Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?, Наурызым!"»
«Қош келдің Наурызым»
Жүргізуші: Наурыз келді шуақтарға нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Төрлет Наурыз жыл басы!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем.
Көктемде күн жылынады,қар ериді, шөптер шыға бастайды.
Жылы жақтан құстар келеді. Көктем айы наурыз жыл басыекен. Көктеммен бірге Наурыз жаңа жыл мерекесі келеді.
Наурыз-қазақ халқының ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан халқымыз «Жыл басы»Ұлысттың ұлы күні деп атайды.
Құтты болсын мерекең
Наурыз айы туыпты
Әне Наурыз келеді
Әсемденіп жер енді
Көктем әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Рахмет , балалардың наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Мирас
Наурыз тойы береке:
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызып дулы мереке.
Қызық думан құрамыз.
Айерке:
Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді,Наурыз келді жыл басы
Шуаұ төкті жарық күн
Мейрамына халықтың
Әли:
Өнім еккен әніміз.
Бүршік жарған бағымыз
Төлдеп жатыр малымыз
Қазанға толы ақ уыз.
Қарлығаш:
Көктем,көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып біз қаламыз
Салтымызды жаңғыртып
Наурыз тойын тойлаймыз.
Назерке:
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенеледі.
Соны тойлап ел енді,
Наурыз тойы салтымыз.
Айзере:
Құрт бауырсақ шашылып
Наурыз тойы ашылсын
Бір-бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Мөлдір:
Жайдарымыз бәріміз.
Дастарханда дәміміз
Көжесі көп,өыры көп
Өандай жаөсы Наурыз.
Жүргізуші: Балалар Наурыз мерекесінде түрлі ұлттық ойындар
ойналады.Сендерді Арқан тартыс ойынын ойнауға
шақырамын.
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Балалар мерекеде мың бұралған сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Қамажай»
Ән: Наурыз
Бөпенай:
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдеиі
Наурыз көже пісірді.
Ұлықан:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлайық
Дастарханы елімнің
Наурыз жырын жырлаймыз.
Айару:
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала қарлы шың.
Жанель
Рахмет саған Наурызым!
Нұрын шашқан Наурызым!
Жыл бойы аңсаған
Көптен күткен Наурызым.
Мадина:
Наурыз тойы әніміз.
Наурыз өнер сәніміз.
Өлең жырмен той сәнін
Өркендейміз бәріміз.
Дарын:
Ата бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған.
Дархан дала қарлы шың.
Мақсат:
Бата беріп атамыз.
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған
Наурыз көжеден дәм татамыз.
Жүргізуші:
Міне, осылай жаңа жыл,
Тойланады халықта.
Шарықтайық бишіні,
Би билесін қалықтап.
Ұлдардың орындауында «Жорға»биін қабыл алыңыздар
Би:«Жорға»
Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй-деп Наурыз мейрамына арналған «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән:«Наурыз»
Ойын: «Күш сынасу»
«Тақия тастамақ»
Жүргізуші:
«Батамен ел көгерер жаңбырмен жер көгерер,» дегендей Арсен бәрімізге бата берсін.
Дастарханға береке берсін
Бастарыңа мереке берсңн,
Астарыңа адалдық берсін
Дендеріңе саулық берсін! Аумин!
Жүргізуші:Әумин айтқаныңыз келсін! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, осымен «Балдәурен» тобының «Наурыз- Жыл басы» ертеңгілігін аяқтаймыз.