kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?дімгі ?ара?ай, ?ыл?ан жапыра?ты ?сімдіктерді? т??ым ар?ылы к?бейуі" та?ырыбында саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 6     П?ні:   Биология      

Саба?ты? та?ырыбы: К?дімгі ?ара?ай, ?ыл?ан жапыра?ты ?сімдіктерді? т??ым ар?ылы к?бейуі

         Саба?ты? ма?саты:

 1.Білімділік: К?дімгі ?ара?ай, ?ыл?ан жапыра?ты ?сімдіктерді? т??ым ар?ылы к?бейуі туралы т?сінікті ны?айту.

         2.Дамытушылы?:  Биология ?ылымыны? бас?а ?ылымдармен байланысы.      

         3. Т?рбиелілігі:   Таби?атты ?ор?ау?а аялау?а т?рбиелеу    

Саба?ты? к?рнекілігі: Суреттер, слайд.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?, зертханалы? ж?мыс

Саба? ?ту ?дісі: Баяндама, с?ра?-жауап.

Саба?ты? барысы:

I  ?йымдастыру кезе?і (1 мин):  С?лемдесу, т?гендеу.

II ?й тапсырмасы ( 10 мин):  Саба?ты о?ып келу, ж?мыс д?птеріне орындау. «Ашы? т??ымды ?сімдіктер ». Зертханалы? ж?мысына дайындалып келу.

III  Жа?а саба?ты т?сіндіру ( 10 мин) :

   К?дімгі ?ара?ай – бір?йлі ?сімдік.

   К?дімгі ?ара?ай – жары? с?йгіш ?сімдік, тамыры тере?ге кетеді. Орманда ?скен ?ара?ай т?зу де сымбатты болады. Ашы?, далалы жерде ?сетіндеріні? ді?і жуандап, аласа болып келеді. Жары? жеткілікті бол?анды?тан, б?та?тары жан-жа??а жайыла, таралып ?седі. ?ыл?ан жапыра?тылар – кіндік тамырлы ?сімдіктер. Одан жамана тамырлар тарайды. ?зын жанама тамырлар ?те ?са? тамыршалар?а тарма?талады. ?са? тамыршаларда микориза (грекше «микос»-са?ырау??ла? ж?не «риза» - тамыр) т?зіледі. ?ара?ай тамырымен селбесу ар?ылы са?ырау??ла?тар топыра?та?ы кейбір ?сімдік сі?іре алмайтын а?залы? заттарды сі?іруге к?мекктеседі. ?здері ?сімдік тамырынан ?ажетті заттарды пайдаланады.

   А?аш саба?ы «ді?» деп аталады. Ді?ні? ?абы?ы, с?регі ж?не нашар білінетін ?зегі болады. ?ара?ай ді?деріні? ?зегі ?зер бай?алады. С?ректе а?залы? заттарды жина?тайтын ж?не ?ор?а жинайтын негізгі ?лпалар ?те аз. Оны? есесіне ?лі жасушалы ?ткігзіш ?лпалар 90-95% -?а дейін жетеді.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?дімгі ?ара?ай, ?ыл?ан жапыра?ты ?сімдіктерді? т??ым ар?ылы к?бейуі" та?ырыбында саба? жоспары »

Сыныбы: 6 Пәні: Биология


Сабақтың тақырыбы: Кәдімгі қарағай, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Кәдімгі қарағай, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс

Сабақ өту әдісі: Баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы ( 10 мин): Сабақты оқып келу, жұмыс дәптеріне орындау. «Ашық тұқымды өсімдіктер ». Зертханалық жұмысына дайындалып келу.

III Жаңа сабақты түсіндіру ( 10 мин) :

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік.

Кәдімгі қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла, таралып өседі. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жамана тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Ұсақ тамыршаларда микориза (грекше «микос»-саңырауқұлақ және «риза» - тамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын ағзалық заттарды сіңіруге көмекктеседі. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады.

Ағаш сабағы «дің» деп аталады. Діңнің қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады. Қарағай діңдерінің өзегі әзер байқалады. Сүректе ағзалық заттарды жинақтайтын және қорға жинайтын негізгі ұлпалар өте аз. Оның есесіне өлі жасушалы өткігзіш ұлпалар 90-95% -ға дейін жетеді.

Қарағай бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршықтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі тұқымдық деп аталады.екі түрлі қабыршақтар бірімен-бірі тұтасып кетеді. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбастама (тұқымбүршік) түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар – аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп қарағайдың бір бұтағында аналық және аналық бүрлер болады. Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп аталады.

Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқмбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтар шайырмен желімделеді. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. «Жұмыртқажасуша» дегеніміздің аналық жыныс мүшесінде дамитын аналық жыныс жасушасы. Жұмыртқажасуша ұрықтануға әзір болу үшін уақыт кажет. Аналық бүрдің көлемі ұлғайып, жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм (грекше «ендон»-ішкі + «сперма»- тұқым) – қоректендіруші ұлпа пайда болады. Сөйтіп жұмыртқажасуша түзіледі. Бұған бір жыл кажет. Тұқымбүршік бір жылдан соң, келесі жазда ғана ұрықтанады.

Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен қозғала алмайды. Желдің көмегімен ұшып келіп, аналық жасушаны ұрықтанады. Аталық және аналық жасушалардың қосылып, ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспремнен және тұқым қауызынан (өңінен) құралады.

Түзілген тұқымның сыртқы шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп-жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзыңдығы 4-6 см-ге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Қылқан жапырақты өсімдіктер ашық тұқымды өсімдіктер тобына жатқызылады. Қарағайдан басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Мұндай тұқымды жел оңай таратады.

Қорытынды: Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Ашық тұқымды өсімдіктер сүрегінен әртүрлі бұйымдар жасалады, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.




ІV. Бекіту (20 мин). № 21. Зертханалық жұмыс

Ү.Бағалау кезеңі (2 мин):

ҮІ.Үйге тапсырма (2 мин): «Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы» оқу, конспектілеу.

22. Зертханалық жұмысқа дайындалып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Саменова Жанерке Жаналыковна

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210349


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства