Просмотр содержимого документа
«Ғ. Мүсірепов "Ананың анасы"»
“Красный Октябрь орта мектебі” ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
“Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”
(“Саятшы Ораз” әңгімесі бойынша)
1)Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған?
2)Аңшылық өнер туралы не білеміз?
3)Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен?
4)Ораздың бойындағы өнер мен ұлттың қандай қасиеттері бар?
5)Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?
6)Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің үйінің
қасынан салмады?
7)Ораздың достары кімдер?
8) « Ең ауыр ақы-көрші ақысы » дегенді қалай түсінесің?
аңғал
Ораз қандай?
кішіпейіл
адал
ақкөңіл
спортшы
Ораз
балажан
көпшіл
жанашыр
Ораз бейнесіне лайық мақал айту.
Жігітке жеті өнер де аз.
Адам өнерімен әсем,
Аң жүнімен әсем.
Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өнері көптің ермегі көп.
Өнерлінің өрісі кең.
Өнерлі өрге жүзеді.
Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер
Жаңа сабақ:Ғ. Мүсірепов. “Ананың анасы”
Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі, шығармашылығынан мәліметтер беру және оның әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Дамытушылық: ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету. Тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, ата - ананы құрметтеуге баулу.
Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публицистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген үлкен суреткер жазушы.
Ғ.Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ауылында хат танығаннан кейін 1916 жылы 2 кластық орыс мектебінде 1 жыл, жоғары басқыш мектебінде 4 жыл оқып, оны 1921 жылы бітіріп шығады.
Ғ.Мүсіреповтың шығармалары
Әңгімелері
«Қос шалқар»
«Көк үйдегі көршілер»
«Талпақ танау»
«Ананың анасы»
«Ашынған ана»
«Ер ана»
«Ақлима»
«Айгүл қойшының бір күні»
«Әмина»
«Қыран жыры»
«Өмір»
«Жапон әңгімелері»
«Ананың арашасы»
Романдары
«Қазақ солдаты»
«Оянған өлке»
«Кездеспей кеткен бір бейне»
Пьесалары
«Қыз Жібек»
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
«Амангелді»
Мәтінмен жұмыс
І топ
1. Ананың портретін суреттеу.
2. Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру
ІІ топ
1. Диалог дегеніміз не?
2. Ана мен Жалпақ батырды суреттеу.
“Ой қозғау” стратегиясы. Зымыран сұрақтар
1. Ғабит Мүсірепов кім?
2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?
3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
4. Әйтілес кім?
5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?
7. Бала би Жалпақ батырға не деді?
8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?
9. Сауға деген не?
10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды
тізе бүктірген қандай күш?
Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесін ашу
Жанай батыр
Ана
Жалпақ балуан
Сарыбай
Кейіпкерлер
Күлтеке
Әйтілес
Бала би
Кейкі
Қыз
Рамазан
саудагер
“Анаға”қандай қасиеттер тән?
Өз аналарыңа қандай тілек айтасыңдар?
Бес жолды өлең
1.Зат есім (бір сөз ) -
2.Сын есім(екі сөз)-
3.Етістік(үш сөз)-
4.4 сөзден сөйлем
5.Түйін сөз(бес сөз)-
Қорытынды
Сонымен, әңгімені оқу арқылы нені танып білдік?
Халқымыздың көне тарихын;
Шапқыншылықтың зардабын;
Баласы үшін ананың өлімнен қорықпайтынын,
Ананың ерлігін, ана махаббатының құдіретін білдік.
Үйге тапсырма:“Ана – бәйтерек, ана-аққу, ана-жүрек” тақырыбына шығарма жазу.