Ортасы | Күшік: қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер. 1-жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? (АТА) 2- жұмбақ: Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) -Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? -Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Оқушы: Ата Айтады ертек жан атам, Ақ сақалын салалап. Құмарымды тарқатам, Жер мен көкті аралап. Ертегілер еліне, Бір шегетін сапары, Ардақтаймын өмірде, Асқар таудай атамды. Оқушы: Біздің атай Күлімдейді келіп бар бала, Қоршайды оны айнала! Алаңда, бақта, сайда да, Солармен бірге қайда да. - жұмбақ. Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ). -Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). - Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік. Оқушы: Әже ақылы Әжем – Ақыл бесігі, Мейірімімен тербеткен. Мен де ақылды боламын, Аман-есен ержетсем. Оқушы: Менің әжем. Маған ақыл беретін, Әжем менің асыл жан, Сипап жақсы көретін, «Құлыным» деп басымнан. Мұғалім: Балалар, әжелерің сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді әжелерімізге арнап ән шашуын шашайық! Ән: «Асыл әжем» | Жұмбақтар, сурет, аудиодыбыс |