ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП
8 сынып
ЕТІСТЕР
АРЫМБЕКОВА А.Б



Оқушылырдың етіс түрлерін, оның ерекшеліктерін меңгеру
Сауаттылыққа, сөйлеу мәдениетіне, сөзді дұрыс сөйлеуге, мәтін, сөйлем талдай білуге тәрбиелеу.
Сөз сөйлем ішінде етіс жұрнақтарын таба білу, оқушының зейінін, ойын, тілін дамыту.
V. Әдісі
ІІІ. Сабақтың түрі
Жарыс сабақ
IV. Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты меңгеру
Ғылымилық, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, миға шабуыл, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар беру.
Ұйымдастыру
Зат есімді сызба түрінде талда.
Етістікті сызба түрінде талда.
Заттың атын білдіретін сөзтабы.
Сын есімнің сұрақтары
Есімдіктің неше түрі бар?
Етістік нені білдіреді?
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Ж
Етіс
Іс – қыймылдың орындалуына орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді:
аңа сабақты түсіндіру.




1. Өздік етіс /орындаушы өзі/ | 2. Өзгелік етіс /орындаушы өзге біреу / | 3. Ырықсыз етіс /орындаушы белгісіз/ | 4. Ортақ етіс /орындаушы көп/ |
Ереже | Қимылды орындаушы өзі істейді. | Қимылды өзге біпеуге орындатқызады. | Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді. | Қимылды орындаушы біреумен бірілесіп, ортақтасып істейді. |
Жасалуы | Түбір етістікке -ын, -ін, -н жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады. | Етістікке 1/ -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, ір; 2/ -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 3/ -т; 4/-сет жұрнақтары арқылы жасалады. | Етістікке 1/ -ыл, -іл, -л; 2/ -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалады. | Түбір етістікке -ыс, -іс, -с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. |
мысалдар | Жу-ын-ды, ки-ін-ді, тара-н-ды. Марат шапшаң киінді. | 1. жаз-дыр, ас-ыр; 2. айт-қыз, бар-ғыз; 3. жаса-т, оқы-т; 4.көр-сет. Келгендердің бәріне ән айтқызды. | 1. аудар-ыл-ды. 2.ал-ын-ды. Биыл шөп мол шабылды. Жаңа үйге кілем төселді. | Жаз-ыс-ты, бөл-іс-ті, оқы-с-ты. Ақындар ұзақ айтысты. Омар телефон арқылы сөйлесті. |
Жаңа сабақты бекіту
/сөйлемдерге морфологиялық, синтаксистік талдау/
Кітаппен жұмыс. Жаңа сабақты қорыту.
Тест
І – топқа
№ р/с | Мысалдар | өздік етіс | Өзгелік етіс | Ырықсыз етіс | Ортақ етіс |
1 | Айтылды | | | | |
2 | Жаздырды | | | | |
3 | Айтысамын | | | | |
4 | Киіндім | | | | |
5 | Сөйлестім | | | | |
6 | Алдырт | | | | |
ІІ – топқа
№ р/с | Мысалдар | өздік етіс | Өзгелік етіс | Ырықсыз етіс | Ортақ етіс |
1 | Салынды | | | | |
2 | Алғыздырт | | | | |
3 | Көріс | | | | |
4 | Төлет | | | | |
5 | Алынды | | | | |
6 | Жуынды | | | | |