Просмотр содержимого документа
«"Әке көрген оқ жонар"»
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
7-сынып
Құрметті мұғалім! Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан 4
Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер» 4
Бөлім «Көшпенділер мәдениеті» 18
Бөлім «Денсаулық – зор байлық» 25
2-тоқсан 31
Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық» 31
3-тоқсан 53
Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» 53
Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы» 62
4-тоқсан 78
Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» 78
Бөлім «Ғылыми фантастика» 87
1-тоқсан Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер»
Оқу мақсаты
Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады
Аяқталуын болжайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытыңыз.
Жер-ана туралы мысал
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. Күндердің бір күнінде Тәңір адам пайда болды...
Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.
Ол құдіретті, зор әрі сымбатты болды. Ол күлгенде онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздері нәресте сүйді, ...
Дескриптор Білім алушы
мәтінді мұқият тыңдайды;
оқиғаны өз сөзімен дамытады;
түпнұсқамен салыстырады.
2-тапсырма
Әрі қарай не болғанын болжап, әңгімені аяқтаңыз. Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.
...бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді. Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңір адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп, Жер-ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-біріне соғыстарда қолданды. Ал Жер-ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз қаза болғандарды жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңір адамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.
Жер-ана бойынан барлық қаһарын шығарды, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңір адам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.
Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Тәңір адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер-ана мен Тәңір адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін. http://kz.tolegenmukhamejanov.kz/zher_ana_turaly_ayz
Дескриптор Білім алушы
оқиға желісін болжайды;
әңгімені аяқтайды;
түпнұсқамен салыстырады.
Оқу мақсаты
Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Мәтін құрылымын сақтайды
Графиктік мәтінді сипаттап жазады
Қолдану
Төменде берілген сызбамен танысыңыз. Сызбаға тақырып қойыңыз. Сызба бойынша нақты 3-4 мәліметті іріктеңіз.
Дескриптор Білім алушы
сызба бойынша ақпараттарды ажыратады; - тақырыбын анықтайды;
нақты 3-4 мәліметті іріктейді.
2-тапсырма
Берілген сызбадағы ақпараттарды пайдаланып, Қазақстанның өңірлеріндегі ауа райын сипаттап, хабарлама мәтінін құрыңыз. Хабарлама мәтіннің құрылымын төмендегі құрылым бойынша жазыңыз. Сөз саны 150 сөз.
_____________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Қорытынды бөлім
О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады
Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқып шығыңыз. Қарамен белгіленген сөздер мен сөз тіркестерін шартты белгілерге айналдырып, картаға орналастырыңыз.
Сахарада қар жауған күн
Біздің алып планетамыздың климаты құбылмалы келеді және бұл ешкімге құпия емес. Климаттық өзгерістерді дәлелдейтін жүзден астам метеорологиялық құбылыстар тіркелген. Соның бірі Сахарада орын алды.
Ыстық, құрғақ деген ұғымдармен қатар жүретін шөл далада 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауыпты.
Сахарадағы қар?! Мүмкін емес нәрсе болып көрінгенімен, бұл таңғажайып құбылысты өз көздерімен көргендер бар және олардың қатары жеткілікті.
Мұндай жағдай бұрын-соңды болып көрмеген. Табиғи құбылыстың күшті болғандығы соншалықты, жарты сағаттың ішінде Алжирдегі автотранспорттың қозғалысын тежеп тастайды. Тағы бір қызығы, қардың алдында қатты жылдамдықпен жаңбыр жауған екен.
Метеорологтар мен климатологтар қардың түсу себебін түсіндіре алмай келеді. Әр түрлі пайымдаулар айтылғанымен, бірде-біреуі дәлелсіз келеді.
Бір нәрсе анық: Сахарадағы климат, тіпті, күллі планетадағы климат Жер пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске түскен. Осыдан 10 мың жылдан астам уақыт бұрын, яғни тас дәуірінде шөл даланың орнында ылғалды климатқа ие дала болғандығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Ол заманда аймақта өзен ағып, жасыл шөптер өсіп тұратын және жануарлар мен адамдар тығыз орналасқан. Мұны Сахараның жүрегіндегі жартастардан табылған суреттер де дәлелдей алады. Сондықтан да, Сахараның климаты түбегейлі өзгеріп, Антарктиданы қайталап жатса, таң қалудың қажеті жоқ.
Сахара климатының өзгерісін өз тұжырымыңыз бойынша диаграммаға сызыңыз.
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
климаттық өзгерістерге тұжырым жасайды;
тұжырымын диаграмма арқылы көрсетеді.
ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Қосымшаларды үндестік заңын ескере отырып жалғайды
Орфографиялық нормаға сай жазады
Қолдану
Мәтінді түсініп оқыңыз, жалғаулар мен шылаулардың қолданылуын түсіндіріңіз.
Халық ауа райын қалай болжаған?
(Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабынан)
Жылан мезгілінде ұйықтамаса – күз ұзақ әрі жылы болады. Ордалы жылан, құртқұмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса, көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады. Ит ұлыса жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі. Аяқ-қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса, ауа райы өзгереді. Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Қыста күн құлақтанып шықса суық болады, құлақтанып батса суық сынады. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса күн жылынады деген сөз. Оңтүстіктен ұзақ соққан жел өзгеріп шығыстан соқса, ауа райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі. Қызара батқан күн мен ашық сары болып батқан күн желдің және жаңбырдың белгісі болып табылады. Күн шыжып, тымырсық болса, артынша найзағайды күте беріңіз. Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер, немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді. Егер ай бұлыңғыр болса жаңбырға қарсы, ал ашық түсті ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз әрі ұзақ, әрі жайлы болмақ.
– Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады. Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады. Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады. Үйректер мен қаздар суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады. Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады. Далада көкектің «көкек» деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.
Дескриптор Білім алушы
жалғаулар мен шылаулардың қолданылу тәртібін көрсетеді.
2-тапсырма
Мәтіндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңыз. Сөйлемдерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
Үлгі: топ-тобымен
Дескриптор Білім алушы
үндестік заңына бағынбайтын сөздерді табады;
сөйлемдер құрады;
орфографиялық норманы ескереді.
О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді
Зерттеп, пікірін білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
Кестедегі құстар мен жәндіктерді іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз.
1. Көкек
А) даусы қарлыққанша қарқылдаса, көп уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығын білдіреді.
2. Өрмекші
Ә) бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.
3. Бақа
Б) күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.
4. Құмырсқа
В) ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынын білдіреді.
5. Сақау кептер
Г) бақылдай берсе, қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.
6. Үкі
Ғ) сайраса күн ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығын білдіреді.
7. Бал арасы
Д) ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығын білдіреді.
8. Торғай
Е) өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады.
9. Сауысқан
Ж) сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығын білдіреді.
10. Қарға
З) илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығын білдіреді.
11. Сарғалдақ
И) алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен сәйкестендіреді.
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтар бойынша пікіріңізді білдіріңіз.
Құстар мен жәндіктер ауа райынан алдын ала мәлімет бере ала ма? Метеорологтар атмосферадағы ауа райы өзгерістері мен ауа райы құбылыстарын метеорология құрал-жабдықтарымен тексеріп, ауа райынан алдын ала мәлімет берумен бірге, табиғат дүниесіндегі құс, жәндік қатарлылардың тіршілік қимылын бақылау арқылы олардың атмосферадағы өзгерістерді алдын ала сезе алатын биологиялық қабілетке ие екендігін байқаған.
Көкек. Көкектің сайрауы күннің ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығынан дерек береді.
Сарғалдақ. Сарғалдақ мысықтың мияулағанындай дауыс шығарса, күннің бұлыңғыр болатындығынан, егер сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығынан дерек береді.
Үкі. Үкі жаз, күз маусымында, күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, әрі бұтақтан бұтаққа қонып тыным таппаса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
Сақау кептер. Сақау кептер ағаш бұтақтарына қонып алып, мойынын ерекше созып сайраған кезде дауысы булығып шықса, күн бұлтты болып, жаңбыр жауатындығынан, егер ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығынан дерек береді.
Қарға. Қарға ұдайы жоғары дауыспен қарқылдаса, 1-2 күннен кейін қатты жаңбыр жауатындығынан, егер даусы қарлыққанша қарқылдаса, ұзақ уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
Сауысқан. Сауысқан таңертең қора маңындағы ағаштарға қонып алып шықылықтаса немесе жерге түсіп шықылықтай секектеп жүрсе, күн ашық болатындығынан, егер ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынынан дерек береді.
Торғай. Күн ашық күндері торғайлар таңсәріде топтанып ұшып, үйдің шатырына немесе ағаш бұтақтарына қонып сайраса, күннің үздіксіз ашық болатындығынан, егер торғайлар бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
Бақа. Бақа әдетте құрғақ ыстық ауа райын жақсы көреді. Жаңбыр жауудың алдында күн бұлттанып, ауаның ылғалдылығы барған сайын арта түседі. Бұл кезде терісі арқылы тыныс алатын бақаның тыныс алуы кедергіге ұшырайды да, беталды бақылдай береді. Міне бұл қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.
Құмырсқа. Құмырсқалар илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығынан дерек береді. Жаңбыр жауудың алдында ауаның ылғалдығы артып кететіндіктен, құмырсқалардың ұясының іші ылғал әрі тымырсық болады. Бұл кезде құмырсқалар биік жерге көшіп, ылғалдан сақтанады.
Өрмекші. Өрмекші, өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. Егер тордан шығып, жаңа тор тоқи бастаса, күннің ашық, ыстық болатынынан дерек береді.
Бал арасы. Бал аралары таң сәріде ұясынан ұшып шақса, сол күні күннің ашық болатындығынан, гүл шырынын жиып, ұясына өте кеш қайтса, 2-күні де күннің ашық болатындығынан, егер бал арасы алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
http://massaget.kz/
Ертеде ата-бабамыз ауа райын қалай болжаған?
Қалай ойлайсыз, құстар ауа райын дұрыс болжай ала ма?
Құстардың іс-әрекетіне қарап ауа райын болжау дұрыс деп есептейсіз бе? Неліктен?
Тағы да қандай құстардың немесе жәндіктердің іс-әрекетіне қарап ауа райын болжауды ұсынасыз?
Дескриптор Білім алушы
сұрақтарға дұрыс жауап береді;
тақырып бойынша пікірін білдіреді.
Оқу мақсаты
Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді
Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талқылайды
Жоғары деңгей дағдылары
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріңіз.
Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп, индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Экологияның нашарлауына не себеп?
Климат өзгерісі неге әкеліп соқтырады?
Ненің салдарынан құрғақшылық болады?
Топан су қаптауы мүмкін бе?
Табиғат байлықтарын қалай тұтынуға болады?
Дескриптор Білім алушы
сұрақтарға мәтіннен деректер келтіреді.
2-тапсырма
Экологиялық проблемалар төңірегінде өз жұбыңызбен диалогке қатысыңыз. Жұбыңыздың жауабымен келісу не келіспеу себептеріңізді білдіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
жұбымен диалогке қатысады;
өзгенің жауабын өз ойымен салыстырады;
пікірін білдіріп, талқыға түседі.
Бөлім «Көшпенділер мәдениеті»
Оқу мақсаты
Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
• Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады
Қолдану
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сурет бойынша сұрақтарға мәтін мазмұны арқылы жауап беріңіз.
Тоғызқұмалақ тарихы
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдардың пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысуда. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.
Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ ойынының жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.
Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні - кез келген жанның ақыл ойын шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
(https://9kumalak.wordpress.com/about/)
№
1
Тоғызқұмалақ қандай ойын? Кім ойлап тапты?
2
Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?
3
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі кімдердің арасында чемпионаттар өткізуде?
4
Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы қай жылы құрылды?
5
Көшпенділер мәдениеті туралы не білесіз?
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұнын сурет бойынша айқындайды;
сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма
Берілген ақпараттардың факт немесе көзқарас екенін анықтап, белгілеңіз.
№
ақпарат
факт
көзқарас
1
Тоғызқұмалақ - логикалық ойлау өнері.
+
2
Пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасы.
+
3
Тоғызқұмалақ - зияткерлік даму құралы.
+
4
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркессия елдерінде ойналады.
+
Тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, танымал ойын болып + дамуда.
Тоғызқұмалақ ойынының жекелей чемпионаты ресми түрде +
1974 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. +
Дескриптор Білім алушы
берілген ақпараттарды ажыратады;
факт немесе көзқарас екенін белгілейді.
Оқу мақсаты
Ж1 Әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіндердің құрылымын ескере отырып, жинақтайды
Күрделі жоспар құрады
Қолдану
Тапсырма
Сіз «Қазақтың салт-дәстүрлері және жаңару» тақырыбында өтетін мектебіңіздегі конференцияға қатысу үшін, баяндама дайындамақшысыз. Баяндамаңыздың құрылымын ескере отырып, жоспар құрыңыз.
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ а)
ә)
Қорытынды бөлім ________________________
Дескриптор Білім алушы
− баяндаманың құрылымын сақтайды;
− жоспар құрады.
Оқу мақсаты
ӘТН 4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажыратады
Тілдесім барысында қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Берілген етістіктердің түрін анықтап, белгілеңіз.
№
сөздер
есімше
көсемше
1
жазылған хат
2
келген адам
3
барады
4
санап
5
бергелі
6
сен бергенсің
7
алғалы
Дескриптор Білім алушы
етістіктердің түрін анықтайды; - есімше, көсемшелерді дұрыс белгілейді.
2-тапсырма
Киіз үйдің құрылу ретін жұпта талқылап, қимыл іс-әрекеттің қай шақта тұрғанын айтып шығыңыз. Қолданылған етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.
Киіз үйдің құрылу реті
Берілген етістіктердің жасалуын, қай шақта тұрғанын айтыңыз.
Қолданылған етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.
Киіз үйдің керегелері қандай пішінде, неден жасалады?
/өткен шақ/
Келу, жасау
Шаңырақты немен көтереді?
Қазіргі кезде уық сөзі қолданыла ма?
Киіз үйдің қаңқасын неге ұқсатар едіңіз?
Дәл қазір киіз үйде тұрған сәттегі әсеріңіз қандай?
Киіз үйдің ішінде қандай бұйымдар болады?
Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?
Дескриптор Білім алушы
киіз үйдің құрылу ретін анықтайды;
қимыл іс-әрекеттің қай шақта тұрғанын айтады; - етістіктерді тұйық етістікке айналдырады.
Оқу мақсаты
О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды
Тілдік құралдарды ажыратады
Қолдану
Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз.
А мәтіні
Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін «қазақ» атауының өзі кейінірек пайда болды (XIV-XV ғасырларда).
Білім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатын орнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де бір (түркі тілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Кейінірек осынау жоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тән қағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдері ғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген (130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз етеді. https://kk.wikipedia.org/wiki/
Ә мәтіні
2016 жылдың 20 наурызында «Көшпенділер мен байланыстар» атты халықаралық көрме байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты - адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау.
Байқаудың басты номинациялары:
«Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары»
«Ең үздік қолөнер туындысы»
Ұйымдастырушы: «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейі Басталуы: сағат 10:00-де
Келемін деушілерге есік ашық!
Байқау талаптары бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады: +77172569142, +77017894563
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
1-мәтін
2-мәтін
Идеясы
Стилі
Мазмұны
Тілі
Дескриптор Білім алушы
мәтіндерді салыстырады;
ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады; - идеясы мен стилін анықтайды; -тілдік құралдарды ажыратады.
Бөлім «Денсаулық – зор байлық»
Оқу мақсаты
Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады • Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды
Қолдану
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Берілген мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. Қарияның айтқан сөздері нені меңзейді? Қарияның сөзін жұпта болжап, талқылаңыз. Өз сөзіңізде эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданыңыз. Қандай шешімге келдіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз.
Баяғыда бір елге саудагерлер тауарлар алып келеді, тауарлардың арасында темекі де бар екен. Тезірек сату үшін саудагерлер темекіні мақтай бастайды. Сонда жергілікті бір ақылгөй шал жерлестеріне: - Бұлар дұрыс айтады. Темекі шексеңдер, сендерді ит қаппайды, түнде үйлеріңе ұры түспейді, ең бастысы – қартаймайсыңдар, - дейді. Саудагерлер бұл сөзді түсінбей, шалға: - Қария, айтқаныңызды түсіндірмес пе екенсіз? – дейді...
/urimtal.wordpress.com/
Дескриптор Білім алушы
көңіл күйге байланысты сөздерді анықтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданады;
мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты сөз тіркестерін анықтайды. 2-тапсырма
Әңгіменің жалғасын тыңдаңыз. Өз жауаптарыңызды қарияның жауабымен салыстырыңыз.
Сонда шал: - Темекі көп шексең, ағзаң әлжуаз болады, таяққа сүйеніп жүресің. Ал таяғы бар адамды ит қаппайды. Екіншіден, көп жөтелесің, ал түнде ұйықтамай жөтеліп жатқан адамның үйіне ұры кірмейді. Ал қартаймау себебің – жастай өлесің.
Дескриптор Білім алушы
өз көзқарасын дәлелдеу үшін қорытынды шығарады; - жан-жақты сауатты түрде талдайды, салыстырады.
Оқу мақсаты
Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды
Тақырыпты анықтайды
Өзіндік көзқарасын жазады
Көтерілген мәселенің шешімін табады
Қолдану
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Денсаулық туралы, тазалық туралы 200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− эссе құрылымын сақтайды;
− тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады; − өзіндік көзқарасы бар;
− мәселенің шешу жолын ұсынған.
Оқу мақсаты
Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы • Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады
• Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады
Қолдану
Төмендегі тақырып бойынша шағын мақала жазыңыз. Сөз саны (200).
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршаның борышы. «Бірінші байлық - денсаулық» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданады; - мақаланы тақырыпқа сай жазады.
Оқу мақсаты
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады
Синонимдік қатарды қолданып, мәтін жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Денсаулық ұғымы
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі», яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.
Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі – оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау – тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті 1998 жылғы 4 мамырда бекіткен
«Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі» маңызды рөл атқарады.
Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге – ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий — өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа обьектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады. Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленушінің келісуі, жалпы ереже бойынша ісәрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.
Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі – бұл ең алдымен, заңға қайшы әрекет деген сөз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады; - синонимдік қатарларды ажыратады; - мәтінді ықшамдап қайта жазады.
Оқу мақсаты
ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ажыратады
Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.
Денсаулық - зор байлық
Еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп, нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы, мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балалардың да есірткіні тұтынатын жағдайлары болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қолында. Мемлекетіміздің алдына қойып отырған елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет. http://bankreferatov.kz/sochineniya/57
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;
көтерілген мәселені талдайды;
деректерді қолданады;
интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданады.
2-тоқсан Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық»
Оқу мақсаты Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты анықтайды Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
СІЗ немесе СЕН
«Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» көрсетіп тұратын халықпыз ғой қашанда. Бұл халық даналығын менің ата-анам бала тәрбиесінде берік ұстанады десем артық айтпаған болар едім.
Олай дейтінім, ата-анам бізге өзімізден жасы үлкен кісілермен, мейлі сен оларды таны-таныма, тіпті туыс-туғаның болса да ешқашан «СЕН» деп емес, «СІЗ» деп сөйлесуді үйретті. Ағайын-туыс, жақын-жуық, көрші-көлемнің атын атағанның өзінде «апа, аға, тәте, көке, ағай, апай» деген сөздерді тіркестіріп атауды үйретті. Әрине, бұл әрбір отбасында берілетін тәрбие шығар. Бірақ, айтқым келгені, біз (біздің отбасының балалары) ата-анамыздың өзімен «Сіз» деп сөйлесеміз. Соны байқаған кейбір достарым, таныстарым «Сен неге өз ата-анаңа «сіз» деп айтасың. «Сіз» деп тек бөтен адамдарға айтылуы керек. Ал әке-шеше деген ең жақын адамдарың емес пе?» деп сұрап, қарсы пікір білдіріп жатады. Мен болсам оларға «Сіз» деген сөйлесудің сыпайы түрі және өзіңнен жасы үлкен адамдардың бәріне қаратып айтылатын сөз деп жауап беремін. Көбісі менің жауабымды теріске шығарып, бастарын шайқайды. Меніңше, «сіз» деп сөйлесу адамға деген құрметіңді, сыйластығыңды, сыпайылығыңды білдіру емес пе?!
(http://massaget.kz/ 160 сөз)
негізгі мағынаны анықтайды;
негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды; - мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратады.
О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтін бойынша проблеманы анықтайды
Проблемалық сұрақтарды құрастырады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселелер бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.
Достық туралы бірер сөз
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Махамбет ақын «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - депті.
Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес.
Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты. Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?
Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.
Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.
/ықтимал жауап/ 1 Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық Қалай ойлайсың, бұрын саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға асыл қасиет саналған қосқан, бұрын достыққа үлкен сезіммен және достық бүгінде жай ғана жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан қарым-қатынас немесе
болуға да дайын болған. іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе?
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен Адал достық пен амал кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге достықтың арасын қалай замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ ажыратуға болады?
қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: «Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық», - деп жауап беріпті.
Жақсымен дос болсаң, Досыңның жаман, жақсы
Алдыңнан шығар елпектеп... екенін қайдан, неден білуге
О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Қосымша ақпараттардағы деректерді іріктейді
Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан қажетті деректерді қолданады
Авторына сілтеме жасайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқып, ақпарат көздерін анықтаңыз. Қажетті 5-6 деректі іріктеңіз.
Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?
Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі - Аллаһ тағаланы барынша жантәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы - бүкіл жарық дүниені сүю. Ал жарық дүниеге Аллаһ тағала жаратқан бүкіл әлем кіреді емес пе? Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, мақұлық) бірдей болса, нұр үстіне нұр.
Әлем халықтары оның ұлтына, ұлысына, нәсіліне, қайбір діннің жетегінде жүрсе де, бәрі туыстай қатынаста болуы керек.
Әрине, қандай қоғам болмасын, әртүрлі ұлт, ұлыстардан құралатыны белгілі. Егер осы қоғамда ұлтаралық татулық, бірлік сақталмаса, ол қоғам өміршең болмасы өзінен-өзі түсінікті. Қазақта «Мың қосшыдан, бір басшы» деген мақал бар. Бұл дегеніңіз - қайсыбір ел, мемлекет болмасын, оның бар тіршілігі бір басшыға байланысты деген сөз.
Осы жұрт сүйіспеншілік, махаббат, ғашықтық дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың бір жақты сезімі. Ал махаббат деген екі жақты сезім. Бір-бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады.
Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі, кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.
Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!
Шын сүйіспеншілік Аллаһ үшін болғандықтан, бұл сүйіспеншіліктің соңы, шегі болмайды. Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес, сүйіспеншілік.
Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес...оны іспен ғана білдіре аласың... себебі ол сезімнің бір бөлшегі... ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады... үлкен сезімдерге бастау береді... сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады...
Сүйіспеншілік дегенді махаббат деген мағынада айтып тұрған болсаң, онда адамзат өркендемейді, көбеймейді, тұқымы құриды.
Достық, адамзаттың бір-біріне бауырмалдығы деген мағынада айтар болсаң жер бетінің халықтары бір-бірімен қырғи қабақ болып, жақтырмай, пиғылдары өзгеріп, сан құбылар еді. Адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жойылар еді.
Мәтіннің авторына сілтеме жасай отырып, іріктелген ақпараттарды өз ойыңызбен байланыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
деректерді қолданады;
мәліметтердің авторына сілтеме жасайды;
өз ойымен байланыстырады.
Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды
Тақырыпты анықтайды
Өзіндік көзқарасын жазады
Көтерілген мәселенің шешімін табады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыз (220 сөз).
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан...
Сауал:
Сіз бүгінгі таңдағы достық қарым-қатынасқа қандай баға бересіз?
Дескриптор Білім алушы
− эссе құрылымын сақтайды;
− тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады; − өзіндік көзқарасын білдіреді;
− мәселенің шешу жолын ұсынады.
Оқу мақсаты
ӘТН4.2. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктерін ажыратады
Мәтінде еліктеу сөздерді орынды қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқып, еліктеу сөздерді табыңыз. Еліктеу сөздің қолдану ерекшелігін анықтаңыз.
Түлкі мен көкқұтан
Асқар Тоқмағамбетов
Көкқұтан көрші болып түлкіменен,
Түндерде нөсерлі бұлт күркіреген,
Достасып, балаларын бірге қорғап, Боп жүрді болашағын бір тілеген.
Ауырлық түссе басқа ақылдасып,
Ойдағы сырын бүкпей отырды ашып, — Есіттім қасқыр бар деп жақын маңда, Алысқа кету қиын батыл басып.
Қасқырдың білесің ғой қасқырлығын, Білетін бір антұрған бас қулығын. Қалт етсем қағып кетер, достығы жоқ, Боларсыз есіткенде қас сұмдығын...
Тұз астың дәмін келтірсе,.................................... (мақал сөздің сәнін келтіреді)
Ел үмітін ер ақтар,................................................ (ер атағын ел сақтар)
Тоқсан ауыз сөздің............................................... (тобықтай түйіні бар)
Дескриптор Білім алушы
− тұрақты сөз тіркестерін ажыратады; − мақалдардың жалғасын табады. 2-тапсырма
«Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын» тақырыбында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды пайдаланып, ой толғау жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− тақырыпты анықтайды;
− фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолданады; − өз ойын жүйелі жеткізеді.
Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы»
Оқу мақсаты
Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Автор көзқарасын ажыратады
Көтерілген мәселені талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Мәтінді тыңдап, автордың көзқарасы мен көтерілген мәселені жазыңыз.
...Нағыз қазақ - домбыра!
Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Қазақ халқының мәдениет пен өнер тарихының ежелгі көріністері осы домбырамен үндесіп жатқандай.
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов «Домбыраның екі ішегін қағып, әуен
шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету - логика, күй сезімінің мәнін жеткізу - философия» - деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақ халқының көне заманының, сонымен қоса қазіргі таңдағы күйшілерінің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. Ұлтымыз үшін, ұлттық құндылықтарын дәріптей білетін әр қазақ үшін домбыра - ұлттық мақтаныштың бірегейі.
Домбыра шертілгенде қазақтың кең-байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н.Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» - деген сөзі соның бір дәлелі. Қос ішек үнінен бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі, философиялық сарыны, азаматтық үні, тарихы күй болып төгіледі. Қадыр Мырзалиев өлеңінің:
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді.—
деген жолдары соны айғақтады…
Бүгінгі қоғамда домбыраның сиқырлы әуенінің құдіретін жете түсінбейтін жандар көптеп кезігеді. Онан гөрі Батыстың ән-күйін тыңдағанды жөн көреді. Жанына тыныштық пен емді сол Батыс әуендерінен алып, соларға тәуелдене түседі. Бұл, әрине, қазіргі заман адамдарының психологиясына байланысты болар. Дегенмен, түсінгенге, сезінгенге домбыраның күмбірі, өзгеше әуезі талай жанға рухани күш дарытуға қауқарлы. Сонымен қоса адам бойында патриотизмді оятуда да үлесін қосары сөзсіз. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.
мәтінді мұқият тыңдайды; - автор көзқарасын анықтайды;
көтерілген мәселені анықтайды.
Оқу мақсаты
Т/А4.Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбын анықтайды
Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнерін ажыратады
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тақырып қойыңыз. Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Негізгі ойды анықтаңыз.
Ақсақ құлан
Шыңғыс ханның Жошы деген баласы жабайы құлан аулап, өзін қаумалаған нөкер серіктерінен тым ұзап кеткенін сезбей де қалады. Ханзада жүйткіген құландарды өткір жебемен дәл көздеп құлата береді, оның жүрегінде бейшара жануарларға деген аяушылық болмайды. Жабайы құландар үйірінің «Ақсақ құлан» атымен мәшһүр, тіпті қасқырдан да тайсалмайтын (оның бір аяғы нақ осы сұр жыртқыштармен шайқаста зақымданған екен) өжет әрі күшті айғыры кенет жалт бұрылып, аңшыға қарсы ұмтылады. Ақсақ құлан шабуылының жойқын да тегеурінді болғаны сондай, Жошы атынан ұшып түсіп, сол бойда мойыны үзіліп, жан тәсілім етеді... Қуғыннан құтылған құлан үйірі қыр асып, еркін құйғыта жөнеледі.
Нөкер серіктерінің Ұлы ханға Жошының өлімін естіртуге жүректері дауаламайды. Көне ғұрып бойынша жаман хабар әкелген адамды өлімге бұйыратын. Сол кезде даланың Ұлы жыршысы, абыз қарт Кетбұға қайыңнан домбыра шауып, ішек тағып, Ұлы ханның сарайына келе, алтын тақтың алдына тізерлей құлайды. Өзіне абыз қарттың жақсылықпен келмегенін сезген әмірші түнерген жүзбен: «Уа, Ұлы жырау, не датың бар?» деп сұрайды. Бірақ Кетбұға ләм-мим деп тіл қатпастан, домбырасымен бір қайғылы әуенді тарта жөнеледі. Бұл күйдің сиқырлы дыбыстарынан Ұлы ханның көз алдына жас ханзада Жошының аңға шыққаны, оған көктемгі көк майсада жайылып жүрген құлан үйірінің кездескені һәм ханзаданың аң аулап еліккені елестеп, тізіліп өткендей болады...
Қарт жыршы зарлы күйін аяқтайды. Бірақ Ұлы хан да, басқалар да күй тілінен болған окиғаның бәрін түсінеді: домбыра шапқан аттардың дүбірін де, әлжуаз жас құлындарды аяған құландардың беймаза үрейін де, өз үйірін қорғаған ақсақ құланның ақылы мен қайратын да жеткізіп айтты. Әсіресе, ақсақ құланның ханзадаға қарсы шапқан тұсын зарлата қайырды...
Хан үн-түнсіз ұзақ отырды. Ақыры, Ұлы хан тіл қатты: «Сен маған ұлымның қазасы жайында қаралы хабар әкелдің. Домбыраңның күйін тыңдап, бәрін ұқтым. Мұндай хабар үшін өлім жазасына лайықтысың. Бірақ өзің бір ауыз тіл қатпағандықтан, жазаны домбыраң тартсын. Оның сағағына қорғасын құйыңдар!».
Осылайша Ұлы жырау-дана Кетбұғаның арқасында моңғолдардың қаһарлы әміршісіне жас ханзаданың өлімі естіртіліпті. Бірақ сұмдық ғұрыпқа қарамастан, ешбір адам зардап шекпепті. Тек қаралы хабарды жеткізген домбыраның көмейіне балқыған ыстық қорғасын құйылады. Сол кезден бері домбыраның шанағында тілік тесік пайда болыпты. «Ақсақ құлан - Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс.
Дескриптор Білім алушы
мәтінге ат қояды;
сөйлеушінің сөйлеу мәнерін ажыратады;
өз әсерімен бөліседі;
негізгі ойды анықтайды.
Оқу мақсаты
О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды
Құрылымы мен аудиториясын ажыратады
Тілдік ерекшелігін салыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.
Ұсынылған мәтіндердің бірі – «Абай-ақпарат» сайтынан,Жанғали Жүзбаевтың «Қазақ күйлері» мәтінінен үзінді, ал екіншісі massaget.kz сайтынан «Қазақ күйлері» үзінді алынған. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, формасын, айырмашылығын табыңыз (120150 сөз). А мәтіні
Қазақ күйлерінің көбі поэтикалық сөйлемге құрылған, күйші жырды аспапта жыр жазғандай (қағазға емес) әрекетке барған, бұл әдіс саз құраудың осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тамаша жолы болып табылады. Орыс фольклортанушысы В.Гошовский халықтық музыка стильдерін «музыкалық диалект» деп атаған. Ол музыкалық фольклордың диалектісі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ойы деген пікірді орнықтырды. Қазақ музыкасын түркілік музыканың бір диалектісі деп қарайтын болсақ, онда оның сарыны мен тілдік даму жүйесін қатар қараған жөн болмақ. Күй тілдік даму жүйесі немесе күй тілі деген ұғымды тарқата айтсақ, ол халықтың төл тіліндегі екпіндік, ырғақтық, өлшемдік интонациялардың музыкалық шығармашылықтағы композициялық бейнесі болып шығады. Кез келген күйдің сазында сөздік тіркестер бар, сонымен бірге, сөздердегі тоникалық және силлабикалық өлеңге тәнік буындар да айқын көрініп отырады. Күйді нотамен таңбалауда осы жайт ескерілетін болса күй жазбасы саласы әлбетте, мол мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.
(«Абай-ақпарат» сайты, Жанғали Жүзбаев. Қазақ күйлері. 132 сөз)
Ә мәтіні
Қазақ күйлері
Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі ең күрделі өнер - күй. Ол тек аспаптық сарын ғана емес, ұлт мінезін айқындайтын нышандардың бәрін біріктіретін рухани құбылыс. Күйтану ғылымының бүгінгі зерттелуі - оның тарихын, шежіре-аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен бірге, музыкалық шығарма ретінде теориялық тұрғыдан талдануын, дәстүрлі және кәсіби оқыту әдістерін хал-қадарынша қамтып отыр. Осының нәтижесінде күй мен күйшілік үрдістің ұлттың рухани сұранысын өтей алатын қазіргі деңгейі қалыптасты. Уәж кәсіби домбырашылыққа қатысты болғандықтан, күйшілік мектептің қалыптасуы мен дәуірлік тарихына қысқаша тоқтала кеткен орынды болар.
Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады. Ұлыстық дәуір мәдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал әдеби мұраларымыз сақталған. Мысал ретінде Томирис туралы әпсананы айтуға болады. Одан кейінгі дәуір Түрік қағанаты. Бұл кезеңдегі күйлердің де дерегі жоқ, бұл әдебиетімізде ұлыстық ояну кезеңі деп аталады.
(massaget.kz сайтынан, 147 сөз)
Дескриптор Білім алушы
стиль түрін анықтайды;
мәтіндерді салыстырады;
тілдік ерекшеліктерін ажыратады;
мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды.
Оқу мақсаты
Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырады
Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Домбыра тартуды үйрену үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек» тақырыбында кеңес бере отырып, мақала жазыңыз (сөз саны 200).
Дескриптор Білім алушы
мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданады; - мақаланы тақырыпқа сай жазады.
Оқу мақсаты
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады
Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады
Қолдану
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары
Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құрауқұраулағанда, қойды пүшәйттағанда. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады.
Музыкалық дыбыстардың әлеуметтік мәнін ашатын бесік жырдың, санамақ, «Бас бармақ, балаң үйрек». «Бақа, бақа, бақ, бақ» секілді басқа да ойын өлеңдері – дүние есігін ашқан жас баланы әлеуметтендірудің басты құралдарының бірі. Осы қысқа да әуезді үндерді айта отырып, анасы баланы өзінің дене мүшелерімен таныстырса, тағы бір жақтан, оның әуені құлағына дыбыстардың айтылуын сөз құрамын есту арқылы пайымдауға баулиды.
Балаларды алғаш жәндіктермен таныстырғанда айтылатын «Бақа, бақа, бақ, бақ» өлеңінің әуені де созылыңқы, ұғынықты. Осы және басқа да балаларға арналған өлеңдерді ертеде ешкім әдейілеп жаттамаған, ол бала кезден естіп, тыңдап өскендіктен өзінен-өзі құлаққа «сіңіп» қалатын. Өсе келе бұл сәби кезінде естігендерінің үстіне ойын үлгілерінің әуені мен сөздері қосылады. Осындай ойын өлеңдері «Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық» сияқты балалар есейгенде, мысалы, 8-9 жасқа келгеннен бастап ойнағанда айтатын өлеңдер. Халқымыз ғасырлар бойы рулық, туысқандық, отбасылық қауымдастық түрінде өмір кешкен. Бұл ойындар сол кезде балалар арасында туысқандық байланысты нығайту, өзара қамқорлық, бір істі орындауда ұжымдасу, бірлесіп өзара көмектесу, тұтастыру секілді міндеттерді атқарған.
Әлгі ойын балалары есейіп бойжеткенде, бозбала жасына қадам басқанда бұл өлеңдер ғашықтық әндеріне, терме, толғаулар, жыр, дастан, қиссалар мен домбыра және қобыз күйлеріне ауысады.
Музыкалық дыбыстарды адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды білдірудің бір түрі деуге болады. Мысалы, ұзатылып бара жатқан қыз айтатын «Сыңсу» кеше ғана еркелеп, ата-анасының төрінде отырған қыздың жат жұртқа кетіп бара жатқандағы көңіліндегі мұңды білдіреді. Ол сөзбен қосылғанда ерекше мағыналы.
Қыз ұзату тойы, одан ары қарай «Жар-жар», оған қарсы айтылатын «Ау-жар» өлеңдерімен жалғасады. Онда ұзатылып бара жатқан қыздың мұңын сейілтіп, тойды ойын-сауықпен көмкеру, халықтың көңілін көтеру көзделеді. Сол себепті «Жар-жар» мен «Ау-жар» қалжың аралас, қайым айтыс сипатына ие. Бұл туралы «Жар-жардың» тәрбиелік мәні – қалыңдық құдай жазған шын жұрты, ұзатылып барған жері екендігін санасына сіңіре беру» делінген «Қазақтың тәлімдік ойлары антологиясында».
Қыз ұзатып, келін түсіру сәніне келтіретін тағы бір өлең – «Беташар». Мұнда жас келінге тәлім боларлық көптеген ақыл-кеңестер айтылады.
Бөтен жұртқа жаңа түскен жас келінге, оның бетін ашушы «бетіңді, келін, ашқаным, жаңа жұртқа қосқаным…» деп, өзінің міндетімен қоса келген жеріне таныстыра отырып, келінге осы ортамен араласып, «сіңісіп» кетуі үшін осы сөздер айтылады. http://bigox.kz/kazak-muzyka-onerinin-en-algashky-tuyndylary/
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады; - синонимдік қатарларды анықтайды; - мәтінді ықшамдап қайта жазады.
Оқу мақсаты
Ж6. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа сай сөздер мен сөз тіркестерін жинақтайды
Синонимдік қатарды тиімді қолданады, мәтінді өзгертеді
Қолдану
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Синонимдік қатарларды тиімді қолданып, мәтінді өзгертіңіз.
Ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енді. Қытайда тұратын қазақ жігіті Болатбек Кәрімханұлы жасаған шынашақтай домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлайды.
Домбыраның ұзындығы – 4 сантиметр 5 миллиметр, ені – 1 сантиметр 4 миллиметр. Оны жасаған 29 жастағы Болатбек Кәрімханұлы Қытайдың Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданы Егізтөбе ауылында дүниеге келген. Мамандығы – электрик. «Ауылда қарапайым электрші (электрик) болып жұмыс істеп жүрмін», - деді Болатбек «Азаттық» тілшісіне. Өзінің айтуынша қолөнермен бала күнінен әуестенген. «Мен ағаштан бұйымдар жасаумен бала күнімнен айналыстым. Бірақ орта мектепті бітіргеннен кейін басқа мамандық бойынша білім алдым, қазір сол алған білімім бойынша жұмыс істеп жүрмін», - деді ол.
Болатбек интернетті жиі қарайтынын айтты. «Торапқа (интернетке-ред.) шықсам басқа ұлттардың аспабы бар екен де, тек қазақтың домбырасы ғана жоқ екен. Қазақ болғаннан кейін қазақтың домбырасын таныту қажет. Басында Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін үлкен домбыра жасамақшы болғанмын. Бірақ оған көп қаржы кетеді екен. Ал менде ондай дүние жасауға ақша жоқ. Сонан кейін неғұрлым кішкентай етіп жасауды қолға алдым. Онда да Гиннестің рекордтар кітабына енудің талаптарына сай етіп жасауға кірістім», - дейді шебер жігіт.
Шебердің айтуынша домбыраны жасауға бір ай уақыт кетіпті. «Алдымен домбыраның сыртқы қабын жасадым. Сонан кейін барып домбыраның өзін жасадым. Дауысы дұрыс шығу үшін қаражидек ағашын алып, әрбір бөлшегін жеке жонып, бірбірімен қиюластырып шықтым. Сыртына қазақы ою-өрнектерді қондырдым», - деді «Азаттық» тілшісіне Болатбек телефон арқылы.
Болатбек Кәрімханұлы Гинннестің рекордтарын саралайтын комиссияның Қытайдағы өкіліне өткен жылдың қараша айында домбырасын құжаттарымен қоса тапсырыпты. «Шамамен осыдан бір ай бұрын домбырамның Гиннестің рекордтар кітабына №01-1201-09541 болып тіркелгені туралы сертификат алдым. Қуанышымда шек жоқ. Жіберуін жіберсем де, уақыт өткен сайын күдерімді үзе бастаған едім», - деді шебер. Ол болашақта егер қаржыдан көмектесетін адам болса, таудай домбыра жасауды ойлап жүргенін айтты.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты синонимдерді орынды қолданады;
мәтінді мазмұнға сай өзгертеді;
мәтін құрылымын сақтап жазады.
Оқу мақсаты
ӘТН2. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ажыратады
Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.
Сыр даласын сазға бөлеген қобыз сарыны
Дәстүрлі музыка – әр елдің мәдениетін даралап, өзгеден ерекшелейтін төл өнер. Әрбір елдің болашаққа бет алысы, бағыт-бағдары, тағдыры тамырын алған мәдениетіне байланысты десек, түркі халықтарының көшке ілеспей, өнерінің өскінсіз қалмасы анық.
Кер замандарда тарыдай шашылған түбі бір, тілі ұқсас, діні ортақ ағайын қазанның 89-ы күндері киелі қара шаңырақта қайта бас қосты. Екі күн бойы Сыр даласын әсем сазға бөлеген «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық дәстүрлі өнер фестивалі саф өнерге сусаған бұқараның шөлін бір қандырды.
Қызылорда облысы әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» ұйымының мұрындық болуымен өткен дәстүрлі өнер мерекесіне Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан делегация келді. Әуезді көштің алғашқы күні 29 әйгілі ғалымдар мен фольклортанушылардың, өнер зерттеушілерінің қатысуымен «Қорқыт Ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркі тілдес халықтардың ұлттық музыка өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени байланысты нығайтуды мақсат еткен бас қосуда көк бөрі ұрпақтарының қайталанбас өнерінің озық үлгілерімен бірге түркі әлемінің әлі зерттелмеген бай мұралары сөз болды. Аңыздарда мәңгілік өмірді аңсаған және өнердің өлместігін айғақтаған абыз баба дариямен Сыр сағасына жеткен делінеді. Зерттеушілердің пайымынша Қорқыт атаның мазары шамамен ІХ-Х ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында болған. 1980 жылы Қорқыт атаға арнайы кесене орнатылады. Бүгінде көпшілік тәу ететін кесенеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аймақ басшысының айтуынша, ағымдағы айдың аяғында жұмыстар толық аяқталады. Келер жылдан бастап халықаралық деңгейдегі аталмыш фестиваль, симпозиумдар бабамыздың табаны тиген - қасиетті мекенде өткізілетін болады. http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?
Дескриптор: Білім алушы
мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;
көтерілген мәселені талдайды;
деректерді қолданады;
интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданады.
Оқу мақсаты
ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Тыныс белгілердің қойылу тәртібін ажыратады
Сөйлемдерде дұрыс қолданады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз.
Мәтін
Ертеде бір кедейдің жалғыз түйесі болыпты. Жазғытұрым түйесі боталап екі күннен кейін ботасы өледі. Ботасыз қалған жануар иімей желіні сыздап күңірене боздайды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Иесі бір күні сыртқа шығып қараса түйенің екі көзінен жас парлап ағып тұр екен. Сол ауылда Әуелбек деген білгір адам болады. Түйенің иесі соған барады. Сонда Әуекең «Оны тек сазбен иітуге болады. Бұл шебер домбырашының ғана қолынан келеді. Сен елге жар сал. Маяны иіткен адамға үлкен сый-тарту бересің» деп ақыл-кеңес береді. Содан әлгі кедей Егер сазбен маяны иіте алатындай өнерпаз табылса тарту берумен бірге жалғыз қызымды да соған қосар едім - деп елге жар салады. Қыздан үміткер болып, өздерінің бақтарын сынамақшы оймен хабар жеткен жерден талай домбырашы келеді. Бірақ мая иімейді.
Бірде түйені иітуге үш домбырашы келеді. Шарт бойынша маяны кім иітсе қыз сол кісіге тұрмысқа шығуы керек. Қыз маяны құдықтың басына әкеліп шелегін қолына алып саууға дайын тұрады. Үш домбырашы келісіп бірінші кезекті жасы үлкен шалға береді. Шал домбыраның үнін түйенің боздағанындай күңіренте тартқанда маяның алпыс екі тамыры шымырлап ий бастайды.
Нардың иігенін сезсе де қыз желінді қатты қысып тұрып, - Иімеді! Домбыраны келесі кісіге беріңіз - деп шалға бұйырады. Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады. Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін күй біраз тартылғаннан кейін маяның желінін босатып сауа беріпті.
Үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты қиналған бала қыздан айрылған өкінішіне арнап «Күйдім, жандым» деген күй тартыпты.
Осылайша үш домбырашы күйлерін тартып болған соң өз өнеріне сенімі мол шал қызға қарап:
- Шырағым! Маяны иіткен мен едім сіз зорлық жасап отырсыз. Егер осы айтқанымды бекер десеңіз біз әлгі тартқан күйлерімізді тартып үш жаққа кетелік. Осы жануар кімге «ботам» деп еміне ерер екен - дейді. Қыз маяны иіткен кім екенін біле тұрса да шалдың талабын орындауға мәжбүр болады.
Айтқандай ақ, мая шалдың артынан қалмай шапанын иіскелеп ере беріпті. Мұны көрген халық маяны кім иіткенін біледі. Бұл жағдайды жұртшылық тегіс көрген соң шал қайта келіп қызға:
Қарағым, бұдан былай өтірікке үйір болма қалаған қосағыңмен бірге қартай - деп батасын беріп қызды жігітке қосып кетіпті.
Дұрыс нұсқасы
Ертеде бір кедейдің жалғыз түйесі болыпты. Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өледі. Ботасыз қалған жануар иімей, желіні сыздап күңірене боздайды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Иесі бір күні сыртқа шығып қараса, түйенің екі көзінен жас парлап ағып тұр екен. Сол ауылда Әуелбек деген білгір адам болады. Түйенің иесі соған барады. Сонда Әуекең: «Оны тек сазбен иітуге болады. Бұл шебер домбырашының ғана қолынан келеді. Сен елге жар сал. Маяны иіткен адамға үлкен сыйтарту бересің», - деп ақыл-кеңес береді. Содан әлгі кедей: «Егер сазбен маяны иіте алатындай өнерпаз табылса, тарту берумен бірге жалғыз қызымды да соған қосар едім», - деп елге жар салады. Қыздан үміткер болып, өздерінің бақтарын сынамақшы оймен хабар жеткен жерден талай домбырашы келеді. Бірақ мая иімейді.
Бірде түйені иітуге үш домбырашы келеді. Шарт бойынша маяны кім иітсе, қыз сол кісіге тұрмысқа шығуы керек. Қыз маяны құдықтың басына әкеліп, шелегін қолына алып, саууға дайын тұрады. Үш домбырашы келісіп, бірінші кезекті жасы үлкен шалға береді. Шал домбыраның үнін түйенің боздағанындай күңіренте тартқанда, маяның алпыс екі тамыры шымырлап ий бастайды.
Нардың иігенін сезсе де, қыз желінді қатты қысып тұрып: - Иімеді! Домбыраны келесі кісіге беріңіз, - деп шалға бұйырады. Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады. Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін, күй біраз тартылғаннан кейін маяның желінін босатып, сауа беріпті.
Үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты қиналған бала, қыздан айрылған өкінішіне арнап, «Күйдім, жандым» деген күй тартыпты.
Осылайша үш домбырашы күйлерін тартып болған соң, өз өнеріне сенімі мол шал қызға қарап:
Шырағым! Маяны иіткен мен едім, сіз зорлық жасап отырсыз. Егер осы айтқанымды бекер десеңіз, біз әлгі тартқан күйлерімізді тартып үш жаққа кетелік. Осы жануар кімге «ботам» деп еміне ерер екен, - дейді. Қыз маяны иіткен кім екенін біле тұрса да, шалдың талабын орындауға мәжбүр болады.
Айтқандай-ақ, мая шалдың артынан қалмай, шапанын иіскелеп ере беріпті. Мұны көрген халық маяны кім иіткенін біледі. Бұл жағдайды жұртшылық тегіс көрген соң, шал қайта келіп қызға:
Қарағым, бұдан былай өтірікке үйір болма, қалаған қосағыңмен бірге қартай, - деп батасын беріп, қызды жігітке қосып кетіпті.
Дескриптор Білім алушы
сөйлемдерді ажыратады;
сөйлем соңында және сөйлем ішінде тыныс белгілерді дұрыс қояды.
3-тоқсан Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер»
Оқу мақсаты
Т/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады
Аяқталуын болжайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Төмендегі сұрақтар арқылы адамдардың әлеуметтік желі, ғаламтор туралы пікірлерін болжаңыз.
Жұрт әлеуметтік желілерде не үшін отырады?
Оған қандай қажеттілік я болмаса мұқтаждық бар?
Әлеуметтік желі туралы бірнеше адамнан пікір алыссақ, кім не дер еді, мысалы кішкентай балалар, жасөспірім, жастар, ата-аналар, ата-әжелер, ІТ мамандары.
ДескрипторБілім алушы
- оқиғаны өз сөзімен дамытады; - оқиға желісін болжайды.
2-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, өз нұсқаңызбен салыстырыңыз, әңгімені аяқтаңыз.
Белгілі болғандай адамның көңіл күйін түсіретін, депрессияға ұрындыратын әлеуметтік желілер бар екен...
Қалай ойлайсыз, ол қандай желілер?
Бұл туралы неміс ғалымдары нақты дәлелдер келтірген. Сонымен адамды күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін фото алмасу және видео алмасу қызметін тегін ұсынатын «Instagram» желісі болып шықты. Мұндай пікірді Берлиндегі
Гумбольд университетінің мамандары айтқан.
Олар «Facebook» желісіне қарағанда «Instagram» адам миына артық алмақ салады дейді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл қосымша тани бермейтін мыңдаған адамның жағажайлардағы демалыста немесе қымбат бутиктер мен мейрамханаларда түсірген суретін көреді, ал бұдан басқа, көптеген адам көрпесіне қарай көсіліп, бара алмайтын жерлерде түскен әлдекімнің суретіне қарайды. Бұдан кейін ол өзінің көптеп «лайк» жинай алмайтын суреттеріне қарап, өзінің өміріне деген көңілі толмайды. Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, қызғаныш пен жалғыздық сезімдерін туғызатын көрінеді...
Әңгімені аяқтаңыз.
«Сіздер адамның бақытын анық және анық емес факторлар арқылы өлшейсіздер, өзгелердің сәттілікке қол жеткізгенін оның профиліндегі суреттерімен байланыстырасыздар» - дейді Берлиндегі Гумбольд университетінің маманы Ханна Краснова американдық «Slate» басылымына берген сұхбатында.
Адам жадында Facebook-тегі жазбадан гөрі сурет көп уақытқа сақталып, қатты әсер ете алады. Естеріңізге сала кетейік, Фейсбук әлеуметтік желісі бұған дейін депрессияға ұрындыратын бірден-бір сайт болып есептеліп келген, оның үстіне ғылыми дәлелденіпті де.
ДескрипторБілім алушы
әңгімені аяқтайды;
түпнұсқамен салыстырады.
О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады
Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша графиктік сызба жасаңыз. Графиктік сызбаңыз диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте үлгісінде болуы тиіс.
Жастар және әлеуметтік желілер
Әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс 20 жасында «Microsoft» компаниясының негізін қалап, өзінің алғашқы миллиондарын таба бастаған. Бүгінде оны идеал санап, 48 миллиардердің соның жолымен жүретін жастар да көп. «Chief Executive Officer» журналы ғаламтор арқылы байыған жастардың тізімін тізіпті. Бірінші орында 30 жастағы американдық Мэтт Мулленвег топты жарыпты. Хьюстон университетінің 1-курс студенті кезінде, яғни, 19 жастағы Мэтт бүгіндегі танымал «WordPress» сайтын құрған болатын. Қазір әлемдегі ең қалтасы қалың жастардың бірі. Екінші орынға алдағы мамыр айында 30 жасқа толатын Марк Цукерберг жайғасыпты. Бала күнінен компьютер бағдарламаларына жақын болған ол Гарвард университетінде оқып жүріп, 2004 жылы парталастары Крис Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін құрады. Алайда олардың арасында келіспеушілік орын алып, ақыр соңында Facebook-тің иесі Марк Цукерберг болады. Содан байыған ол 2009 жылы әлемдегі ең жас миллиардер атанады. Былтыр «Forbes» журналы Марк Цукербергтің байлығын 19 млрд долларға бағалады.
Үздіктер тізімінде 23 жастағы американдық Эшли Коуллске үшінші орын бұйырды. Себебі ол өзінің 14 жасында Whateverlife.com сайтын ашып, миллионер атанған еді. Мектеп қабырғасында жүріп графикалық дизайнмен айналысқан қыз өзінің жұмыстарын аталған сайтта жариялап, оқырманның қызығушылығын тудырған, содан оның сайтына жарнама берушілердің қатары көбейген. Алғаш рет жарнамадан 20 мың доллар табыс тапқан. Үш жылдан кейін сайтқа күнделікті 1 миллион адам кіретін болған. Ал 2008 жылы сайттың жылдық табысы 1 миллион долларды құраған.
Төртінші орынды 28 жастағы үндістандық Сухас Гопинат иеленді. Бұл жігіт 14 жасында «Global Inc» интернет компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең жас кәсіпкер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бүгінде «Globals Inc» – әлемдегі жетекші ITкомпания. Әлемнің 11 елінде бөлімшесі бар. Веб-сайттар, ұялы телефон қосымшалары мен мектепке арналған бағдарламалармен айналысатын компанияның жылдық табысы 100 миллион долларды құрайды.
О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді
Зерттеп, пікірін білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, түсініктеме жасаңыз.
Жастар жадына ғаламтор жау
Бір алқалы жиында елге танымал екі жазушы екі түрлі ой-пікір айтты. Зерделесек, екеуінің де айтып отырған сөздерінің жаны бар сияқты. Жарыққа шыққан кітапқа жылы лебізін білдіре келіп, бірінші қаламгер: «қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын ғаламтор басады. Адам өзіне керектіні ғаламтордан тауып алады да, газет-журнал, кітап оқуға жастардың құлқы болмайды» деп өзінше болжам жасады.
Ал екінші бір жазушы: «Интернет заман қажеттілігі болғанымен, оның пайдасынан зияны көп», - деп шыр-пыр болды. Оның уәжі мынаған саяды: «Рас, осы күнге дейін интернет арқылы қаншама дүниені оқып, білдік, ой-өрісімізді кеңейттік, тамаша жаңалықтарды таптық. Үлкен жобалар іске қосылды. Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бақылаусыздық, бейәдеп, тексерілмеген ақпарат, біреуге дәлелсіз жала жабу, ойына не келсе соны айтқан пікірлердің өріп жүретіні сияқты келеңсіздіктер де осы «шексіз кеңістікте» жетіп артылады.
Бұл – бір. Екіншіден, оның айтуынша, авторын танып, беттерін парақтап, жастанып жатып оқыған кітаптан алған әсерді, интернеттен оқыған дүниемен еш салыстыруға келмейді. Бірақ заман ырқына көндіріп, дегенімен жүргізуде. Әсіресе, жастарды компьютерден алшақтату мүмкін болмай тұр.
Сондықтан замандас жазушының: «Кітапты интернеттен оқығаннан гөрі оңашада қолға алып оқыған «сіңімді» болады. Жадыда ұзақ сақталады. Әлем ғалымдары кітапты қағаз күйінде оқудың адамның миына, рухани ләззат алуына тигізетін ықпалы зор екенін мойындап отыр», - деген пікірімен толық келісеміз.
«Алматы ақшамы» газеті
ДескрипторБілім алушы
түрлі оқылым стратегияларын пайдаланады; - өз ұстанымына қатысты ой-пікірлерін айтады; - көтерілген мәселеге пікірін білдіреді.
Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Мәтін құрылымын сақтайды
Графиктік мәтінді сипаттап жазады
Қолдану
Төменде берілген сызбамен танысыңыз. Сызбаға тақырып қойыңыз. Сызба бойынша нақты 3-4 мәліметті іріктеңіз.
Ай сайынғы аудитория (мың адам)
Дескриптор Білім алушы
сызба бойынша ақпараттарды ажыратады; - тақырыбын анықтайды; - нақты 3-4 мәліметті іріктейді.
2-тапсырма
Берілген сызбадағы ақпараттарды пайдаланып, Қазақстан жастарының әлеуметтік желілерді қолдануы туралы сипаттап хабарлама мәтінін құрыңыз. Хабарлама мәтіннің құрылымын төмендегі шаблон бойынша жазыңыз. Сөз саны 170-200 сөз. Кіріспе бөлім
____________________________________________________________________ Негізгі бөлім
әлеуметтік желі қолданушыларды сипаттайды; - хабарлама мәтінін құрады;
мәтіннің құрылымын сақтайды.
Оқу мақсаты
ӘТН4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Шылаулардың стильдік ерекшелігін ажыратады
Сөйлемде орынды қолданады
Қолдану
Шылауларды түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз.
№
Шылаулар
Түрлері
№
1
Мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те Айман мен Айгүл асханада отыр.
Асқар да, Айдын да солармен бірге отыр.
Қарсылықты жалғаулық
2
Бірақ, дегенмен, алайда, онда да, сонда да, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде, сөйтсе де, сөйткенмен, т.б. Жаңбыр жауып тұр, біз сонда да далаға шықтық.
Әжем екеуіміз саяжайға бармақшы едік, бірақ күн суытып кетті.
Ыңғайлас жалғаулық
3
Өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, не үшін, т.б. Далада қатты аяз болды, сол себепті мен мұражайға бармадым. Аманжолдың анасы ауырып қалыпты, сондықтан бүгін ол мектепке келе алмайды.
Кезектес жалғаулық
4
Не, немесе, я, я болмаса, не, не болмаса, яки, әлде, мейлі, т.б.
Мен ертең саяжайға немесе саябаққа барамын.
Сен өзің бара бер, не болмаса біреуді ертіп ал.
Себеп-салдар жалғаулық
5
Кейде, бірде, біресе Аспазшылар бірде тұшпара дайындаса, бірде қуырдақ дайындайды. Жанар кейде ботқа алса, кейде сорпа алады.
Талғаулы жалғаулық
ДескрипторБілім алушы
шылаулардың түрін ажыратады; -мысалмен сәйкестендіреді. 2-тапсырма
«Менің ғаламторсыз өткізген бір күнім қалай өтті?» деген тақырыпта шылауларды кеңінен қолданып, күнделік жазыңыз. Сөз саны (170-200).
- күнделік құрылымын сақтап жазады; - жазылым тақырыбынан ауытқымайды; - шылауларды кеңінен қолданады.
Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы»
Оқу мақсаты
Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді
Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талқылайды
Қолдану
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз. Жұбыңыздың құрған сұрағымен алмастырып, проблемалық сұраққа жауап беріңіз. Аталған проблема бойынша ойларыңызды салыстырыңыз.
Бақ-дәулет – бірлікте
Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туғантуыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені халықтар достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық даужанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді. Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан көп ұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел деген атаққа ие болды.
Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достастығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды. Қазақстандағы халықтар достастығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.
Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде қалыптасқан халықтар достастығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан.
http://akikat.kazgazeta.kz/?p=5738
Дескриптор
Білім алушы
проблемалық сұрақтар құрастырады;
сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріп жауап береді;
жұбымен диалогке қатысады;
өзгенің жауабын өз ойымен салыстырады; - пікірін білдіріп талқыға түседі.
Оқу мақсаты
О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды
Тілдік құралдарды ажыратады
Қолдану
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
1-мәтін
Ұлттық арнаның көрермендері – біздің достарымыз Қазақстанның телеарналарында қазақша еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері көбейіп келеді. Мая Веронская, Ирина Ким, Оксана Лоскутова, Оксана Питерс сынды журналистер қазақ тілін шебер меңгеріп, көгілдір экранның сәніне айналып, елді қуантуда. Біз солардың ізімен жүріп келе жатқан, бүгінде қазақ тілді көрермендердің көзайымына айналған «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тенмен аз-кем сұхбаттасқан едік.
Ирина, «Таңшолпан» шығармашылық ұжымына бейімделу қиынға соқпады ма?
«Таңшолпан» ұжымына келгенде, шынымды айтсам, көңілділер мен тапқырлар клубына кіріп кеткендей әсер алдым. Ұжым қызметкерлері шетінен тапқыр, қазақы қалжыңмен орағытып әкеткенде бір күніңнің қалай өтіп кеткенін сезбей де қаласың. Ал мәселе жұмыс жағына ауысқанда, әрқайсысы өз істеріне жетік, қандай тақырыпқа салсаң да қамшы салдырмайтын қыз-жігіттер. Бірін аға, бірін әпке тұтып, таңғы бағдарламаның қиындығынан қызығы басым, қуанышы көп екендігіне тәнті болдым.
Қазақ тілін жетік меңгеруіңе кімдер ықпал етті?
Менің туған жерім – Қызылорда облысының Арал өңірі. Қазақ халқының салтдәстүрінің қаймағы бұзылмаған, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін құтты аймақта өскенімді мақтан тұтамын. Өзімді қоршаған жора-жолдас, ұстаздарымның арқасында қазақ тілін жетік меңгердім. Әйтсе де, білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз деген сөздің жаны бар екен. Білгенімнен білмегенім көп. Әріптестерім дайындаған небір танымдық сюжеттер арқылы сөздік қорымды байытуға, білім көкжиегімді кеңейтуге мол мүмкіндік алдым.
«Таңшолпанның» тұрақты, ең белсенді көрермендерімен тікелей араласқан кездерің болды ма?
«Таңшолпан» көрермендермен байланысты нығайту үшін көптеген байқаулар ұйымдастырады. Бұдан бөлек күн сайын таңғы эфир арқылы танымдық сауалдар жолдаймыз. Хабарымызға атсалысып, белсенді түрде хабарласатындарға сый-сияпатымыз да әрқашан дайын. Көпшіліктің «Таңшолпанға» тұрақты хабарласатындығын ескеріп, «Таңшолпанның» 20 жылдық мерейтойында үздіктерді марапаттаған болатынбыз. Сол кезде Атыраудан тағдыр тауқыметіне мойымаған Дүйсенәлі аға, ал Мойынқұмнан Бекмұрат мырза, Алматыдан Серғазы замандасымыз келді. Ұлттық арнаны тамашалаушылар – біздің досымыз деп білемін. Алда да талай қызықты кездесулер күтіп тұр деген сенімдемін. Біз көрермендер үшін қызмет етеміз, олардың көңілінен шығуға тырысамыз.
2-мәтін
Достығымыз әлемге әйгілі
Ел халқын шынайы отансүйгіш әрі нағыз азамат етіп қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру мен әр ұлт өкілінің бойында «мен қазақстандықпын», «мен Қазақстан Республикасынанмын» деген мақтаныш сезімді негіздеу Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты өзегі. Мемлекет тарапынан ұтымды жүргізілген саясат әрбір қоғам мүшесінің бойында демократиялық құндылықтар мен жалпықазақстандық идеяны орнықтырудың баяндылығына кепіл болмақ.
Осыған байланысты көптеген ұлттар өкілдері топтасқан мемлекет үшін елдегі ұлттық саяси ақуалды үнемі бақылап, реттеп отыру, ұлттық шығу тегіне қарамастан барлық қоғам мүшелерінің өмірдің түрлі салаларында толыққанды дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету ең басты мәселелердің бірі. Осындай даму жолының тиімділігіне барлық өркениетті елдердің тәжірибесі айғақ. Бұл жайтты ұлтаралық жарасым саясатын ұстанушы Қазақстан қоғамынан да көре аламыз. Өтпелі кезең жағдайында қоғамдағы ұлтаралық қарымқатынастар мәселесі бұрынғыдан да өзекті мәнге ие болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы ынтымағы жарасқан көп ұлтты халықтың теңдігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Оның негізгі тұжырымдары демократиялық үлгідегі халықаралық құқық ережелері мен ұстанымдарына сай келетін еліміздің басты Заңы – Конституцияға сәйкес ұлтаралық қарым-қатынастар саясатына қайшы келетін, қоғамда жікшілдікті, шиеленісті, араздықты туындатуға жол беруге тыйым салынған.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Түрі
Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)
Мақсаты
Мазмұны
Стилі
Тілі
Дескриптор Білім алушы
мәтіндерді салыстырады;
ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;
идеясы мен стилін табады;
тілдік құралдарды анықтайды.
Оқу мақсаты
Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады
Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады
Жоғары деңгей дағдылары
Кез келген ұлт өкілінің мәдениеті мен өнері немесе салт-дәстүріне байланысты әңгіме құрастырыңыз. Сөз саны 200-220.
Дескриптор Білім алушы
әңгіменің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданады; - әңгімені тақырыпқа сай жазады.
Оқу мақсаты
Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды
Тақырыпты анықтап, өзіндік көзқарасын жазады
Көтерілген мәселенің шешімін табады
Жоғары деңгей дағдылары
Тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыз (250 сөз).
Тақырыбы
Еліміздегі сүттей ұйыған татулық пен келісімнің сыры неде деп білесіз?
Дескриптор Білім алушы
эссе құрылымын сақтайды;
тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады; - өзіндік көзқарасын айтады;
мәселенің шешу жолын ұсынады.
61
Оқу мақсаты
ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ажыратады
Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.
Достығымыз жарасқан елміз
Қазақстанда әр ұлт өкілдерінің кәсіппен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Бізден басқа мемлекетте дәл біздегідей терезесі тең еңбек етіп, кәсіп жасап, қалаған ісімен айналысып жатқан диаспоралар жоқ. Сондықтан олар Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатыр. Тіпті кейбір ұлт өкілдері жер иесі қазақтардан артық тұрады.
Алматыдағы сауда орындары мен тағы да басқа жерлерде еңбек етіп жүрген әртүрлі ұлт өкілдерін көргенде қазақтың кеңдігіне қайран қаласыз. Осыдан біраз жыл бұрын тарихи Отандарына кеткен біраз немістер Қазақстанға қайта келді.
Қазақтың дархандығы мен кеңдігін, бауырмалдығын Герольд Бельгер көп жазды. Жақында дүние салған оны өзінің өсиеті бойынша достары қазақтар Кеңсайға жерледі. Міне қазақтың өзге ұлтқа деген сүйіспеншілігін осыдан көруге болады. Олай болса Қазақстандағы ұлттар достастығы жасай берсін! http://akikat.kazgazeta.kz/?p=5738
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;
көтерілген мәселені талдайды;
деректерді қолданады;
интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын ажыратады.
62
Бөлім «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар»
Оқу мақсаты Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша фактілер мен көзқарастарды жазыңыз.
ГМО - бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді, үсімейді. Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдын алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорадо қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстіктің аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ, сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.
Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға - соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.
ГМО - қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады. (http://massaget.kz/ 173 сөз)
Мәтіндегі фактілер
Мәтіндегі көзқарастар
Дескриптор Білім алушы
- фактілер мен көзқарастарды ажыратады.
63
Оқу мақсаты Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем
бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады
Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс. Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында сұрақ қойыңыз. Өз көзқарастарыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Гендік модификация — биотехнологиялық жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік өсіру. Мысалы, картоп геніне сарышаян гені қосылады екен. Картоптың кейбір сортына доңыз гені қосылатын көрінеді. Ал қызанаққа солтүстік камбаласының гені пайдаланылады. Қызанақтың кейбір сортында акуланың азу тісінің гені барын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Қытайдан әкелінетін алмалар да гендік өзгеріске ұшыраған. Жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін оның ДНК-сына шаян ДНК-сы қолданылады екен. Ал зиянкес жәндіктер зиян тигізбеуі үшін жүгеріге жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Өсімдіктерді генетикалық модификациялау өткен ғасырдың 80-жылдарында АҚШ-та басталды. 90-жылдардың басында бұл елдің егістік алқаптарында алғашқы трансгенді дақылдар пайда болды. Бұл дақылдар зиянкес жәндіктерге, сортаң топыраққа, ауа райының құрғақшылығына төзімділігімен және бағасының арзан болуымен, мол өнімділігімен ерекшеленген. Сөйтіп, гені түрленген өсімдіктердің егіс алқабы көбейіп кетті. 1996 жылы әлемде трансгенді өсімдіктердің егіс алқабының көлемі - 1,7 млн гектар болса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 52,6 млн гектарға жетті (оның ішінде 35,7 млн гектары - АҚШ-тың үлесінде), ал 2006 жылы 102 млн гектарға гені түрлендірілген дақылдар егілген. http://www.aktobegazeti.kz/?p=21397
Дескриптор Білім алушы
көңіл күйге байланысты сөздерді қолданады;
көркемдегіш құралдарды еркін пайдаланады;
мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты сөз тіркестерін анықтайды;
өз көзқарасын дәлелдеу үшін қорытынды шығарады;
тіл шеберлігі жақсы, жан-жақты сауатты түрде талдайды.
64
Оқу мақсаты О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін бойынша проблеманы анықтайды
Проблемалық сұрақтар құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Тапсырма
Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтап, екі-үш проблемалық сұрақ дайындаңыз.
Ірімейтін тағам асқазанымызды шірітіп жүрмей ме?
Тау асып, теңіз басып әкелінген трансгенді өнімдер туралы даудың көрігі қызып кетпесе де, қоғамда екі ұдай пікір қалыптастырып отыр. Тағамтану саласының кей мамандары оны қоштаса, оқығаны мен тоқығаны көп болмаса да бір білері бар ауылдағы ағайын мұның астарында қандай да бір құпия барын біледі. Табиғи емес өнімдер расында ірімейді, шірімейді, сөреде айлап емес, жылдап тұра береді. Сырты жылтырап, өзі ірімесе де, асқазаныңызды шірітіп жатпағанына кім кепіл?
Аштан емес, астан өлмейтініңе де кепілдік жоқ. Қолдан өсірген емес, қолдан өлтірген тағамдардың кесірінен құбыжық сәбилердің, түрлі аурулардың көбейіп кетуінің бір ұштығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда ол туралы ресми статистикалық дерек мүлдем жоқ. Батыс ғалымдары мутацияға ұшырау – генетика ғылымының қарқынды дамуы себебінен деп есептейді. Ал гендік инженерияның Отаны саналатын Америкада гені модификацияланған өнімге кең жол ашылған. Әлемде мыңнан астам гені модификацияланған «өнер туындылары» бар. Бірақ оның тек 100-іне ғана шығаруға рұқсат берілген. Кәрі құрлықта өнімнің қорабында ГМО туралы ескерту белгі жапсырылады. Ал біздің елімізде мұндай мәдениет қалыптаспаған. Тіпті сол шетелден келген импорт өнімдерге ескерту жазылсын деп те міндеттей алмай отырмыз. Азық-түлік пен көкөністің көбісі Қытайдан келетіндіктен, онда иероглифтен басқа ештеңе жоқ. Еліміздегі №1 тағамтанушы Төрегелді Шарманов болса осы өнімдерге шаң жуытқысы жоқ.
Ал алмұрт деген атауы бар қолдан жасалған жемісті жесеңіз қағаз шайнағандай боласыз. Бақшаңызға өзіңіз өсірген қызанақпен салыстырып көріңізші. Өзіңіздікі дәмі тіл үйірерліктей болғанымен екі-үш күннен артыққа шыдамайды. Босап кетеді. Ал қытайлық қызанағыңыз тастай қатып жата береді. Жарамдылық мерзімі жарап тұр. Осыдан кейін ойға қаласың, расында, Қытай өнімдерді гендік модификацияны қолданып өсірген бе деп. Бірақ олар дәл осыны қатаң құпияда ұстайды. Ешқандай мәлімет ала алмайсыз... Ресми емес деректерге сенсек, қызанақтың қатты болып, ұзаққа шыдауы үшін акуланың азу тісінің гендері пайдаланылады екен.
Рахила БАТЫРБЕКҚЫЗЫ, зейнеткер:
Кім білген, мұндай өнімдер ақырын әсер ететін вирус сияқты шығар. Ондай өнімдерге тыйым салмаса, онда сыртына ГМО деген белгі жапсырылсын. Сонда сатып алмайтын болады. Ешкім сатып алмаса, нарықта пайда таппаса онда өздері-ақ жоғалады ғой. Немерем әлгі қытайдың кеспесін өте жиі жейді. Қанша ұрыссақ та қоймайды. Соңғы кездері шаштары сыпырылып түсе бастады. Біз сол кеспенің кесірі деп ойлаймыз. Қолдан өсірілген өнімдердің зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейтін шығар...
Әсем ӘСІЛБЕК, биолог:
Расында, ғалымдарымыз осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған жоғары жақтан қолдау қажет-ақ. Тек тексеріп қана қоймай, содан нәтиже шығару керек қой. Кезінде ресейлік ғалымдар Қытайдың түрлі ыдыс-аяқтарынан әртүрлі зиянды
65
қоспалар тауып еді, дереу дау шығарып қайтарып жіберді. Бізде неге солай істемейді? Бәлкім, ел арасында айтылатын қытайлықтардың әлемді «соғыссыз-ақ жаулап аламыз» дегені осы ма екен? https://baq.kz/kk/news/kogam/irimeitin-tagam
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады
Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Жылқының еті мен сүтінің пайдасына тоқталар болсақ, жылқы етінің ең басты қасиеті – жүрек-қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз – қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» болған. Бай-болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған деседі. Таз болудан, тері ауруларынан, ең бастысы, белсіздіктен қорғайды. Жылқының жүрегін жеу ми қызметін жақсартады. Мидағы миллиондаған жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек береді. Бұл тағы да мидың ұзақ уақыт «мүлтіксіз» қызмет көрсетуіне сеп. Ол үшін жылқы жүрегін пісіріп, не қуырып жеу керек.
Жылқы етінде, негізінен, минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.
Қан қысымы ауруының алдын алғыңыз келсе, жылқы етін көп тұтынып, майынан ас дайындаңыз. Ол инфаркт ауруына алып келетін холестериннің мөлшерін азайтып, қан қысымының жоғарылауын тежейді. «Сүйек сынып, буын былқылдап тұрса, жылқының майын жақ» деп жататын әжелеріміздің сөзіне құлақ аса бермейтініміз бар. Негізінен, жылқы майының құрамында тін жасушалары мен жілік майын жақсартатын пайдалы элементтер бар. Яғни, сүйек пен буынның берік болуына өзіндік себін тигізеді.
Күн суытып, қырау түскенде соғымға жылқы малы сойылады. Себебі, жылқы еті қыста жауратпайды, қуатты арттырып, қажетті дәрумендердің орнын басады. Осыдан-ақ жылқы етінің қадір-қасиетін біле беріңіз.
Негізі басқа ұлттарға қарағанда қазақ халқы ет өнімдерін көп тұтынады.
Бабаларымыз халал талаптарына сай еттен сан алуан тағамдар дайындаған. Қазір бүткіл дүниежүзі халал асқа аса қызығушылық танытып, ерекше көңіл бөліп жатқанда, халал ет өнімдерін өндіруші елдердің қатарында болуымыз мемлекетімізге үлкен пайда әкеледі. Сондықтан халал ас тұтынуға ерекше мән беріп, ұлттық тағамдарымызды ұлықтай білсек, қандай тамаша болар еді… http://almaty-akshamy.kz/2016/10/06/%D
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады; - синонимдік қатарларды анықтайды; - мәтінді ықшамдап қайта жазады.
Оқу мақсаты
ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Қосымшаларды үндестік заңын ескере отырып, жалғайды
Орфографиялық нормаға сай жазады
Қолдану
Берілген мәтінді негізге ала отырып, тақырыптың бірін таңдаңыз. Қосымшаларда үндестік заңын ескере отырып, монолог құрастырыңыз. Сөз саны 170-200.
ГМО-ға ұшыраған өнімнің монологін дайындаңыз.
Биотехнолог маманның монологін дайындаңыз.
ГМО өнімін қолданушы адамның монологін дайындаңыз.
Не жеп жүрміз?
Гендік модификация - биотехнологиялық жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару. 1950 жылдарда атом энергиясымен қосарласа дамыған биотехнология ғылымы бүгінде осылай адам баласына өсімдіктің Құдай жаратпаған жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды. Мұның бір пайдасы - бүгінгі күні талғажау қылуға тиімді ас өнімдерін дайындап шығаруға көмектеседі. Мәселен, қазір әлeмдегі жеті миллиард халықтың бір миллиарды ашығып, халыққа тамақ тауып беру мәселесі туындап отырғанда биотехнологияның жетістігімен қиындықтан өтуге болады. Америка, Англия елдері ғалымдардың көмегімен осындай жаңа өнім түрлерін өндіріп, Кения, Индия, Африка елдеріне апаруды қолға алған. Бірақ бұны мемлекеттік деңгейде жүргізбеген. Жекелеген кәсіпкерлердің қолымен жүзеге асырды. Бір ескере кететін жайт, биотехнология арқылы өндірілген азық-түлік пен жеміс-жидектердің өз елдерінде сатылуына жол берілмейді.
Биотехнология арқылы ас өндіруді Қытай мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс салып, жағасын жайлауға жіберіп жатуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шектен тыс пайдаланып, жылдам өсіп шығатын, тез пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер өсіру жолын пайдаланды. Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін адам баласы азық-түлік, жеміс-жидек пен көгөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар мен жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен, оңайлықпен езіле қоймайтын қып-қызыл тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың азу тісінің гені еніп жатқанын байқай бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра алмайтын, қап-қатты, әдемі алмамен бірге шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін баратын картоппен бірге доңыздың генін ағзаға сіңіреді. Бір түйірі қызанақтай шиелерге тағы да сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың азу тісінің бір генін алып, қызанақ жасушасының ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып жібереді. Осылайша қызанақ ДНК-сы өзгеріп, мүлдем басқа өсімдік өсіп шыға келеді.
Оқу мақсаты ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану Бағалау критерийі Білім алушы
Одағай түрлерін ажыратады
Сөйлемде орынды қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Одағайды тауып мағынасын түсіндіріңіз. Гендік тағам мен тұтынушыға кейіпкер тағайындаңыз. Мәтінді негізге алыңыз, одағай түрлерін қолданып, ауызекі сөйлеу стилінде сюжеттік әңгіме құрыңыз. Сөз саны (170-200).
Қотыр торғай (ертегі)
Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:
Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп:
Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? – дейді. Ешкі:
Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:
Қап бәлем қасқырға айтпасам!
Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр:
Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай:
Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам!
Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:
Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай:
Қап бәлем, сені байға айтпасам!
Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:
Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай:
Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:
Қап бәлем, сені балаларға айтпасам!
Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:
Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:
Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам!
Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:
Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:
Қап бәлем, сені құйынға айтпасам!
Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрады; балалар тышқанды ұрады; тышқан байдың қоспасын теседі, бай жылқышыны ұрады; жылқышы қасқырды ұрады; қасқыр ешкіні жемек боп қуады; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жейді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алады.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды); - мәтін көлемін сақтайды; - сюжеттік әңгіме құрастырады; - одағай түрлерін қолданады.
4-тоқсан Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»
Оқу мақсаты
Т/А4. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды анықтайды
Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнерін ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Негізгі ойды анықтаңыз.
Шақпақатадан шыққан батыр
Біз майданда болдық. Белуардан қан кештік. Тылда жүріп көз жасымызды көл еттік. Күн-түн демей еңбек етіп, жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында ақ ниетпен азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Сөйтіп оны абыроймен ақтадық. Бұл жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ел дегенде еңіреген ерлеріміздің қан майданда құрбан болғаны аз емес. Қол-аяғын беріп, мүгедек болып қайтқан ерлеріміз бар. Ұлы Отан – туған елім, туған жерім. Ұлы Отан жалынына шарпылмаған біздің елде бір де бір отбасы жоқ. Соғыс қайғысы, соғыс мұңы әрқайсымыздың басымыздан өтті. Жауынгердің сағынышы, ата-ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсымыздың көз алдымызда. Мен өзім қырық жылғы қырғында аман қалған жандардың бірімін. Сол сұрапыл қырғын соғыста еліміздің талай саңлақ батырларының, ақылды ерлерінің қаза тапқанын мен өз көзіммен қан майданда көргем. Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттер өліп кеткенін көзіммен көрдім. Олардың иманы жолдас болсын. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жан аямастан соғысты, тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті. Имандары жолдас болсын!
https://www.youtube.com/watch?v=qVJ9lva13rw
№
Сөйлемдер
Б.Момышұлының сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықтаңыз.
1
Күн-түн демей еңбек етіп, Жеңіс үшін тер төктік.
2
Солдаттың сағынышы, ата-ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсымыздың басымызда болды.
3
Менен артық, менен ақылды, менен батыр жігіттердің өліп кеткенін көзім көрді.
4
Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ.
5
Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін күрескен.
Дескриптор Білім алушы
мәтінге ат қояды;
сөйлеушінің сөйлеу мәнерін ажыратады;
өз әсерімен бөліседі;
негізгі ойды анықтайды.
Оқу мақсаты
О3.Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрын анықтаңыз. «Мен - саған, Сен - маған» тәсілі бойынша оқығандарыңыз жайлы сұхбаттасыңыз.
Ә. Нұршайықовтың күнделігінен1940 жылғы 27 маусым.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын» деген Абай сөзі рас екен. Мен қалада жүргенде анау-мынау ұсақ өлеңдер жаза беруші ем. Колхозға келгелі ешнәрсеге мойным жар бермейді».
19 апрель. 1943 жыл.
«Бүгін зеңбірек аттарының жал-құйрығын тарап, жуып жатырмыз. Бәйгеге қосатындай етіп, кекілін сәндеп, кежімдеп жатырмыз… Егер осы аттар болмаса, үш тонналық зеңбіректерді біз қалай сүйреп жүрер едік? Адам сияқты емес, ат байғұстар сол сіңірген еңбектеріне сыйлық сұрап, награда дәметпейді… Биыл 9 январьда 6 ат пен 6 жауынгерім оққа ұшты. Аттарым менің, асылдарым менің!»
13 февраль 1945 жыл.
«Біз атып бола бере бізге қарай бір елік қашып келе жатты. Алдынан біреулер оқ атып еді, кейін қарай қашты. Ар жағынан зеңбіректің атылған дауысынан тағы бері қарай қашты. Байғұс, жаралы киік жанын қайда қоярын білмей сасуда».
6 декабрь 1942 жыл.
«Бұрын бізде артиллерия мастері болып, кейіннен дивизияға ауысқан үлкен сержант Сперанский Борис келді. Борис айтады: Кеше біздің штабқа төрт немісті ұстап әкелді. Екеуі – офицер. Оларды алдымен дивизионның штабына әкелген. Онда кіші лейтенант Біләлов нан жеп отырса керек. Сонда немістің бірі тұрып:
Мынау артиллерист пе, минометчик пе? – деп сұрады Біләловті.
Артиллерист, – деп жауап беріпті біздің жігіттер.
Ендеше, артиллеристеріңді ақ нан, колбаса беріп тамақтандыруларың керек. Сонда артиллерияларың дәл ұрады, – деп айтты дейді неміс.
Ал минометшіні ше? – деп сұрайды Біләлов.
Соломмен тамақтандыру керек. Минометчиктерің өте жаман ұрады, – депті.
Жолда әкеле жатқан часовойларға: «Сендердің киімдерің жылы, жүз жыл соғысуларыңа да болады ғой» деп айтады дейді немістер».
13 февраль 1945 жыл.
«Таңертең бір қазаққа кездестім. Ол Қазақстанның анасы, қарт Дина Нұрпейісованың туған баласы екен. Бұрын Алматы филармониясында хорға қатысушы болған. Қазір 412атқыштар полкінің, 3-батальонында санитар екен. Аты – Мұрат Шапеков».
«Төрт сөйлем»
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.
О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды
Құрылымы мен аудиториясын ажыратады
Тілдік ерекшелігін салыстырады
Қолдану
Тапсырма
Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
1-мәтін
Қаһарман Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы, Адамзатты алға бастар Ар заңы! Мір оғындай Момышұлы Бауыржан – Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын, Өмір бойы шындық үшін күресіп, Жалғандықтың тіліп түскен тамырын! Жауынгерді айналдырып құрышқа, Тайсалмастан кірген талай ұрысқа. Ұрпағына үлгі болған ғұмырын Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа! Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай. Біздер үшін рухы биік Бауыржан Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған, Жалындаған жастар керек еліме Батыр баба қасиеті дарыған!
(«Егемен Қазақстан» Айбатыр Сейтақ)
2-мәтін
Редакцияға тапсырма сұрай келген А.Бек нақ осы тұсқа тап келеді. Редакцияның сол кездегі қызметкері «Бранденбург қақпасы» кітапшасының авторы жазушы Александр Кривицкий А.Бекке осы жиырма сегіз батыр жайлы түсіндіре келіп, шығарма жазуды тапсырады. Полкте бір қатал полк командирі – аға лейтенант Б.Момышұлы деген командирдің бар екенін ескерте айта келіп, сол жайлы шығарма жазуды қатты өтініп сұрайды. Аға лейтенант өте қатал, ешкіммен ашық сөйлесе бермейді, тіпті маңына да жолатпайды дегенді баса ескертеді. «Сен Момышұлымен тіл табыса алсаң, онда сенің жолыңның болғаны, – дейді Бекті жолға шығарып салып тұрып. Шындығында да Александр Кривицкий өзі де соғыстың алғы шебін аралап жүріп, Момышұлымен танысып, шығарма жазуды ойлағандардың бірі еді. Әйтсе де, оның бұл ойы іске аспады. Ол Б.Момышұлының қатаң қаһарына шыдамай, дегеніне көне алмай жолдары екі айырылған болатын. Осы жағдайды көп ойланған А.Кривицкий панфиловшылар жайлы шығарма жазуды бір сәтте есінен шығарған емес. Ақыры А.Бекке өзінің ойын іске асыруды тапсырады. А.Бек бұл жұмысты ойдағыдай атқарып,
Б.Момышұлының атын да, өзінің атын да дүниежүзіне әйгілі етті. Б.Момышұлы А.Бекті алғашында қабылдамады. Турасын айтсақ, сөйлеспек түгіл маңайына да жолатқан жоқ. Ал Бек Б.Момышұлының бұл қылығына қатты қынжылса да, наразы болмады. Бірақ соңынан қалмай Б.Момышұлы алғы шептегі окоптарды аралағанда, ізінен қалмай алғы шепке барды. Штабта отырса, ол штабтың босағасын қарауылмен бірге күзетіп отырды. Сөйтіп жүріп ақыры Бәукеңді дегеніне көндіріп, өз ойын іске асырды.
Мәтіннің тіліне, мақсаты мен мазмұнына сараптама жасау жолдары:
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз;
Оқу барысында мәтін стиліне (ресми және бейресми) назар аударыңыз;
Мәтіннің аудиториясын анықтаңыз; яғни бұл мәтінді кімдер оқитыны туралы болжаңыз. Әдетте, аудитория жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарай жіктеледі;
Осы мәтін арқылы автор оқырманға қандай ой тастағысы келетінін ойлаңыз. Автордың ойы сіз сараптама жасап отырған мәтіннің мақсаты болады;
Мәтін абзацтарын қысқа мазмұндаңыз; мәтінді мазмұндауда бір-біріне қарамақайшы пікірлерді атап өтуіңізге болады. Ол кезде төл сөз бен төлеу сөзді пайдаланғаныңыз дұрыс. Соған байланысты автор көзқарасын да келтіруге болады.
Әр абзацтың бір-бірімен байланысын анықтаңыз; әр абзац, әдетте, бір-бірімен логикалық жағынан байланысады немесе жалғаулық шылаулар арқылы байланысады;
Мәтіннің тіліне сараптама жасауда тақырып бойынша термин сөздер мен кәсіби сөздерді анықтап, сол арқылы автордың қай стилде жазып отырғанын растай аласыз. Адамның көңіл күйін білдіретін сөздер, әдетте, көркем әдебиет стиліне тән екендігі ұмытпаңыз.
Әр абзацтың соңғы етістігіне талдау жасаңыз. Олар әр түрлі шақтық формада тұруы мүмкін. Олардың ол формада тұруына түсініктеме беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
-
стиль түрін анықтайды;
-
мәтіндерді салыстырады;
-
тілдік ерекшеліктерін анықтайды;
-
мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды.
Оқу мақсаты
Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін құрылымын сақтайды
Графиктік мәтінді сипаттап жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сурет бойынша мәтін құрылымын сақтай отырып, сипаттау мәтінін жазыңыз.
Кілт сөздер: Ұлы Жеңіс, Отан, атамекен, туған жер, отаншылдық, Отанды қорғау, ерлік.
Қазақ елінің Ұлы Жеңіске қосқан үлес
іне сурет бойынша дәлелдер келтіріңіз.
Ұлы Жеңіс мерекесін тойлағанда нелі қолданылады?
ктен «георгиевтік лента» барлық жерде
сурет бойынша сипаттайды;
сипаттама мәтінін құрады;
мәтіннің құрылымын сақтайды.
Оқу мақсаты
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады
Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады
Қолдану
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!
Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтаған мереке!
Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!
Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек...
Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ер жүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.
Ауылдан келген жас жігіттер кешегі қырмандағы жұмыстан бірден майданның алдыңғы шебіне түссе де, қазақ баласына сай ерліктерімен көзге түсті. Сондай батырдың бірі - Давлетов Асылбек Жазизұлы.
Асылбек Жазизұлы 1925 жылы 10 қарашада бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Сталин атындағы колхозда шаруалар отбасында дүниеге келген. Сол ауылдың 8 сыныптық мектебін бітіріп, 18 жасында 1943 жылдың 10 қаңтарында соғысқа аттанады. Жасына қарамастан Асылбек ата Карелия, III Украина майдандары құрамында жауға қарсы тұрды. Қалың орман арасында бекінген герман және фин қарулы күштерінен Карелияны босатуға Асылбек Жазизұлы Карелия майданының 13-ші Әуе Десанттық Бригадасының 99-әуе десанттық дивизия құрамында қатысты.
Ал 1945 жылдың қаңтарынан бастап Асылбек ата ІІІ Украина майданындағы 300гвардиялық атқыштар полк құрамында Венгрия мен Австрия мемлекеттерін азат етті. Соғыстың бел ортасында жүрген бүгінгі ақсақал Асылбек Жазизұлы, 1945 жылдың көктемінде жарақаттанып, бір жарым ай Будафок госпиталінде емделуіне тура келеді. Госпитальдан шыға салысымен Асылбек Давлетов әскер құрамына қайта барар жолда Австрия мен Венгрия мемлекеттері арасындағы Шапрон станциясында Ұлы Жеңіс күнін қарсы алды. Асылбек ата Еуропада1950 жылдың мамырына әскери борышын өтеп, елге оралды.
Асылбек ата бүгінде екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Будапештті алғаны үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Еңбек жолында екі мәрте «Қызыл Ту Еңбек» орденімен, төрт мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Барлығы Асылбек атамызда жиырмадан астам медальдар мен ордендер бар. Қария бүгінде әскери жолдастарымен қазіргі таңда да араласып тұрады.
Асылбек Жазизұлының жұбайы Орынбасар Шайкенқызымен 1958 жылы 30 маусым күні шаңырақ құрған. Қазіргі таңда, Асылбек ата мен Орынбасар апаның жұптасқандарына 54 жыл толып отыр. Бақытты шаңырақ 3 бала мен 3 немере тәрбиелеуде. Асылбек ата жастарға Хәкім Абайдың «Бес нәрседен қашық болуға шақырған - өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтықтан» алыс жүруді өсиет етіп, талапты бар жасқа ақ батасын берді.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады; - синонимдік қатарларды анықтайды; - мәтінді ықшамдап қайта жазады.
Оқу мақсаты
ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады
Сөйлемде тиімді қолданады
Қолдану
Төмендегі соғыс, жеңіс тақырыбындағы тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді қолданып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғау, рухы көтерілу, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, бейбітшілік аспаны, қан майдан, жау жүрек Б.Момышұлы: «Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті», - деген.
Сіз төмендегі ұғымдарға қандай анықтама бересіз?
Ерлік
Жүректілік
Жігіттік қасиет
Дескриптор Білім алушы
- фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолданады; - өз ойын жүйелі жеткізеді.
Бөлім «Ғылыми фантастика»
Оқу мақсаты
Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Автор көзқарасын ажыратады
Көтерілген мәселені талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Мәтінді мұқият тыңдап, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңыз.
Ғылыми фантастика
Ғылыми фантастиканың рухи тағаны – арғы замандарға тән мифтік аңыздарға, ежелгі әпсаналарға, ауыз әдебиетіне (мысалы, адамзат пен он сегіз мың ғалам ара байланысты түсіндіруге, қоғамның болашақ тағдырына үңілуге және оны болжауға, т.б.) еліктеу. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Ғылыми фантастиканың әу басқы әдеби анасы – романтизмдік әдеби дәстүр. Әрине, алғашында ол лаңкестік, жанкешті не ғажайып прозаларға да із салдырды, ой
жүгіртетін (detective fiction, mystery fiction, crime fiction, horror fiction, thriller fiction) және готикалық прозалармен де байланыссыз болмады.
Қазақ әдебиетіндегі ҒФ жанрының алғашқы белгілері болашақты болжай білген данышпан халық қиялының ұшқырлығы тудырған ертегілерде («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарда («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) жатыр. Мысалы, «Ер төстіктегі» алты айлық алыстағы сыбырды ести алатын, тауды тауға соғатын, көз ілестірмей зыр жүгіретін, т.б. кейіпкерлер бүгінде реалдыққа айналған техниканы сонау ертенің өзінде-ақ армандау емес пе?
- көтерілген мәселені анықтайды.
Оқу мақсаты Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды анықтаңыз.
Ғылыми фантастика мен әлеуметтік фантастиканың кейбір ерекшеліктері
Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял. Ал адамзаттың бүгінгі таңдағы зор жетістіктері мен игілікті істерінің дені адам қиялының жемісі.
Жалпы фантастика (гр. phantasіa – қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымы қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. «Ғылыми тас» – ескі шығыс тілінде «фан тасы», батыс елдерінің грек тілінен алып жүрген «фантастика» сөзі осымен байланысты. Бұл жанрда жазылған шығармаларды атауда бірізділік жоқ, яғни фантастика және ғылыми фантастика деген тіркес қолданылады.
Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантаст-жазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі.
Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы, осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А.Мархабаев: «Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен. Демек, бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс. Ол, фантастика, ғалым, табиғаттану, жаратылыстың құпия құбылыстарын ел арасына, өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында өмірге келеді. Яғни, фантастика ғылымды туғызса, ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды. Былайша айтқанда, «фантастика-ғылым» және «ғылым-фантастика» тандемі болып келеді. Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды.
Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдебикөркем фантастика, ғылыми фантастика, әлеуметтік фантастика, экономикалық фантастика, бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді.
Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет – ол ғылыми фантастика! Ғылыми фантастика нағыз маңызды мәселелерді көтереді. Қиялгерлерді адам тағдыры толғандырады. Бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейтін бірден-бір әдебиет жанры» деп ағылшындық ұлы қиялгер-жазушы Артур Кларк айтқан.
Ғылыми фантастика жанрының бар табиғатын, мақсат-мүддесін, оның міндетін айқындау үшін қойылатын талаптар өте көп. Мұның өзі оның күрделілігін, қиындығын аңғартады. Бұл жанрдың басқа жанрларға қарағандағы бірден-бір ерекшелігі: ол – «қосмекенді», ол көркем әдебиет туындысы ретінде оның барлық заңдылықтарын сақтауы тиіс. Бұл - бір. Екінші: ғылыми фантастика есебінде ол міндетті түрде не кешегі өткен ғылым құпиялары, не ертеңгі тұрмыс-тірлігімізге енуге тиісті ғылым мен техника жаңалықтарын әдеби әшекеймен оқырмандарына жеткізе білу. http://www.rusnauka.com/14_NPE_2015/Philologia/3_192584.doc.htm
Дескриптор Білім алушы
негізгі мағынаны анықтайды;
негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратады; - мәтіннен факт мен көзқарасты ажыратады.
Оқу мақсаты
Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді
Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талқылайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жұптық жұмыс. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен сұрақтар қоя отырып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңыз.
Қазақ фэнтезиі
ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы бір фантастикалық жанр – фэнтези әдебиет әлемінің есігін ашты. Аталған жанр біріншіден, әдеби ертегінің шекпенінен шыққандықтан пайда болу жолы да сан қилы, фэнтези кейде шындық өмірден қашып, миф пен аңыздарды қайыра ой елегінен өткізуге бағыт ұстанса, оның түп тамыры әдеби ертегі белгілі бір ұлт үшін сын сағаттар болған сәтті оны ертегілік образдар мен мотивтер арқылы таныта біледі; екіншіден, фэнтези жанрындағы туынды басқа жанрлардың мәтіндік бөлігі бола алмауымен әдеби ертегіден ерекшеленеді.
Енді осы фентези жанры турасында, оның қазір бір жақты балалар жазушысы деп жүрген Т.Рымжанов шығармашылығына қатыстылығы жайында өз ойымызды білдіре кетейік. Біздің ғылыми топшылауларымыз кейбір зерттеушілер тарапынан қарсылыққа ұшырау мүмкіндігін жоққа шығармай ойымызды дәлелдеуге көшейік.
Т.Рымжанов ертегілерінің фэнтезиге қатысты тұстарын біршама сөз еткізіміз келеді. Мысалы, «Зәйтүн қарлығаштың ерлігін» басы бүтін әдеби ертегіге жатқызатын болсақ, автордың қалған үш әдеби туындысы («Гүл ағашы», «Күн перзенттері», «Ерден батыр») жайында бұлай дей алмаймыз. Аталған шығармалар бойында әдеби ертегіге қарағанда фэнтезилік нышан-белгілер молынан ұшырасады.
Фэнтези (ағыл. fantasy – «фантазия») – мифологиялық және ертегілік мотивтерді пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиет түрі. Заманалық әдебиет түрі ретінде XX ғасырда өмірге келді. Қазіргі деңгейіне жетуі үшін Джон Рональд Руэл Толкин ересен еңбек сіңірді. Оны кейбірде фэнтезидің әкесі деп атайды.
Фэнтези туындылары көбіне тарихи-шытырман оқиғалы туындыны еске түсіріп, ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы баба дәуіріндегі, орта ғасырлардағы тыныстіршілігін танытатын ойдан шығарылған әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерекше қылып жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен аяусыз күреске түседі. Кейбірде фэнтези архетиптік сюжеттер негізіне құрылады. Осы қырынан алғанда Т.Рымжановтың кейбір ертегі-хикаяттары фэнтези жанрына жататындығын аңдаймыз.
Дескриптор Білім алушы
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіндегі көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады; - өз көзқарасын дәлелдеу үшін қорытынды шығарады.
Оқу мақсаты
О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Қосымша ақпараттардағы деректерді іріктейді
Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан қажетті деректерді қолданады
Авторына сілтеме жасайды
Қолдану
Мәтінді оқыңыз. Ақпарат көзін анықтаңыз. Қажетті 5-6 деректі іріктеңіз.
Ғылыми фантастика – ел өркениетiнiң жолашар жанры
Ғылыми фантастика – ауқымы кең жанр. Онда айтылған ғылыми идеялардың орындалу мерзiмi келешек үлесiнде екенi баршамызға аян. Өйткенi жазушы-фантаст қаламынан туған ой-арманды арқалайтын шығармалар уақыт пен кеңiстiктiң қай қиылысында да бола алады, соған сай ғылымның дамуы мен адами құндылықтар – табиғатты көздiң қарашығындай қорғаудың небiр көкейкестi мәселелерiн қозғайды. Бұны ой-арманнан туындаған оқиға десек те, ғылыми-фантастиканың адам баласының келешегiне дұрыс бағыт сiлтейтiндей, әрi барлау, әрi көрегендiк жасайтын жанр екенiн көрсетедi.
Өткен үш жыл iшiнде Қазақстанда тұңғыш «Кеңiстiк көшпендiлерi» деген айдармен сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазып келе жатқан белгiлi фантаст жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби және Халықаралық «Байқоңыр» сыйлықтарының лауреаты Жүнiс Сахиевтiң «Су әлемiнiң саздары», «Жасампаздық қиырында», «Ғарыштан келген гүл» ғылыми фантастикалық романдары «Елорда», «Фолиант», «Бiлiм» баспаларынан жарық көрдi.
Жүнiс Сахиевтiң «Кеңiстiк көшпендiлерi» сериялық фантастикалық романдарының мәнi айдарында жатыр. Мысалы, оның 2009 жылы «Фолиант» баспасынан шыққан «Су әлемiнiң саздары» романы оқырман назарын су асты әлемiне аудара отырып, қазақ халқының отбасылық таза махаббаты мен күй сазына ерекше мән бередi.
Оқиға қазақ жерiнен басталып, мұхит тереңiнде ұласады. Өйткенi мұхит тереңi де өзiнше бiр кең әлем. Оның әлi күнге толық ашылмай жатқан құпия сырлары сансыз. Жүнiс Сахиевтiң ғалым кейiпкерлерi су астын зерттей жүрiп, жұлдызаралық кемемен өзге жұлдыз жүйесiнен келген бөтен ғаламшарлықтардың назарына iлiгедi. Ал оның басты себебi – қазақ халқының кең пейiлдi, парасатты қасиетi едi. Өзге жұлдыз жүйесiнен келгендер бiр-бiрiмен тiлмен емес, әуен сазымен тiлдеседi, сол арқылы бiр-бiрiн түсiнiседi. http://writers.kz/journals/?ARTICLE=3873&CURENT&ID=10&NUM=134
Дескриптор Білім алушы
ақпарат көзін анықтайды;
қажетті 5-6 деректі іріктейді.
2-тапсырма
Мәтіннің авторына сілтеме жасай отырып, іріктелген ақпараттарды өз ойыңызбен байланыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
деректерді қолданады;
мәліметтердің авторына сілтеме жасайды; - өз ойымен байланыстырады.
Оқу мақсаты
О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды
Тілдік құралдарды ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
1-мәтін
Ғылыми фантастика мен әлеуметтік фантастиканың кейбір ерекшеліктері
Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет – ол ғылыми фантастика! Ғылыми фантастика нағыз маңызды мәселелерді көтереді. Қиялгерлерді адам тағдыры толғандырады. Бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейтін бірден-бір әдебиет жанры», - деп ағылшындық ұлы қиялгержазушы Артур Кларк айтқан.
Ғылыми фантастика жанрының бар табиғатын, мақсат-мүддесін, оның міндетін айқындау үшін қойылатын талаптар өте көп. Мұның өзі оның күрделілігін, қиындығын аңғартады. Бұл жанрдың басқа жанрларға қарағандағы бірден-бір ерекшелігі: ол – «қосмекенді», ол көркем әдебиет туындысы ретінде оның барлық заңдылықтарын сақтауы тиіс. Бұл - бір. Екінші: ғылыми фантастика есебінде ол міндетті түрде не кешегі өткен ғылым құпиялары, не ертеңгі тұрмыс-тірлігімізге енуге тиісті ғылым мен техника жаңалықтарын әдеби әшекеймен оқырмандарына жеткізе білу.
Смаилова А.Ш
2-мәтін
Танымдық басылымы жоқ елде фантастика қалай дамысын?!
Ғылыми фантастика жеке жанр ретінде XX ғасырда қарастырыла бастады. Нақты айдары сол кезде тағылды демесеңіз, бұл саланың тамыры тереңде. Тарихы әріден бастау алады. Оған бала күнімізден тыңдап өскен қиял-ғажайып ертегілері дәлел бола алады. Әлем әдебиетінде ғылыми-фантастика ғылыми поэзия, ғылыми проза болып екі тарапта дамыды. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» атты еңбегінде қолданды. Ол ежелгі дәуір әдебиетінің белді өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» атты еңбегінде осы ғылыми поэзияның белгілері бар деп көрсеткен.
Бұл жанрға, бәлкім, жаңа бетбұрыс керек шығар. Өйткені ғылыми-техника дамып кеткен бүгінгі заманның оқырманына көп нәрсе таңсық емес. Осындай сұрақтармен біз сөз етіп отырған жанрымыздың белді өкілдеріне хабарласқан едік.
Абдул-Хамит Мархабаев, фантаст-жазушы:
– Егер мойындай алсақ, дәл қазіргі уақытта жазушының жағдайы қиын. Кітабының таралымы аз. Қаламақының жағдайы мәз емес. Тіпті кейде қаламақы алмақ түгіл, кітабыңның жарық көргеніне қуанасың. Мұндай жағдайда оқырманның да жай-күйі белгілі. Осыдан кейін кім туралы жазасың, кімге арнап жазасың? Міне, жазушылардың ішінде осындай қыжыл бар. Ал Жапонияда бір кітап жазған жазушы бірнеше жыл алаңсыз өмір сүреді. Ғылыми фантастика жанры жазушының жан сөлін сығып алады. Ал төккен тердің өтеуі болмаған жерде сүбелі дүние туады деу қиын.
Бүгінгі ғылыми фантастика дегенге келсек, өтірік мақтап, жалаң ұранға салғым келмейді. Жоғарыдағы себептердің барлығы осындай жағдайға әкеліп тіреді. http://alashainasy.kz/sho/41904
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Түрі
Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)
Мақсаты
Мазмұны
Стилі
Тілі
Дескриптор Білім алушы
мәтіндерді салыстырады;
ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;
идеясы мен стилін табады;
-тілдік құралдарды анықтайды.
Оқу мақсаты
Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы • Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады
• Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады
Жоғары деңгей дағдылары
«Қазақ киносындағы ғылыми фантастика» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Сөз саны 150-200.
Мақаланың жанрын, стилін сақтаңыз.
Көркемдегіш құралдарды қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданады; - мақаланы тақырыпқа сай жазады.
Оқу мақсаты
Ж6. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Тақырыпқа сай сөздер мен сөз тіркестерін жинақтайды
Синонимдік қатарды тиімді қолданады, мәтінді өзгертеді
Қолдану
ТапсырмаМәтінді мұқият оқыңыз. Синонимдік қатарларды тиімді қолданып, мәтінді өзгертіңіз.
Арман қолындағы кітаптың қызығына кіріп кеткенін енді ғана сезді. Шығарма аяқталыпты. Кітапты жауып, бітіп қалғанына өкініш білдіргендей, сыртқы мұқабасын сипалап ұзақ отырды. Көз алдында - Кибер. Өзі де Кибермен бірге ғарыштан қазір келгендей. Кенет есіне Ерқанат түсіп кетті. Телефон шалуда.
-Иә, тыңдап тұрмын… -Алло… Ерқанат? Бұл сенбісің?
-Иә, «профессор», мен ғой.
-Ерқанат, мен жаңа ғана «Ғажайып планетадан» келдім.
-Не дейсің?
-Иә. Мен «Ғажайып планетадан» келдім деймін.
-Түу-уу, қияли достым, не деп кеттің өзі? Дұрыстап айтсаңшы… -Кибер… Киберді айтам… -Ол кім тағы?
-Ол менің жаңа досым. Өзі сондай сүйкімді, әрі ақылды. Жасанды адам ғой.
-Ә-ә, сен тағы бір кітап тауыстым десеңші.
-Иә. Талап Сұлтанбековтың «Ғажайып планетасын» оқыдым. Саған да ұнарын сезіп тұрмын.
-Тағы да фантастикалық шығарма де.
-Білесің ғой. Мен фантастикалық кітаптарды жиі оқимын. Саған осы шығарма туралы айтып берсем деп едім, Ерқанат. http://eren.kz/533/
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты синонимдерді орынды қолданады;
мәтінді мазмұнға сай өзгертеді;
мәтін құрылымын сақтап жазады.
Оқу мақсаты
ӘТН4.5. Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
Білім алушы
Оқшау сөздердің қызметін анықтайды
Әңгіме құрастыруда оқшау сөздерді орынды қолданады
Қолдану
Ғылыми фантастика жанрында оқшау сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастырыңыз.
әңгіме құрылымын сақтап жазады (кіріспе, негізгі бөлім қорытынды);
мәтінді біртұтас мазмұнға сәйкес құрады; - оқшау сөздерді орынды қолданады.
Оқу мақсаты
ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Тыныс белгілерінің қойылу тәртібін ескереді
Сөйлемдерде дұрыс қолданады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз.
Мәтін
Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А. Мархабаев Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен Демек бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс Ол фантастика ғалым табиғаттану жаратылыстың құпия құбылыстарын ел арасына өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында өмірге келеді. Яғни фантастика ғылымды туғызса ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды Былайша айтқанда фантастика - ғылым және ғылым - фантастика тандемі болып келеді Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды.
Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдебикөркем фантастика ғылыми фантастика әлеуметтік фантастика экономикалық фантастика бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді. Дұрыс нұсқасы:
Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы, осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А.Мархабаев: «Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен. Демек, бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс. Ол, фантастика, ғалым, табиғаттану, жаратылыстың құпия құбылыстарын ел арасына, өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында өмірге келеді. Яғни, фантастика ғылымды туғызса, ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды. Былайша айтқанда, «фантастика - ғылым» және «ғылым - фантастика» тандемі болып келеді. Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды.
Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдебикөркем фантастика, ғылыми фантастика, әлеуметтік фантастика, экономикалық фантастика, бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді. http://search.resurs.kz/searching?stype
Дескриптор Білім алушы
сөйлемдерді ажыратады;
сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін қояды.
Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.
Шартты б. т.9,66. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574 «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.