kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әке көрген оқ жонар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сертификат алу - Білімділер порталы

bilimdiler.kz/certificate.html

  1.  
  2.  

Перевести эту страницу

Құрметті ұстаздар! Мектептегі білім мен тәрбиенің сапасы ұстаздардың озат тәжірибені тиімді пайдалануына тікелей байланысты, сондықтан құрметті .

Сертификат алу ережесі - Ұстаздар сайты

https://u-s.kz › index

  1.  

Перевести эту страницу

25 апр. 2010 г. - Ұстаздар сайтында материал жариялау тегінҰстаздар сайтында сертификат қалай алуға боладыСертификатқа тапсырыс .

Жоспар ерте жүктіліктің алдын алу - Инфоурок

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әке көрген оқ жонар"»

"Киров мектеп-балабақша кешені" КММ













Ашық сабақ тақырыбы:

" Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының әлемдік деңгейдегі тұңғыш ғалымы, шығыстанушы, әдебиет зерттеушісі. "Ыстықкөл" күнделігі"

(10 сынып, қазақ әдебиеті пәні)























Мұғалімі:

Утегенова Алия Тыныштыковна











2018-2019 оқу жылы



Күні:14.11.2018 ж

Өтетін орны: Ақсай қалалық №4 ЖББОМ

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 сынып



Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының әлемдік деңгейдегі тұңғыш ғалымы, шығыстанушы, әдебиет зерттеушісі. "Ыстықкөл" күнделігі

Сабақтың мақсаты:

Ғалымның бірегей тұлға екенін тану, шығармашылығымен танысу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқытудың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Шоқан туралы ақын-жазушылардың сөздері, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

"Ақылды би" ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Мұрат Мөңкеұлы "Қарасай-Қази" жыры

Сұрақтар қою

1. Мұрат Мөңкеұлы қай жылдары өмір сүрген? (1843-1906)

2. Мұрат жас кезінен жиын - тойдан қалмай ел ішінде қандай атқа ие болады? (шешен бала, тапқыр бала)

3. Мұрат Мөңкеұлының қандай шығармаларын білесіңдер?("Үш қиян", "Сарыарқа", "Қарасай- Қази", "Өлім", "Қыз", "Арғымақ сайлап не керек?", "Оқудан қайтқан жігітке хат", "Еліне жазғаны", "Бір досқа", т.б.)

4. Мұрат Мөңкеұлы алғаш кіммен айтысып, жеңген? (Жылқышы)

5. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын айқындайтын мұралар? (Би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері мен жиын-тойлардағы жырлары)

6. Ақын шығармаларының ең көлемдісі? ("Қарасай - Қази" жыры)

7. "Қарасай - Қази" қандай шығарма? (Эпостық поэма)

8. Мұрат Мөңкеұлының "Зар заман" ақыны атануының себебі неде?(Жырау елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған. Ол айналасында болып жатқан өзгерістерді өзінше танып, өзінше ой түйген ақын)

9. Жырдың басты кейіпкерлері кімдер? ( жетім балалар Қарасай мен Қази)

10. Жырдағы бөлекше әсер қалдыратын кімнің бейнесі? Ол қандай адам? (Анасының бейнесі. Ол қос батыр өсірген асыл ана, мейірімді де адал жар. Басқа жырлардағыдай көркіне ақылы сай болып суреттелмейді. Оның аяғы ақсақ, көзі соқыр. Бірақ жырда ақылымен алға шыққан Орақтың сүйкімді жары, ерін қалай сүйсе, елін де солай сүйген адал жан)



Оқушылар, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, қысқа ғұмырында халқына өлмес, өшпес мұра қалдырған қазақтың біртуар ғалымы, саяхатшы, зерттеуші, суретші кім еді?

Олай болса, бүгінгі сабағымызды Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арнаймыз.



ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.



Түрлі-түсті суреттер арқылы топқа бөлу

1- топ: Самаурын, сандық, сақина, сауысқан, сыбызғы, себет

2- топ: Бала, белбеу, барабан, бүркіт, балара, бұзау, бесік

3- топ: Күрек, кесе, кілем, кітап, күшік, керек



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2 - жартысында өмір сүрген, қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы – Шоқан Уәлиханов. Олай болса, Шоқан Уәлиханов Кім? деген сұраққа жауап жазайық.

Берілген диаграмманы толтыру. «Топтастыру» әдісі





Шоқан Уәлиханов











Шоқан (тұңғыш әскери ғалымы, ұлы саяхатшы, суретші, археолог, тарихшы, публицист, әдебиетші, зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы – демократ, Европаға қазақ әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.)



Слайд көрсетіледі.



Топтық жұмыс постер құру



Бірінші топ «Ыстықкөл күнделігі» туралы мәлімет береді.

1-топқа ресурс

Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді. Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады. Шоқан «Ыстықкөл сапары» кезінде 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескі обаларға көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады.

Аңыздар мен деректерге қарағанда, Ыстықкөл деңгейі арагідік өзгеріп отырған. Бұрын ол жерлер батпақты болған екен. Қазір ол жерлердің ылғалдылығы азайып, бұрынғы батпақ орны егін алабына айналып кеткен. Шоқан Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі оның нағыз сыршыл, сезімтал нәзік жанды суреткер екендігін көрсететін бірден-бір туынды. 1856 жылы Омбыда Гутковскийдің пәтерінде П.П.Семенов Тянь Шанскиймен танысқан Шоқан Ыстықкөл экспедициясында бірнеше маршрутта онымен бірге болып, қосылып ғылыми жұмыстар жүргізеді. Оған Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, Жетісу мен Іле өлкесіне және Ыстықкөлге сапарымды қамтиды... Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда Хаментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралығын түгел көріп үлгердім», - деген жолдарды келтіреді. Мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек деп танылған «Ыстықкөл сапарының күнделігі» бірер айдың жемісі.



2-топ «Ыстықкөл күнделігіндегі қырғыз әйелдерінің сипатталуы .

Ресурс

Қырғыздарда, біздегі сияқты әйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек. Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз, әйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кәрі кісі деген сөз. Біздің аяшымыздың (қырғыз әйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз әйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп, марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу...

Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.



3- топ «Ыстықкөл күнделігіндегі» табиғаттың бейнеленуі туралы айтады.

Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс. Есесіне Доржы өзенінің (қазақтар Шошқалы деп атайды) суы емдік қасиетке ие саналып, Құлжа қаласының шенеунік қытайлары сол судан ішеді.

Мен алғаш Алтын Емелден Ілеге жүріп өткенде, даланың бәрін қызғалдақ жауып тұрған. Қазір бұл түс солғындап, есесіне бетеге, ебелек, шытыр жетіле өсіпті. Іле бекінісінен Шеңгелдіге қарай жол өзен жағалауымен жүреді.

Іленің орта ағысында жағалауы түгел дерлік құм төбелер, оларға жұтаң дала өсімдіктері тән. Жалаңаш жағалауға қарап оның негізін дала шпатынан тұратын гранит құрайтынын байқауға болады. Қаскелең өзені құятын тұстан төмен жағалау өзгереді: үлкен гранит тастар батпақты сормен араласады.

Іленің оң жағалауы негізін гранит тастар құрайтын құмды белес. Жағалауда жиде, тал, балғын (казактар оны құдай ағашы деп атайды), сарыағаш, ұшқат, тобылғы, қызылшы бұталары өседі. Іле алқабында зиянды жәндіктер өте көп: бүйі, сарышаян, жыландар бар. Жануарлардан далада үйірімен қарақұйрық, ақбөкен, құландар жүреді. Қасқырлар көп. Құстардан көктемде қаз, үйрек кездеседі, жартаста кептер, қаратаған, шіл болады. Орманда қырғауыл мол.



Топқа тапсырма



Тест сұрақтары.
1. Шоқанның шығармасын табыңыз?
а) «Абай жолы»

ә) «Ыстықкөл күнделігі»
б) «Бай баласы мен жарлы баласы»
2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835
ә) 1845
б) 1865
3. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы, Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті
4. Ғалым қай еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы жерлеріне жасаған сапарлары жайында малімет береді?
а) «Ыстықкөл күнделігі»
ә) «Қашқарияға саяхат»
б) «Жоңғария очерктері»

5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?
а) Сырымбет
ә) Сандықтас
б) Шыңғыстау
6. «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай кезеңге бөлуге болады» деп қай еңбегінде жазған?

а) «Қашқарияға саяхат»
ә) «Ыстықкөл күнделігі»
б) «Жоңғария очерктері»

7. Шоқанның арғы атасы
а) Абылай
ә) Шыңғыс
б) Уәли
8. Қырғыз әйелдері қандай көйлек киген?
а) Жағасы жоқ көк көйлек
ә) Жағасы жоқ ақ көйлек
б) Жағасы жоқ қызыл көйлек

9. Қырғыз әйелдерінің сұлулығының бірінші белгісі?
а) Ұзын етек кию

ә) Шаштың ұзындығы

б) Қысқа жең кимеу
10. Қырғыздарда киіз үйге ту ілінсе нені білдірген?
а) Қуанышты білдірген
ә) Өлімді білдірген
б) Ренішті білдірген
11. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?
а) 1858 - 1859
ә) 1854 - 1857
б) 1847 - 1853
12. Іленің су қандай?
а) лай, жағымсыз
ә) мөлдір, ащы

б) таза, тұщы
13. Доржы өзенін қазақтар қалай атаған?
а) Шатқал
ә) Құлжа
б) Шошқалы


Оқушылардың тест жұмысын тексеру

Сабақты бекіту.
5 жолдық тұжырымдама:
1. Кім? (Шоқан)
2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)
3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)
4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал – әйгілі)
5. Бір сөйлем. (Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш әскери ғалымы)

Рефлексия. Ой толғаныс.
1. Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық?


10. Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Шоқан Уәлихановтың өмір жолы және шығармашылығын оқып, түсінгендерін айту.


Мұғалімнің қорытынды сөзі.

- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін! Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

















Бірінші топ «Ыстықкөл күнделігі» туралы мәлімет береді.



Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді. Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады. Шоқан «Ыстықкөл сапары» кезінде 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескі обаларға көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, к

өптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады.

Аңыздар мен деректерге қарағанда, Ыстықкөл деңгейі арагідік өзгеріп отырған. Бұрын ол жерлер батпақты болған екен. Қазір ол жерлердің ылғалдылығы азайып, бұрынғы батпақ орны егін алабына айналып кеткен. Шоқан Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі оның нағыз сыршыл, сезімтал нәзік жанды суреткер екендігін көрсететін бірден-бір туынды. 1856 жылы Омбыда Гутковскийдің пәтерінде П.П.Семенов Тянь Шанскиймен танысқан Шоқан Ыстықкөл экспедициясында бірнеше маршрутта онымен бірге болып, қосылып ғылыми жұмыстар жүргізеді. Оған Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, Жетісу мен Іле өлкесіне және Ыстықкөлге сапарымды қамтиды... Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда Хаментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралығын түгел көріп үлгердім», - деген жолдарды келтіреді. Мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек деп танылған «Ыстықкөл сапарының күнделігі» бірер айдың жемісі.



















2-топ «Ыстықкөл күнделігіндегі қырғыз әйелдерінің сипатталуы .



Қырғыздарда, біздегі сияқты әйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек. Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз, әйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кәрі кісі деген сөз. Біздің аяшымыздың (қырғыз әйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз әйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп, марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу...

Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.



















3- топ «Ыстықкөл күнделігіндегі» табиғаттың бейнеленуі туралы айтады.



Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс. Есесіне Доржы өзенінің (қазақтар Шошқалы деп атайды) суы емдік қасиетке ие саналып, Құлжа қаласының шенеунік қытайлары сол судан ішеді.

Мен алғаш Алтын Емелден Ілеге жүріп өткенде, даланың бәрін қызғалдақ жауып тұрған. Қазір бұл түс солғындап, есесіне бетеге, ебелек, шытыр жетіле өсіпті. Іле бекінісінен Шеңгелдіге қарай жол өзен жағалауымен жүреді.

Іленің орта ағысында жағалауы түгел дерлік құм төбелер, оларға жұтаң дала өсімдіктері тән. Жалаңаш жағалауға қарап оның негізін дала шпатынан тұратын гранит құрайтынын байқауға болады. Қаскелең өзені құятын тұстан төмен жағалау өзгереді: үлкен гранит тастар батпақты сормен араласады.

Іленің оң жағалауы негізін гранит тастар құрайтын құмды белес. Жағалауда жиде, тал, балғын (казактар оны құдай ағашы деп атайды), сарыағаш, ұшқат, тобылғы, қызылшы бұталары өседі. Іле алқабында зиянды жәндіктер өте көп: бүйі, сарышаян, жыландар бар. Жануарлардан далада үйірімен қарақұйрық, ақбөкен, құландар жүреді. Қасқырлар көп. Құстардан көктемде қаз, үйрек кездеседі, жартаста кептер, қаратаған, шіл болады. Орманда қырғауыл мол.























Тест сұрақтары.

1. Шоқанның шығармасын табыңыз?
а) «Абай жолы»

ә) «Ыстықкөл күнделігі»
б) «Бай баласы мен жарлы баласы»
2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835
ә) 1845
б) 1865
3. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы, Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті
4. Ғалым қай еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы жерлеріне жасаған сапарлары жайында мәлімет береді?
а) «Ыстықкөл күнделігі»
ә) «Қашқарияға саяхат»
б) «Жоңғария очерктері»

5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?
а) Сырымбет
ә) Сандықтас
б) Шыңғыстау
6. «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай кезеңге бөлуге болады» деп қай еңбегінде жазған?

а) «Қашқарияға саяхат»
ә) «Ыстықкөл күнделігі»
б) «Жоңғария очерктері»

7. Шоқанның арғы атасы
а) Абылай
ә) Шыңғыс
б) Уәли
8. Қырғыз әйелдері қандай көйлек киген?
а) Жағасы жоқ көк көйлек
ә) Жағасы жоқ ақ көйлек
б) Жағасы жоқ қызыл көйлек

9. Қырғыз әйелдерінің сұлулығының бірінші белгісі?
а) Ұзын етек кию

ә) Шаштың ұзындығы

б) Қысқа жең кимеу
10. Қырғыздарда киіз үйге ту ілінсе нені білдірген?
а) Қуанышты білдірген
ә) Өлімді білдірген
б) Ренішті білдірген
11. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?
а) 1858 - 1859
ә) 1854 - 1857
б) 1847 - 1853
12. Іленің су қандай?
а) лай, жағымсыз
ә) мөлдір, ащы

б) таза, тұщы
13. Доржы өзенін қазақтар қалай атаған?
а) Шатқал
ә) Құлжа
б) Шошқалы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Әке көрген оқ жонар"

Автор: Файзуллиева Лаура Абзаловна

Дата: 12.06.2019

Номер свидетельства: 514473

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?ке к?рген о? жонар, ана к?рген тон пішер "
    ["seo_title"] => string(47) "kie-korghien-ok-zhonar-ana-korghien-ton-pishier"
    ["file_id"] => string(6) "187534"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426525092"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Краткосрочный план на тему: "Әке көрген оқ жонар.""
    ["seo_title"] => string(47) "kratkosrochnyi_plan_na_temu_ke_korgen_ok_zhonar"
    ["file_id"] => string(6) "485907"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542302652"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?ке - ша?ыра?ты? тірегі "
    ["seo_title"] => string(26) "kie-shan-yrak-tyn-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "204676"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429708297"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Білім  мен  білік"  сайысы"
    ["seo_title"] => string(20) "bilimmienbiliksaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "290016"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454912324"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "?ке к?рген - о? жонар, ана к?рген- тон пішер"
    ["seo_title"] => string(49) "kie-korghien-ok-zhonar-ana-korghien-ton-pishier-1"
    ["file_id"] => string(6) "328584"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463664615"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства