kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М. Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі 7-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

7-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары  Тақырыбы:  М. Әуезовтың  Көксерек әңгімесі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М. Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі 7-сынып»

Ордабасы ауданы

Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ





Тақырыбы: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

7-сынып





Орындаған: Тасболат А.









Аманкелді ауылы

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты: Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдету және Көксерек бейнесін ашудағы жазушының тіл ерекшелігін таныту.

ә) тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық мақсаты: Оқушыны өз пікірін қорғай білуге үйрету.

Әдісі: сұхбаттасу (қаралаушы, куә, күнәкар) айтыс, дәлелдеу.

Көрнекілігі: М.Әуезовтің және «Көксерек» әңгімесінің желісі негізінде жасалынған плакат, сот костюмін киген, қасқыр болып киінген оқушылар, бүктемелер, портрет, мақалдар, өлеңдер.

Пәнаралық байланыс: кино өнері, жануартану, экология, заңтану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың барысына тоқталу.

Бейнетаспадан М.Әуезов туралы сөздер тыңдату.

Оқушылар алдын ала сот кеңесіне, қорғаушылар алқасына, прокурорлар алқасына, айыпкер, куәгерлер болып бөлінген.

Сабақтың негізгі бөлімі:

Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келеді.

Сот: Сот процесін ашық деп жариялаймын.

  • Сіздерді соттың құрамымен таныстырып өтейін.

Жүргізуші сот – мен, Есіркептегі Арайлым.

Прокурор – Мұратхантегі Аида.

Қорғаушы – Ноғайбек Қазына.

Хатшы – Пірән Сәуле.

  • Бүгінгі қаралатын істе Қараадыр елдімекенінің тұрғыны Құрмаш есімді баланың өліміне қатысты көкжал көксеректің қылмыстық ісі бойынша айыбын анықтау мәселесі қаралады.

  • Айыпкер Көксерек, өзіңізді таныстырсаңыз.

Көксерек: Мен Көксерекпін. Қараадыр елінде итмұрынды қалың жыныстың арасында тұрдым.

Сот: - Сізге тағылған айыптау қорытындысын алып таныстыңыз ба?

Көксерек: -Иә.

Сот: - Тағылған айыпты мойындайсыз ба?

Көксерек: -Жоқ.

Сот: -Қарсылығыңыз болса, іс жүргізу барысында айтарсыз.

  • Жәбірленуші Құрмаштың әжесі, өзіңізді таныстырып, болған жайды толық айтып берсеңіз.

Әже: - Мен Құрмаштың әжесімін. Қарағым-ай, неңді алып еді?! Не жазып еді? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қылып еді менің құлыным?

Сот: - Тынышталыңыз, сот процесі жүруде. Бұл жерде тек тәртіп керек.

Прокурор: Сот жолдас, рұхсат етіңіз.

Бүгінде облысымыздың жер-жерінен «бөрілер басынып барады, олар, тіпті, даланы қойып, ауыл ішіндегі малды алып кететін болды,» деген әңгіме жиі айтылатын болды. Мәселен, осы жуырда аулымыздың тұрғыны Байкісі Қалдарбектің 22 қойын, көрші Ынталы аулынан Есімхан Айтуовтың 10 қойын жайратып кеткен. Мұндай шу Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарынан да естіліп қалады. Ауылдарды торуылдаған қасқырлар адамдарға да шабуылдай бастады деген суық хабар кетті. Көксерек те осындай себептермен ұсталып отыр. Қаңтар айында тау етегінде қой жайып жүрген Құрмаш есімді балаға шабуыл жасап, өліміне себепкер болды. Мен сол үшін де Көксеректі кінәлі деп тауып, тиісті жазасын беруді талап етемін.

Сот: - Айыпкер Көксерек, осыған қарсы айтар ойыңыз бар ма?

Көксерек: -Жоқ, кінәмді мойындамаймын. Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне адамдардың өздері кінәлі. Олар менің ұяластарымды өлтірді, ата-анама туған күн маған да туып, өзім адам оғына тап болдым, күшік кезімде де адамдардан түрлі соққылар көрдім.

Қорғаушы: Мен көксеректі кінәлі деп есептемеймін. Әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы, өз қандастары бар. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді, ол далада, тау-таста өмір сүру керек. Бұл – табиғаттың заңы. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өз ерекшелігі бар. Мысалы, көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік қанына тартып,екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Ол – қасқырдың мінезі, өзіне тән қасиеті екенін айтады. Сондықтан да, Көксеректі жазалау орынсыз.



Прокурор: Жол бағып өскен қазекем Қасқыр жөнінде аз біледі деп айта алмаймын. Әйткенмен, бұл аң жөнінде біршама дерек білгеніміз артықтық етпес. Сондықтан да, осы салада зерттеу жұмысын жазып жүрген жас ғалымның деректерін тыңдасақ.

Сот: Қарсы емеспін.

Жас ғалым: Қасқырдың дене тұрпаты ірі, тік құлақ, итке қатты ұқсайды.

Қасқырырдың бет бұлшық еттері ішкі сезіміне орай тез құбылып отырады. Соған қарап оның белгілі бір сәттегі ішкі психолоиялық ой-ниетін (салқындылық, шабуылға дайындығын, ызаланғанын) аңғаруға болады. Қасқырлар бір-біріне қарап-ақ өзара информация алмасады. Мәселен, иттер өзін асыраған адамның көзіне зейін сала қарайды. Олардың адамның жанарындағы ойды оқуға қабілетті екенін ғылым да жоққа шығармайды.

Сот: онда куәгерлерді тыңдасақ.

Ақтаушы: Көксерек жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтаруды білмейді. Өйткені ол – қасқыр, түз тағысы. Оны ылғи есте ұстауымыз керек. Оған дәлел: «Зіңгіттей көк шолақ қасқыр болды,» «орасан боп өсті», «жоталары дөңкиіп, жон жүндері үрпиіп алған», «Зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп суреттелген жолдар дәлел болады. «Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «екпіндеп секіріп, ырылдап келіп бас салды» - бұл оның арланға тән қимылдары.

Ақтаушы: Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы», «долы», «ашулы», «долылық, жойқындық бар», «әлі күнге бір рет жадырап, ойнап көрген емес», «татулық жоқ, суық», «Көксерек айдалада, елсізде қатты ойыншы болатын», «ол түзде еркін, ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеретің тәрбиеге көнетін күшік емес екендігін айтады.

Осы жерде дана халқымыздың «Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды» деген керемет даналық сөзін айтар едім. Ол өзіне тән мінезіне, табиғи қасиетіне сәйкес әрекет жасады.

Қаралаушы: «Қасқырдың сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрамыз» дегенді айтқан да сол қазекем. Көксерек кішкентай күшік кезінен бастап ұрлық жасай бастады. «Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы көреді. Иттен қорықаннан ғана үйде жатады», десті жұрт. Қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Көрнеу ши ішіне кіріп кетіп, қатық болса барлығын да өзінің ыдысына құйып қойғандай көріп, иіскелеп жалап, жеп кетеді. Яғни, Көксерек кішкентай күшік кезінен-ақ жауыздыққа бейім болды.

Ақтаушы: Цирк әртістерінің айтуынша, цирк өнеріне қасқырдан басқа барлық дерлік хайуан тез көндігеді екен. Қанша үйреткенмен ол әртіс болуға көндікпеген. Оны бөлтірік кезінен қолға асырап, қолға үйретпекші болғанмен, соңы қанды оқиғамен аяқталып жатады. «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген сөз осыдан қалса керек.

Қаралаушы: Иттің ұлығанын бөрі естімес, бөрінің ұлығанын таң естімес» деген халқымыз. Күздің қара суығында Көксерек ауылдан кетті. Ол ауыл қорасын аңдитынды шығарды. Боранды, аязды түндерде ақ қасқырмен бірігіп талай рет ауыл малдарын жайратты.

Ақтаушы: «ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді», деген. Көксеректің талай шабуылына ауыл иттері қарсы тұра білді. Қораға жақындайын деп еді, көп иттер шулап үріп маңайлатпады. Табанынан ызғар да аяқтарын қарып, қатырып барады. Осындай жағдайлар қолға үйретілген Көксеректі қатты ызаландырды. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан, деп Көксеректі қаралай беруге болмайды. Жауды басындырма, жақынды ашындырма» дегендей, оның ашу – ызасын тудырған соң, ол сондай әрекетке барды. Қасқыр үйіріне тән бір қағида – олар бірін-бірі құтқаруға әрқашан дайын тұрады.

Қаралаушы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті. Жалпы түз тағысы ауру, әлсіз туыстарының көзін жойып отырады. Ал тым аш болса, өз туысына өздері ауыз салудан тайсалмайды. Төрт түлік атаулыға қырғидай тиетін қасқыр біткенді аулау мал баққан қазақтың ежелгі үрдісі. Әдетте қазақ салтында «естіп қояды, келіп қалады», деген ырыммен қасқырды өз атымен атамай, «ит-құс, жаман ауыз» деп атады.

Сот: прокурор, сөзіңізді қорытындыласаңыз.

Прокурор: ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабына сәйкес, адам өлтіргені үшін Көксеректі кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын.

Сот: қорғаушы, сөзіңізді тұжырымдасаңыз.

Қорғаушының қорытынды сөзі: Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруге себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі, табиғи қасиеті бар дедік. Сондықтан, ол өзінің ата тегіне тартып, өз иесі болса да Құрмашты өлтірді. Бұдан шығатын қорытынды:

  • Адам, жануар – табиғат жаратылысы, олар өмір сүру үшін, ұрпақ сақтап қалу үшін күреседі. Қасқырлар жыртқыш та болса, тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіне білуі керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін апаннан алып кету – адамның табиғатқа жасаған қиянаты. «Ойланбай істеген істің опық жегізетінін білеміз. Құрмаш бірнеше рет үлкендер ескертіп, Көксеректі соймақшы болғанда көнбеді. Үлкендер де ертеңді ойламай, арланның өсіп, жыртқыш болуына бар жағдайды жасайды. Қасқырдың ит бола алмайтыны белгілі. Екеуінің табиғаты екі түрлі.Сөзімді қорытындыласам – Құрмаш өліміне Көксерек кінәлі емес. Ол өз болмысына қарай әрекет жасады. Сондықтан Көксеректі ақтауыңызды сұранамын.

Сот: - Алып-қосатын мәселелеріңіз бар ма?

- Сот мәжілісі аяқталды.

Хатшы: - Сот үкім шығаруға кетеді.

- Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келеді.

Сот үкімі: Құрмаш өліміне адамдардың өзі, қатыгездігі, ойсыздығы кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе, бір жағынан оны мұндай қылыққа итермелеген – адамдардан көреген зәбір – жарасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас», «Жаманға айтқан сөз суға жазған хатпен тең» деген даналық сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі – бөрілігін істейді». «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» - деген ата-баба даналығына және Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып, Көксерек жазадан босатылсын.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
М. Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі 7-сынып

Автор: Тасболат Алтынай Өмірзаққызы

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364120

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "М?хтар ?уезов "К?ксерек" ??гімесі (7-сынып)"
    ["seo_title"] => string(38) "mukhtaruiezovkoksierieknghimiesi7synyp"
    ["file_id"] => string(6) "312487"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459345905"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "М?хтар ?уезов "К?ксерек" "
    ["seo_title"] => string(28) "mu-khtar-uiezov-koksieriek-1"
    ["file_id"] => string(6) "175198"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424249263"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "саба? жоспары М?хтар  ?уезов  "К?ксерек" ?дебиеттік о?у"
    ["seo_title"] => string(50) "sabakzhosparymukhtaruiezovkoksieriekdiebiiettikoku"
    ["file_id"] => string(6) "330359"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464232845"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "М.?уезов "К?ксерек"??гімесі (?орытынды саба?) "
    ["seo_title"] => string(47) "m-uiezov-koksieriek-n-ghimiesi-k-orytyndy-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "179518"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425025287"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "М. Әуезовтің "Көксерек""
    ["seo_title"] => string(33) "m_uiezovtin_koksieriek_n_ghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "352669"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477563970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства