-Балалар,біз сендермен «Шешендік с?здер»деген ?лкен бір тарауды ?тіп жатырмыз.
-Жалпы, шешен деп ?андай адамды айтады?(с?зге ?ста,тап?ыр,топ алдында ?оры?пай батыл с?йлейтін,шебер,к?ркем с?йлейтін адам)
- Шешендік с?здерді? ал?аш?ы ?лгілерін біз ?ай жерден кездестіреміз?(шешендік с?здерді? ал?аш?ы ?лгілерін біз халы? ауыз ?дебиеті туындыларынан,ертегі,а?ыз ??гімелерден кездестіреміз)
Б?л шешендік с?здерді? б?рінде тере? ой,а?ыл-білім жатыр.
Ба?ана с?зімізді? басында атап ?ткендей,балалар,?аза?ты? белгілі шешендеріні? ?атарына ?аза?ты? ?ш биіні? бірі-?азыбек би-шешенді де жат?ызумыз?а болады.?аза?ты? ?аз дауысты ?азыбек биі атан?ан ?азыбек шешенні? есімін бас?а шешендерден ерекше атап айтуымыз?а болады.Олай болса,д?птерімізді ашып,б?гінгі к?н мен саба?ымызды? та?ырыбын жазып ?ояйы?.(та?тада к?н реті мен саба? та?ырыбы,ортада ?азыбек биді? суреті мен сызба)
?азанны? жиырма бірі
Сынып ж?мысы
?азыбек шешен
4.Жа?а саба?.
Жалпы сендер,балалар, ?азыбек шешен жайлыне білесі?дер?
-И?,д?рыс айтасы?дар.
Келдібек?лы ?азыбек би (1665-1765) ?аза?ты? Т?уке,Болат,С?меке,?білм?мбет,Абылай хандары т?сында мемлекет бас?ару ісіне аралас?ан мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері,?з-Т?уке хан ??р?ан «Билер ке?есіні?» м?шесі,ата?ты шешен,Орта ж?зді? т?ре биі,«Жеті жар?ы» аталатын за?дар кодексін шы?арушыларды? бірі.Ша??ан тегі-Орта ж?зді? Ар?ын тайпесыны? ?аракесек руынан.?азыбекті? анасы То?мейіл ?тымды да тап?ыр с?здерді к?п білетін зерек кісі болыпты.Анасы айт?ан есті с?здерді кішкентай кезінен жаттап ?скен ол ер жете келе ?зі де солай с?йлеуге машы?тана бастайды.Осы ?неріні? ар?асында бала биден дана биге айналып, «?ара ?ылды ?а? жар?ан ?а дауысты ?азыбек би»,«алты алашты? арда?ы» деген ата??а ие болады.Содан болар Т?уке хан мемлекет т?тасты?ына жары?ша? т?сірмей,халы?ты бірлікке ?стау ?шін ?ш ж?зді ?зінен щы??ан ?ш биге билету ар?ылы бас?ар?анда,Орта ж?зге осы ?азыбек биді та?айындайды.Ол ел бас?ару ісіне араласып,?аза? ханды?ыны? ішкі-сырт?ы саясатына елеулі ы?пал жасап отырады.Жо??ар басшылы?ына ?арсы халы? к?ресін ?йымдастырушыларды? бірі бол?ан ?азыбек би елді? азатты? алуы жолында аянбай тер т?геді.Абылай с?лтан жо??арларды? ?олына т?т?ын болып т?сіп ?ал?анда,оны босатып алу?а белсене араласады.Сондай-а? ол Ресей,Б?хара,Хиуа мемлекеттері арасында?ы еларалы? м?селелерге де араласып,бейбітшілік пен досты?ты д?ріптеуші м?мілегер бол?ан,аразды татуластырып,алысты жа?ындастырып отыр?ан. «Елдестірмек-елшіден,жауластырма?-жаушыдан»деп,ол елшілік ?ызметті де мінсіз ат?ар?ан т???ыш дипломат.
Ослайша,?аз дауысты ?азыбек би бабамыз ер ??нын екі ауыз с?збен шешіп,?андастарын т?т?ыннан біржола бостып елге алып ?айткан екен.Бейне к?ріністі к?ріп бол?аннан кейін с?ра?тар?а жауап береді.
Балалар,?аза? деген ?андай ел екен?
Мал ба??ан ел,
Ешкімге со?ты?пай,жай жат?ан ел,
Найза?а ?кі та??ан ел,
Ешбір д?шпан?а басындырма?ан ел,
Басынан с?зді асырма?ан ел,
Досын са?тай білген ел,
Д?мі,т?зын а?тай білген ел,
Хан ордасын таптай білген ел,
?л мен ?ызын ?аматып отыра алмайтын ел.?аза? еліні? ?андай мы?ты ел екенін жас ?азыбек ?алма? ханына осындай шешендік с?здермен жеткізген.И?,расында,балалар,біз ?аза? ежелден еркіндікті,т?уелсіздікті а?са?ан ер едік.
?азір тарихта ?азыбек биді? айт?ан шешендік с?здері алтын ?ріптермен жазылып ?алды.(Н.?.Назарбаев с?зі) «А?ынны?,шешенні? данаг?й с?зі халы? ?шін ?ашанда ?астерлі,?ашанда ?асиетті» Н.?.Назарбаев.Елбасымызды? ?зі айт?андай б?л с?здерден біздерге кейінгі ?рпа?тар?а ?астерлі,?асиетті болып ?ала бермек.?азыбек биден кейінгі ?рпа??а аманат болып ?алатындай та?ы не ?алыпты?Енді б?ріміз назарымызды та?ы да экран?а аударайы?.Мен осы ?азыбек би жайлы интернеттен м?ліметтер іздеп отыр?анымда,«Ай?ын» газетіні? осы жал?ы мамыр айында жариялан?ан мына бір ма?ала?а к?зім т?сті.Ма?ала«?азыбек биден ?ал?ан ?азына» деп аталады.(Интернеттен «Ай?ын»гезетіндегі ?асыбек би шапаны жайлы ма?аламен таныстыру).Биыл?ы мамырды? 3-ші ж?лдызы ?аза? тарихында кестеленіп жазылатын болды.Президенттік м?дениет орталы?ы ба?а жетпес бір ж?дігермен толы?ты.??ны ?аза? ?шін «Шы??ыс ханны? ?азынасынан» еш кем емес б?л асыл д?ниені орталы?ты? директоры Мырзатай Жолдасбеков баста?ан зиялыларымыз д?ст?рлі жол-жорал?ысымен барып,?кілеп алып ?айтты.?ш ?асыр са?тал?ан ?асиетті шапанды м?ражай?а табыстаушы-?азыбек биді? алтыншы ?рпа?ы-?ожахмет?лы Алтын а?са?ал.Оны? айтуынша,?азыбек бабамыз к?з ж?м?ан со?,?рпа?тары б?л шапанды атадан бала?а мирас етіп отыр?ан.Биді? ?лы Бекболаттан Тіленшіге,одан Берлі баба?а,одан Алтын а?са?алды? ар?ы атасы Божан?а аманат бол?ан ж?дігер ?улиетті? киесі ретінде к?зді? ?арашы?ындай са?талып келген.Сексенні? се?гіріне шы??ан Алтын атамызды? айтуынша,бабадан ?ал?ан м?раны ?ш ж?з жыл са?тау ?рпа?тарына о?ай со?папты.?сіресе, 1935-1937 жылдары би ?рпа?тары осы шапан ?шін ?у?ын к?ріпті.Сол бір ?рейлі жылдары баба шапаны екі жыл жер астында к?мулі са?талады.?ш ж?з жылда темір екеш темір де тозады.Жылдар бойы ?ара??ыда ?ымтаулы са?тал?ан баба шапаныны? да к?п жері тозып т?р?ан к?рінеді.Біра?«Сырлы ая?ты? сыры кетсе де сыны кетпейді» дегендей,?алпына келтіруге алі м?мкіндік бар деседі.Міне,балалар,?азыбек Биден кейінгі ?рпа?тарына осындай бір ??нды зат ?алыпты.
Просмотр содержимого документа
«?азыбек шешен ашы? саба? »
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек шешен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды Қазыбек шешеннің өмірі мен шешендік өнерімен таныстыру,мәтіндегі жаңа сөздер және сөз тіркесімен таныстыру,шешндік сөздердің түрлері,мазмұны,стильдік ерекшеліктері жайлы түсінігін молайту.
Дамытушылық:Оқушы ойын,қиялын,өз бетімен жұмыс істей білуін,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.
Сабақтын типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлік сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,электронды оқулықпен жұмыс,мәтінмен жұмыс,ауызша тіл дамыту,талдау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен сәлемдесу
-Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын,қатысу деңгейін тексеру
2.Үй тапсырмасын сұрау
-Балалар,біз сендермен «Шешендік сөздер»деген үлкен бір тарауды өтіп жатырмыз.
-Жалпы, шешен деп қандай адамды айтады?(сөзге ұста,тапқыр,топ алдында қорықпай батыл сөйлейтін,шебер,көркем сөйлейтін адам)
- Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін біз қай жерден кездестіреміз?(шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін біз халық ауыз әдебиеті туындыларынан,ертегі,аңыз әңгімелерден кездестіреміз)
- Шешендік сөздер қалай құрылады?(шешендік сөздер терең ойға,ұтқыр шешімге,тапқыр логикаға құрылады)
- Қазақтың қандай атақты шешендерін білесіңдер?(Жиренше шешен,Асан қайғы,Сырым батыр,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би,Бала би,Майқы би)
- Біз сендермен қандай шешендер жайлы оқып білдік?(Жәнібек пен Жиренше,Жиренше мен Қарашаш,Бала би,Үргеніш шешені мен Сырым жайлы оқып оқыдық)
Қазір бәріміз назарымызды тақтаға аударайық.«Шешендік өнер» жайлы электронды оқулықтан үзінді көрсетемін.
- Сонымен,балалар,шешендік өнерді ғылыми тілде қалай атады?
- Риторика ғылымының негізін салушы кім?
Ал,шын мәніндегі орыс шешендік өнеріның негізін салушы Михайл Ломоносов болса,шешендік сөздерді қазақ тілінде тұңғыш зерттеген Мұхтар Әуезов екен.Қазақтың шешендік сөздер нұсқаларын академик Василий Радлов 19-ғасырда зерттеп жинаған болатын.Ол бір еңбегінде былай деп жазыпты «Қазақтар... мүдірмей,кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді.Ойын дәл,айқын ұғындырады.Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен,ырғақпен келетіндігі соншалық,бейне бір өлең екен деп таңғаласын»,-деп көрсете отырып,қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешенділігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
- Ал,сендерге,балалар,қай шешеннің айтқан сөздері ұнады?
Бұл шешендік сөздердің бәрінде терең ой,ақыл-білім жатыр.
Бағана сөзіміздің басында атап өткендей,балалар,қазақтың белгілі шешендерінің қатарына қазақтың үш биінің бірі-Қазыбек би-шешенді де жатқызумызға болады.Қазақтың Қаз дауысты Қазыбек биі атанған Қазыбек шешеннің есімін басқа шешендерден ерекше атап айтуымызға болады.Олай болса,дәптерімізді ашып,бүгінгі күн мен сабағымыздың тақырыбын жазып қояйық.(тақтада күн реті мен сабақ тақырыбы,ортада Қазыбек бидің суреті мен сызба)
Қазанның жиырма бірі
Сынып жұмысы
Қазыбек шешен
4.Жаңа сабақ.
Жалпы сендер,балалар, Қазыбек шешен жайлыне білесіңдер?
-Иә,дұрыс айтасыңдар.
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) қазақтың Тәуке,Болат,Сәмеке,Әбілмәмбет,Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері,Әз-Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі,атақты шешен,Орта жүздің төре биі,«Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.Шаққан тегі-Орта жүздің Арғын тайпесының Қаракесек руынан.қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты.Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай кезінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды.Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қа дауысты Қазыбек би»,«алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады.Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей,халықты бірлікке ұстау үшін үш жүзді өзінен щыққан үш биге билету арқылы басқарғанда,Орта жүзге осы қазыбек биді тағайындайды.Ол ел басқару ісіне араласып,қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.Жоңғар басшылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді.Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда,оны босатып алуға белсене араласады.Сондай-ақ ол Ресей,Бұхара,Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып,бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған,аразды татуластырып,алысты жақындастырып отырған. «Елдестірмек-елшіден,жауластырмақ-жаушыдан»деп,ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат.
Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан
«Билер кеңесінің»мүшесі
Орта жүздің төбе биі
Атақты шешен
«Жеті жарғы» заңдар кодексін
шығарушылардың бірі.
Мемлекет және қоғам қайраткері
Елші, тұңғыш
дипломат
-Бүгін біз,балалар,Қазыбек шешеннің қалмақ ханына айтқан сөзімен танысамыз.Қазір бәріміз назарымызды экранға аударайық.(экранда Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан шешендік сөзі)
Ослайша,Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз ер құнын екі ауыз сөзбен шешіп,қандастарын тұтқыннан біржола бостып елге алып қайткан екен.Бейне көріністі көріп болғаннан кейін сұрақтарға жауап береді.
Балалар,қазақ деген қандай ел екен?
Мал баққан ел,
Ешкімге соқтықпай,жай жатқан ел,
Найзаға үкі таққан ел,
Ешбір дұшпанға басындырмаған ел,
Басынан сөзді асырмаған ел,
Досын сақтай білген ел,
Дәмі,тұзын ақтай білген ел,
Хан ордасын таптай білген ел,
Ұл мен қызын қаматып отыра алмайтын ел.Қазақ елінің қандай мықты ел екенін жас Қазыбек қалмақ ханына осындай шешендік сөздермен жеткізген.Иә,расында,балалар,біз қазақ ежелден еркіндікті,тәуелсіздікті аңсаған ер едік.
Қазір тарихта Қазыбек бидің айтқан шешендік сөздері алтын әріптермен жазылып қалды.(Н.Ә.Назарбаев сөзі) «Ақынның,шешеннің данагөй сөзі халық үшін қашанда қастерлі,қашанда қасиетті» Н.Ә.Назарбаев.Елбасымыздың өзі айтқандай бұл сөздерден біздерге кейінгі ұрпақтарға қастерлі,қасиетті болып қала бермек.Қазыбек биден кейінгі ұрпаққа аманат болып қалатындай тағы не қалыпты?Енді бәріміз назарымызды тағы да экранға аударайық.Мен осы Қазыбек би жайлы интернеттен мәліметтер іздеп отырғанымда,«Айқын» газетінің осы жалғы мамыр айында жарияланған мына бір мақалаға көзім түсті.Мақала«Қазыбек биден қалған қазына» деп аталады.(Интернеттен «Айқын»гезетіндегі Қасыбек би шапаны жайлы мақаламен таныстыру).Биылғы мамырдың 3-ші жұлдызы қазақ тарихында кестеленіп жазылатын болды.Президенттік мәдениет орталығы баға жетпес бір жәдігермен толықты.Құны қазақ үшін «Шыңғыс ханның қазынасынан» еш кем емес бұл асыл дүниені орталықтың директоры Мырзатай Жолдасбеков бастаған зиялыларымыз дәстүрлі жол-жоралғысымен барып,үкілеп алып қайтты.Үш ғасыр сақталған қасиетті шапанды мұражайға табыстаушы-Қазыбек бидің алтыншы ұрпағы-Қожахметұлы Алтын ақсақал.Оның айтуынша,Қазыбек бабамыз көз жұмған соң,ұрпақтары бұл шапанды атадан балаға мирас етіп отырған.Бидің ұлы Бекболаттан Тіленшіге,одан Берлі бабаға,одан Алтын ақсақалдың арғы атасы Божанға аманат болған жәдігер әулиеттің киесі ретінде көздің қарашығындай сақталып келген.Сексеннің сеңгіріне шыққан Алтын атамыздың айтуынша,бабадан қалған мұраны үш жүз жыл сақтау ұрпақтарына оңай соқпапты.Әсіресе, 1935-1937 жылдары би ұрпақтары осы шапан үшін қуғын көріпті.Сол бір үрейлі жылдары баба шапаны екі жыл жер астында көмулі сақталады.Үш жүз жылда темір екеш темір де тозады.Жылдар бойы қараңғыда қымтаулы сақталған баба шапанының да көп жері тозып тұрған көрінеді.Бірақ«Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді» дегендей,қалпына келтіруге алі мүмкіндік бар деседі.Міне,балалар,Қазыбек Биден кейінгі ұрпақтарына осындай бір құнды зат қалыпты.
Енді,балалар,біздің өтіп жатқан грамматикалық тақырыбымызға тоқталсақ.
Тұрақты тіркестердің не екенін бұрыннан білеміз.
-Ережесін кым айтып жібереді?Мысал келтірейікші.
Осыған байланысты қазір электронды оқулықпен жұмыс жасаймыз.
Тапсырма:Төмендегі кестеден бос бағанаға тиісті жауапты жаз.
Тапсырма: Төмендегі мақал-мателдердің жалғасын тауып жаз.
5.Жаңа сабақты бекіту
-Енді,балалар,кітаптың 32-ші бетіндегі тұрақты тіркестерді оқып,дәптерімізге жазып алайық.
6.Қорытындылау.
Сонымен,балалар,бүгін біз Қазыбек шешен жайлы оқып білдік.