Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1. Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
2. Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.3. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткенді қайталау сұрақтары.
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Қандай сұраққа жауап береді?
3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара сын есім дегеніміз не?
5. Күрделі сын есім дегеніміз не?
6. Негізгі сын есім дегеніміз не?
7. Туынды сын есім дегеніміз не?
8. Сын есім сөйлем мүшесінде ненің қызметін атқарады?
9. Сын қай сөз таптарынан жасалады?Өткен материалды бекіту.
Семантикалық картамен жұмыс. №11-қатар
Өткен материалды бекіту.
Шығармашылық диктант.
Тапсырма: Тақтада жұмбақтар, мақал-мәтел, өлең жолдарынан үзінді берілген. Көп нүктенің орнына сын есімдерді қою.
1. .. сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды. (күн)
2. Түсі. қордан да,
Жесең.. балдан да. (қант)
3. .. жігіт өрге озар,
.. жігіт жер соғар.
4. .. байтақ өлкемізде,
.. -.. көлдер бар.
Ойын: «Сын есімге зат есімнің лайықтысын тап» ойыны.
өнерпаз суретші
түйінді адам
әуесқой ат
сөзшең бала
жүйрік ой