kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көктемнің 1-кезеңі—ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуір айына дейін созылады. Бұл кезеңде қар еріп-суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады. Күн жылынып, аспандағы қою бұлттар сирей бастайды.
2- оқушы
Көктемнің 2-кезеңі—ортаңғы көктем. Бұл кезең мамыр айына дейін созылады. Бұл кезеңде қара мойыл ағашы гүлдеп, жәндіктер тіріле бастайды. Жәндіктерге көбелек, бал арасы, құмырсқа, қанқызы, шыбын жатады. Сондай-ақ бүршік жарған ағаштардың жапырағы жайқалып өсе бастайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!»»

№20 орта мектеп





Тәрбие сағаты 4-сынып

Өткізген: Ж.К. Адилханова





















2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!»
Мақсаты: балалардың табиғат құбылысындағы өзгерістерге деген    қызығушылығын арттыру, көктем мезгілі кезіндегі өлі және тірі табиғатта болатын белгілерді ауызша айтқызу арқылы білімдерін жетілдіру;сөздік қорларын көбейту, тіл байлығын жетілдіру;
табиғаттың әдемі көрінісін сезе білуге, қорғай білуге тәрбиелеу; үлкендердің еңбегін бағалап құрметтеуге тәрбиелеу.

Көктем дыбысы музыка

1-жүргізуші:

Келіпті көктем,
Көрікті неткен.
Тал бүрлеп өскен
Күн нұрын төккен,
Келіпті көктем.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар!
Қары еріп даланың,
Аулаларда су ақты.
Ақ жүзіндей ананың
Күндер келді шуақты—дей келе
 «Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-оқушы
Көрік беріп бар маңға
Көктем келіп қалған ба?
Сырғалары сыңғырлап
Ырғалады талдар да.
 2- оқушы
Күн жылынып, қар еріп,
Шықты қырға мал өріп.
Жыл құстары әндетіп,
Гүлдеп кетті бар өрік.
3- оқушы
Ағаштарды сілкілеп
Жел өтеді дүркіреп.
Ауық-ауық аспан да
Қояды бір күркіреп.
4- оқушы
Айналаның бәрі гүл
Келді көктем тағы бір.
Жамиғаттың жұмағы
Табиғаттың сәні бұл.
5-оқушы

Шықтық міне қыстың суық қаhарынан,

Сезіледі жылылық күннің нұрлы жанарынан,

Жер көктеп, дала гүлдеп сала берді.

Ағылады бұлақтар сай-саладан.

6-оқушы

Көктемнің әр-бір күні қуантады,

Көктемнің әр-бір таңы оятады,

Құлпырып қызыл, сары қызғалдақтар,

Хош иісі жандүниеңді бойлатады.

Ән: « Жау-жау жаңбыр »



2-жүргізуші: Балалар, жер бетін жасыл кілемге орайтын, өзіміз асыға күткен көктем мезгілі барша тіршілік иесін қуанышқа бөлеп отыр. Көктемнің басын ауа райын зерттеушілер 1-наурыздан басталады десе, аспан әлемін зерттеушілер күн мен түн теңелгенде, өсімдік танушылар үйеңкі ағашының бойынан шырын жүре бастағанда басталады дейді. Сондықтан да көктем мезгілі 3 кезеңге бөлінеді. Ол қандай кезеңдер?
1-оқушы
Көктемнің 1-кезеңі—ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуір айына дейін созылады. Бұл кезеңде қар еріп-суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады. Күн жылынып, аспандағы қою бұлттар сирей бастайды.
2- оқушы
Көктемнің 2-кезеңі—ортаңғы көктем. Бұл кезең мамыр айына дейін созылады. Бұл кезеңде қара мойыл ағашы гүлдеп, жәндіктер тіріле бастайды. Жәндіктерге көбелек, бал арасы, құмырсқа, қанқызы, шыбын жатады. Сондай-ақ бүршік жарған ағаштардың жапырағы жайқалып өсе бастайды.
3-оқушы
Көктемнің 3-кезеңі—жай көктем. Бұл көктем маусым айына дейін созылады. Бұл кезеңде жеміс-жидек ағаштары гүлдеп, табиғат тамашасын көркейте түседі.
Көктемде табиғат құлпыра түседі. Қалай санасақ та наурыз—көктем мезгілінің алғашқы айы. Сіздер көктем мезгіліндегі өлі табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді байқап жүрсіздер. Осы өлі табиғатқа нелер жатады?
4-оқушы
Өлі табиғатқа қар, мұз, жаңбыр, тас, құм, жатады.
Дұрыс, осы өлі табиғаттағы көктем мезгіліндегі өзгерістер жайында не білеміз?
5-оқушы
Наурыз айында күн мен түн теңеледі. Сәуір айында күн ұзара бастайды. Күн шуағы молайып, жер қызып, қар еріп, өзен-көлдің бетіндегі мұз еріп,су молаяды.
Жақсы, көктем мезгілі тірі табиғатқа да үлкен әсер етеді. Тірі табиғатқа нелер жатады?
Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар жатады.
Би: «Аққу»

1-жүргізуші: Жақсы, балалар, көктем басталысымен жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұл көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Олардың аттары қандай?

Көрермендер жауабы:
 Бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын—көктемнің алғашқы гүлдері.
2-жүргізуші:

Рахмет, сондай-ақ бау-бақша, орман-тоғайда құстардың әсем әуені естіле бастайды. Ауыл мен қалаға ең алғаш қандай жыл құсы ұшып келеді?
Көрермендер жауабы:

Ең алғаш көктемде қараторғай ұшып келеді. Содан кейін бозторғай, қызғыш, аққу, қаз, тырна, қарлығаш ұшып келеді.
1-жүргізуші:

Елін сағынып келген қанатты достарымызды кең байтақ Қазақстан даласында ешкім мылтық атып қарсы алмайды. Себебі көктемде құс атуға тыйым салынған. Бұл сәтте адамдардың құстарға деген ерекше қамқорлығы қажет. Сонымен құстарды қалай қарсы алуымыз керек?
«Құстар әні»
2-жүргізуші:

Дұрыс, балалар, көктемде қыс бойы ұйқыда жатқан қандай аңдар еді?
Көрермендер: (аю, борсық,сарышұнақ,суыр)
Бұл аңдар жайлы не білеміз?
1-жүргізуші:
Қысқы ұйқыда жатқан аюлар оянып, орман кезіп, тіршілігін жалғастырады. Борсық, суыр, сарышұнақтар тоңған денесін күншуаққа қыздыруға шығады, ойнайды.
Иә, жыл маусымдарының да, тіршіліктің де қайнар көзі—көктем. Ақын-жазушыларымыз осы көктем мезгілін жан-жақты суреттеген. Олай болса сөз кезегін аңдарға берейік.

«Көктем сәні?!» атты көрініске кезек берейік

1.Су дауысы музыка

2. Әтештің дауысы

Сахнада әртүрлі аңдар ұйықтап жатады. Жай музыка ойналады. Әтештің шақырған дауысы естіліп, таң атады. Аңдар біртіндеп керіліп, есінеп тұра бастайды. Бәрі бірдей музыкаға қосылып таңғы жаттығу жасайды. Сосын әрқайсысы өз шаруасын жасай береді.
Бір кезде аң патшасы – арыстан оянады. Керіледі, созылады, жан - жағына қарап көктем келбетіне тамсанады. Содан соң жан - жағына қарап көмекшісі жолбарысты іздей бастайды. Жолбарысты былай деп шақырады:
- Әй, жолбарыс бері кел,
Аңдардың бәрін ерте кел.
Оларға қояр сұрақ бар,
Мұқият бәрің тыңдап ал!
Жолбарыс жүгіріп жүріп барлық аңдарға жар салады:
- Әй, жарандар, жарандар!
Маған қарай қараңдар!
Аң патшасы арыстанның
Бәріңе қояр сауалы бар.
Барлық аңдар жиналып, біртіндеп арыстанға сәлем беріп жинала бастайды.
Арыстан:
- Армысыңдар, жандарым!
Бармысыңдар, аңдарым!
Сендерге қояр сауал бар
Мұқият маған қараңдар!
Күн ұзарып, жылыды,
Көктем келді далама.
«Көктем сәні» деген не?
Сауалым бар баршаңа!
«Көктем сәні?!»деп жануарлар бір - біріне таңырқай қарасады да, өз ойларын айта бастайды.
Аю : Көктем сәні - алтын күн,
Жарқырайды жарқын күн!
2. Ит : Көктем сәні – шұбар бұлттар,
Сол бұлттардан жаңбыр жауар.
3. Түлкі : Көктем сәні дегеніміз - гүл тақсыр!
Гүлдей жайнап жүрейікші, біз, тақсыр!
4. Мысық : Көктем сәні - жасыл желек,
Сол желекте жүрміз билеп.
5. Қоян : Көктем сәні - ағаштар,
Ауамызды тазартар!
6. Ақ аю : Көктем сәні - құстар ғой,
Ән салады шарықтап.
8. Жылан, қой :
Көктем сәні - жаңа туған төлдер ғой,
Өрістерде жүгіреді сайран сап.
9. Жылан: Көктем сәні - тамшылаған жаңбырлар,
Жерімізді көк шөптерге толтырар.
10. Қоян :
Көктем сәні - мөлдір су,
Құмарыңды қандырар.
Барлық жануарлар айтып болғанда тек бұлғын ғана үндемей тұрады. Арыстан оған қарап:
- Ау, бұлғын батырым,
Бәрі айтты өз ойын.
Сенде айтар сөз жоқ па?
Қане, сен де сөз баста!
Бұлғын жан - жағына қарап алып:
- Ау, хан ием, не дейін,
Қарап тұрмын таңырқап.
Әне күн тұр жарқырап,
Әне гүл тұр жайқалып
Қарасам көз тоймайды.
Суың, нуың, хош иіс
Бәрін қоссаң сол дұрыс.
Көктем сәні сол болады.
Көңілің нұрға толады.
Барлық жануарлар: «Дұрыс, дұрыс!» деп шуласады.
Арыстан: Дұрыс айттың, бұлғынжан!
Көктем сәні осылар!

Ән: «Шақырады көктем»
2-жүргізуші:
Міне, балалар, адамдар да, жан - жануарлар да көктемді асыға күтеді. Көктем мезгілін жақсы көреді. Көктем келгенде туған жеріміз де құлпырып кетеді.
1-оқушы
Көктем деген немене?
Көктем деген көп жаңбыр.
Әнге салып әуеде
Қарлығаш ол тұрған бір.
Көктем деген балалар,
Құлыншақ қой зулаған
Еркелеген далаға
Құрық салсаң тулаған.
2-оқушы
Көктем деген ашылған
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында
Жаңа туған қозы ғой.
Көктем деген қыстағы
Әніміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой
Туған жерге қайтатын.

3-оқушы

Табиғат мың құбылып өзгереді,

Ормандар, жерде шөптер көгереді,

Кең байтақ қазағымның даласында,

Бүлдіршіндер жас құлындай жүгіреді.

4- оқушы

Келді міне нұрлы көктем,

Құшақ жая сүйді беттен.

Біз көктемді қарсы аламыз,

Би билейміз, ән саламыз.

5-оқушы

Табиғаттың көркіне көз тоймайды,

Бойымызда жылы сезім мың бойлайды,

Халқымыз көктем мезгілін қарсы алып,

Қуанышпен, шат көңілмен мол тойлайды.

1-жүргізуші:

Ал, балалар, осы көктем мезгілінде болатын мерекелерді білесіңдер ме?
Көрермендер: (Аналар мейрамы, Наурыз, Ғарышкерлер күні...)
 Рахмет, балалар, келер аптада 8-Наурыз Аналар мен қыздар мерекесін тойлаймыз.
2-жүргізуші:
 Тілі шыққан жаңадан
Құйттай інім Мамажан:
«Ана! Ана! Анажан!»-
Деп сөйлеп жүр манадан.
Осы сөзді көбіне,
Қайталауы тегін бе?!
Тілім алғаш «Ана!» - деп
Шыққан шығар менің де.
-Міне, балалар дүниеге келген жас нәресте ең алғаш сөзді, ең алғаш әнді анасынан естиді, анасынан үйренеді. Сондықтан болар ең алғашқы олардың сөзі – «Мама!». Дүниеде анасыз адам болмайды. Мына отырған сендер де, сендердің ата-аналарың да, мен де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алған  жандармыз. Әр ана, әр әке баласының жақсы оқығанын, өмірінің жақсы, еш мұқтажсыз болуын тілейді және сол үшін еңбек етіп күреседі.
1-жүргізуші:
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – күн,
Әркім сүйіп, өзінің,
Мақтан етер анасын.
Ұстаз-аналардың құрметіне «Анашым» әні. Қабыл алыңыздар!
 2-жүргізуші:
Жарқырап тұр күніміз,
Жайқалсын жас гүліміз.
Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен
 Көңіл гүлдей жайнасын!—дей келе бүгінгі «Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!» тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
 
 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!»

Автор: Адилханова Жанар Капиятовна

Дата: 18.12.2016

Номер свидетельства: 370843

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?ош келді?, Наурыз" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(35) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "186034"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426266441"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?з наурыз ?ош келді?" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(37) "z-nauryz-k-osh-kieldin-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "185652"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426226870"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді? ?з наурыз "
    ["seo_title"] => string(24) "k-osh-kieldin-z-nauryz-3"
    ["file_id"] => string(6) "203764"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429541142"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош келді?, Наурызым!""
    ["seo_title"] => string(22) "k-osh-kieldin-nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "307132"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458273678"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(18) "koshkieldinznauryz"
    ["file_id"] => string(6) "295104"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455783293"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства