kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Достық қымбат өмірде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»

Жалпы мақсаты:  Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді. 

Міндеттері: 
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады; 
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытады; 
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: Дамытпалы саяхат сабақ

 Әдіс-тәсілдер:  АКТ, жұптық-топтық әдістер, СТО әдіс-тәсілдері, 
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері,  дос туралы мақал - мәтелдер, интерактивті тақта,  слайд, компьютер,  А3 қағазы,  маркерлер,  үлестірме қағаздар. 
Дереккөздер:  Ғаламтор, кітап,  газет, журналдар. 
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді. 
Оқушы өз бетімен ізденеді және өз ойын еркін айта алады. 
Оқушының есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын, өзі басқара біледі. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды. Өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарай алады. Пікірталасқа қатысады. 
Сабақ барысы

Топқа бөлу. Оқушылар екі топқа бөлінеді.  

Мұғалім: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.

Досыңа қосылғанда дем бергендей»

Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,

Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы рухани күшіміз, әдеп-байлығымыз. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақын-абзал дос. Жақсы-адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын ұсынатын адамдар көп болмақ.

 «Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған. Адам  ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар,  достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Достық қымбат өмірде"»

«Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ-сі






Мектепішілік математика пәні мұғалімдерінің семинары



Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»




Өткізген: Садакова Г.

Сыныбы: 5 «Ғ»
























Бейнеу, 2016ж.

Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»

Жалпы мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді. 

Міндеттері: 
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады; 
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытады; 
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: Дамытпалы саяхат сабақ

 Әдіс-тәсілдер: АКТ, жұптық-топтық әдістер, СТО әдіс-тәсілдері, 
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, интерактивті тақта, слайд, компьютер, А3 қағазы, маркерлер, үлестірме қағаздар. 
Дереккөздер: Ғаламтор, кітап, газет, журналдар. 
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді. 
Оқушы өз бетімен ізденеді және өз ойын еркін айта алады. 
Оқушының есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын, өзі басқара біледі. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды. Өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарай алады. Пікірталасқа қатысады. 
Сабақ барысы

Топқа бөлу. Оқушылар екі топқа бөлінеді.  

Мұғалім: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.

Досыңа қосылғанда дем бергендей»

Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,

Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы рухани күшіміз, әдеп-байлығымыз. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақын-абзал дос. Жақсы-адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын ұсынатын адамдар көп болмақ.

 «Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған. Адам  ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.

 Біз достық әлімімен таныс болу үшін, достықты бағалай білу үшін бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды саяхат сабақ ретінде өткізіміз.

Ал, балалар, енді жолға шығуға әзірленейік. Саяхат өте ұзақ болмақ. Біз ой кемесіне мініп, толқындатып, жолда аялдамаларға тоқтап, дем алып, адасып кетпес үшін өз бағыттарымызды анықтап алғанымыз дұрыс. Біздің айналамызда ретімен достық аралдары орналасқан. Әр аралда біздің достарымыз тұрады. Олар бізге тапсырмалар әзірлеп қойыпты. Сол тапсырмаларды орындап, досымызды біздің ортамызға қонаққа шақырайық.

 Бірінші арал.  «Аққуды атпайды,

Достықты сатпайды»

1

Осындай мақал жазылған. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген киелі құс және сұлулық символы. «Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген екі аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер» - деп айтады. Сонда аққулар бір-бірінен айырылмайтын және бір-бірінен айырылса өмір сүре алмайтын құстар. 

Ал достықты сатпау деген не? (Сұрақ қойылды). Қиындыққа, жамандыққа қалдырмау, досы үшін өзінің басын қатерге тосу, досын құтқару - достық өлкесінің заңы болса керек.

«Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов өлең оқылады.

Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды
Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең бұл,
Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.
Досым "киіп көремін" деп әжемнің
Аңдаусызда көз әйнегін сындырды.
Енді қайттік, амал-айла азайып,
Құтылуға өткел іздеп тарықтық.
Досым менің ұяң еді ғажайып,
Әжем өте қатал еді, жарықтық.
- Бала мұнша бола ма екен мазасыз,
Қане, қайсың көзәйнекті сындырған? –
-деді әжеміз, - қалдырмаймын жазасыз,
Сындырған кім?
Алдыма кеп тұр жылдам
Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?
Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:
- Мен сындырдым, кешіріңіз... мен едім..
Дедім үнсіз төмен салып басымды.
Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,
Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы.
Қанша ашулы болғанымен осы рет
Әжем мені жазалаусыз қалдырды.
Лезде кайта көтеріліп еңсеміз,
Көңіліміздің айдынынан күн күлді.
Сол сәтте інім сыбыр етті:
"Сенбеңіз,
Көзәйнекті қонақ бала сындырды".
Әжем кенет ашу буып күйгелек,
Ашу буып аң-таң болып қалды да:
- Жүр бері, - деп құлағымнан сүйрелеп
Ертіп барды нағашымның алдына.
"Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,-
Деп нағашым әңгімесін жалғады, -
Айып па екен, өзін беріп қатерге,
Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!"

Оқушылар өз аралындағы достық қарым-қатынас жайлы әңгімелер айтып береді.

 

Бірінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Екінші арал. Достық туралы мақал-мәтелдер.

2

 Мақалды жалғастыр

  1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

  2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

  3. « … адам тамыры жоқ … тең»

  4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

  5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».

  6. «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен   … ».

  1. «…. басқа қарайды,

… аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз  ….ақылды дұшпан ….».

  2. « Досың мың ….,

… біреу болса да көп».

  1. « …      дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

…             дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

 

Жауаптары

  1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

  2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

  3. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

  4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

  5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

  6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

  1. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

  2. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

  1. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


Екінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Үшінші арал. «Менің қызықты оқиғам»

3


Үшінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Төртінші арал. «Ағаш жапырағымен көрікті,

Адамдар достарымен көрікті»

4

Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, алдымен өзіннің жаман қасиетінді айтасын, сосын қасындағы сыныптасың сенің жақсы қасиетінді айтады.

Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!


Төртінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Бесінші арал.  «Екі дос» видеоролик.

5


Бесінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Алтыншы арал.

«Менің достарым» Коллаж жасау. Өздерінің суреттерімен коллаж жасайды.

6


Алтыншы аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Жетінші арал. « 5 саусақ» тренинг

7

«5 саусақ» тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.


Тірек сөздер:

Адал                                   арам

жомарт                              өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол            кекшіл

қарапайым                       сөзге түсінбейтін

мейірімді                        жалқау

кешірімді                        тәккапар

төзімді                              қатал

ақылды                            мейірімсіз

сабырлы                         сараң

салмақты                        қызғаншақ

кек сақтамау                  тұйық

ашықтық

бүкпесіздік


Жетінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.


Сегізінші арал. Достық әлемінің  пердесін достық жайлы әнмен жабайық.

8

Хор. «Жан досым»
Iздегенде табылатын қасымнан, 
Көңiлi бар қызгалдақтай ашылған. 
Көрпесек, сағыныштан жүдейтiн 
Кiм бар жақын бала күнгi досымнан. 

Жан досым үстем болсын мерейiң 
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн. 
Сырымыз да бiтпесiн, 
Жырымыз да бiтпесiн, 
Жырымыз да бiтпесiн. 

Қос бұтағы секілденiп ағаштың - 
Қатар тұрып гүлiмiздi сан аштық. 
Жол тапсақ бiз - бiрге жүрiп жол таптық, 
Адассақ та, бiрге жүрiп адастық. 

Жан досым үстем болсын мерейiң 
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн. 
Сырымыз да бiтпесiн, 
Жырымыз да бiтпесiн, 
Жырымыз да бiтпесiн. 

Өмiр өзi арқамызға жүк салып, 
Бәрiмiздi қияларға жұмсады. 
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде бiз 
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық. 

Жан досым үстем болсын мерейiң 
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн. 
Сырымыз да бiтпесiн, 
Жырымыз да бiтпесiн, 
Жырымыз да бiтпесiн. 

Сегізінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Қорытынды сөз. – Балалар, осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Біз бүгінгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Әрқашан достықты бағалайтын азамат болып өсулеріңді тілеймін. Қош сау болыңыздар!





























Ашық тәрбие сағатынан көріністер









Ашық тәрбие сағатынан көріністер









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Достық қымбат өмірде"

Автор: Садакова Гулсара Серкенбайкызы

Дата: 15.11.2018

Номер свидетельства: 485799

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Та?ырыбы: «Т?рбиені? е? тамаша мектебі – отбасы.»"
    ["seo_title"] => string(42) "takyrybytrbiieninientamashamiektiebiotbasy"
    ["file_id"] => string(6) "316233"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460037679"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) ""Досты? г?лі" "
    ["seo_title"] => string(12) "dostyk-ghuli"
    ["file_id"] => string(6) "234505"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443457950"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Т?рбие са?аты "?аза?стан халы?тарыны? ассамблеясы ел бірлігін са?тау?а ?лес ?ос?ан доктрина" "
    ["seo_title"] => string(105) "t-rbiie-sag-aty-k-azak-stan-khalyk-tarynyn-assamblieiasy-iel-birlighin-sak-taug-a-ulies-k-osk-an-doktrina"
    ["file_id"] => string(6) "182665"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425568301"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?ріптерді? жазылу ?лгісін ?йрету "
    ["seo_title"] => string(35) "riptierdin-zhazylu-ulghisin-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "178564"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424856115"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства