kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторлық бағдарлама туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізіндегі «Зайсантану» курсы-жасампаздық бастауы

 

 Назарбекова Жадыра Келгенбайқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданы

Зайсан ауданы әкімдігінің «Жарсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа өз туған жерінің тарихын, географиясы мен әдебиетінің, мәдениетінің жауһарларын бойларына  сіңірте отырып, патриотизмге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды. Рухани жаңғыру әр адам баласының ішкі болмысын өзгертіп, болашаққа бағдар алатын «темірқазығы» іспетті. Өскелең ұрпаққа осы бір туған жерге деген сезімін дамытудың  жолы «Өлкетану» курстары негізіндегі жасалатын жұмыстар.«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге –Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады»-деген Президентіміздің сөзін басшылыққа ала отырып, 7-сынып оқушыларына «Өлкетану» курсы негізінде «Зайсантану» бағдарламасын меңгертуді мақсат еттік. «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып өзіміздің туған жеріміз киелі Зайсан өлкесінің  географиясы, тарихы, әдебиеті, мәдениеті, өсімдіктер, жануарлар дүниесі туралы мәліметтерін кеңейту де ойда болған ісіміз еді. Зайсан ауданындағы киелі жерлер туралы да оқушыларға кеңінен ақпараттар беру үшін арнайы сағаттар бөлінді. Шілікті жеріндегі «Зайнолда мешіті»- талай ананың құрсақ көтеріп ана атануына себеп болса, Талды-арасан жеріндегі батпақ буын ауруы бар емделушілер үшін аспан астындағы санаторийге айналғалы қашан?! Шүршітсу жеріндегі Минералды бұлаққа алыстан келіп «еміме сеп болды деп» бөтелкеге құйып алып жатқанын да талай көргенбіз. Киелі жерлеріміз туралы айта берсек әрине көп. Дегенмен курсымыз 7-сынып оқушыларына арналғандықтан оларды іріктеп алуды көздедік.

  Зайсан жері мен еліне қатысты талай аңыздар да бар. Оқушылар үшін оларды білу де артықшылық етпейді. Сондықтан бұл тақырыпқа да соғып,  ел арасында айтылып жүрген біршама аңыздарға тоқталмақпыз. Жуырда ғана «Жәнделі қызға» арналған, ел арасында «Ресторан» аталып кеткен жерде ескерткіш қойылды. Не себепті екені оқушылар үшін өте қызық. Міне, осы тарихи бейненің жоңғарлармен болған соғыста көрсеткен ерлігі, қыз болса да елін қорғап қалған батырлығы туралы Зайсан оқушылары өздері арнайы түсірген бейнематериалды көрсете отырып түсіндірсек ұтымды болары анық. Ең бастысы, Зайсан ауданы туралы білімдерін кеңейте отырып, өзіміздің кіші Отанымыз Жарсу ауылымен байланыстыра беру басты ойымыз болды. Әр өткен тақырыпта өзіміздің туған жерімізбен байланыстыру оқушылардың да қызығушылығын оятары анық. Осы тұста ауылымыздағы «Ақбейіт» атанып кеткен Балқия анаға тұрғызылған кесене туралы айтып өткен орынды болар еді. Жеті қызды дүниеге әкелген ананы күйеуі өлген соң ауылдан «Ұл тумадың» деп қуады. Көшіп бара жатқан жолда дүние салған анаға қыздары ұлдардың ісіне бергісіз етіп, жылқының сүтіне илеп, қылын салып кесене тұрғызған. Бұл кесене әлі күнге дейін қалпын сақтап тұр. Сиырды өріске айдаған сайын жанынан өтетін оқушылар үшін бұл да бір тәрбиенің белгісіндей екенін ұғындыра білгеніміз жақсы болар еді. Осы бір аңызды ауылда бірі білсе, бірі білмей де жатады. Әр ауылдың өзіне тән, топонимикасына негізделген аңыздары болады. Осылар туралы да айтып өткен орынды. Елбасымыз айтқандай туған жерге деген үлкен махаббат кішкентай ауылды сүюден басталатыны түсінікті емес пе?!

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді»-деген сөзін негізге ала отырып бағдарламамызда тарихи ескерткіштер туралы оқушылар білім кеңейтуді көздедік.

 Зайсантану курсы негізінде ауданымыздағы ескерткіштер туралы да оқушылардың түсінігі болғаны дұрыс. Зайсан қақпасынан кірген тұста бой көтерген «Ауған соғысы ардагерлеріне» арналған ескерткіш туралы айтар тұста, Зайсан ауданынан соғысқа аттанғандар, оралғандар мен соғыста қаза тапқандар, «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған» ескерткіш туралы айтарда жалпы мәліметпен бірге, тылда қызмет еткен Үрімжан Торғауытова сынды жерлесіміздің ерен ерліктері туралы да айтуды жөн санадық. Ауылымызда көше аты берілген батыр ананың ерлігі халық жадында сақталады. Көше дегенде ойымызға келетін тағы бір есім Кәкетай Қымызбаев -сынды соғыс ардагері. Ауылымызда ескерткіш қойылған батырдың ел есінде сақталған, архивтерден соңғы кезде табылған деректері негізінде ауқымды материалдарды жинақтап аудандық мұражайға ұсыну да ойымызда бар жұмыс. Сонымен бірге «Бейбіт күннің батырлары» атанып ел іргесін қорғауда, шекара қызметінде  қаза тапқан жерлестерімізге қойылған құлпытастың маңызы мен батырларымыз туралы да айтып өткен дұрыс деп ойлаймыз. Олардың есімі мен ерлігі болашақ ұрпақ жадында сақталуы керек. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестерімізге арналған ескерткіш туралы түсіндірме жұмысы жүргізілгені де орынды болар еді.

 Зайсан ауданында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары да оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы тақырып болар еді. «Алтын адамның» тағы бір мекені атанған Шілікті жері, онда жүргізілген қазба жұмыстары, Қараталдағы қазба жұмыстары туралы толық мәлімет берілгені дұрыс деп ойлаймыз. Мәлімет әрине өте көп. Дегенмен оларды оқушылардың жас ерекшелігіне сай іріктеп ұсынбақпыз.

 Зайсан қаласы-көрікті қала. Шағын болса да салтанатына сәулеті жарасқан елді мекен. Осы жердегі сәулет өнерінің дамуы, сан ғасырлар бойы халыққа қызмет етіп тұрған Баязит Сатпаев тұрғызған үйлердің ерекшелігі, уақыттың сынына төтеп беріп тұрған себебі туралы да айтып өтпекпіз.

 Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек» -деген тапсырмасы негізінде туристік-экспедициялық, зерттеу-саяхат, шығармашылық –саяхат сабақтарына да арнайы сағаттар бөлінді. Бұл сағаттардың оқушылардың ізденісі үшін өте көп көмегі болары хақ. Өз көздерімен көріп, шағын зерттеу жұмыстарын жасай отырып, ғылыми жобаларға дайындықты бастауларына да негіз болады.

 Зайсантану курсын меңгертуде туған жеріміздің климаты мен жануарлар,құстар,өсімдіктер дүниесі, олардың ішінде «Қызыл кітапқа» енген түрлері туралы да айтқан орынды болар еді. Осы тұста қазіргі кездегі оқушыларымыздың қызығушылығын арттырып жүрген фотагаллерея жұмысын жандандыруға болады. Зерттеу-саяхат сабағы қорытындысы негізінде «Туған жердің тоғыз кереметі» атты көрме ұйымдастыру жоспарланған.

Зайсан ауданындағы  қазба байлықтар, ел экономикасын көтерудегі көмір, газ өндірісі туралы оқушылардың алғашқы түсініктерін кеңейте отырып, аудан халқы, оның құрамы туралы да сөз етіледі.

  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы-Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы,сан алуан этнос өкілдерінің тарихы туралы жоба негізінде бүгінгі еліміздің өркендеуіне үлес қосып отырған кәсіпкерлеріміздің жүріп еткен жолын, соның ішінде ауылымыздан шыққан кәсіпкерлердің еңбегін оқушыларға үлгі ету бойынша кездесу, сұхбат  сабақтар өткізуді жоспарладық. «Өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар» оқушылар үшін таптырмас бағдар болар еді.

Әдебиетсіз, мәдениетсіз халық болмайтыны белгілі. Осы тұрғыдан Зайсан ауданынан шыққан ақын, жазушылар, өнер қайраткерлері, мәдениет майталмандары туралы оқушыларға кеңінен мәлімет беріліп, бүгінгі күні ел дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтар туралы шығармаларынан үзінділер оқыту жоспарланды. Осы тұста да Кіші Отанымыз Жарсу ауылынан шыққан қарымды қаламгер К.Сегізбаев туралы, туған жеріне арналған шығармалары туралы да айтуды жөн санадық.

 «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек»-дейді Елбасымыз. Осы негізде спорт майталмандары туралы да айту керек екенін түсіне отырып, арнайы сағат бөлінді. Г.Исанова, З.Файзолданова, Қ.Қыдырпатшаев сынды бүгінгі күнде ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз туралы да айту орынды болар еді. Оқушылар тарапынан аталған тақырыптардың қызық,әрі құнды ақпарат болары сөзсіз.

34 сағатқа негізделген авторлық бағдарламамызда жан-жақты тақырыптарды қамтуды көздедік. «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» екенін ескере отырып, Өлкетану негізінде құрылған Зайсантану бағдарламасы жаңа өзгеріске бағытталған, заманның ығына қарай икемделе жасалған бағдарлама деп ой түйдік. «Өмір сүрі үшін өзгере білу керек» қағидатына негізінде Өлкетану бағдарламасын «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үйлестіре отырып ұсынамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторлық бағдарлама туралы»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізіндегі «Зайсантану» курсы-жасампаздық бастауы

Назарбекова Жадыра Келгенбайқызы


Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданы

Зайсан ауданы әкімдігінің «Жарсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа өз туған жерінің тарихын, географиясы мен әдебиетінің, мәдениетінің жауһарларын бойларына сіңірте отырып, патриотизмге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды. Рухани жаңғыру әр адам баласының ішкі болмысын өзгертіп, болашаққа бағдар алатын «темірқазығы» іспетті.. Өскелең ұрпаққа осы бір туған жерге деген сезімін дамытудың жолы «Өлкетану» курстары негізіндегі жасалатын жұмыстар.«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі... Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге –Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады»-деген Президентіміздің сөзін басшылыққа ала отырып, 7-сынып оқушыларына «Өлкетану» курсы негізінде «Зайсантану» бағдарламасын меңгертуді мақсат еттік. «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып өзіміздің туған жеріміз киелі Зайсан өлкесінің географиясы, тарихы, әдебиеті, мәдениеті, өсімдіктер, жануарлар дүниесі туралы мәліметтерін кеңейту де ойда болған ісіміз еді. Зайсан ауданындағы киелі жерлер туралы да оқушыларға кеңінен ақпараттар беру үшін арнайы сағаттар бөлінді. Шілікті жеріндегі «Зайнолда мешіті»- талай ананың құрсақ көтеріп ана атануына себеп болса, Талды-арасан жеріндегі батпақ буын ауруы бар емделушілер үшін аспан астындағы санаторийге айналғалы қашан?! Шүршітсу жеріндегі Минералды бұлаққа алыстан келіп «еміме сеп болды деп» бөтелкеге құйып алып жатқанын да талай көргенбіз. Киелі жерлеріміз туралы айта берсек әрине көп. Дегенмен курсымыз 7-сынып оқушыларына арналғандықтан оларды іріктеп алуды көздедік.


Зайсан жері мен еліне қатысты талай аңыздар да бар. Оқушылар үшін оларды білу де артықшылық етпейді. Сондықтан бұл тақырыпқа да соғып, ел арасында айтылып жүрген біршама аңыздарға тоқталмақпыз. Жуырда ғана «Жәнделі қызға» арналған , ел арасында «Ресторан» аталып кеткен жерде ескерткіш қойылды. Не себепті екені оқушылар үшін өте қызық. Міне, осы тарихи бейненің жоңғарлармен болған соғыста көрсеткен ерлігі, қыз болса да елін қорғап қалған батырлығы туралы Зайсан оқушылары өздері арнайы түсірген бейнематериалды көрсете отырып түсіндірсек ұтымды болары анық. Ең бастысы, Зайсан ауданы туралы білімдерін кеңейте отырып, өзіміздің кіші Отанымыз Жарсу ауылымен байланыстыра беру басты ойымыз болды. Әр өткен тақырыпта өзіміздің туған жерімізбен байланыстыру оқушылардың да қызығушылығын оятары анық. Осы тұста ауылымыздағы «Ақбейіт» атанып кеткен Балқия анаға тұрғызылған кесене туралы айтып өткен орынды болар еді. Жеті қызды дүниеге әкелген ананы күйеуі өлген соң ауылдан «Ұл тумадың» деп қуады. Көшіп бара жатқан жолда дүние салған анаға қыздары ұлдардың ісіне бергісіз етіп, жылқының сүтіне илеп, қылын салып кесене тұрғызған. Бұл кесене әлі күнге дейін қалпын сақтап тұр. Сиырды өріске айдаған сайын жанынан өтетін оқушылар үшін бұл да бір тәрбиенің белгісіндей екенін ұғындыра білгеніміз жақсы болар еді. Осы бір аңызды ауылда бірі білсе, бірі білмей де жатады. Әр ауылдың өзіне тән, топонимикасына негізделген аңыздары болады. Осылар туралы да айтып өткен орынды. Елбасымыз айтқандай туған жерге деген үлкен махаббат кішкентай ауылды сүюден басталатыны түсінікті емес пе?!

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді»-деген сөзін негізге ала отырып бағдарламамызда тарихи ескерткіштер туралы оқушылар білім кеңейтуді көздедік.

Зайсантану курсы негізінде ауданымыздағы ескерткіштер туралы да оқушылардың түсінігі болғаны дұрыс. Зайсан қақпасынан кірген тұста бой көтерген «Ауған соғысы ардагерлеріне» арналған ескерткіш туралы айтар тұста, Зайсан ауданынан соғысқа аттанғандар, оралғандар мен соғыста қаза тапқандар, «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған» ескерткіш туралы айтарда жалпы мәліметпен бірге, тылда қызмет еткен Үрімжан Торғауытова сынды жерлесіміздің ерен ерліктері туралы да айтуды жөн санадық. Ауылымызда көше аты берілген батыр ананың ерлігі халық жадында сақталады. Көше дегенде ойымызға келетін тағы бір есім Кәкетай Қымызбаев -сынды соғыс ардагері. Ауылымызда ескерткіш қойылған батырдың ел есінде сақталған, архивтерден соңғы кезде табылған деректері негізінде ауқымды материалдарды жинақтап аудандық мұражайға ұсыну да ойымызда бар жұмыс. Сонымен бірге «Бейбіт күннің батырлары» атанып ел іргесін қорғауда, шекара қызметінде қаза тапқан жерлестерімізге қойылған құлпытастың маңызы мен батырларымыз туралы да айтып өткен дұрыс деп ойлаймыз. Олардың есімі мен ерлігі болашақ ұрпақ жадында сақталуы керек. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестерімізге арналған ескерткіш туралы түсіндірме жұмысы жүргізілгені де орынды болар еді.

Зайсан ауданында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары да оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы тақырып болар еді. «Алтын адамның» тағы бір мекені атанған Шілікті жері, онда жүргізілген қазба жұмыстары, Қараталдағы қазба жұмыстары туралы толық мәлімет берілгені дұрыс деп ойлаймыз. Мәлімет әрине өте көп. Дегенмен оларды оқушылардың жас ерекшелігіне сай іріктеп ұсынбақпыз.

Зайсан қаласы-көрікті қала. Шағын болса да салтанатына сәулеті жарасқан елді мекен. Осы жердегі сәулет өнерінің дамуы, сан ғасырлар бойы халыққа қызмет етіп тұрған Баязит Сатпаев тұрғызған үйлердің ерекшелігі, уақыттың сынына төтеп беріп тұрған себебі туралы да айтып өтпекпіз.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек» -деген тапсырмасы негізінде туристік-экспедициялық, зерттеу-саяхат, шығармашылық –саяхат сабақтарына да арнайы сағаттар бөлінді. Бұл сағаттардың оқушылардың ізденісі үшін өте көп көмегі болары хақ. Өз көздерімен көріп, шағын зерттеу жұмыстарын жасай отырып, ғылыми жобаларға дайындықты бастауларына да негіз болады.

Зайсантану курсын меңгертуде туған жеріміздің климаты мен жануарлар,құстар,өсімдіктер дүниесі, олардың ішінде «Қызыл кітапқа» енген түрлері туралы да айтқан орынды болар еді. Осы тұста қазіргі кездегі оқушыларымыздың қызығушылығын арттырып жүрген фотагаллерея жұмысын жандандыруға болады. Зерттеу-саяхат сабағы қорытындысы негізінде «Туған жердің тоғыз кереметі» атты көрме ұйымдастыру жоспарланған.

Зайсан ауданындағы қазба байлықтар, ел экономикасын көтерудегі көмір, газ өндірісі туралы оқушылардың алғашқы түсініктерін кеңейте отырып, аудан халқы, оның құрамы туралы да сөз етіледі.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы-Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы,сан алуан этнос өкілдерінің тарихы туралы жоба негізінде бүгінгі еліміздің өркендеуіне үлес қосып отырған кәсіпкерлеріміздің жүріп еткен жолын, соның ішінде ауылымыздан шыққан кәсіпкерлердің еңбегін оқушыларға үлгі ету бойынша кездесу, сұхбат сабақтар өткізуді жоспарладық. «Өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар» оқушылар үшін таптырмас бағдар болар еді.

Әдебиетсіз, мәдениетсіз халық болмайтыны белгілі. Осы тұрғыдан Зайсан ауданынан шыққан ақын, жазушылар, өнер қайраткерлері, мәдениет майталмандары туралы оқушыларға кеңінен мәлімет беріліп, бүгінгі күні ел дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтар туралы шығармаларынан үзінділер оқыту жоспарланды. Осы тұста да Кіші Отанымыз Жарсу ауылынан шыққан қарымды қаламгер К.Сегізбаев туралы, туған жеріне арналған шығармалары туралы да айтуды жөн санадық.

«Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек»-дейді Елбасымыз. Осы негізде спорт майталмандары туралы да айту керек екенін түсіне отырып, арнайы сағат бөлінді. Г.Исанова, З.Файзолданова, Қ.Қыдырпатшаев сынды бүгінгі күнде ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз туралы да айту орынды болар еді. Оқушылар тарапынан аталған тақырыптардың қызық,әрі құнды ақпарат болары сөзсіз.

34 сағатқа негізделген авторлық бағдарламамызда жан-жақты тақырыптарды қамтуды көздедік. «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» екенін ескере отырып, Өлкетану негізінде құрылған Зайсантану бағдарламасы жаңа өзгеріске бағытталған, заманның ығына қарай икемделе жасалған бағдарлама деп ой түйдік. «Өмір сүрі үшін өзгере білу керек» қағидатына негізінде Өлкетану бағдарламасын «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үйлестіре отырып ұсынамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы.






























1

Зайсанның географиялық орны, орналасуы

1


2

Зайсан тарихы

1


3

Зайсан жерінің зерттелуі

1


4

Зайсандағы киелі жерлер

1


5

Ел-жерге қатысты аңыз-әңгімелер.

1


6

Ескерткіштер және олардың тарихы

2


7

Зайсан Ұлы Отан соғысы жылдарында

1


8

Зайсан жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

1


9

Сәулет өнері

1


10

Туристік-экспедициялық сабақ

1


11

Зайсан жерінің климаты.

1


12

Зерттеу-саяхат сабақ.

1


13

Зайсан табиғаты.

1


14

Зайсан жерінде өсетін өсімдіктер әлемі

1


15

Құстар, олардың түрлері

1


16

Жануарлар,олардың түрлері

1


17

«Қызыл кітап»

1


18

Шығармашылық зерттеу сабағы. «Туған жердің тоғыз кереметі» фотогаллерея

1


19

Зайсан ауданының экономикасы.

2


20

Зайсанның қазба байлықтары. Көмір өндірісі

1


21

Газ және мұнай өндірісі

1


22

Зайсан халқы

1


23

Зайсан жерінен шыққан ақындар мен жазушылар

1


24

А.Егеубаев, М.Қабанбай, Н.Мәукенұлы, Х.Балшабеков шығармашылығы

1


25

К.Сегізбаев, Г.Салықбай, Ұ.Есдәулетов шығармашылығы

1


26

Зайсан топырағынан шыққан өнер қайраткерлері. Әншілер, музыканттар, актерлар туралы

1


27

О.Кәкеев шығармашылығы

1


28

Зайсаннан шыққан ғалымдар мен зерттеушілер

1


29

Зайсаннан шыққан спорт майталмандары

2


30

«Кәсіпкерлікке негіз болған киелі топырақ» сұхбат-сабақ

1


31

Қорытынды сабақ

1



Жалпы сағат саны

34





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Авторлық бағдарлама туралы

Автор: Назарбекова Жадыра Келгенбайкызы

Дата: 03.12.2019

Номер свидетельства: 529941

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) ""Таби?атта ?она?та" 1-сынып?а арнал?ан авторлы? ба?дарлама "
    ["seo_title"] => string(62) "tabig-atta-k-onak-ta-1-synypk-a-arnalg-an-avtorlyk-bag-darlama"
    ["file_id"] => string(6) "204461"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429672900"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "" Практикалы? ?аза? тілі "  авторлы? ба?дарлама."
    ["seo_title"] => string(38) "praktikalykkazaktiliavtorlykbagdarlama"
    ["file_id"] => string(6) "306054"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458044153"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "?ызы?ты математика 7 сынып Авторлы? ба?дарлама"
    ["seo_title"] => string(42) "kyzyktymatiematika7synypavtorlykbagdarlama"
    ["file_id"] => string(6) "300827"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456808499"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "avtorlyk-bag-darlama-tug-an-olkie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431282678"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Табыс?а барар жол» т?рбие ж?мысы бойынша  АВТОРЛЫ? БА?ДАРЛАМА"
    ["seo_title"] => string(55) "tabyskabararzholtrbiiezhumysyboiynshaavtorlykbagdarlama"
    ["file_id"] => string(6) "315636"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459935513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства