Пән:Қазақ тілі мен әдебиеті
Топ:191
Сабақтың тақырыбы: Фонетика.Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, тиянақтау,
бекіту.Қазақстан туралы алған білімдерін тереңдетіп,пысықтау.
Дамытушылық:сабақта әр түрлі әдістерді пайдалана отырып тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерге жетелеу,фонетикалық талдауларды жүргізе отырып,сауаттылығын, тіл бай-
дамытып және ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру,негізгі идеяны түсіну.Мәтінді қазақ
тілінде әңгімелей білуге дағдыландыру,негізгі идеясын тұжырымдауға үйрету.Танымдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік:қазақ тілінің қадір-қасиетін түсініп,оны құрметтей білуге,инабаттылыққа,
ұйымшылдыққа ,бір-бірін сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі:қайталау(өткен сабақты пысықтау
Сабақтың үлгісі:практикалық
Сабақтың әдістері:шаттық шеңбері,ыстық орындық,топтастыру,эссе жазу,сто,сұрақ-
жауап,талдау,сараптау,ой бөлісу,венн диаграммасы,шығармашылық және зерттеушілік
жұмыс,презентация.
Пәнаралық байланыс:тарих, орыс тілі,әдебиет,метеорология.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар,сызба,мәтін,презентация,
Күтілетін нәтиже :өз ойын еркін жеткізуге талпынады,ойды жүйелі жинақтауға үйренеді,
өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі,өзге топтарды тыңдауды үйренеді.Мәтінді
талдау барысында сыни ойлау, еркін дәлелмен сөйлеу сауатты жазу,мәнерлеп оқу
дағдылары дамиды.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Сыныпты түгендеу.
а).Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері.Амандасу түрлері.Шынтақпен,саусақпен,
қолмен,құшақтасып, табанмен.Үш тілде.(орыс,қазақ,ағылшын)
б).Топқа бөлу.(дауысты,дауыссыз)
в).Көңіл-күй тақтасы.Оқушылар сабақтағы өз көңіл-күйлерін қолдарындағы бейнелер
арқылы білдіреді.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.(Фонетика тарауынан өткен материалдарды қайталау,
ауызша,жазбаша жұмыстар жүргізе отырып,теориялық білімімізді толықтыру,пысықтау
және бекіту.
Сабақты бастамас бұрын тақырыпты ашу.Тақтада плакаттың ортасында сандар тұрады.
Осы сандардың астында әліпбидің тізбегі бойынша әріптер тұр.Сіздер сандардың астында
жасырынған сөзді тауып,бүгінгі өтетін тақырыпты табасыздар.Сонымен бүгінгі тақырыбы-
мыз фонетика деп аталады.
1.Топтастыру.Кластер құру.Фонетика саласынан өткен тақырыпты топтастыру.Фонетика
нені зерттейді.
Орфографияияи
Үндестік
заңы
Үндестікзаа
заңы
екпін
тасымал
әріп
дыбыс
әліпби
Фонетика
буын
дауысты
дауыссыз
2.Өткен сабақты пысықтау. «Ыстық орындық» Бір оқушы тақтаға шығады.Отырған
оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
1.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?(42)
2.Дифтонг дыбыстардың саны нешеу?(3)
3.Фонетика нені зерттейді?(тіл дыбыстарын)
4.Дауысты дыбыстар нешеу?(12)
5.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.(қатаң,ұяң, үнді)
6.Буынның қандай түрлері бар?(ашық, тұйық, бітеу)
7.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?(37)
8.Дыбысты немен таңбалайды?(әріппен)
9.Тілдің ең кіші бөлігі не?(дыбыс)
10.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?(2)
3.Сөздерді дұрыс жазыңыз.
Айтылуы Жазылуы
1.күндүз күндіз
2.күрүш күріш
3.үстүнде үстінде
4.күлкү күлкі
4.Шығармашылық жұмыс.(үй тапсырмасы) «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына эссе
жазу.Оқушы шығармасын 2 рет оқиды.Мазмұнын айтады.
а)Мәтінмен жұмыс.Түсінгендерін айту.
б)Сөздікпен жұмыс.Тақтада берілген сөздерді оқып, мәтіннен тауып,сол сөйлемді аудару.
в)Топтық жұмыс.
1-ші топқа :Мәтіннен қарамен жазылған сөз тіркесін аударып,мағынасын түсіндіріп,3сөз
тіркесін құрау.(2-ші топ сөз тіркесін аударады.)
2-ші топқа: Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру.(1-ші топ сұраққа жауап береді.)
5.Тіл дамыту. «Қазақстан» сөзінен 1минут ішінде сөз құрастыру.
6.Фонетикалық талдау.Мәтіннен 2 сөзді алып талдау.(Отан,елім)
О-дауысты,жуан,ашық,еріндік е-дауысты,жіңішке,ашық,езулік
Т-дауыссыз,қатаң л-дауыссыз,үнді
А-дауысты,жуан,ашық,езулік і- дауысты,жіңішке,қысаң,езулік
Н-дауыссыз,үнді м-дауыссыз,үнді
4әріп,4дыбыс,2 буын,о-тан 4әріп,4дыбыс,2буын,е-лім
7. Шағын зерттеу жобасы.(үй тапсырмасы)
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына хронологиялық сараптама жасау.Презентация жасау
Дайындаған оқушы жылдарды көрсетіп,мағынасын ашып көрсетеді.
8.Шолу. Презентация бойынша керісінше шолу жасау.
9.Сұхбат алу. «Серпін» бағдарламасына 423 топтың студентін шақыру.
Бүгін бізге қонаққа келіп отырған Нұрханды ортаға шақырамыз.Нұрханнан сұхбат алушы
191 топ студенті Кобзарь Александр.
Нұрхан 2014 жылы 1 қыркүйекте «Серпін» бағдарламасымен оқуға келген. Қазақстан
агротехникалық колледжінде «Электрик» мамандығы бойынша білім алуда.
1. «Серпін» бағдарламасының негізгі мақсаты не?
2.Қостанай өңірі оның ішінде Қарабалық сізге ұнады ма?
3.Колледжді аяқтағаннан кейін қандай жоспарыңыз бар?
4.Бұл бағдарлама жастарға қандай мүмкіндіктер береді?
5.Осы үш жыл ішінде не үйрендіңіз,не алдыңыз, не түйіңіз?
6.Бүгінгі жастарға не айтасыз, не тілейсіз?
10.Ауа райы болжамы.Бір оқушы сол күнгі ауа райы болжамын айтады.(үй тапсырмасы)
11.Алфавиттік жұмбақ.
1.Әжеде бар, 1. Жайлауда бар,
Анада жоқ. Қыстауда жоқ.
Әкеде бар, Жасылда бар,
Атада жоқ.(ә) Қызылда жоқ.(ж)
2. Халықта бар, 2. Бармақта бар,
Елде жоқ. Саусақта жоқ.
Халатта бар, Башайда бар,
Көйлекте жоқ.(х) Тұяқта жоқ.(б)
3. Алмада бар, 3.Кірпікте бар,
Жүзімде жоқ. Қаста жоқ.
Анарда бар, Кірпіште бар,
Шиеде жоқ.(а) Таста жоқ.(к)
4. Биікте бар, 4. Суда бар,
Ойда жоқ. Отта жоқ.
Киікте бар, Буда бар,
Қойда жоқ.(и) Шоқта жоқ.(у)
5. Елде жоқ, 5. Бақта жоқ,
Шөлде бар. Сайда бар.
Жерде жоқ, Атта жоқ,
Көлде бар.(ө) Тайда бар.(й)
12.Сөздерді тасымалда.Керекті сөздер:қант,ҚАТК,ҚазҰУ,педколледж,М.О.Әуезов,
ана,20 см,сөз,дыбыс,буын.
13.Үлестірмелі қағазбен жұмыс.(2 қағаз)
14.Венн диаграммасы.
дауысты ортақтығы дауыссыз
Кедергіге ұшырайды,үн
Мен салдардан тұрады,3 түрге бөлінеді,
25 дыбыс
1.дыбыс
2.Сөз ішінде
қолданылады. 3.«У»дыбысы
Кедергі жоқ,
Үннен тұрады,12 дыбыс,3 топқа бөлінеді
15.Сергіту сәті. «Қазақстан» туралы ән айту.
16.Рефлекция Күннің шуағына жақсы ойларын айту.Не үйренгендерін жазу.
17.Үй тапсырмасы: Туған жер туралы өлең жаттау.
Қазақстан агротехникалық колледжі
Ашық сабақтың әзірлемесі
Сабақтың тақырыбы:Фонетика.Қазақстан
Топ:191
Өткізген:Агдавлетова Анар Шамбылқызы
Қарабалық-2016