kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаты жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбие сағаттарының жоспарлары. Жоспарға сәйкес

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты жоспарлары»


Ұйғыр аудандық білім бөлімінің

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







ТЕКСЕРІЛДІ

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

«__» ___ 2017жыл







Достық - бірлік пен ынтымақ негізі



















2016 – 2017 оқу жылы



Күні:24.02.2017жыл

Сабақтың тақырыбы: Отбасы экономикасына менің қосар үлесім...

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік:оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде және кәсіпкерлік деген ұғымға түсінік беру;

2)Дамытушылық: логикалық ойлау, жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілеттерді дамыту

3)Тәрбиелігі: үй бюджетін жоспарлауға,кәсіпкерлік жұмысты шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.

Қызығушылықты ояту:Оқушыларды топтастыру стратегиясын пайдаланып 1-топ «Ақша», 2-топ «Кәсіп».

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушыларды түгендеу.

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

3. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Әр топтан бір-бір оқушыдан сұраққа жауап береді.

1.Кәсіпкер деген не?

2.Кәсіпшілікке қандай маман тартуға болады?

3.Технология деген не?

4.Қандай адам кәсіпкер бола алады?

Мағынаны ашу.

Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады.

ІІІ. Жаңа сабақ. 

1.Баяндау

2.Ой шақыру (топтық жұмыс)

4.Отбасы бюджетін есептеу,кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен?.Екі топқа бірдей талап қойылады.

Отбасының айлық жалақысы; Көлік үшін жұмсалатын қаржы; Тамаққа жұмсалатын қаржы; Шәкіртақы, зейнетақы, жәрдемақы; Құнды қағаздар; Жалданған пәтер үшін ақы алу; Үйірме, секция, репетиторлық қызмет көрсету; Сыйақы; Әртүрлі салықтар, коммуналдық қызмет пен несие; Киімге , жиһазға жұмсалатын қаржы; Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы; Тұрмыстық мәдени қызметтер (кино, театр, музей, түған күн, той, т.б.); Үнемдеу, жинақ сомалары; Жоспарланған шығындар.



Тест сұрақтары.

«Ақша» тобына сұрақ;

1.Отбасылық бюджет ол-

А) белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі;

Ә) ақшалай немесе заттай құндылықтар;

Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар, қарыздар, кірістер,шығыстар және т.б. қажеттіліктер жазатын журнал.

2.»Табыс» дегенміз-

А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар;

Ә) тепе-теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер;

Б) өндірістен, жеке адамнанақшалай, заттай бағалы қағаздан алынатын құндылықтар.

3. Болжам жасалынбаған шығыстар:

А) тамаққа;

Ә) коммуналдық қызмет;

Б) тұрмыстық мәдени шығын.

Кәсіп тобына сұрақ;

4.Негізі сатып алу ережесі-

А) кездейсоқ сауда жасау;

Ә) заттың сапасын, кепілдік мерзімін көру;

Б) ыңғайлылығы, қолайлылығы;

В) сапасы, ерекшелігі;

5.Отбасылық бюджет ол-

А) белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі;

Ә) ақшалай немесе заттай құндылықтар;

Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар, қарыздар, кірістер,шығыстар және т.б. қажеттіліктер жазатын журнал.

6.Отбасылық қажеттіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?

А) тамақ пен киімге жұмсалған қаржы;

Ә) білімге, қоғаммен араласуға;

Б) үйге, жиһазға, тұрмыстық заттарға жұмсалған қаржы.

V. Материалды бекіту.

Үй бюджеті дегеніміз не?

Кірістер дегеніміз не?

Шығыстар дегеніміз не?

Тепе-теңдік жағдай дегеніміз не?

Ал егер біреуі басым болса ше?

Кәсіпкер деген не?

Кәсіп істеу үшін нең болу керек?

VI. Қорытынды бөлім.

Кері байланыс:Оқушылар өз ойларын ортаға салады.







Тақырыбы: «Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі»

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Мұғалім:Құрметті оқушылар бүгінгі «Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білуіміз керек.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Біз бүгін сабағымызда бойымыздағы бар білімізді ортаға салып, «Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Бейнебаян: Қазақтың салт-дәстүрлері

Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ. «Наурыз»

2-топ. «Аманат»

3-топ. «Бәсіре»

4-топ. «Қыз қуу»

Топ басшысы топтың атын таныстырады.

1-топ. «Наурыз» мереке.

Наурыз айы, Наурыз тойы, Наурыз көже, Наурыз жыры, Наурыз бата, Наурыз жұмбақ, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша.

2-топ. «Аманат» дәстүр.

«Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға сен қиянат жасама». Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттар. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат-аман сақтайды» - дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептелінеді.

3-топ. «Бәсіре» дәстүр.

«Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым». Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді.

4-топ. «Қыз қуу» ұлттық ойын.

«Тойда ат шабу, балуан күресу, қыз қуу сияқты ұлт ойындары болады». «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына кең тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.

І. «Қазақы тыйымдар мен ырымдар» кезеңі

Ал балалар қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?

ІІ. «Кім көп біледі?» кезеңі.

Сандық — киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады.Міне осы сандыққа салт-дәстүрге байланысты сұрақтар жасырдым. Соған жауап берейік. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.

1. Жігіт түйе деген қандай дәстүр? (дәстүр. Құдалыққа, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе, жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер-тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді)

2. Тымаққа салу дегеніміз не? (Салт. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі кездеседі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады.)

3. Бәсіре дегеніміз қандай дәстүр? («Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым». Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді.)

4. Жеті ата дегеніміз не? (дәстүр. Жеті атасын білмеген – жетесіз. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата )

5. Балалардың төбе шашын ұзартып, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны не деп атайды?(Айдар)

6. Айтыстың қандай түрлерін білесіңдер. (бәдік айтыс, қайым айтыс, жұмбақ айтысы, жігіт пен қыз айтыс, жар-жар)

7. Мүшел жас дегеніміз не? (ғұрып. 12 жыл уақыт мүшел деп аталдаы. Қазақтың ұлттық ұғымына жас саны мүшелмен есептеледі. Мүшелдің алғашқы 13 жылдан бастап, кейін әр мүшел сайын 12 жылдан қосып отырады. Сонда екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49 және одан әрі осылайша есептеле береді.)

8. Шарғы салу деген қандай дәстүр? (Ұзатылған қыздың, яғни қалыңдық болған қыздың өзіне тетелес сіңлісіне немесе өзінен кіші, немесе туыс сіңлілеріне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап, бақытты бол, жұғысты болсын деген ырым. Бұны шарғы салу деп атайды.)

ІІІ. «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңі

ІV. Жұмбақтар:

1. Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды.

(Сандық)

2. Жүз мүйізі бар,

Үстінді киізі бар.

(Киіз үй)

3. Даусы бар, жаны жоқ,

Шертсең күйі, әні көп.

Құлағын он бұра

Ол не?.......

(Домбыра)

4. Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керіледі,

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

(Киіз үй)

Ү. «Тойбастар» кезеңі

Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап үлкен азамат болып қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі тойларын атаңдар?

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты –заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!














Күні:04.02.2017 жыл

Тақырыбы: Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың барысы. 
1. Кіріспе сөз. 
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың сабағымызды өткіземіз.

2. Баяндама оқу

3. Қорытындылау (оқуылар оқылған баяндама туралы өз ойларын білдіреді)




















«Өткен шақпен» байланыс. 


1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 
2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 
5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 

Бейнеролик «Желтоқсан желі»


8. Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 
9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. 


«Осы шақпен» байланыс


1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) 
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіәме. 
2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 
4. Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. 
Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 
5. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды. 
6. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. 
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 
- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті; 
- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді; 
- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды; 
- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды. 
7. Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды. 
Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды. 
Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді. 
Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр.
Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары. 
8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз. 


«Болашақпен» байланыс. 


Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? 
Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз?  
«Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз. 
Қиял-эссе оқылады. 
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, келешегі. 
Оған мысалды көнекөз тарихтың өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі қаласына атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон мемлекетінің басшысына келі: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік, бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып, жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен. 
Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. 


5. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. 
Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар. 

Қорытынды. 

Ән «__________» орындалады.
































Күні:03.12.2016 жыл

Тақырыбы: Мен бала құқығын қорғау Конвенциясы туралы не білемін?

Мақсаты: Бала құқығы Конвенциясының қалыптасуы және оны зерттеу.

Тапсырма: Бала құқығындағы Конвенция білім қалыптастыру. Халықаралық құжатта қабылданған мәселелердің маңыздылығын сезінуді қалыптастыру. Жұмыс дағдысын заң шығарушы актілермен қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: плакт,маркер тақта, топпен жұмысқа арналған қима қағаздар, сұхбат жүргізуге арналған слайд.

І Кезең

Сергіту: «Австралия жауына». Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізіші ортады тұрады. Қатысушылар жүргізушінің жасаған қимылдарын қайталайды. Басты ереже қимыл жүргізіші қатысушының көзіне тіке қараған кезде орындалады. Топтың шығарған дыбыстарының жалпы үндесуі нөсер жаңбырың әсерін беретіндей болуы керек.

Өзектілікті ашу: Әлемдік балалар құқығын қорғау конституциясының мазмұны мен белгілерінде публицистер мен қоғам қайраткерлері бұны Ұлы еркіндік партиясы деген. Бүгін біз осы құжаттар жайында сөйлесеміз.

«Миға шабуыл»: Қандай заңнамада балалар құқығы жазылған? Бұл туралы не біліміз?

Жауаптар: ҚР конституциясында? «Бала құқығын қорғау Конвенциясында», ҚР «балалар құқығын қорғау туралы» заңында.

ІІ кезең

Әңгімелесу: Бала құқығын қорғау Конвенциясы қашан және кім қабылдады? 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясында бала құқығын қорғау Конвенциясы бір ауыздан қабылданды. Ассамблеяға осында бабалар хұқығаудың халықаралық стандарты мен өлшемі болып қызмет ететін маңызды құжатты қабылдауға екі минут қана жеткілікті болды. Осы маңызды құжатты кеңірек қарастыралық. 1993 жылға дейін Конвенцияны 174 мемлекет ратификациялап үлгерді. Еуропада бұл құжатты қабылдамаған бір де бір мемлекет жоқ.

Конвенция балалардың адамдық ар-намысын жөніндегі азаматтық, экономикалық,әлеуметті және мәдени мәселелердің бәрін қамтиды. 54 бапта Конвенция балалардың құқықтарын көрсетеді. Бұлар: өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдеру құқықтары. Конвенция балаларға олардың нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, мәртебесіне, қызмет түріне, ата-аналарының жағдайына қарамай бірдей құқықтар береді.

Конвенцияда жарым-жан балалар, жетім балалар, жер аударылушы балалар, сотталушы балалардың да құқықтары белгіленген. Балаларды экономикалық бопсалауға салудан қорғауға, оларды денсаулығына зиян ауыр жұмыска салудан қорғауға аса мныз берілген. Бірнеше баптарда балалардың білім алу мәселелері, оның ішінде білім алуға бірдей бастапқы жағдай жасалу қажеттілігі белгіленге. Конвенцияда бала өз құқықтары бар толықққанды субъект есебінде көрсетілген. Сондыктан бұл Конвенцияны ратификациялау кез-келген мем лекетке көптеген жауапкершіліктер жүктейді.

Талқылау балалардың сұрақтарға беру түрінде өтеді.

  • Балалар құқыға жөніндегі Конвенция қашан қабылданды?

  • Еуропа елдерінің бұл Конвенцияны түгел қабылдауы нені көрсетеді?

  • Конвенцияда балалардың қандай негізгі құқықтары белгіленген?

  • Конвенцияға қосылған елдер өздеріне қандай міндеттемелер қабылдайды?

Топтардағы жұмыс. Оқушылар алты топқа бөлініп, жұмысқа арналған қима қағаздар алады.

Бала құқығының негізгі топтары:

1-топ
Бала өмір сүруге, есім иеленуге, басқа құқықтарды орындауда тендікке құқылы.

2-топ
Бала отбасылық берекеге құқылы.

3-топ
Бала өзінің тұлғалық Еркін дамуына құқылы.

Оқушыларға мәтіннен бала құқығы баптары бойынша берілген құқық бекітілген (топ бойынша) Конвенцияны тауып, санамалап шығу ұсынылады. Нәтижиесі тақтаға кесте түрінде беріледі.

ІІІ кезең

Сабақ қорытындысы. Оқушыларға сұраққа жауап беру ұсынылады: Балал құқығы туралы арнайы құжат қабылдау туралы шешім неге халықаралық қоғамдастықпен қабылданды? Балал мәртебесінің ересектер мәртебесінен айырмашылығы неде? Жаслған қорытындымен сәйкес балал құқығы бойынша сабақтың әрбір оқушыға маңыздылығын бағалаңыз.

Ойтолғаныс. Оқушылар жылдың әр айы бойынша өздерінің жай-күйін бағалайды.

































Тақырыбы: Түркі әлемінің көшбасшысы

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап



Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Мұғалім:

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші (Елдар):

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Жүргізуші (Назерке):

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.



Оқушылар: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Елдар: Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ұлт көшбасшысы-Елбасым» атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Назерке: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Елдар: -Н.Ә.Назарбаев кім?

Назерке: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Бейбіт: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 24 жыл өтті.

Елдар: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

Ал енді біз білетін Н.Ә.Назарбаев кім?



Диана: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

Назерке:  Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Елдар: Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Диана:2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.



Мұғалім:1 Желтоқсан Президент күні. Назарымызды Президент күніне арналған видеоға аударайық.


Әбдімәлік:

Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Бейбіт:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Назерке:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Диана:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

Бейбіт:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Әбдімәлік

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін мерекесі деп
Назерке:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Әбдімәлік

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Диана:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

Назерке:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

Ақжол:

Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!



Елдар: Хор: «Жаса, Қазақстан» әні орындалады.



Досжан:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

Назерке:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Диана:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Диана: Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

Елдар:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

Бейбіт:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Назерке:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

Диана:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

Елдар:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Бейбіт:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар7

Шахназ:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Бейбіт:

Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары тек ұлт болашағы үшін.

Мұғалім: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы слайдқа назар аударайық

Диана:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

Елдар:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші Елдар:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе 

Оқушылар: Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!








































Күні: 29.10.2016 жыл

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Мақсаты:

- Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі

1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

Тамақтану тәртібі

ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну,

сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды

Тәбет

Аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.

Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.

Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды.

2.Тамақтанудың негізгі ережелері

Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады.

Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.

Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

3.Тамақтану процесінің принциптері

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші,тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші,тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын.Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.



 



Күні: 22.10.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері
Мақсаты:
1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру.
2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге,Отанының патриоты болуына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері,ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру 
Сұрақтарға жауап беру 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл 
2. Қазақстан қандай мемлек 
3. Қазақстан халқының саны қанша ? 
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? 
5. Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды? 
6.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді? 
7. Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар. 
8. Қазақстан жері неге бай 
9. Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел 

III. Жаңа сабақ
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (слайд)
- 4 маусым –қандай мереке күні? 
-1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. 
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

Қазақстан Республикасының рәміздері : Мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту, мемлекеттік Гимн

2. Класс 3 топқа бөлінеді . Топтық жұмыс (слайд)
І топ «Мемлекеттік Ту» мәтінін, ІІ топ «Қазақстан Ресбупликасының Елтаңбасы» мәтінін, ІІІ топ «Қазақстан Республикасының Гимні» мәтінін алады. 
1. Тапсырма. Әр топ өз мәтінінің мазмұнын дайындайды. Тірек сызба арқылы мәтіннің мазмұнын айтып береді 
2.Тапсырма 
«Данышпан сандық» ойыны. 
Сандыққа әр топқа мәтін бойынша дайындаған сұрактарды жазып салады. Әр топ сол сұрақтарды сандықтан алып, жауабын береді. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсет

Шәкен Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов. 
Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы өзгертілді. Гимнніңсөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді 
Шәмші Қалдаяқов Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальстері да сондай әсем.

3. Әр топ өз жұмысын қорғайды 
4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қою

1. 1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн, себебі Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік… бекітілді.
2......сол елдің тарихы және дәстүрі толық танылуы керек.

5.Сабақтың тақырыбына байланысты сөйлем құрастыру.

IV. Қорытындылау.
- Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?
- Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?
- Тудың авторы кім ?
- Ту неліктен көк түсті ?
- Туда нелер бейнеленген ?
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Елтаңбада нелер бейнеленген?
- Гимннің сөзін жазған кімдір?
- Гимннің әнін жазған кім?
- «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» қашан тойланады?

V. Бекіту Сендер бүгінгі сабақтан Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын . Келешекте Қазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды , Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіңдеріңді сенімдемін.
VI .Үй жұмысы: мәтіндерді мазмұндау






















































Тақырыбы: Әлімжеттік әдепсіздік пе, әдет пе?

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.

Мұғалім: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

               Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

               Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

   Қуанғанда күлкімнен түн түрілген – деп жырлаған халқымыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды жастарымыз еліміз намысын биікке асқақтатты. Бірақ әтеген-ай дейтін жерлеріміз де баршылық. Бұл бүгінгі жасөспірімдер арасында қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни мектеп жасындағы балаларды бір-біріне әлімжеттік көрсетуі, қатігездікке, қылмысқа бой алдыруы заман проблемаларына айналды. Сондықтан бүгінгі әнгіме жастар арасындағы әсіресе мектеп оқушылары арасында болмақ. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналааңдағы адамдарды сыйлау, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білеген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін   қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1 .Амандасып, шеңберге тұрғызып, оқушылар гүл ұсына отырып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады

2. Түс бойынша қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ – сары түс (күннің суреті)

ІІ топ – қызыл (гүлдің)

3. Әр топ өздеріне ат қояды

ІІ. Ой бөлісу

  1. Мұғалім: балалар біз бүгін сабағымызда «Әлімжеттік әдепсіздік пе, әдет пе?» тақырыбында ой қозғамақпыз. Бейне ролик көрсету арқылы оқушылардың пікірін тыңдау.

Бейнероликте ұлдар арасында болған жағдай 10 сыныптың оқушысы 7 сынып оқушыларынан әлімжеттік жасап, ақша талап еткен.

Осы бейнероликті көріп, өз ойларын ортаға салып талқылайды.

  1. «Қарғысқа ұшыратқан балық» мәтінін тыңдай отырып осы мәтіннің мән-мағынасын ашып, ой түйу. Өз ойларын ортаға салып, талқылау.

  2. Жағдаяттар: «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»

деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

2. Бір оқушы сыныптасына: «ертең 50 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

3. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

4. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын ақтарды. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкерлері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)

Қорытынды:

Ұлы Абай:

Заман ақыры жастары,

Қысылмас ешбір бастары.

Біріне-бірі қастыққа ,

Қойынына тыққан тастары деп,- жастардың тәртіпсіздігін сынға алып, жаны қиналған еді, заманымыздың тыныштығы, еліміздің ертеңгі болашағы әрқашан өз қолымызда екенін ұмытпайық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сынып сағаты жоспарлары

Автор: Тұрбекова Оксана Тұрсынәліқызы

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417235

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(208) "Авторский материал. 1 - сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары . Сборник конспектов уроков казахского языка в 1-ом классе "
    ["seo_title"] => string(120) "avtorskii-matierial-1-synypk-a-arnalg-an-sabak-zhosparlary-sbornik-konspiektov-urokov-kazakhskogho-iazyka-v-1-om-klassie"
    ["file_id"] => string(6) "215075"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432564687"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Информатикадан к?нделікті саба? жоспарлары"
    ["seo_title"] => string(41) "informatikadankundieliktisabakzhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "292103"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455214080"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары 34 сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhosparlary_34_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "382724"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485165199"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "№8 мектебіні? бастауыш сыныптары бойынша жылды? есебі"
    ["seo_title"] => string(53) "8miektiebininbastauyshsynyptaryboiynshazhyldykiesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "310814"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459098061"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Қазіргі заманғы білім беру мазмұнын жаңарту- Бүгінгі өмір талабы"
    ["seo_title"] => string(72) "k_azirghi_zamang_y_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhan_artu_bughinghi_omir_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "398968"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489142984"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства