kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шалкиіз жыраудың Би Темірге айтқан бірінші толғауы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы»»

Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы» 


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Шалкиіз толғауларының өзіндік көркемдігі,ой тереңдігін,тіл кестесін ,мазмұнын ашу.Шалкиіздің көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау екендігін дәріптеу.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын қалыптастыру;

3.Тәрбиелігі: Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Шалкиіз секілді жыраулардың өмірі мен толғауларын меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ тілі.

Әдістер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздену, өздік жұмыстар

Көрнекіліктер:слайдтар,таблица, Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», Бес ғасыр жырлайды. І том. Интерактивті тақта.

Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі. / Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарын аудару/

II. Үй тапсырмасын сұрау . а/Қазтуған жыраудың өмірін оқып, «Алаң да алаң, алаң жұрт»   өлеңін жаттауға сұрау.

ә/.Қазтуған жырының маңызы.Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі ,таза ұлттық рух,ұлттық тіл тазалығы.

б.Қазтуған толғауы-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгіде екендігі.

III.Жаңа сабақ: Шалкиіз. «Би Темірге бірінші толғауы»

1.Шалкиіз өмірі мен шығармашылығынан мәлімет:

Шалкиіздің алшын руы,Қияс табынан шыққандығы туралы дерек.Зерттеуші ғалымдардың топшылауынша өмір сүрген уақыты:1465-1560 жылдар.Әкесі Тіленші дала шонжарының бірі болған.Шешесі Ноғайлының ұлы биі-Мұсаның қызы.Шалкиіз шығармалары 1883 жылы В.Радловтың,дағыстандық Мұхаммед Османовтың кітабында жарық көрді.

Сахара жұлдызы,дала данасы,сөз құдіреті,пірі-Шалкиіз көмейінен күмбірлеген жыр тогілген классикалық дәрежедегі жырау.

«Би Темірге бірінші толғауы»: Темірдің іс-әрекетіне риза болмай шығарған толғауы.Толғауда Темірді аспандата,асқақтата мадақтайды,тіпті фантастикалық бейнеге жеткізеді.

Темір бейнесін жасаудағы поэтикалық тіл:

Метафоралар: алдаспаным

қағдам,арабы торым

алтынсың,жібексің,сұңқарсың

Ақыл-нақыл,афористік сөздер: «Жоғары қарап оқ атпа

Жуық түсер қасыңа» т.с.с.

«Құладан жаман қу аламас»

Салыстыру,балау: «Сен алтынсың-мен тұлмын

Сен жібексің-мен жүнмін»

Мінездеу,суреттеу: «Кендір баулы ақ желкен

Көк теңізді жал толқынға жеткіздің»

Эпитет,теңеу: ақ сұңқарым

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп,тапсырмалар берілді:

1-тапсырма:Темір тұлғасы,бейнесін көрсететін сөздерді жинақтап жазу,ол сөздер ішінен теңеу,метафора сияқты көркемдегіш сөздерді табу.

2-тапсырма: Толғаудағы ассонанс пен аллитерацияны табу,қай дыбыстар көп пайдаланылған. Мысалы: «Ж», «Т», «С» дауыссыз дыбыстарының жиі кездесуі.

3-тапсырма:Жырдағы қайталанулардың,әсіресе сөздердің басқы буындары қайталанып келетін қатарды табу.

Сынып оқушыларына жалпы берілетін тапсырмалар:

-Жыраудың кез-келген толғауын алып,өлең құрлысына:буын,тармақ,бунақ,шумаққа талдау.

Мысалы: Шығармақ бұлт/жай тастар,/7/а

Ағытқан ойды/жол бастар,/8/а

Ақ желкенді/жел бастар,/7/а

Ғадыл төре/ел бастар./7/а

Бекіту: 1.Шалкиіз жыры-философиялық афоризмнің,терең ақылдың,шынайы көркемдіктің қайнар көзі.

2.Шалкиіз-«новатор»,оның шығармашылығы әдебиеттің дамуын,заманның өсуін білдіреді.

Үй тапсырмасы:1.Шалкиіздің өмірі мен шығармашылығы. «Би Темірге бірінші толғауын» мәнерлеп оқуға,талдауға.










Шалкиіз жырау толғауынан үзінді (Бекболат Тілеуханның орындауында)

-Толғауда не туралы айтылған?

























Би Темірге айтқан бірінші толғауы

Аспанды бұлт құрсайды -

Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды -

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды -

Күйбендескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!


Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің,

Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!

Деп,тұқымы сирек кездесетін араб жылқысына,тек батырдың батыры ғана ұстап,жауына сілтейтін адаспан қылыш


Білерді білмес не демес,

Сұлтан ием, сен менің

Бармай тапқан Қағбамсың!

Алтынды кесе сары бал

Алсам, мен саған ұсынармын,

Тал мойныма қол артсаң,

Күліктен бек ұнармын.

Көбең семіз торыңмын,

Көп құлыңның бірімін.

Жақсыңнан мені кем көрдің,

Жаманыңмен тең көрдің.

Жақсыңнан мені кем көрсең,

Жаманыңмен тең көрсең,

Ұялы берікке қос артып,

Сен есенде, мен сауда

Ырысымды сындайын,

Сегіз қиыр шартараптан іздермін!

Еділден аққан сызашық

Біз көргенде тебінгіге

жетер-жетпес су еді -

Телегейдей сайқалтып,

Жарқыраған беренді

Теңіз етсе, Тәңірі етті!

Жағасына қыршын біткен тал еді -

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе, Тәңірі етті!

Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып,

Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің,

Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!

Тобылғының берегі

Иіл болып беріш бітсе,

Айбар болар терегі.

Атаның ұлы жақсыға

Малынды бер де басың қос,

Бір күні болар керегі.

Бостаны бар-ды теректің,

Болаты бар-ды беректің,

Тұсыңдағы болған нартың қорлама,

Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,

Табылмас-ты керекте.

Айдын шүйсең - тарлан шүй,

Көтерілген сона құтылмас.

Жауға кисең - берен ки,

Егеулеген болат өте алмас.

Есендікте малыңды бер де батыр жи,

Басыңа қыстау іс түссе,

Дұспанның қолы жете алмас!

Бар күшіңді сынамай,

Балуандармен күреспе -

Таң боларсың әлемге,

Сөз боларсың күлемге.

Ақылсыз достыдан

Ақылды дұспан артық-ты,

Дұспаныңнан бір сақын.

Елі ішінде айқасып,

Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.

Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа.

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда,

Сол жаман айғақ болар басыңа.

Жақсы да келер бұ көпке,

Жаман да келер бұ көпке,

Түгел іс қойып болмас бір кепке.

Сен - алтынсың, мен - пұлмын,

Сен - жібексің, мен - жүнмін,

Сен - сұлтансың, мен - құлмын,

Сен - сұңқарсың, мен - қумын,

Жемсауыңа келгенде,

Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!

Саған дұспан - маған жау,

Керекті күні алдында

Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!

Автор: 

Шалкиіз Жырау





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы»

Автор: Қалабазарова Эленора Алсеитқызы

Дата: 25.04.2017

Номер свидетельства: 411486

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Шалкиіз жырау «Би Темірге айт?ан бірінші тол?ауы»"
    ["seo_title"] => string(47) "shalkiizzhyraubitiemirghieaitkanbirinshitolgauy"
    ["file_id"] => string(6) "293570"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455512889"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Шалкиіз  жырау «Би  Темірге айт?ан  бірінші  тол?ауы» "
    ["seo_title"] => string(55) "shalkiiz-zhyrau-bi-tiemirghie-aitk-an-birinshi-tolg-auy"
    ["file_id"] => string(6) "206956"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430308412"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Батыры? ?тті Б?генбай! "
    ["seo_title"] => string(23) "batyryn-otti-boghienbai"
    ["file_id"] => string(6) "178337"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424803007"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Открытый урок М.Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі"
    ["seo_title"] => string(40) "otkrytyi_urok_m_monkeuly_ush_kiian_oleni"
    ["file_id"] => string(6) "514364"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560245986"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства