kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаттар топтамасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер.
Барысы.
Жүргізуші:

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» атты ертеңгілігі өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаттар топтамасы»

Тақырыбы: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер.
Барысы.
Жүргізуші:

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» атты ертеңгілігі өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Хор.Қазақстан республикасының гимні
1-оқушы Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді,
Осы үйдің бәріне.
Жақсы көрем атамды,
Өсиетін айтатын,
Адал бол деп қашанда.
2-оқушы
Әкелер мен апалар,
Ел үшін қызмет жасаған.
Мақтанышы елінің,
Бірлік туын биік ұстаған.
Ән. «Апатайым».
Сырдың бойын ежелден жайлаған,
Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айғағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған..
Орыс биі..
Жүргізуші: Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген. – дей келе сіздердің алдарыңызда өзбек биі. Жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.
Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің тақпақтарын тыңдайық.
3-оқушы

Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.
4-оқушы
Жайнап кеткен қия бел,
Қырдың гүлін жия бер,
Туған жердің сырларын,
Көңіліңе құя бер.
5-оқушы
Тулар әне қадалған,
От-жалындап алаулар,
Соғылды әне барабан,
Желбірейді жалаулар.
6-оқушы
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін .




































Тақырыбы :Жеңіспен оралған қаһармандарым
Мақсаты:
1.Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.

2.Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Альбом, буклеттер.
Барысы:
Жүргізуші :
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Баршамызға белгілі 9 мамыр 4 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 70 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес!
Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады..
1- оқушы :

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
2- оқушы :

Жерден , көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!
Би : Солдаттар биі
3-оқушы :

Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
4-оқушы : Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Жүргізуші :
Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ.
Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды

5-оқушы: Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Пулеметті сөйлетіп
Қорғады алтын бесігін
Ұмытпаймыз өрлетіп
Мәншүк апа есімін
Жүргізуші :
Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен,
ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше құрметті де аяулы аналар сіздерді де Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!
Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл-қызын енді өзіңді еркелетсін
Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өткін!
Ән : «Ана туралы баллада»
Жүргізуші :
Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
6-оқушы : Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.

7-оқушы : Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Жүргізуші :
Талай тарих кезеңдерін өткізіп
Сырын, жырын заманына шерткізіп
70 жыл өтті міне еліміз
Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.
Жүргізуші :
Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса!
Балалар болады аман
Аналар болады аман
Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.
Хор : «Әрқашан күн сөнбесін!
Жүргізуші :
Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады.
Жүргізуші:
Балалар, біз аға-апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру- сіздердің және біздердің парызымыз!
Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата-ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы
Бейбіт болып әрбір күніміз
Берекеге тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз!

Ән: Менің Қазақстаным































Тобанияз атындағы орта мктеп ММ













Тақырыбы :

Жеңіспен оралған қаһармандарым







Алигулова Ару







2016 оқу жылы

Ана тілі

Тақырыбы: Қарлығаш пен Шөже торғай (мысал)

Мақсаты: Оқушылардың мысалды түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды ұстамдылыққа, сабырлыққа, өзін-өз түсіне, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: . Ертегі не жайлы? Кейіпкерлерін ата. Ауруға ұшыраған Айдаһардың халі қандай еді? Түлкінің қандай өнері бар еді? Масаның мінезі қандай? Маса қандай жануарлардың қанын татты? Неге баланың қанын сорды? Қарлығаш нені аңсаған құс еді? Ол адам баласы үшін қандай күреске түсті? Ол адамға кім деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Достық

- ардың ісі. (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Дос жылатып айтар, Дұшпан күлдіріп айтар.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Ұстамды, шыдамды адам деп қандай адамдарды айтамыз? Саған ондай адамдар ұнай ма?

ҮІ.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс. Мысалды жалғастырып, түсініп оқу. Шөже мен Қарлығаштың әңгімесін мәтіннен тауып оқы. Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді? Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді? Шөже торғайға өзінің мінезі өзіне ұнай ма екен?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтінді рөлге бөліп оқу. Шөже торғайға қандай мінездеме бересің? Қарлығашқа ше? Қалай ойлайсың, осындай мінезді адамдар болама? Жеңілтек мінезден пайда бар ма?

ҮІІ. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақтан не білдік? Қандай мінез болған жақсы екен? Неге мысал деп аталған деп ойлайсың? Өзіңе не алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

мысалды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сынып сағаттар топтамасы

Автор: Алигулова Ару Темирбаевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387414

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Файлдардың көлемі"
    ["seo_title"] => string(20) "faildardyn_koliemi_1"
    ["file_id"] => string(6) "469816"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1526449660"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? ?дебиетінен ашы? саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(41) "k-azak-diebiietinien-ashyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "184531"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426064972"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Саба?ты? та?ырыбы: К?лпаш. Бейімбет Майлин"
    ["seo_title"] => string(45) "sabak-tyn-tak-yryby-kulpash-bieiimbiet-mailin"
    ["file_id"] => string(6) "311947"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459267422"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства