Просмотр содержимого документа
««Тілім барда айтылар сыр ойдағы.»»
«ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ» АҚ КОЛЛЕДЖІ
«Тілім барда айтылар сыр ойдағы...»
Дайындаған: Махмет А.
Астана
«Тілім барда айтылар сыр ойдағы...»
(Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс сайыс).
Мақсаты:
Білім алушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
Сайыс барысы:
1. Таныстыру, сәлемдесу 2. Өнер алды қызыл тіл (мақалды жалғастыру)
6. Кім жылдам (сөздерді орын тәртібімен құрастыру)
7. Шешендік өнер («Қазақ тілі –кеше, бүгін, ертең...»)
8. Сазды әуен (ән орындау)
1-Жүргізуші:
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп,
Байланғанша тіл-жағым! - деп ақын жырына арқау болған тіл жыры -мәңгілік жыр. Тіл үшін күрес, күрестердің ұлысы деп Мұхтар Шаханов жырлағандай тіл мерекесі, мерекелердің - мерекесі құтты болсын!
ІІ-Жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін –
деп ақын жырлағандай, тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз.
І -Жүргізуші:
Олай болса, тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тілім барда айтылар сыр ойдағы...» атты мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ-Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс колледжіміздің 1,2 курс студенттерінің арасында өтеді.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 1. Таныстыру, сәлемдесу 2. Өнер алды қызыл тіл (мақалды жалғастыру)
«Тілдер пәндері» Циклдік комиссия төрайымы Ерназарова Зайда Алтынбекқызы
Қазақ тілі оқытушысы – Бебезова Махарам Тоқтасынқызы
Ағылшын тілі оқытушысы – Маханова Айжамал Камалқызы
ІІ-Жүргізуші:
Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы Ұстаздардың қабыл болсын батасы Қол соғып, ортамызға тарландарды Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз
-----------------
------------------
І-Жүргізуші:
1. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.
-----------------
-----------------
ІІ-Жүргізуші:
Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз, Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз. Мақалбай атай сұрағын алып келіпті, Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз. «Өнер алды қызыл тіл»
1. Шешен сөз бастар... 2. Жақсы байқап сөйлейді... 3. Әншейінде ауыз жаппас... 4. Тіл - адам ойының.... 5. Тіл сүйексіз болса да, .... 6. Тисе терекке.... 7. Айтылған сөз... 8. Аңдамай сөйлеген... 9. Бал тамған тілден.... 10. Шебердің қолы ортақ....
11.Жақсы тауып айтар, .....
12.Тіл ақылдың - .....
І-Жүргізуші:
Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты, Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты. Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың, Өлеңдер оқып, өзіңді - өзің танытшы!- деп, келесі кезекте тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына береміз.
1.------------------
2. --------------------
ІІ-Жүргізуші: Білімді мыңды жығар туры, әр сұраққа нақты, жылдам жауап беруіміз керек. Сонымен «--------------» тобына сұрақтар:
- Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар ? (Құтты білік -1069ж Жүсіп Баласағұн жазған)
- Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
- Латын алфавиті Қазақстанда қашан қолданыла бастады? ( 1928-1929жж)
- Қазақ тілі тарихында алфавит неше рет ауысты? (3 рет, араб ,латын, орыс)
- Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды? (19991ж)
- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Түркі)
- Орхон Енисей тарихи жазба ескерткіштері қай жерден табылды? ()
- Киіз үй неден тұрады? (кереге, уық, шаңырақ)
І топқа «-----------» тобына сұрақтар:
- Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 ж 22-қыркүйекте)
- Махамбет неше ағайынды? ( 10)
- Қазақ тілі қай жылы тіл мәртебесін алды? (1989 ж.)
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993ж)
- Елтаңбаның авторы? (Ж.Мәлібеков.Ш.Уәлиханов)
- Қазақ тілін зерттеушілер? ( Радлов,Айдаров, Сауранбаев ,Бартольд)
- «Ескендір» поэмасының авторы (Абай )
- Қай жылы Астана қаласына Бейбітшілік қаласы атағы берілді? « 1999 ж »
- Қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған? ( 4 бап)
- «Кел, балалар, оқылық! » өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
- Түркістан қаласының ежелгі атауы? (Шабғар,Йасы)
- Қазақ халқының тұңғыш суретшісі? (Ә.Қастеев)
ІІ-Жүргізуші:
Тілім менің- қазынам қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ.
Бола көрме, Ана тіл қасіретім – дей келе, бейне сұраққа кезек береміз.
Экранда көрсетілген тұлға жөнінде ақпарат беріңіздердер.
---------------------------
----------------------------
І-Жүргізуші:
«Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». Ендеше, келесі «Кім жылдам» атты кезеңге келейік. Ұлылардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерін орын тәртібі бойынша дұрыс құрастыру.
ІІ-Жүргізуші:
Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Келесі кезең «Шешендік өнер»
«Қазақ тілі – Кеше, бүгін, ертең...»
--------------------
--------------------
І-Жүргізуші:
Ана тілім - ардағым, мәртебелім, Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім? Қадірін де халқымның біле алмай, Қалар ма еді айтылмай айтар әнім - дегендей өз әндерімен топ әншілерін ортамызға шақырамыз.
--------------------
--------------------
ІІ-Жүргізуші:
Сонымен біздің бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті, сайысқа қатысқан командаға алғысымызды білдіре отырып сөз кезегін қазылар мүшелеріне бергіміз келеді.Сөз ……….. беріледі.
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.
І-жүргізуші:
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына еніп, өміршең күй кеше береді.
ІІ-жүргізуші:
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
«Тілдер пәндері» Циклдік комиссиясының тіл мерекесіне арналған апталықтың аяқталуына байланысты, марапаттау сөзі «Тілдер пәндері» Циклдік комиссиясының төрайымы Ерназарова Зайда Алтынбекқызына беріледі.
І Жүргізушілер :
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
ІІ-Жүргізуші:Құрметті қонақтар, оқушылар! Тілдер мерекесіне арналған сайысымызды жабық деп жариялаймыз!