Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Қозыбағарова.Ж
Күні: 17.03.2017
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдебиеті.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдебиетімен танысу.
Өз халқының салт-дәстүрімен танысуға қызығушылықтарын арттыру.
Қоршаған әлемге көңіл бөлуді, беймәлім нәрсеге қызығушылық танытып, жаңа нәрсе туралы ақпрат іздеуге ынталандыру.
Тілдік құзіреттілік: МЕРЕКЕ ПРАЗДНИК HOLIDAY
Сабақтың барысы: Оқушыларды топқа бөлу. Қойылған топ есімдерінің мағыналырымен танысу.
- Наурыз тобы
- Мереке тобы
- Бәйшешек тобы
Балалар, қазақ халқының ауыз әдебиеті ауыздан ауызға тарап келе жатқан ертегілер, аңыз әңгімелерді жатқызуға болады. Мысалы: мына суретте Алдар көсе ертегісі Алдар көсе ертегісі – қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ең сүйікті кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе ақылы мен асқан айлакерлігінің арқасында мұратына жеткен.
- Ол әсіресе кімдерді алдаған?
- Екінші суретте Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
- Кім түсінік беріп өткісі келеді?
Көрініс: «Алдар көсе және бай баласы»
Салт – дәстүр дегеніміз – әр ұлттың әдет – ғұрпы, ұлттық киімдері, мейрамы, ән – күйі, биі. Халқымыз салт – дәстүрге өте бай. Мысалы; ата – ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, сәби туылғаннан кейінгі жаслатын ырымдар т.б. Мысалы, балалар сәби туылғаннан бастап жасалатын дәстүрлермен таныстырып өтейін.
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Жастар жиналып, ән салып, домбыра тартып, өлең айтады. Тек өз ауылының адамдарын ғана емес, көрші ауылдың да адамдарын шақырып, ақындар айтысын, ат жарысын өткізеді.
Бесікке салу – халқымызда бесік қасиетті, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе құрметті, өнегелі апа - әжелерімізге жүктеледі.
Қырқынан шығару- нәрестенің туған күніне қырық күн болған соң, апа – әжелеріміз шақырып алып, ыдысқа 40 қасық су құйып, ішіне қырық түрлі зат (күміс тиындар, сақиналар т.б.) салады, соған шомылдырады, сәбидің шашын, тырнағын алады.
Тұсау кесу- сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын байлап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді.
Ақбердыева Ақниеттің орындауында «Мерекем» әнін, қосылып бірге шырқайық.
Сөзжұмбақ шешу «Наурыз»
Ас атасы ——— / нан/
Жемістің аты ——- / алма/
Сан———/ елу/
Гүлдің аты ——— /раушан/
Құс —— /тырна/
Балалар ойыншығы ——/ зырылдауық/
Осы сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? Балалар, алдымызда келе жатқан халқымыздың ең сүйікті мейрамы қандай? Наурыз
Наурыз – яғни, ұлыстың ұлы күні. Нурыз – бірліктің, татулықтың, Көктемнің белгісі.Наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз тойын біз ғана емес өзбек ұлты, тәджік ұлты, түрік тілдес ұлттарда тойлайды екен. Бұл күні адамдар ең әдемі киімдерін киеді, мол дастарқан жайылып, наурызкөже пісіріледі. Наурыз күні ән шырқалып, жақсы тілектер айтылады. Балалар, Наурызға арналған қандай жақсы тілек – тақпақтарың бар?
Жұлдызай:
Төрт түлік ақты болсын,
Өрісің малға,
Үйің жанға толсын.
Бекзат:
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Мейрамбек:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Ақжанат:
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Інжу:
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Аяна:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Демеуберген :
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тапсырма: Балалар көктем мезгілінде алғаш шығатын гүлдер қандай? (бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ) сіздерге берілген түрлі - түсті қағаздардан осы гүлдерді жасау қажет. Берілетін уақыт: 7 минут. Әзірге сіздер орындап болғанша Тынышбаев Дастанның «Қазақстан» әуеніне бір сергіп, наурыз көжеден дәм татып отырыңыздар.
Қорытынды: «Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» демекші, сабағымызды батаменен қорытындыласақ.
Амал:
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын! Аумин!
Кері байланыс: Оқушыларға қызыл және жасыл алмалар беріп, ағашқа жабыстыру.