Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын | Мектеп: Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-иетернаты | ||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Айдарова Алмагул Жанбырбайқызы | |||||||||||
Сынып: 8 | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі | ||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.2.1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Шығарманың сюжеттік желісін, эпилог, прологтарды анықтайды | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: Зар заман, қоныс, қиян, заман Пән лексикасы және терминология: эпикалық сарын жанр, эпилог, пролог, сюжеттік желі. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша., мен оны былай түсіндіремін.., себебі.., оған мынандай дәлел келтіре аламын., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,., қорыта келе,.. | ||||||||||
Құндылықтар | отаншылдық | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, музыка | ||||||||||
Алдыңғы білім | Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» Жанр, пролог, эпилог туралы алған білімді кеңейту | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
0-5 6-8
9-11 | Қызығушылықты ояту Болжау Иллюстрацияларда қандай өнер түрлері бейнеленген? Айтыскер, ақын, жыршы, термеші, жырау ұғымдары туралы не білеміз? Бұл өнер түрлерінің әдебиетке қатысы бар ма? Аталған өнер түрлерін музыкамен, домбыра және тағы да басқа аспаптармен байланыстырып көріңіз. Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап көріңіз. Мұғалім оқушылардың болжамын тыңдап, сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырды. 1-тапсырма. Берілген суреттерді пайдалана отырып, Мұрат Мөңкеұлы кластерін құрастырыңыз.
2-тапсырма. Оқушыларға зар заман ақындары туралы ақпарат беретін шағын мәтін таратылады. Оқушылар үзіндіні оқып, зар заман ақындарының ерекшелігін және зар заман ақындары жырларының жыраулар поэзиясынан өзгешелігі туралы жұбымен ой бөліседі. | презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 12- 26 27-31 32-35 | Мағынаны тану 1-тапсырма. ДЖИГСО 1-қадам. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. Топтарға Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңінің мәтіні беріледі. 2-қадам. «Үш қиян» өлеңінен бірдей үзіндіні алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрып, мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері: №1. Өлеңнің 1-7 бөлімдерін; №2. Өлеңнің 8-13 бөлімдерін; №3. Өлеңнің 14-20 бөлімдерін; №4. Өлеңнің 21-26 бөлімдерін; №5. Өлеңнің 27-31 бөлімдерін бөліп алады. 3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.). 4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді. 5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салып, сөздік жұмысын жүргізіп, негізгі ойды, сюжеттік желіні анықтайды. 2-тапсырма. Негативтен позитивке Ақынның ойынша, бұл – ешкімге опа бермеген құтсыз қоныс, сондықтан «осы ауыртпалықтан құтылудың бірден-бір жолы – жерді, құтсыз қонысты тастау керек» деген ақынның утопиялық пікіріне антиутопиялық пікір білдіріп, ақын өмір сүрген заманның жарқын сипатын елестете отырып, «Үш қиян» өлеңіне қорытынды жазыңыз. Топтық бағалау.
| Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz 8-30 бет http://atr.kz/m-rat-m-ke-lyi-zh-ne-tu-an-zher-yimyi/ | |||||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия «Бір сөзбен» әдісі Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап, сабақтан алған әсерлерін сол сөздермен байланыстырып айтады.
| ||||||||||
Үй тапсырмасы
| https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%80%D0%B0%D1%82_%D0%9C%D3%A9%D2% | ||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | |||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. | |||||||||