в) Шешендік с?здер туралы жазыл?ан е?бектер ?деби сын ма?алалар, зерттеулер.
6. Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру
Сынып о?ушыларын ?ш топ?а б?ліп отыр?ызып, ?р топты? топ басшылары ?з топтарын таныстырады. Жа?а саба?ты? та?ырыбына ?арай І топ Т?ле би, ІІ топ ?йтеке би, ІІІ топ ?азыбек би есімдерін иеленеді. Сайысты ба?алап
С?з—ас?ар бар биіктен биік жат?ан- деп Сайын Назарбек?лы жырла?андай б?гінгі ?дебиет саба?ымыз да «с?з ?нері», оны? е? биік шы?ы –
« шешендік ?нер» туралы болма?,
А?ылмен ойлап білген с?з-
Бойы?а ж??пас, сыр?анар.
Ынталы ж?рек сезген с?з-
Бар тамырды ?уалар- деп, ?лы Абай атамыз айт?андай, осы саба?та бар ынтамызбен ?аза? хал?ыны? шешендік ?нері туралы тере?ірек білім алу?а тырысайы?.Олай болса, ?йге берілген тапсырмалар мен с?ра?тар?а жауап беруден бастайы?.
ІІ ?й ж?мысын пысы?тау.
Барлы? топ?а бірдей жырды? к?ркемдік ерекшелігіне байланысты тілдік амал-т?сілдерді тауып, д?птерлеріне жазу тапсырыл?ан.
І топ с?ра?ына кім жауап береді?
ІІ топ с?ра?тар?а жауап
ІІІ топ с?ра?тар?а жауап
ІІІ.Жа?а саба?ты т?сіндіру.
І кезе?де интерактивті та?та?а кесте шы?ады. Кесте бойынша «Шешендер туралы» деген б?лікте берілген на?ыл с?здерді о?ушылар талдау керек.
кесте ?аза? шешендік ?неріні? даму кезе?дері
?аза? шешендік ?неріні? даму кезе?дері
Сол кездегі
ХІІ-ХІІІ ?асырлар
Май?ы би, Аяз би
Т?гел с?зді? т?бі бір, т?п атасы Май?ы би
Аяз ?лі?ді, ??мырс?а
жолы?ды біл
2. ХІV-XV?асырлар
Асан ?ай?ы, Жиреншешешен
Желмая, жер?йы?
Д?ниеде не ?лмейді
3. XV- XVIII ?асырлар
Т?ле би, ?азыбек би,
?йтеке би
?йтеке жарып айтады,
?азыбек ?азып айтады
Т?ле тауып айтады.
М??алім с?зі: « С?зден т?тті н?рсе жо?, с?зден ащы н?рсе жо?. С?зі?ді тілі?е билетпе, а?ылы?а билет. А?ылы?ды, с?зі?ді а?ылсыз?а ?ор етпе, а?ылды?а айт. Кімге, ?ай жерде, ?ай кезде, ?алай с?йлейтіні?ді біл», - деп Б?лтірік шешен айт?андай келесі
«?аза? шешендік ?нері туралы айтыл?ан пікірлер» Б?л б?лімде ?р топ о?ушысы ?аза? шешендік ?нері туралы бас?а ел немесе ?з хал?ымызды? ?лылары айт?ан пікірлер туралы ой ?оз?айды.
Просмотр содержимого документа
«Шешендік с?здер, оны? жанрлы? т?рлері. »
1.Сабақтың тақырыбы : Шешендік сөздер, оның жанрлық түрлері.
2.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту; мән-мағынасын ашу; шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін
дамыта отырып,өз ой-пікірлерін еркін айта алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мәні: Рухани жан дүниесі бай,адамгершілігі мол,ана тілін қадір-
лейтін тұлға тәрбиелеу; ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған парасатты шешендікті таныту; тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып,рухымызды көтеретін би-шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой- толғаныстар.Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.
5. Көрнекіліктер: а)Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы түсінік білдірген нақылдары мен қанатты сөздері жазылған әдеби журнал.
ә) Кейбір сөздер ретіне қарай интерактивті тақтада көрсетіледі.
1. «Шешеннің парызы- шындықты айту» (Платон)
2. «Созбақтай берсе, тамаша сөз де жалықтырып жібереді» (Б.Паскаль)
3. « Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп келеді»
б) Үн таспадан шешендік толғау, арнауларды тыңдату
в) Шешендік сөздер туралы жазылған еңбектер әдеби сын мақалалар, зерттеулер.
6. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп отырғызып, әр топтың топ басшылары өз топтарын таныстырады. Жаңа сабақтың тақырыбына қарай І топ Төле би, ІІ топ Әйтеке би, ІІІ топ Қазыбек би есімдерін иеленеді. Сайысты бағалап
Сөз—асқар бар биіктен биік жатқан- деп Сайын Назарбекұлы жырлағандай бүгінгі әдебиет сабағымыз да «сөз өнері», оның ең биік шыңы –
« шешендік өнер» туралы болмақ,
Ақылмен ойлап білген сөз-
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз-
Бар тамырды қуалар- деп, Ұлы Абай атамыз айтқандай, осы сабақта бар ынтамызбен қазақ халқының шешендік өнері туралы тереңірек білім алуға тырысайық.Олай болса, үйге берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруден бастайық.
ІІ Үй жұмысын пысықтау.
Барлық топқа бірдей жырдың көркемдік ерекшелігіне байланысты тілдік амал-тәсілдерді тауып, дәптерлеріне жазу тапсырылған.
І топ сұрағына кім жауап береді?
ІІ топ сұрақтарға жауап
ІІІ топ сұрақтарға жауап
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
І кезеңде интерактивті тақтаға кесте шығады. Кесте бойынша «Шешендер туралы» деген бөлікте берілген нақыл сөздерді оқушылар талдау керек.
кесте Қазақ шешендік өнерінің даму кезеңдері
Қазақ шешендік өнерінің даму кезеңдері
Сол кездегі
би-шешендер
Шешендер туралы
ХІІ-ХІІІ ғасырлар
Майқы би, Аяз би
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би
Аяз әліңді, Құмырсқа
жолыңды біл
2. ХІV-XVғасырлар
Асан қайғы, Жиренше шешен
Желмая, жерұйық
Дүниеде не өлмейді
3. XV- XVIII ғасырлар
Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би
Әйтеке жарып айтады,
Қазыбек қазып айтады
Төле тауып айтады.
Мұғалім сөзі: « Сөзден тәтті нәрсе жоқ, сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», - деп Бөлтірік шешен айтқандай келесі
«Қазақ шешендік өнері туралы айтылған пікірлер» Бұл бөлімде әр топ оқушысы Қазақ шешендік өнері туралы басқа ел немесе өз халқымыздың ұлылары айтқан пікірлер туралы ой қозғайды.
« Билер бізде қонақта» бөлімінде әр топтан бір-бір оқушы шығып билер сөзінен жатқа үзінді оқиды.
«Кім тапқыр» бөлімінде барлық топтарға бірдей сұрақтар оқылады кім жылдам қол көтерсе сол топ оқушылары жауап айтады.
Сұрақтар:
1.Қай би «Қарлығаш әулие» атанған және неліктен?
2.Қазыбекті неліктен «қаз дауысты» деп атаған және кім ондай атақ берген?
3. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос» деген қанатты сөздің
авторы кім?
4.«Сіркесі су көтермейді» деген тұрақты тіркес қай кезде айтылады?
5.Тарихта көтеріліс басшысы болған батыр әрі шешен адамның атын ата.
6. Шыңғыс ханның он екі биінің бірі болған қазақтың атақты шешені кім?
7.Дүниеде не қиын? Қай жерде?
8. Қазақтың би-шешендері бас қосып, қабылдаған заң қалай аталады?
9.Дау мұраты не? Сауда мұраты не?
Жол мұраты не? Қыз мұраты не?
Келесі кезең « Ойлан да тап» Бұл бөлімде әр топ билер сөзінен үзінді оқып жұмбақ жасырады. Қалған екі топ сол жұмбақтың шешуін табады.
ІV.Сабақты қорытындылау.
Ең соңғы кезеңде төмендегі кестені толықтырып өз ойларын дәлелдеу болып табылады. 2- кесте
Шешендік өнердің басқа ғылымдармен қатысы
(қандай ғылымдармен)
Қазіргі кезде қандай мамандық иелеріне
шешендік өнер қажет
Шешен болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар.
1.
2.
3.
4.
5.
Мұғалімнің сөзі:
Халықтың рухани-мәдени өміріндегі ең бір аяулы, ең бір ардақты өнердің бірі-шешендік өнер. Осынау қасиетті өнердің туын асқақтата желбіреткен көсем ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді ділмар шешен- билер қазақ сахарасында демократияның жандануына, темірдей биік тәртіптің, имандылықтың, ізгіліктің қанат жаюына әсер етті. Толқынды топтың алдында аса еркін,асқан мәнерлі,құйқылжыта айтылған парасатты, кесімді, шешен сөз халық санасында өшпес өнеге, қасиетті кие ретінде қабылданып, ұлттық сөз өнерінің айдынында құйылған нағыз кәусар бұлақ болды.
Сабақты қорытындылау: әр топ сайысын бағалап отырған алқа билерге сөз береміз.
VІ.Үйге. Әр топ өз атауларына байланысты Төле, Қазыбек,Әйтеке билер туралы мәліметтер жинап реферат жазу.