Аудандық «Абай оқуы»
2017 жылдың 1 наурыз күні Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің базасында аудандық Абай оқулары өтті. Аталған шараға ауданымыздың мектептерінен 22 үміткер қатысты. Биылғы жылы өткізілген Абай оқуларының «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сайыста оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. 2-кезеңінде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты сайыста ақынның қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыды, 3-кезеңде «Көңілім әнді ұғады» Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы өтті. Оқушыларды бағалау кезінде олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 2 топқа, яғни жоғарғы буын мен орта буын болып бөлді. Абай оқуларына барлық оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салуға тырысты. Конференцияға аудандағы барлық мектептерден 51 оқушы қатысып, 19 оқушы «І», «ІІ», «ІІІ» дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Районные "Абаевские чтения"
1 марта 2017 года в школе искусств имени Жаяу Мусы прошел районный этап конкурса "Абаевские чтения". В конкурсе приняли участие представители 22 школ района. Конкурс этот особенный, состоит из трех частей. В секции «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» участники читали стихотворения Абая наизусть. Во второй секции «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» проверялось знание "Слов назидания" великого поэта: участники читали наизусть. В секции «Көңілім әнді ұғады» прошел конкурс песен великого Абая. Все участники были разделены на две группы в зависимости от их возраста. Все участники старались выразить свои творческие способности, были активны и инициативны. В конференции участвовали 51 учащихся из разных школ района. Из них 19 были награждены Дипломами І, ІІ, ІІІ степени