kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поэзия менімен егіз бе едің?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі -Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған  әдеби-сазды кеш.Бұл кеште  ақын қаламынан туған туындылары және  ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поэзия менімен егіз бе едің?!»

«Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

Тәнзила апай:

- Армысыздар, ақынын аялап азаматын ардақтаған құрметті көрермендер!
Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңінен ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!

«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді француз ойшылы Шелли. Қане, ақынның поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия менімен егіз бе едің» Арай .


Табиғат!
Жанымды алсаң, алшы менің
Бір үзік жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса не істер дейсің,
Артымда қалсын елім, қалсын жерім.
Осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, ақын «Елім, маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп өмір сүрген сияқты ақынның өлеңіне жазылған әнді орындау үшін ортаға Ләззат апайды «Саржайлау» әнімен шақырамыз.

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.
Сел-жырым ақтарылса арнасынан,
Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар.
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,-деп тебіренген ақынның өлеңдерінен сыр шертіп , ой толғайтын оқушыларымызды ортамызға шақырамыз.

(І – топ оқушылары өлең оқиды)

Мұқағали өз шығармашылығының ауқымы өте кең,айтары көп саналы ақынның бірі .Ол ананың балаға деген махаббатын жырлаудан да тыс қалған жоқ.Келесі кезекті ақын сөзіне жазылған әнге береміз. «Туған күніңмен» Ескендір.

Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!- деп ақын жырлағандай кезекті Гүлмарал апайға береміз.

Гүлмарал апай : «Өмір-ай»



Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам тартқан.

Махаббат диалогы
Қайрат,Арай.


Жүргізуші:
Жайлап жатыр ақынның,
Зал толы жырдың достары
Тыңдамақ абзал ақыны
Ардақты оның ел-жұрты
Ақын ше? Ақын келмеді.
Бос күтті төрде бір орын
Күмбірлеп залды кернеді
Сөз алып сонда жыры оның-Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді.Арамызда ақын жоқ бірақ оның жыры шығармалары қалды.Ендеше,кезекті ақын өлеңдеріне береміз.

(ІІ – топ оқушылары өлең оқиды)

Бір иығына – құдай, бір иығына өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың салмағы бар қуаныш-қайғысымен, кесір - кесапатымен қонған ақынның кезінде өзіне қаншама тірлік кешу қиындықтарын тудырғанымен, ондаған ғасырлық бай мұрасы бар ұлттық поэзиямызға орасан олжа болып қосылғанын да ақын өмірден өткен соң аңғарып, мойындай бастадық.

«Отыздан асып барамын»Абзал ағайды шақырамыз.


Жүргізуші:
...Аққулар...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері ,білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!-дегендей ендігі кезекті «Аққулар ұйықтағанда» сахыналық көрініске береміз.

(Сахыналық көрініс)
Асқақ жырларымен көптің көңілінен шыққан ақын асқақ арманын, жалынды жастықты, мөлдір мұңды өлеңге арқау етті.

Жүргізуші:

Мұқағали біздің дәуіріміздің ғажайып ақындарының бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар» деген екен. Ақын қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған. Келесі кезекте ортаға Гүлшара апайды «Бақыт деген» әнімен ортаға шақырамыз.


(ІІІ –топ оқушылары өлең оқиды)


Жүргізуші:

Кезуде ойың өмірді, кезуде өлең.
Арғы атасы адамның - сезім болса,
Адам емес, сезімді сезінбеген- деп ақын асқақ махаббатты,мөлдір сезімді жырлады. Келесі кезекті әнге береміз.

Ән : «Сенің көзің» Арай ,Жанар.

Жырым менің --жалғызым,жан дауысым.
Жан дауысым жоқтаған ар -намысын.
Ар-намысы тапталып қалмау үшін,
Арпалысып, әлсіреп қалғыны шын...-дей келе келесі кезекті ақынның туындысын оқуға береміз.

Тәнзила апай: «Пай,пай,өмір»

Жүргізуші:

Ойлы жаз өлең менің сырласымдай
Сырлассамда құмарым жүр басылмай
Айтып өткен ақында арман барма
Жүргенің түбіне кір жасырмай
Мақатаев жырларының әр сөзі қорғасындай

салмақты әр тіркесі өмірдің өзіндей бейнелі де бедерлі

әр ойы тағдырдың көзіндей тереңде тегеурінді-дей келе ақын ізін жалғаушы оқушыларды өз шығармашылығымен ортаға шақырамыз.


(Оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдерін оқиды)


Жүргізуші: Мұқағалидың әрбір өлеңі ән сұрап тұрғандай»

-деп Н.Тілендиев айтқандай, ақын өлеңдеріне талай сазгерлер ән жазды. Ендеше келесі кезекті Әнге берейік..Ән: «Бақытыңды жырлайды» Арман.



Тағы, тағы,
Тағы да,тағы да кел,
Ағыла бер, жырларым,ағыла бер,
Бағына гөр,журегім,бағына гөр.
Анда -санда қаныңды бір тасытқан
Сағына гөр жырыңды,сағына гөр -деп ақынымыздың шығармасымен шабыттандыра отыра отырып, келесі кезекті оқушыларымызға береміз.

(ІҮ –топ оқушылары өлең оқиды)

Жазылар естеліктер нешелеген
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе-
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!-деген ақын жаратылысы бөлек жауһар жырларын болашаққа аманаттап кетті. Келесі кезек ақын сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» өлеңіне береміз. Өмірғали ағай.

Жүргізуші: «Қалың елі-қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен сансына, халқының жүрегі мен жанына, елінің көкірегі мен жадына-уақыт желі, заманалар дауылы шайқай аламас тереңге жіберген бақытты да армансыз ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

Қайрат : «Әке туралы»

Жүргізуші:
Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жутпайтын ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрман-деп ақын өмірден өзін іздеп қана қойған жоқ,өзінің жанын ұғынатын сырласын іздеді. Ақынның жанын түсініп ұғынған сырласы,мұңдасы Фариза ақын еді. Қазақ ақындарының ішінде жаны нәзік өр мінезді, дарынды Фариза Оңғарсынова апамызға арнап «Фаризаға» өлеңін арнаған.

Арай «Фаризаға»



Жүргізуші:

Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, кешті «Есіңе мені алғайсың» әнімен Гүлмарал апайды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған «Поэзия менімен егіз бе едің » атты әдеби сазды кешіміз мәресіне жетті.Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!











2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Поэзия менімен егіз бе едің?!

Автор: Амантай Арай Абзалқызы

Дата: 17.08.2017

Номер свидетельства: 425547

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Әдеби сазды кеш "Шындықтан туған шын поэзия""
    ["seo_title"] => string(49) "diebi_sazdy_kiesh_shyndyk_tan_tug_an_shyn_poeziia"
    ["file_id"] => string(6) "450215"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516076905"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш"
    ["seo_title"] => string(64) "bughinmienintugankunimmukagalimakataievkaarnalgandiebisazdykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "303387"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457515792"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Та?ырыбы:  Поэзия менімен егіз бе еді?? "
    ["seo_title"] => string(44) "tak-yryby-poeziia-mienimien-ieghiz-bie-iedin"
    ["file_id"] => string(6) "173650"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424014969"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Б?гін мені? ту?ан к?нім !» "
    ["seo_title"] => string(26) "bughin-mienin-tug-an-kunim"
    ["file_id"] => string(6) "171612"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423683351"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Мен ?мірге жырлау ?шін келгенмін» "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirghie-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "182225"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425481630"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства