

Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал. Таңертеңгісін, кешке астан соң, ұйқы алдында. Себебі астан кейінгі қалдықтар тіс қуыстарында қалып қойып, тістің шіруіне алып келеді. Дұрыс күтілген тіске құрт түспейді. Тісті кем дегенде, үш минут жуу қажет. Өйткені,тіс пастасы тісті қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Тісті жуғанда,күрек тістен азу тістерге дейін жеңіл қозғалыспен айналдыра ысып шығамыз. Одан соң күрек тістері арқылы екінші жақ бөлігін, ысып шығамыз. Үстіңгі, астыңғы тістерді де кезек-кезек ысқылаймыз. Тамақ қалдықтары көбінесе тістің астыңғы бөлігінде тұрып қалады. Сондықтан, тістің ішкі бетін де үнемі тазалап отыру қажет. Тісімізді тазаламайтын болсақ, тамақ қалдықтары шіріп, ауыз қуысы құрғап, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Ауыз қуысын құрамында спирті бар тазалағыш заттармен шайқауға болмайды, ол одан сайын ауыз қуысын күйдіріп, құрғатып жібереді. Жағымсыз иістерден құтылудың оңай жолы – мамандарға қаралып, мамандар көмегіне жүгіну. Тіс күтіміне жақсы қарасақ, ас қорытуымыз да бұзылмайды. Тісіміз мықты болуы үшін «С» «Д» дәрумені бар тағамдар жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. Ал, «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады. Балалар тісіміз сау болуы үшін мына ережелерді сақтайық:

  1. Тісті күніне екі рет тазалау.

  2. Тамақтан соң ауызды шаю.

  3. Ыстық тамақтан соң суық су іштеу.

  4. Қатты заттарды тіспен шақтау.

  5. Тәттіні көп жемеу.

  6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.

  7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалануы керек.

  • Балалар, біздің бүгінгі тәрбиелік шарамызға Айжан әжей келіпті. Әжеміз бізге өз ертегісін, жұмбақтарын алып келген сияқты.

  • Амансыңдар ма, балаларым. Мен алыстан шаршап келдім. Сендердің мектептеріңде «Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз» тақырыбында тәрбиелік шара өтіп жатыр дегенді естіп, асығып жеткен бойым осы. Мен сендерге бір патшалықта болған оқиға туралы айтып бергім келіп отыр. Ерте, ерте, ертеде ел билеген бір патша өмір сүріпті. Оның Ақылбек және Жалқаубек деген ұлдары болыпты. Ақылбек таңертең ерте тұрып жуынып-шайынып, күн тәртібін сақтайды екен. Ал, Жалқаубек болса сәске түске дейін ұйықтап жатады да , бірден тамаққа ұмтылады екен. Тамақ ішіп болған соң да жуынбайды екен. Бір күні Жалқаубектің тістері түсе бастапты. Сарай емшілері оның тісіне тіс жегісі түскенін, тісінің таза еместігін айтыпты. Ал, Ақылбек болса үнемі тісін тазалап жүреді екен оның тістері бүтін күйінде сақталыпты.

  • Балалар айтыңдаршы, сендер қалай ойлайсыңдар Ақылбектің әрекеті дұрыс па, әлде Жалқаубектікі дұрыс па?

  • Дұрыс айтасыңдар, қане енді кім айтады тісімізді тісжегісінен құтқару үшін не істеуіміз керек.

  • Өте жақсы. Балалар, мен сендерге арнап жұмбақтар әкелдім. Кім ортаға шығып қоржыннан жұмбақтарды алады екен.

Жұмбақтар

  1. Қатар-қатар ақ күріш,

Тұрған жері қақтығыс. (тіс)

  1. Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (тіл, тіс)

  1. Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас. (тіс)

  1. Отыз екі мықты,

Қаз-қатар болып шықты. (тіс)

  • Денсаулық туралы мақал-мәтел білетіндерің бар ма, ортаға шыға қойыңдар.

  1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

  2. Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің.

  3. Денсаулық – зор байлық.

  4. Адамның басты байлығы денсаулық.

  5. Жасырғанның жарасы асқынады.

  6. Лас адам – кіршіл,

Надан адам – діншіл.

  1. Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

  • Балалар енді мен жүрейін, уақыт та біраз болып қалған сияқты. Аман сау болыңдар.

Балалар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда не туралы білдік? Шарамыздың аяғында «Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз» деп бәріміз бірге айтайық.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз

Автор: Каниева Жумагул Хайроллаевна

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360402

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Тазалы?ты с?йемиз "
    ["seo_title"] => string(19) "tazalyk-ty-suiiemiz"
    ["file_id"] => string(6) "246581"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446401034"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Урок по казахскому языку во 2 классе по теме "Тазалы?ты са?тайы?!" "
    ["seo_title"] => string(70) "urok-po-kazakhskomu-iazyku-vo-2-klassie-po-tiemie-tazalyk-ty-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "134916"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416832579"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(52) "du_rys_tamak_tanu_diensaulyk_kiepili_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "437533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510080821"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Денсаулығым бар байлығым""
    ["seo_title"] => string(27) "diensaulyg_ym_bar_bailyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "413734"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494224031"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?ты? та?ырыбы: « ?з – ?зімді с?йемін ». "
    ["seo_title"] => string(38) "sabak-tyn-tak-yryby-oz-ozimdi-suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "230820"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442259441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства