Просмотр содержимого документа
«Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би»
Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би
www.ZHARAR.com
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері.
Біріншіден: қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.
Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да - халық.
Шешендік сөздердің түрлері
Шешендік
сөздердің түрлері
Шешендік арнау
Шешендік толғау
Шешендік дау
Шешендік арнау
Бір адамға
арнайы
айтылған
Сәлем
Сын
Әзіл
Бата
Шешендік толғау
Шешендік
толғау
Шешендік
Шешендік
Шешендік
Шешендік
Шешендік
жұмбақ
нақыл
мысал
мақал
жауап
Шешендік дау
Шешендік
дау
заттық
рухани
Мәселелерді
реттейтін әдет заңы
Шешендік сөздердің құндылығы
Шешендік
сөздердің
құндылығы
шындығы
тапқырлығы
Ш.Уәлихановтың айтуынша
шешен болу үшін 2 шарт болу керек
1.Елдің әдет-ғұрпын,
заңын жетік білу керек.
2.Шешендік қабілеті, дарындылығы болу керек.
А. Байтұрсынов
шешендік сөзді 5 түрге бөлді
Саясат
Билік
шешендік сөзі
шешендік сөзі
Қошемет
Білмір
шешендік сөзі
шешендік сөзі
Молдалардың уағыз сөзі
Төле би-360 жыл
Қазыбек би-355 жыл
Әйтеке би-340 жыл
www.ZHARAR.com
Өмірбаяны
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
www.ZHARAR.com
Бала биден Дана биге
Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.
www.ZHARAR.com
Шешендік сөздердегі көркемдегіш құралдардың орны
Сен қатты болсаң, темірдей-ақ шығарсың,
Менкөрікпін, еріткелі келгенмін,
Сен жүйрік болсаңжердегі аңдай шығарсың.
Мен – құмайалғалы келгенмін,
Сенқабыланболсаң,
Мен –арыстанмын,алысқалы келгенмін,
Жау тілегенге жасын береді деген,
Мен – танытқалыкелгенмін...
www.ZHARAR.com
Шешендер туралы әңгімелер
«Бірде қазақ еліне келген елшіні біреулер өлтірейік деп, екінші жақ өлтірмейміз деп үлкен дау-дамай болыпты. Сонда осы мєселені ақылдасып шешу үшін ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Әйтеке би бас қосып, бір төбеге шығып отырса, алдындағы көлге бір топ қаз келіп қоныпты. Сонда Төле би тұспалдап:
-Мына көлдің алар ма еді қазын атып, - дейді.
-Оғың шығын болмасын жазым атып, - дейді Әйтеке.
-Құтылмастай пәлеге қап жүрмейік, Қаз екен деп перінің қызын атып, - дейді Қазыбек. Осымен сөз бітеді. Елшіге тимей еліне қайыру керек деген шешімге келеді».
Сөз жоқ, мұнда шешендік жұмбақ әділ шешімге келіп, ел тағдыры таразыға тартылған қиын-қыстау сәтте жол тауып шығуға ықпал еткен.
www.ZHARAR.com
Қазыбек бидің көңіл сұрауы
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.