VIII Махамбет оқулары
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрлі “Махамбет оқулары” өтті. Мақсаты дауылпаз ақын Махамбеттің күй-термелері мен әндерін кеңінен насихаттау, ұлтжандылыққа, елсүйгіштікке тәрбиелеу, дарынды жастарды анықтай отырып олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Байқауға ауданымыздың 17 мектебінен 41 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Аудандық Махамбет оқулары үш бөлімнен тұрады.
«Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу сайысы бойынша: бас жүлде иегері Қ.Сәтбаев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Аманжол Сержан, І орын иегері № 1 Майқайың қазақ мектебінің 7- сынып оқушысы Ақерке Дәулетбек, ІІ орын иегері Бірлік орта мектебінің 7- сынып оқушысы Қожанов Ердәулет, ІІІ иегері М.Ж.Көпейұлы атындағы мектептің 8- сынып оқушысы Талиф Арайлым, номинациялар иегерлері З.Ақышев атындағы мектептің 9- сынып оқушысы Адай Төлепберген, Бірлік орта мектебінің 11- сынып оқушысы Қаммет Береке және Ақши орта мектебінің 6- сынып оқушысы Жүнісбекова Жаннұр.
«Ұлы арман» – Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың сайысы бойынша: бас жүлде иегері Үшқұлын негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Сапашов Арман, І орын иегері Бірлік орта мектебінің 9- сынып оқушысы Зархым Аида, ІІ орын иегері Ш.Айманов атындағы мектептің 6- сынып оқушысы Дәулетқан Нұр, ІІІ орын иегері Ж.Аймауытов атындағы мектептің 10- сынып оқушысы Шарапиденова Айымжан.
«Тартынбай сөйлер асылмын…» мүшәйра сайысы бойынша бас жүлде иегері Ә.Марғұлан атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Алданыш Шолпан, І орын иегері Ш.Айманов атындағы мектептің 10- сынып оқушысы Амангелді Раушан, ІІ орын иегері Сұлужон орта мектебінің 10- сынып оқушысы Қапаров Дәурен, ІІІ орын иегері Ж.Аймауытов атындағы мектептің 10- сынып оқушысы Дүйсен Мақпал, «Жас ақын» номинациясының иегері Б.Хайдаров атындағы мектептің 6- сынып оқушысы Кәукен Тотия.
Конференцияға қатысушылар «І», «ІІ», «ІІІ» дәрежелі дипломдармен марапатталды.