Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық ойлы үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз. Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген. Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген. Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау Шығармашылық тапсырма 1-топ Сөзжүмбақ 2-топ Ребус 3-топ Тест құрастыру |