Просмотр содержимого документа
«" Алатаудай ұлы қайраткер"»
Алатаудай ұлы қайраткер
Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев
(1912 -1993)
Кешіміздің мақсаты:
Оқушуларды Д.Қонаев өмірі мен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері болғандығын атап көрсету, және халқымыздың біртуар перзенті“хх – ғасыр адамы” атанған Д.Қонаев бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.
“ Аяулы есімді ардақ тұтамыз”
. Д.А.Қонаев – аса көрнекті мемлекет қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ҚССР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы,КСРО шетел ордендері мен медалдарының иегері, 1912жылы 12 қаңтарда Верный(қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Мәскеудің түсті металл институтын ойдағыдай аяқтап,»Тау-кен инженері» мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді . Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп , оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы болды
Аталы дәйек сөздер:
«Демекең өз заманының перзенті болған ірі тұлға...
«Қонаев есімі Қазақстан халқы мен бірге жасары анық, ақиқат. Олкісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».
Н.Ә.Назарбаев.
“ Мейірім - шуағы мол,пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ” Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшінқалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты, сол перзент – Дінмұхамет Қонаев”. Д.Неру
Қонаев - ұлттың Ары мен намысы!
Қонаев – ұлттың рухы мен Иманы!
Қонаев – қазақтың Қанағат мектебі,
Адалдықтың өлшемі.
Т.Сарыбайұлы ақын.
Д.А.Қонаевтың ғибратты сөздері
«Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті»
«Рухани байлықтың анасы – еңбек»
«Сатыға аяқ салмай жатып,баспалдақтан аттама».
«Оқи жүрмесең тоқығаныңды ұмытып қаласың»
«Ақиқаттан аттап кету арға сын».
«Ақиқат ағын суды да тоқтатады».
«Өмірдің екі тірегі:
үйренуден жалықпау,
үйретуден аянбау».
Д.Қонаев және жұбайы Зухра Шарифқызы
Алматы 1982 жыл
Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев мұражайындағы суреттер
Алматы қаласы Д.А.Қонаев ескерткіші
Д.А.Қонаев өмірінің тарихи кезеңдері
1912ж
12 қаңтар
Алматы қаласында дүниеге келді.
1931 -1936
жылдарда
Мәскеудегі түсті металдар институтында оқиды.
1936 жылы
Қоңырат кенішіне жұмысқа жіберіледі.
1939 жылы
1952 жылы
Алтайполиметалл комбинатының Риддер кеніші басқармасына директор болып тағайындалады.
Қазақ Ғылым Академиясының академигі және
Президенті болып сайланды.
1955-1960
жылдары
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарды.
1964 жылы
Н.Хрущевтың орнына Л.Брежнев келген соң Қонаев, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірнші хатшысы болып тағайындалды.
1986 жыл
16желтоқсанда
Қазақстан ОРталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатылып, орнынына Колбин тағайындалды.
1994жылы
Алматы қаласында Д.Қонаев мұражай үйі ашылды.
Қорытынды
Еркін ел бар, егеменді даламыз,,
Мәдениетті, өркен өскен санамыз.
Көзі ашық қазақ көрсең, білімді,
Қонаевтың арқасы деп санаңыз.
Тыныштықтың бесігінде тербетті,
Уақыт жетті бұл өмірден ер кетті.
Дүниені шуағымен нұрлатқан,
Димекеңді ұмытпайық келбетті, – деп Ж.Ақылбекұлы жырлағандай,- біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай, тарихты білу баршамыздың парызымыз.Ұлы тұлғаны халқымыз ешқашан ұмытпайды, ұрпақтан –ұрпаққа дәріптеп таныстырып отырады.