Ма?саты: ?аза?ты? тіл ?нерін,шешендік пен тап?ырлы?ты,?аза? тарихында?ы салт-д?ст?рлерді тіл ш?райын тану,?лгі алу.Халы? м?дениетін тіл ар?ылы насихаттау,ана тіліні? ?міріндегі,адам тіршілігіндегі тілді? р?лін жеткізу.
Барысы: Ж?ргізуші:
Балалар, ?ай халы?ты? да тарихыны? таразыланып,б?гініне ба?а беріліп,болаша?ына болжау жасалуында тілді? алатын орны ерекше.Тіл тек тілдесу ??ралы ?ана емес,халы?тар арасында?ы досты?ты? д?некері де болып табылады.
Просмотр содержимого документа
«"М??гі тілім ?лмейді!" т?рбие са?аты »
Павлодар облысы
Май ауданы
Жұмыскер ауылы
Қазан жалпы орта білім беретін мектеп
Кайдарова Самал Амангельдиновна
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
«Мәңгі тілім өлмейді!» тәрбие сағаты
Мақсаты: Қазақтың тіл өнерін,шешендік пен тапқырлықты,қазақ тарихындағы салт-дәстүрлерді тіл шұрайын тану,үлгі алу.Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау,ана тілінің өміріндегі,адам тіршілігіндегі тілдің рөлін жеткізу.
Барысы: Жүргізуші:
Балалар, қай халықтың да тарихының таразыланып,бүгініне баға беріліп,болашағына болжау жасалуында тілдің алатын орны ерекше.Тіл тек тілдесу құралы ғана емес,халықтар арасындағы достықтың дәнекері де болып табылады.
Тілім барда қазағым бар,халқым бар,
Дәстүрім бар,ата жолы,салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
«Мәңгі тілім өлмейді!» атты көрініс.
Түрме іші.Еламан дауыстап өлең оқып отыр.Тергеуші-Дәулет, күзетші Серік, Сағындық үшеуі кіріп келеді.
Ардақ: -Не туралы оқып отырсың? Бүгін жазаланатын күнің,білесің бе?
Сатпек:-Білемін.Мен «Ана тілім» туралы өлең оқып отырмын.
Ардақ:-Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.
Сатпек:-Мен-қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілімнен.
Ардақ:-Әй.оңбаған,шыныңды айт,орыс тілінде жаз!
Сатпек:- Мойныма алдым жаланы,
Туған жердің намысы.
Бөтен қолда кетпесін,
Титыққа орыс жетпесін.
Ардақ:- Әкетіндер! Атыңдар!(Еламанды алып кетеді)
Жүргізуші: -Иә,теңдік,бостандық,тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Қанша асылдарымыз құрбан болды.Солардың бірі-Қайрат Рысқұлбеков ағамыз еді.
Тоғжан:- Дархандығын елімнің,
Аз емес ел ұққандар.
Құнын білмей төрімнің,
Аз ба көңілін жыққандар.
Жадыра:- Қасиетің ана тіл аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес,тозбас елім
Сен болмасаң,ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
Айым:- Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Мөлдір:-Тәуба,тәуба жаратқанға мың тәуба,
Біреу болсам қайтер едім жан сауға.
Менің ұлтым-қасиетті киелі,
Жастық емес асыл оның сүбесі.
Асель: Асанқайғы,Жиренше,
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойлыбай,
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Бағлан:- Сенің әрбір тынысыңнан күн көрем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын?
Ана тілім,егер сені білмесем!
Жүргізуші: Әр адам өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар,демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Хормен:
Туған жер-түп қазығы,айдыны,
Туған тіл-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр,салт-санасы,тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы....
Бәрі қосылып Ш.Қалдаяқовтың
«Менің Қазақстаным» әнін орындайды.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз,қатысқандарыңа рахмет.