kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поэзия! Менімен егіз бе еді??!

Нажмите, чтобы узнать подробности

/М??а?али Ма?атаевты? шы?армашылы?ына арнал?ан сыныптан тыс саба?/

Ма?саты: М??а?али Ма?атевты? а?ынды? талантын ш?кірт ж?регіне ?ялату ар?ылы поэзияны с?юге, оны ба?алай білуге, сыршыл да шыншыл а?ын ?ле?деріні? м?ні мен ма?ызына ??ілдіруге, рухани танымын ке?ейтуге ы?пал ету.

К?рнекілігі: а?ын портреті, слайдтар, а?ынны? ?з даусы жазыл?ан ?ле?дері, аудиотаспа, та?дамалы шы?армалар жина?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поэзия! Менімен егіз бе еді??! »

«Поэзия! Менімен егіз бе едің?!»

/Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған сыныптан тыс сабақ/

Мақсаты: Мұқағали Мақатевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, ақынның өз даусы жазылған өлеңдері, аудиотаспа, таңдамалы шығармалар жинағы.

Мұғалім:

Поэзия! Менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім?

-деп, өлеңді жанына мәңгілік серік еткен поэзия падишасы, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатевтың шығармашылығына арналған сабағымыздың шымылдығын ақынның «Жазылар естеліктер мен туралы» атты өлеңімен ашпақпыз. /оқитын Әбуғалиев Жұмагелді/


Жүргізуші:-Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей түсіп, айшықтала түсуде. Ол өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті, төңірегінділердің түсінбеушілігінен қажыды, өмірінің рахаты аз болды. Бірақ шындап ұққан адамға – Мұқағали өмірдің шын рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты адам. Өйткені ол – бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят ала білген жұмбақ ақын.

Өмір дегенге

Тірлікте сірә, жетер ме ой!

Жарық сәуледен

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі,

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!

Ақынның өлеңдері өзінің көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік-әкімшілдік саясат кедергі болды. Бүгінде ақын атамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында, азат даласында қыран құстай самғап жүр. Оған ақынның соңғы жылдары жарық көрген өлеңдер жинағы, ол туралы естелік кітаптары куә. /слайдтан суреттерін көрсету/

Енді Мұқағали ақынның өз даусындағы «Пай- пай, өмір!» және «Ақ пен қара» өлеңдерін тыңдайық. /аудиожазба/

Мұғалім: -Мұқағали поэзиясы ана мен бала махаббатын жырлайды, қыз бен жігіттің ғашықтық сезімін, адамның ары мен тазалығын жырлайды. Ендеше Дайраби Райгул ақынның «О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?!» өлеңін оқып береді.

Жүргізуші: Мұқағали атамыздың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыған жазушы Ғ.Мүсірепов ақынға қатты риза болып, алтын қаламсабын сыйлаған екен. Ендігі кезекте 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ақынның поэмасынан көрініс тамашалайық. / «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көрініс/

Қатысушылар:

Бала

Әке

Ана

Тәуіп шал

Жылқышы қарт

Аққу- биші қыздар

Автор


Автор:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Ортаймаған «Жетімкөл» толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға

Сызат та жоқ, бетінде сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?

Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесі жол алғанда

Жетісіп бір «Жетімкөл» қалушы еді-ау,

Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.

Таянғанда аққулар қонар маңға,

Басушы еді-ау, байызын бар арман да.

Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

Сыбырлайтын «Жетімкөл» Алатауға

Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық атқан саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын...

Аққулар оралмайды осы маңға,

Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба?

«Жетімкөл» жетімсіреп қала берді,

Арман-ай, аққуымен қосылар ма?

1-көрініс

Сахнада қазақы үйдің іші, жасау-жабдық. Төсекте ауырып, қызуы көтеріліп сандырақтаған бала. Басында аһлап-үһлеп есі шыққан әке мен ана.

  • Жаңағы бақсы шал да кешікті-ау! Құдай –ай енді қайттік? Сорлы балам-ай...

  • Я құдай, бақсы ата келді, мінекей, өзі де келді.

Бақсы келеді /әлем-жәлем киінген, басында қауырсын қадаған, сылдырмағы көп, ақ таяғы бар/.

Бақсы: /тамырын ұстап/- Апыр-ай, мына баланың ауруы кәттә ғой! Жын! Жын!Жын қамап тұр екен. Алдымен жынды қуу керек! Алла-ай хақ! Мен дем салайын.

Жерден болды ма?

Көктен болды ма?

Күннен болды ма?

Көлден болды ма?

Судан болды ма?

Жаман тілден болды ма?

Жаман көзден болды ма?

Күнбатыстан күншығысқа көш!

Күншығыстан күнбатысқа көш! Көш...Көш...-деп баланы шыр көбелек айналып, қиқу сап, таяғымен жерді тоқылдатып жүгіріп, ақыры «уһ!» деп шалқасынан құлайды.

Біраз жатып басын көтереді де:

- Бұл баланы аққумен аластау керек! Аурудың иесі сол екен. Өлген аққумен ұшықтау керек боп тұр! Ертеңге дейін қалайда аққу табыңдар! Әйтпесе баладан айырыласың. Мен қайтып келемін. \бақсы шығып кетеді\.

Ана: -Жаңағы тәуіп бақсы не деп кетті? Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті. Аққуменен баланы аластаңдар деді дағы жайына жөнеп кетті...

\күйеуіне қарап\

Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған!?

Жаңағы бақсы шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

«Жетімкөлге» барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалма,

Дүрліктірме, әйтеуір, салма бүлік.

Әке: -Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?!

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана: - Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жалған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте?

Жалған бәрі! \Ана жинала бастайды\.

2-көрініс

«Жетімкөл» бейнеленген картина. Ол арада аққу қыз қалықтап тербетіліп жүр. Бір бұрышта, қолында мылтығы бар ана бас бұғып, аққуларға тамсана қарауда.

Автор:

Оятып дүниені дел сал қылып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып.

Таудағы тіршілікке ән салдырып,

Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,

.........................................................

Қасқа таң.

Бұлбұл үні

Көл бетінде,

Аққулар жүзуде әне тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар қыз келбетіне.

Аққулар!

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері білмей тұрмын

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Ақ қанатын сабалап, асыр салып,

Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,

Тыныштығын олардың қашырмалық,

Би Аққу

Осы кезде Аққу күйі ойналады да,аққу боп қыздар билейді.Би аяқтала бергенде, ананың қолыңдағы кезене берген мылтық атылады.Аққу жерге қансырап құлап, екінші сыңары оны айнала жүгіріп,сахнаның бұрыш-бұрышына барып,ананың қарсы алдына келіп біраз тұрып,ұшып кетеді.Ана оған қолын созған күйі құлайды.(осы көріністер қойылып жатқанда үзіліс зарлы қобыз үні не қайғылы күй сұңқылдап ойналып жатады)

Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын қорығы бар жылқышы ата шығады.


3-көрініс

Жылқышы:-Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде,

Көргенсіз көл басында мылтық атқан?

Құстардың зәре-құтын шырқырытқан,

Нағылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Бұл маңның адамы емес,сірә дағы,

Білеиін, табаиын бір амалын,

Қаруы бар кәзәпқа қүрықпенен.

Ұмтылса,қалай қайрат қыла аламын!?

Жөн болар алас тұрып сұрағаным........

Ей,кімсің?Тірісіңбе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?

Басынды еөтер дағы,келгін бері,

Келген бері,кеуденде даның барда!

(Әиел сүйретіліп орнынан тұрып,қартқа қарай бір-екі аттап басын, тоқтайды.)

Әйел:-Кешір ата!

Адам емес,мен енді жаи тулақпын,

Жемісіне тас аттым гәкку –бақтың

Жалғыз балам ауырып,амалсыздан

Тәуіптің айтуымен аққуды аттым!

Жылқышы: -Әй,балам!

Болмады ғой болиады ғой........

Қасиет кетті көлден,сорлады ғой

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік

Атқа мін,ауылға қайт,олжаны қой?

4-көрініс


Ана: - Жоқ!

Мен емес........

Мен атпадым.

Кеше гөр, кешіре гөр,жаратқаным?! /отыра қалып қолын көкке жаяды/

Қазір,ботам......

Мінеки,таң атады...

Қазір,ботам аққуыменнен ұшықтаймын

Жазыласың, құлыным. Балапаным!

Қасиет! О. Қасиет, осындай ма ең?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең?

Қасиет! Қасиеттер ұшып кетті

Қасірет! Қасымдағы досымдай ма ең?

Қасиет! Қасірет! /Шашын жайып жіберіп жылайды./


Автор:

.....Сол кеткеннен мол кеттім,оралмадым

Жерді аңсаймын

Жалғыз-ақ сол –арманым

Қиын екен қимасың екі білдеи

Көз алдында ғайып боп жоғалғаны

Көрдің бе ір-біріне дөп келуін

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам-ай ,мынау өмір-дарияның

Білмейсің қаида екенің өтекелінің

Аққулар!

Аңыз көп қои олар жайлы

Көзіңмен көргеніңдеи бола алмаиды

Тек қана тыныштықта ұйықтаиды олар

Шошыса,екінші рет оралмаиды

Орнында екен Жетім көл, жоғалмапты

Ортаймапты немесе тола алмапты

Қасиетті аққулар оралмапты



Мұғалім: Жанар, сен бақыт дегенді қалай түсінесің? Оқушылар, сіздер қалай ойлайсыздар? Ендеше ақын ағамыз бақытты былайша жырлайды. /аудиотаспадан ақынның «Бақыт деген» өлеңі тыңдалады./

Жүргізуші: Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев өз естелігінде былай дейді: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым. Екі айдан соң жұмысқа шықтым. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты, Мұқағалидың жазуы. «Аға, мен ғой. Ішім күйіп барады. Не болатынын білмедім. Мынаған көңіл бөліп көріңізші!» депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді.» Олай болса, ақын ақтық сапарының алыс емес екенін алдын ала сезген ғой! Сол сезімін хатқа түсірген екен. Бұл ән бүгінде барша халыққа танымал әуенге айналды.

/ «Есіңе мені алғайсың» әні /


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Поэзия! Менімен егіз бе еді??!

Автор: Рамазанова Гулден Саматовна

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212190

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Әдеби сазды кеш "Шындықтан туған шын поэзия""
    ["seo_title"] => string(49) "diebi_sazdy_kiesh_shyndyk_tan_tug_an_shyn_poeziia"
    ["file_id"] => string(6) "450215"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516076905"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш"
    ["seo_title"] => string(64) "bughinmienintugankunimmukagalimakataievkaarnalgandiebisazdykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "303387"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457515792"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Та?ырыбы:  Поэзия менімен егіз бе еді?? "
    ["seo_title"] => string(44) "tak-yryby-poeziia-mienimien-ieghiz-bie-iedin"
    ["file_id"] => string(6) "173650"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424014969"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Б?гін мені? ту?ан к?нім !» "
    ["seo_title"] => string(26) "bughin-mienin-tug-an-kunim"
    ["file_id"] => string(6) "171612"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423683351"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Мен ?мірге жырлау ?шін келгенмін» "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirghie-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "182225"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425481630"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства