Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім атауы:Отбасы құндылықтары | Мектеп:Ступинка негізгі мектебі |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Баймурзаева Айсара Тастемировна |
Кәсіби даму мақсаты: | Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, көркем тілде жүйелі сөйлеу дағдысын дамыту |
Сынып: 5 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: 20 | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Т.Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ |
Оқу бағдарламасына сілтеме | Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы |
Сабақтың оқу мақсаты: | Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. |
Бағалау критерийлері: | Барлық оқушылар орындай алады: Шығарманың мазмұны мен тақырыбын меңгереді, идеясын анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы сөздердің мағынасын түсініп, тапсырмаларды орындай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады. |
Дағдылар: | Түсіну және жауап беру |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді. |
Сабақта қамтылатын құндылықтар: | Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері, театр, т.б. өнер түрлерімен байланыс жүзеге асырылады. |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу |
Осыған дейін меңгерілген білім | М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі бойынша «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта әдеби эссе жазады. М.Қабанбай «Бауыр» http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2302-bauyr_audiobook_marat_k |
Жоспар |
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Сабақтың басы 4 минут 3 минут 5 минут | Қызығушылығын арттыру. Тыңдалым алды тапсырма Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Ару ана» әнін бейнеклиптен тыңдайды. Оқушылар осы ән арқылы талданатын әңгіменің идеялық мазмұнын болжап,талқылайды. «Ару ана» әнін тыңдату. Ару ана әні: Құралай Сәтмұхамбетова Өз балаңнан артық бала бар ма, ана? Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме Жан ботасын сағынғанда, ару ана? Ару анасың, мен ботаңмын, жан ана, Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма? Сенсіз менің айым туып алдымнан, Атым шауып, бас бәйгені ала ма? Асыл анам, сенен қуат алайын Алдым сенен алтын таңның арайын Сенің ғана жанарыңда тұратын Мейірімді қайдан ғана табайын? Тыңдалым тапсырмасы Ән мазмұны бойынша бір сөйлемнен жазып, кезектесіп оқиды. С. Ойқозғау Оқушылар әннің мазмұнына өз пікірлерін қосып, талдау жасайды. Ана сөзімен қандай сын есімдерді тіркестіріп айтуға болады? - Ана туралы тағы басқа қандай әндер, өлеңдер білесіңдер? /Оқушылар өздері білетін ән-жырларын айтады./ Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? Адамның бұл дүниедегі ең аяулы адамы кім деп ойлайсыңдар? Неліктен? | https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA МейрамбекБеспаев - Ару ана Презентация |
Сабақтың ортасы 2 минут 3 минут 5 минут
3 минут
7 минут
5 минут | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым алды тапсырма Оқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі. Түрткі сұрақтары: Бала анасын неге сағынады? Автор әңгіменің тақырыбын неге бұлай атады? Әңгіменің мазмұны қандай оқиғалардан тұруы мүмкін? Оқылым тапсырмасы Білу және түсіну Оқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді. Сөздік жұмысы: Мұң – Қасірет – Жетім – Талдау және жинақтау Шығарманың алғашқы 2 бетінің көшірмесі мен сұрақтар тізімі бар парақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақырып пен идеяны анықтайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма Қолдану Оқушылар өз аналарына арнап бір шумақ өлең шығарады. Бағалау. | http://zhasorken.kz/?p=13003 http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/848/ Презентация |
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Ықтимал жауаптар: Ауылға келген қонақ. Ән. Сержан мен қонақ. Қонақтың уәдесі. Балмұздақ. Алматыға аттаныс. Өкініш. Үйге тапсырма: Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық оқу. | |
Қосымша ақпарат |
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
Сабақта оқушылардың барлығын тақырып аумағында өз пікірін білдіруге, әдеби сөйлеуге жұмылдырып отырамын. Қабілетті оқушыларға шығарманың мазмұны туралы сұрақтарды күрделендіріп қоямын және топтарда көшбасшы болуға тартамын. | Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен берілген тапсырмаларды орындауына, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлермен байланысты бағалай аламын. | Бұл сабақ өнер пәнімен байланысты. Өздері білетін әндері мен өз өмірлерін сабақтастыра отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік пен құрметтей алу қасиеттерін қалыптастырамын. Сөйлеу барысында оқушылардың намысына тимейтін сөздерді қолдану арқылы өмір қауіпсіздігін сақтауға болады. |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асырылды. Бүгін оқушылар Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесінің мазмұнымен танысты. Сыныптағы оқу атмосферасы жақсы болды. Дифференциациялық тапсырмаларды жүзеге асыруда аздаған қиындықтар туды. Мен жоспарланған уақытымды дұрыс пайдалана алдым деп ойлаймын. Мен жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбеймін, себебі сабақ жоспары оқу мақсатына сай жан-жақты жасалды. | |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: ән мәтіні бойынша сөйлем құрату; 2:ән тыңдау арқылы қызығушылығын арттыру. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: осы мәтінге ұқсас бейнебаян пайдалану. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Шағын әдеби шығармаларды көбірек оқыту. |