kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??гілік ел

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Ж?мабаев атында?ы гуманитарлы? колледжіні? 4-курс студенті Жангудина Айн?р ?уанды??ызы

 

М??гілік ел- бізді?жар?ынболаша?ымыз!

         М??гілікЕл... М??гілік?аза?стан... б?ларата-бабаларымызды?ежелденбергіарманы, м??гіліка?сарыболатын. Т?уелсіздікті? бар жо?ы 22 жылындасолармандыауызды?тап, к?гілдіржа?алаулар?а бет алды?. О?анжетуден?міттіелді??рбіре?кейгенк?рісі мен жалындыжастары тек н?тижеліе?бек пен т??ырлы?ылым?аар?ас?йеуі?ажет. Сонда ?анахалы?ты??л-ау?атык?теріледі. Сонда ?ана?аза?станды?леммойындайды. Сонда барып?аза?стан?лемдегіазулы 30 елді??атарынанойыпт?рыпорыналады. Міне, «М??гілік ел» т??ырнамасыны?философиясы, ?лым?раттарды?саба?тасты?ы. Ал бізді?міндет-Елбасымызды?к?регендігіне, ?лыт?л?аны?кеме?герлігінета?ыр?аушыболып?ана?оймай, Жолдауды??рбірбаптарынтияна?тыорындауа?а?лес?осу. 

         Жасты?ша?- ?мірді?е?бір?ажайыпкезе?і.Жалын мен оттан жаралатын, бойында?ы ?уаты тасып, к??ілі алып ?шатын, сан са??а ж?гіретін, санасын ж?гендеуге дес бермейтін уа?ыт.Азаматты? сілкінетін, жігерленетін, тепсе темір ?зетін ша?ы да- жасты? ша?.?лы бабаларымызды? бар тілегі мен к?ксеген арманыжастарды? жасты? ша?та?ы  ж?зеге асырар ?иялы мен шынды?ы еді.

И?, біз ата ?мітін ар?ала?ан, оларды? а?са?ан арманына жеткізетінбайта? даланы? ерке ?ландарымыз. Білекті? к?шімен, а? найзаны? ?шымен ?ор?ап, ?лан-?айыр жерімізді к?зіні? ?арашы?ындай  са?тап ?ал?ан кешегі ?абанбай мен Б?генбайды?, с?зі де, ?зі де ?ынабынан суырыл?ан ?ылыштай ?ткір Махамбетті?, Алашты? арда?тысы, арын жанынан ?ымбат сана?ан Ма?жан сия?ты ?лыларды?  ?рпа?ымыз.Ендеше, ?лтын ?лы?та?ан, бабалар сал?ан сал?ан сара жолынан таймай ?скен дар?ан даланы? дарынды ?л-?ыздары, Ма?жанны? ?айталанбас ?негесін, бойында?ы асыл ?асиеттері мен «Мен жастар?а сенемін» деп ?рандап кеткен ?лы арманын ?скеле? ?рпа?пен байланыстырып, болаша??а  ны? ?адам бас?ан елді? ерте?і болар жастармыз. ?мірден ?з жолымызды тауып, елімізді? жар?ын болаша?та ?мір с?руі ?шін ат салысып,к?птеген белестерді ба?ындыру бізді? ай?ын ма?сатымыз.Жастар - т?уелсіз елді? ерте?і, сонды?тан алды??ы тол?ын а?алар болаша? тізгінін ?стар жас ?рпа?ты? т?рбиесіне басты назар?а ?ою керек.Батысты? ?нін шыр?ап, биін билесек те, ж?рек т?кпірінде ?аза? екенімізді, ?зімізге ?ана жарасатын ?аза?и д?ст?ріміз бар екенін, ?лы Ма?жан сенген жастар екенімізді ?мытпайы?.

Біз-?з тіліміз, ?з дініміз, ?з шекарамыз, елта?бамыз бен желбіреген к?к туымыз бар отан анамызды? ба?ытты азаматтарымыз. Киелі жерімізде таби?аты шексіз с?лулы?пен к?мкерілген,  ?азба байлы? ?ойнауына т?н?ан, шап?ан т?лпарды? т?я?ы м?жілетін, ?ш?ан ?ыран ??сты? ?анаты талатын дар?ан дала, ту?ан бесігіміз -бір ша?ыра? астында ж?зден астам ?лтты? бірлік ?айма?ы шай?алмай, бір отбасыны? баласындай берекелі ?мір с?руімізді? ?зі  елімізді? б?гінгі к?ллі ?лемді та? ?алдырып ?ана ?оймай, мойындат?анды?ыны? ай?а?ы.

Сарабдал саясаткер Елбасымыз «Болаша? б?гіннен басталады» деп б?гінгі жас ?рпа?ты? ойына ?оз?ау салды. Сонымен бірге, ?з жолдауында, «М??гілік ел» идеясын ?сынып,елімізді? м??гілік болуы, жар?ын болаша??а апарар жол екендігін ашып айтты. Д?лірек айт?анда, елімізді? т?уелсіздігі м??гілік баянды болып, егемендігі м??гілік ??мырлы бол?анда ?ана елдігімізді? болаша?ы н?рлы болма? деген с?з. Сол себепті, келешегімізді? ?амын б?гін ойлап, ?рбір ?аза?станды? елімізді?- м??гілік, болаша?ымызды? баянды, жар?ын болуына к?ш-жігеріміз бен  ?ажыр ?айрат, ерен е?бегімізді арнауымыз керек деп ойлаймын.

Елбасыны? «М??гілік ел» идеясы баршамызды бір ма?сат?а, орта? м?ддеге ж?мылдыратын ?ран?а айналуы тиіс.

Б?гінде бізді? азаматтар ?шін барлы? есік, барлы? м?мкіндік, барлы? жол ашы?.Біз к?ппіз ж?не б?ріміз – бір Елміз, бір халы?пыз. ?з еліне пайдасын тигізу, ?з Отаныны? та?дырына жауапты болу – ?рбір жауапты саясаткер ?шін, ?рбір ?аза?станды? ?шін парыз ж?не абырой.

Болаша?ты? т?т?асы жастар болса, сол жастарды? саналы да ?лтжанды, адамгершілік болмысыны? ?алыптасу негізі –мектеп. Ал ?стаз-  мектепті? ж?регі. М??алім баланы о?ытып ?ана ?оймайды, оны т?рбиелеп дамытады. Кез-келген мемлекетті? болаша?ы –білімді жастар. К?зі ашы?, к?кірегі ояу кез-келген білімді ?рпа? ?з Отаныны? даму жолында аянбай тер т?геді. ?азіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма т?с» деп жатуды? ?зі ?бестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жасты? ша?та ел болаша?ы ?шін е?бек ету - ?ркімні? міндеті. Олай болса ,елімізді к?ркейту, оны ?зімізден кейінгі ?рпа??а жеткізу бізді? борышымыз деп білемін.

   Мен-т?уелсіз елді? жас ?рпа?ы, егеменді елді? ерте?імін.Сонды?тан да жаст?уелсіз елімізді? алды??ы ?атардан к?рінуіне атсалысып, ата-баба ерлігі мен рухынан н?р алып, д?ст?ріне берік болар,кемел де тере? біліммен ?арулан?ан, ?ылым мен техниканы? сан ?ырлы тетігін  ме?герген,барша ?лемні? ??ндылы?тарын бойына сі?іре алатын ?рпа? болуды ма?сат т?тып,?мірлік ?а?идамны? басты м?раты ретінде ?станамын.

?аза? еліні?, ?аза? тіліні? м??гілік болуына аянбай е?бек ету ?шін мен ?з ?мірімді ?рпа? т?рбиесіне арнауды ма?сат т?ттым, оны? ішінде тіл маманы болуды арман еттім.Сол арманым Алты алашты? бас а?ындарыны? бірегейі,а?ынны? а?ыны, ?лт жанашыры мар?ас?а Ма?жан бабамызды? киелі білім  ша?ыра?ында о?у?а т?суіме себепкер болды.Б?гінде 19 жас?а тол?ан жас мемлекетті? жас ?рені мен ?шін маманды? иесі болу жолында д?ріс алып ж?ргенімні? ?зі ?лкен ба?ыт деп білемін. Ма?жан а?ынны? сеніп кеткен жастарыны? бірі емес, бірегейі болып,елімізді? дамуына аз?антай болса да, ?з ?лесімді ?ос?ым келеді.Себебі,мен т?уелсіз елді? азаматшасымын,мен оны? кішкентай  да болса б?лшегімін, мен оны? ерте?імін.Б?гін партада отыр?ан студентпін, ерте? ?аза?станны? келешегімін.?анаты ?ыр?ылма?ан, к?кке ?арай еркін ?рлеген ?ыранмын. «?аза?» десе, со??анж?регімл?пілдеп, бет ажарымжадырап, «Мен ?аза?пын» дегенма?таныш толы сезімгеб?ленемін.

         То?сан ауыз с?зді? тобы?тай т?йініне  то?талар болсам,  «ж?мыла к?терген ж?к же?іл» демекші  дана к?шбасшымызды? дара да??ыл жолынан ел болып адаспай, алда?ы асулар мен белестерді ба?ындыр?анда ?ана мен де ?з жемісімні? же?ісін к?рем, к?здеген ма?сатыма ?ол жеткіземін деп ойлаймын.

Елдігімізді? м??гілігі ?р?айсымызды? жар?ын болаша?ымыз екенін сезініп, б?гіннен ерте?гі к?кжиекке к?з тігер ?л-?ыздарымыз к?п болса, соларды? ?атарында ?з орынымды тауып, тамшыдай болса да табандылы?пен ?лес ?осуды м?рат етемін.Сонды?танОтанымызды? ?ркендеп ?суіне бар к?ш-жігерімді аямаймын. Сол арман - м?ратымды ойласам, ерекше сезімге б?леніп, ?иялыма шабыт беретін ойларымды ?ле? шума?тарымен ?рнектеп жазуды ?дет ?ыл?ан жаспын. Б?л да болса ?аза?ты? ?ылы?ты ?ыздарыны? бірі ретінде м??гі жасайтын елімізге деген шексіз патриотты? сезімім мен ысты? махаббатым шы?ар.

Зор е?бекпен к?рсетем ?ажап ?стам

Еркіндік ?ыранымын талмай ?ш?ан

Отанымды с?йемін ж?рекпенен

Жасай бер,Жаса м??гі ?аза?стан

Мен де ?лес ?осармын Отаныма

К?ллі ?лем бас исін ата?ы?а

Болаша?та б?секеге ?абілетті

?осыларсы? отыз елді? ?атарына

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??гілік ел »

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің 4-курс студенті Жангудина Айнұр Қуандыққызы


Мәңгілік ел- біздің жарқын болашағымыз!

Мәңгілік Ел... Мәңгілік Қазақстан... бұлар ата-бабаларымыздың ежелден бергі арманы, мәңгілік аңсары болатын. Тәуелсіздіктің бар жоғы 22 жылында сол арманды ауыздықтап, көгілдір жағалауларға бет алдық. Оған жетуден үмітті елдің әрбір еңкейген кәрісі мен жалынды жастары тек нәтижелі еңбек пен тұғырлы ғылымға арқа сүйеуі қажет. Сонда ғана халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Сонда ғана Қазақстанды әлем мойындайды. Сонда барып Қазақстан әлемдегі азулы 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алады. Міне, «Мәңгілік ел» тұғырнамасының философиясы, ұлы мұраттардың сабақтастығы. Ал біздің міндет-Елбасымыздың көрегендігіне, ұлы тұлғаның кемеңгерлігіне таңырқаушы болып қана қоймай, Жолдаудың әрбір баптарын тиянақты орындауаға үлес қосу. 

Жастық шақ - өмірдің ең бір ғажайып кезеңі. Жалын мен оттан жаралатын, бойындағы қуаты тасып, көңілі алып ұшатын, сан саққа жүгіретін, санасын жүгендеуге дес бермейтін уақыт. Азаматтың сілкінетін, жігерленетін, тепсе темір үзетін шағы да - жастық шақ.Ұлы бабаларымыздың бар тілегі мен көксеген арманы жастардың жастық шақтағы жүзеге асырар қиялы мен шындығы еді.

Иә, біз ата үмітін арқалаған, олардың аңсаған арманына жеткізетін байтақ даланың ерке ұландарымыз. Білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұлан-ғайыр жерімізді көзінің қарашығындай сақтап қалған кешегі Қабанбай мен Бөгенбайдың, сөзі де, өзі де қынабынан суырылған қылыштай өткір Махамбеттің, Алаштың ардақтысы, арын жанынан қымбат санаған Мағжан сияқты ұлылардың ұрпағымыз. Ендеше, ұлтын ұлықтаған, бабалар салған салған сара жолынан таймай өскен дарқан даланың дарынды ұл-қыздары, Мағжанның қайталанбас өнегесін, бойындағы асыл қасиеттері мен «Мен жастарға сенемін» деп ұрандап кеткен ұлы арманын өскелең ұрпақпен байланыстырып, болашаққа нық қадам басқан елдің ертеңі болар жастармыз. Өмірден өз жолымызды тауып, еліміздің жарқын болашақта өмір сүруі үшін ат салысып, көптеген белестерді бағындыру біздің айқын мақсатымыз. Жастар - тәуелсіз елдің ертеңі, сондықтан алдыңғы толқын ағалар болашақ тізгінін ұстар жас ұрпақтың тәрбиесіне басты назарға қою керек.Батыстың әнін шырқап, биін билесек те, жүрек түкпірінде қазақ екенімізді, өзімізге ғана жарасатын қазақи дәстүріміз бар екенін, ұлы Мағжан сенген жастар екенімізді ұмытпайық.

Біз - өз тіліміз, өз дініміз, өз шекарамыз, елтаңбамыз бен желбіреген көк туымыз бар отан анамыздың бақытты азаматтарымыз. Киелі жерімізде табиғаты шексіз сұлулықпен көмкерілген, қазба байлық қойнауына тұнған, шапқан тұлпардың тұяғы мүжілетін, ұшқан қыран құстың қанаты талатын дарқан дала, туған бесігіміз - бір шаңырақ астында жүзден астам ұлттың бірлік қаймағы шайқалмай, бір отбасының баласындай берекелі өмір сүруіміздің өзі еліміздің бүгінгі күллі әлемді таң қалдырып қана қоймай, мойындатқандығының айғағы.

Сарабдал саясаткер Елбасымыз «Болашақ бүгіннен басталады» деп бүгінгі жас ұрпақтың ойына қозғау салды. Сонымен бірге, өз жолдауында, «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып,еліміздің мәңгілік болуы, жарқын болашаққа апарар жол екендігін ашып айтты. Дәлірек айтқанда, еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік баянды болып, егемендігі мәңгілік ғұмырлы болғанда ғана елдігіміздің болашағы нұрлы болмақ деген сөз. Сол себепті, келешегіміздің қамын бүгін ойлап, әрбір қазақстандық еліміздің- мәңгілік, болашағымыздың баянды, жарқын болуына күш-жігеріміз бен қажыр қайрат, ерен еңбегімізді арнауымыз керек деп ойлаймын.

Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс.

Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

Болашақтың тұтқасы жастар болса, сол жастардың саналы да ұлтжанды, адамгершілік болмысының қалыптасу негізі – мектеп. Ал ұстаз - мектептің жүрегі. Мұғалім баланы оқытып қана қоймайды, оны тәрбиелеп дамытады. Кез-келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету - әркімнің міндеті. Олай болса ,елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз деп білемін.

Мен -тәуелсіз елдің жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін.Сондықтан да жас тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатардан көрінуіне атсалысып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болар, кемел де терең біліммен қаруланған, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгерген,барша әлемнің құндылықтарын бойына сіңіре алатын ұрпақ болуды мақсат тұтып,өмірлік қағидамның басты мұраты ретінде ұстанамын.

Қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек ету үшін мен өз өмірімді ұрпақ тәрбиесіне арнауды мақсат тұттым, оның ішінде тіл маманы болуды арман еттім. Сол арманым Алты алаштың бас ақындарының бірегейі, ақынның ақыны, ұлт жанашыры марғасқа Мағжан бабамыздың киелі білім шаңырағында оқуға түсуіме себепкер болды. Бүгінде 19 жасқа толған жас мемлекеттің жас өрені мен үшін мамандық иесі болу жолында дәріс алып жүргенімнің өзі үлкен бақыт деп білемін. Мағжан ақынның сеніп кеткен жастарының бірі емес, бірегейі болып, еліміздің дамуына азғантай болса да, өз үлесімді қосқым келеді. Себебі, мен тәуелсіз елдің азаматшасымын, мен оның кішкентай да болса бөлшегімін, мен оның ертеңімін. Бүгін партада отырған студентпін, ертең Қазақстанның келешегімін. Қанаты қырқылмаған, көкке қарай еркін өрлеген қыранмын. «Қазақ» десе, соққан жүрегім лүпілдеп, бет ажарым жадырап, «Мен қазақпын» деген мақтаныш толы сезімге бөленемін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталар болсам, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші дана көшбасшымыздың дара даңғыл жолынан ел болып адаспай, алдағы асулар мен белестерді бағындырғанда ғана мен де өз жемісімнің жеңісін көрем, көздеген мақсатыма қол жеткіземін деп ойлаймын.

Елдігіміздің мәңгілігі әрқайсымыздың жарқын болашағымыз екенін сезініп, бүгіннен ертеңгі көкжиекке көз тігер ұл-қыздарымыз көп болса, солардың қатарында өз орынымды тауып, тамшыдай болса да табандылықпен үлес қосуды мұрат етемін.Сондықтан Отанымыздың өркендеп өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын. Сол арман - мұратымды ойласам, ерекше сезімге бөленіп, қиялыма шабыт беретін ойларымды өлең шумақтарымен өрнектеп жазуды әдет қылған жаспын. Бұл да болса қазақтың қылықты қыздарының бірі ретінде мәңгі жасайтын елімізге деген шексіз патриоттық сезімім мен ыстық махаббатым шығар.

Зор еңбекпен көрсетем ғажап ұстам

Еркіндік қыранымын талмай ұшқан

Отанымды сүйемін жүрекпенен

Жасай бер,Жаса мәңгі Қазақстан

Мен де үлес қосармын Отаныма

Күллі әлем бас исін атағыңа

Болашақта бәсекеге қабілетті

Қосыларсың отыз елдің қатарына







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М??гілік ел

Автор: Жангудина Айнур Куандыковна

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160226

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Сбор "Гал?мг? с?ях?т" "
    ["seo_title"] => string(21) "sbor-gal-mgh-s-iakh-t"
    ["file_id"] => string(6) "137587"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417372770"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) ""К?дімгі ?ара?ай, ?ыл?ан жапыра?ты ?сімдіктерді? т??ым ар?ылы к?бейуі" та?ырыбында саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(107) "k-dimghi-k-arag-ai-k-ylk-an-zhapyrak-ty-osimdiktierdin-tu-k-ym-ark-yly-kobieiui-tak-yrybynda-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "210349"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431427869"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "К?дімгі амеба организм екендігі. Сырт?ы ж?не ішкі ??рылысы. "
    ["seo_title"] => string(69) "k-dimghi-amieba-orghanizm-iekiendighi-syrtk-y-zh-nie-ishki-k-u-rylysy"
    ["file_id"] => string(6) "237668"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444369571"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(199) "“Татарстан, б?хет ?ырым син”  татар шагыйр?се Клара Булатованы? тууына  80 ел тулуга багышланган б?йр?мг? чыгыш."
    ["seo_title"] => string(102) "tatarstanbkhietzhyrymsintatarshaghyirsieklarabulatovanyntuuyna80ieltulughabaghyshlanghanbirmghchyghysh"
    ["file_id"] => string(6) "282156"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453650743"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "?мг?кк? ?гитиш п?ни бойич? календарли?-мавзулу? планлаш "
    ["seo_title"] => string(58) "mgh-kk-ughitish-p-ni-boiich-kaliendarlik-mavzuluk-planlash"
    ["file_id"] => string(6) "226486"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1440323613"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства