kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок на тему ?арттарым-асыл ?азынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жамбыл облысы, Шу ?аласы С?кен Сейфуллин атында?ы орта мектебі

9 «Б» сынып жетекші : Сариева Ж.Ш.

Та?ырыбы: ?арттарым-асыл ?азынам
Ма?саты:
О?ушыларды? бойына хал?ымызды? ?адір-?асиетін сі?іру,?лкенді сыйлай білуге, ?з ата-бабасын ?мытпай есте са?тау?а ж?не аталы с?зден ?ибрат алу?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: интерактивті та?та, на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар
Барысы:                                

   І ?йымдастыру
ІІ. Негізгі б?лім
Ата салты арда?ты,
?рбір с?зі салма?ты.
Сол с?здерді ??паса?,
Тістерсі? бір к?н барма?ты.
?ымбатты а? жаулы?ты ?желер мен а?ылды? кенін ар?ала?ан айбынды аталар. 9-сынып о?ушыларыны? ?атысуымен  1  ?азан - ?арттар к?ніне орай ?йымдастырыл?ан «?арттарым-асыл ?азынам» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!
 Е? со?ында

Мереке?із ??тты болсын ата-апа!
К?кіректен жыр т?гілмей жата ма?
Зейнетіне жеті?іздер ?мірді?,
Кенеліп бір ілтипатты бата?а.
 

Ортамызда ж?рген ?арияларымызды? бір кезде елі, хал?ы, келешек ?рпа?ы ?шін жаса?ан игі істері ерекше орын алады. ?азіргі кезде бізді? мемлекетімізде ?арттар?а ?лкен м?н беріп, к??іл аударып, жан- жа?ты ?кімет тарапынан ?ам?орлы? жасалуда. ?аза?станны? ?сіп- ?ркендеуіне, елімізді? бейбітшілік тыныш ?мір кешуіне ?з ?лестерін ?ос?ан осы арда?ты да аяулы ?арттарымызды? ар?асы деп есептейміз. Міне, енді ?арттар к?ні саналы ??мырларын Отан деп, тынымсыз е?бектерімен мемлекетімізді? негізін салу?а жол аш?ан алды??ы буын ата- ?желерімізді? т?л мерекесі. Оларды? ?мір жолдары б?гінгі ?рпа??а табылмас ?азына.
 ?арттарды ??рметтемейтін, оларды? алдында?ы перзенттік парызын ?лкен ынтамен орындамайтын, ?дептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталды? к?рсетпейтін, б?л ?асиеттер ?анына сі?іп, ж?регіне ?ялама?ан ?рпа?тан не опа, не ?айыр?! Адамны? ?міріні? м?ні мен  с?лулы?ы, адамны? келешегіне сенімділігі – баланы? ата-анасын арда? т?тып, ?зіні? перзенттік ?арызын бір с?тке де есінен шы?армауында. ?лкендіктен ешкім ??тыла алма?ан. Біра? к?рілікті? ?зіні? с?ні – м?ні бар.
?арт кісіні ??т-береке деп таныса?-ол ?рпа? к?регендігі. ?рпа?ы ??рметтеген ата-ана ?р кезде де ба?ытты.

1     ?арттар к?ніне орай ?йымдастырылып отыр?ан іс-шараны? ??тты?тау с?зін  мектеп      ?кімшілігіне береміз.
2    Бізді?  ортамызда ?лкен кісілер отыр сол кісілерге с?з кезегін  берелік.б?гін бізде ?она?та.
?адірлі ата-?желер б?гінгі мерекелері?ізбен шын ж?ректен ??тты?таймыз. Сіздер жас ?рпа??а ?р?ашан т?зімділікті?, даналы?ты? ?лгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулы?,?за? ??мыр тілейміз

А?и?атты ай?ындап жариялар,
Бара жатыр азайып ?ариялар.
Дауыл т?рса, б?лк етіп тол?ымайтын,
Бара жатыр сар?ылып дариялар..

Б?гін М??а?али жырына ар?ау бол?ан а?ылы дария ?арияларымызды? халы?аралы? мерекесі.

Осыдан 24 жыл б?рын, я?ни, 1990 жылы желто?сан айыны? он т?ртінші ж?лдызында Бас Ассамблея 1 ?азанды «Халы?аралы? ?арттар к?ні» деп жарияла?ан болатын. Асылында, б?л мереке ХХ ?асырда пайда болды. Басында ?арттар к?ні Еуропада, кейін Америкада тойлан?ан, ал 80 жылдарды? ая?ынан бері б?кіл ?лемде атап ?тіліп келеді.

?арттар к?нін атап ?тудегі басты ма?сат - аз ?амтамасыз етілген ?арт адамдар?а, жал?ызбасты ?арт зейнеткерлер мен ?арт м?гедектерге к??іл б?лу, олар?а материалды?, ?леуметтік-т?рмысты? ж?не бас?а да к?мек т?рлерін к?рсету болып табылады. Б?л к?ні бізді? елімізде ?ана емес, ?лемні? т?кпір-т?кпірінде ?арттар?а арнал?ан мерекелік іс-шаралар?ткізіліп, о?ушылар мен студенттерді? тарапынан ?ариялар?а к?мек к?рсетілетін алуан т?рлі жобалар ?йымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы ж?рдема?ылар та?айындалады.

Ж?ргізуші:

?аза?тар «Т?рінен ?арт кетпесін» дейді, жасы ?лкенге ??рмет ету, ?артты? б?гілген беліне с?йеу болу – бізді? ата-д?ст?ріміз. Осы орайда ?рбір жас?а айтарымыз, ?зі?ді ?мірге келтірген, тіршілігі?е н?р берген ата-ананы? алдында адамны? парыз-міндеті ?лшеусіз. Ананы? а? с?тін, ?кені? адал к?шін а?тау – ?з болаша?ынды са?тау.  Арда?ты о?ушыларым сендер ?мір бойы жас болып т?рмайсы?сы?дар. Сен ата-ана?ды сыйласа?, сені? балалары? да ?артай?анда ?зі?ді аялап к?тіп, ба?ып-?а?атын болады. ?аза? ??рпында?ы ата-ананы? ал?ан орны, ?адір-?асиеті ерекше биік. Ендеше ата-аналарымызды, ата-?желерімізді ?адір т?тайы?!

Бізді? б?гінгі т?рбие са?атымыз ?ш б?лімнен т?рады.
 

І    кезе?       Ізденіс ж?мыстары 
ІІ    кезе?     А?ыз-??гімелер, шешендік с?здер
ІІІ кезе?      «Жырымды сіздерге арнанаймын»

І? кезе?      Ма?ал-м?телдер мен на?ыл с?здер

1 - о?ушы: ?лкенге ?немі с?лем бер.
2 - о?ушы: ?лкенге ?арсы шы?па
3 - о?ушы: ?лкенні? батасын ?абыл ал.
4 - о?ушы: ?лкен кісіні ренжітпе.
5 - о?ушы: Ауылы?да ?ария болса,
Жазып ?ой?ан хатпен те?.
6 - о?ушы: К?рі, к?ріні? с?зі – д?рі.
7 - о?ушы: А?ылды ?ария – а?ып жат?ан дария.
8 - о?ушы: ?ткен менен кеткенді,
К?п жаса?ан ?арт білер.
 

? кезе?       С?ра?-жауаптар

 Ата-аналар мен о?ушылар?а арналады.

  1. ?алай ойлайсыз, ?азір та?да?ы жастар  ?арттарды ?з д?режесінде ??рметтеп ж?р ме?
  2. Мемлекетіміз ?арттар?а арнап ?андай ?ам?орлы? к?рсетеді?
  3. ?аза?станны? болаша?ы жастарды? ?олында дейді, сонды?тан біз сия?ты жастар?а берер а?ыл-ке?естері?із ?андай?
  4. Сіздерді? жасты? уа?ыттары?ыз бен ?азіргі та?да?ы жастарды? ?андай айырмашылы?ы бар?
  5. Алда?ы уа?ытта ?аза?станны? болаша?ы ?андай болады деп айтар еді?із?
  6.  

2.     Осы заманда к?п адамдар ?здеріні? туып, ?сірген ?арт аталары мен ?желерін ?арттар ?йіне апарып тастайды.Осы д?рыс па? ?арттар ?йіне ол кісілерді? баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     ?аза?станны? болаша?ы – жастарды? ?олында дейді, сонды?тан біз сия?ты жастар?а берер а?ыл ке?естері?із?

4.     Сіздерді? жасты? уа?ыттары?ыз бен ?азіргі та?да?ы жастарды? ?андай айырмашылы?ы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алда?ы уа?ытта ?аза?станны? болаша?ы ?андай деп айтар еді?із?

6.     ?арт, а?са?ал, ата с?здеріні? айырмашылы?ы неде?(?арияларымыз о?ушыларды? сауалдарына жауап береді)

7. ?азіргі жастарды? т?рбиесіне к??ілі?із тола ма?
8. Немерелері?ізге ?андай а?ыл айтасыздар ?. ?негелі с?з, ?сиеттер айтасыз ба ?
?І кезе?     Си?ырлы ?алпа?тар. Алты ?алпа?тар.

?орытынды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«урок на тему ?арттарым-асыл ?азынам »



Жамбыл облысы, Шу қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі

9 «Б» сынып жетекші : Сариева Ж.Ш.

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                

   І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 9-сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ең соңында

Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
 

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

1 Қарттар күніне орай ұйымдастырылып отырған іс-шараның құттықтау сөзін мектеп әкімшілігіне береміз.
2 Біздің ортамызда үлкен кісілер отыр сол кісілерге сөз кезегін берелік.бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...

Бүгін Мұқағали жырына арқау болған ақылы дария қарияларымыздың халықаралық мерекесі.

Осыдан 24 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шараларөткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады.










Жүргізуші:

Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды сақтау.





  Ардақты оқушыларым сендер өмір бойы жас болып тұрмайсыңсыңдар. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік. Ендеше ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді қадір тұтайық!

Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.


І кезең Ізденіс жұмыстары 
ІІ кезең Аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер
ІІІ кезең «Жырымды сіздерге арнанаймын»

ІҮ кезең Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер

1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.


Ү кезең Сұрақ-жауаптар

Ата-аналар мен оқушыларға арналады.

  1. Қалай ойлайсыз, қазір таңдағы жастар қарттарды өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

  2. Мемлекетіміз қарттарға арнап қандай қамқорлық көрсетеді?

  3. Қазақстанның болашағы жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл-кеңестеріңіз қандай?

  4. Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар?

  5. Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай болады деп айтар едіңіз?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

7. Қазіргі жастардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
8. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?. Өнегелі сөз, өсиеттер айтасыз ба ?


ҮІ кезең Сиқырлы қалпақтар

Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар! Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Немерелеріңіздің қызығын қызықтап осындай сұлу да, сындырлы қалыптарыңыздан танбаңыздар дей келіп өздеріңізге әдейі арнап дайындалған мерекелік тартуымызды осымен аяқталды.



























  1. Қалай ойлайсыз, қазір таңдағы жастар қарттарды өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

  2. Мемлекетіміз қарттарға арнап қандай қамқорлық көрсетеді?

  3. Қазақстанның болашағы жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл-кеңестеріңіз қандай?

  4. Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар?

  5. Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай болады деп айтар едіңіз?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?



4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?



5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

7. Қазіргі жастардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
8. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?. Өнегелі сөз, өсиеттер айтасыз ба ?








































































VI.кезең Салт-дәстүрімізді білесіз бе?

Әр  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктері,  сал-дәстүрі,  тілі,  ұлттық   мәдениеті  болатыны  белгілі.  Біздің  тәрбиеміз  де  ананың  ақ  сүтінен,  

ана   әлдиінен  және  атаның  қасиетті, баталы  сөздерінен   бастау  алады. Халқымыздың  әдет- ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын  біліп,оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.























      

Сұрақтарға  жауап  алынады,  тапсырма  үш   тапсырмадан  тұрады.  Құрметті  ұстаздар,  көрермен,  ақ  жаулықты   әжелер,  менің   қолымдағы  табақшадан   сұрақтарды  алуларыңызды   өтінемін.Салт- дәстүрлер  сөздеріне  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру;

1.     Ерулік  дегеніміз  не?  Оның  мақсаты  қандай?

      Жауап;

      Ауыл  арасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  сол  ауылда   бұрыннан   тұратын   адамдар  жаңа   үй  иелерін  ерулікке  шақырады,  яғни  ас   пісіріп  табақ  тартады. Бұл жаңадан  көшіп  келушілерді   бөтенсіретпей  өз  ортасына  тартудың,  сыйласудың  үлкен  белгісі.

«Сауын  айту»   туралы   не  білесіз?

2.Жауап;

     Бір  елде  ас,  үлкен  той  болатын  болса,  ол  күні   бұрын  жан-  жаққа  хабарланып  сауын   айтылады. Бұл жай  шақыру  емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуанымен,  жүйрік  атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға  келгендер  бір- бірінен асып  түсуге тырысатын болған.

3.Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының  ұлттық тағамдарының  ішіндегі  ең бағалы сусыны қалай   аталады?  Соның ішінде сірге жияр  туралы  айтып  берсеңіз?

Жауап;

 Қымыз-  жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды  сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе  тығындар  ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының  немесе қордың  үстіне құйылады. Қор  дегеніміз- былтырғыдан қалған  жақсы ашыған қымыз.

   «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл  атамыз айтқандай  қымыз  адамның  денсаулығына  өте пайдалы  сусын.

   Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары  қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

    «Сірге жияр  қымызы».

Күзді  күні  бие ағытарда  соңғы қымыз  бірнеше  күн жиналады. Салт бойынша  көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет  асылып  сірге жияр  қымызы  ішіледі.

4. Қолкесер  деген  қандай  дәстүр?

  Жауап.  Біреудің  соғымын  сойысқан  соғымшыға  үй  йесі «қолкесерің» деп  сыбағалы  етін  береді.Қолкесер  білетіндердің айтуынша соғым  союшының  байқаусызда  қолын  кесіп алса соның  төлеуі  ретінде  шыққан  көрінеді.







Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар! Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Немерелеріңіздің қызығын қызықтап осындай сұлу да, сындырлы қалыптарыңыздан танбаңыздар дей келіп өздеріңізге әдейі арнап дайындалған мерекелік тартуымызды осымен аяқталды.













































«Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
 ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4-оқушы: 
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Анашым -------------------------------------------------
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек биі-----------------------------
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!























Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» тақырыбындағы кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

 

Құттықтау сөз мектеп директоры Келешек Қуандықұлына берейік.

 

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Аманкелді мектебінде оқып жатқан

Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.(Мектеп оқушыларының құттықтауы)

Сұрақ-жауап.

1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

 

 

Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға құйып білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті адам мұғалім.(Ұстаздар қауымы сөз алады)

 

60 жас – адам жасы асқаралы,

Алыс емес қарттықтың басталары.

Аман боп туыстармен қарсы алыңыз

70,80,90-дай басқаларын.

Ауыл шежіресі - өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық.Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз – сіздерсіздер! (аталарымызға сөз беріледі)

 

Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.(Сөз кезегі ақ жаулықты аналарымызға беріледі.)

 

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлассыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық.

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

 

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

«Заман-ай» оқулығыҚарттарым-асыл қазынам тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                    І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
 Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі Аязбаев Жапбасбай  атамыз және Жұбаназарова Ұлжан және Шәкірова Гүлжаһан  әжеміз  бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым 
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
а

І бөлім   «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
 ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,


ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

  1. Нұржамал  апа,Еркінбаева  Әнетай апа ,Бірімбеков Оразалы ата кітапханада қадырлі  қонағымыз болды.
    2. «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» атты  бейне слайд көрсетіледі
    3. «Қарттарым асыл қазынам» атты  кітап  көрмесімен таныстыру.
     
    Мақсатымыз:
    1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
    2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
    қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
    3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
      4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
    Осы іс шараға №1мектеп 5 «Б» сынып оқушылары қатысады. Олар ата-әжелеріне арналған өлеңдерін оқып, мақал мәтелдерді айтып жарысты. Іс шара соңында«Қарттарым асыл қазынам» атты  кітап  көрмесімен таныстырып өттім.

  2.  

  3.  

  4.  «Қарттарын қадырлеген ер ардақты»
    Тәрбие сағаты
    Жоспар
    1.  Қадырлі қонағымызды   таныстырып өту.
    2. «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» бейне слайд көрсетіледі.
    3. «Қарттарым асыл қазынам» атты  кітап  көрмесімен таныстыру.
     Мақсаты:
    1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
    2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
    қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
    3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
    4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
     
          Кітапханашы:Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!  Ақ жаулықты әжелер! Барлықтарыңызды 1қазан халықаралық қарттар күні  мерекесімен  құттықтаймыз! Тілейтініміз, алдағы өмірлеріңіз ашық та жарқын, денсаулықтарыңыз мықты болып, өмір жастарыңыз ұзақ болсын.
    Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
    Зейнет емес бейнеттен арылмаған
    Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
    Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
    Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің  халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты  жасына лайық ауызы дуалы ,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты  ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. «Қарттарын қадырлеген ер ардақты» атты  тәрбие сағатына қош келдіңіздер .
    Дүниеге келер бір рет,
    Құрыштан құйған құдірет
    Балалар,  ол кім?   Әрине, қарттарымыз.
    Олай болса бүгінгі  тәрбие сағатына келіп отырған  құрметті қонағымызбен таныс болыңдар ата-әжелеріміз   қарсы алыңыздар.
    Ширақ әлі қимылы,
    Тек жатқанды ар көрер.
    Топты жарған саңылақ,
                                              Әнтай апа ардагер.
    ***
    Мінезі бар әрдайым жарқылдаған,
    Әңгімесі айта берсе сарқылмаған.
    Нұржамал апа  бүгін де бақытты жан,
    Немерелер ортасында қартаймаған.
    Сидырғандай жүрегіне даланы ,
    Бақытым деп бағалайтын баланы.
    Тәрбиелеген немерелер саналы,
    Кім білмейді асыл Нағима апасы
    *****
    Өмірден көп байқағаны,
    Оразалы  ата салмақты.
    Білсең еңбек майталманы,
    Еліне болған ардақты.
    ****
    Дамыл таппай үнемі,
    Көңілденіп жүреді.
    Слушаш апа –жарқын жан,
    Бала деп соққан жүрегі.
    ****
    Баппен істеп әр істі,
    Саусақтары майысқан.
    Аманкүл апа  келісті,
    Бәрімен тіл табысқан
    Кітапты көп оқыған.
    Қарттарды қадірлейік ағайын!
    Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
    Ешкімге жасамайсың қиянат
    Жайлап қана ақылменен түзейсің
    Болып қалса ұғына алмай бір ағат.
    Кітапханашы: Еркембаева Әнетай апаға сөз беру:
    1. Апа  қазыргі жастардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
    2. Әнетай апа сіз де бала болдыңыз  ,  Әжеңіз ертегі, аңыз айтушы ма еді. Ал сіз ше ?
    3. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?
    4. Өнегелі сөз, өсиеттер айтасыз ба ? Әлде  оны тыңдайтын бала жоқ па ? (Көбінесе компютер алдында отыра ма?)
    Балалар қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі) Кітапханашы :  Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Рымбеков Оразалы  атаға сөз берейік.Ата ұрпағының,  қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
    - Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
    - Тамаша! дұрыс айтасыздар.
    Кітапханашы :     Ал енді сөз кезегін  Нұржамал апаға берейік.
    -  Кәзіргі жастардың  бала тәрбиесіне көңіліңіз толама ?
    -   Балаларды  еңбеке қалай баулуға болады ?
    -Қыз бен ұл тәрбиесінің айырмашылығы неде ?
    №1 мектеп 5 «Б» оқушысылары дайындаған тақпақтарын айтып берсін.
    Әлішер:         Мені жақсы көреді,
    Күндей күліп келеді,
    Көп ертегі біледі,
    Маған айтып береді.

    Кітапханашы : Ал енді «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» бейне слайдқа  назар аударыңыздар.
    Балалар  үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі сияқты  қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
    Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
    - Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?
    1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
    2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
    3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
    4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
    5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
    Жазып қойған хатпен тең.
    6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
    7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
    8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
    Көп жасаған қарт білер.
    Кітапханашы :- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
    - Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың жауабы)
    Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.
    Оқушы: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
    Әр күлгенің бізге бақыт саналар
    Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
    Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
    Ана мейір күн көзімен пара - пар
    Тұла бойға қуат болып таралар
    Өміріме шуақ шашып әрқашан
    Көп жасаңдар аталар мен аналар!
    айта отырып сыйлықтарын береді)

    ІІІ. Қорытынды бөлім.
    - Балалар, бата деген не?
    - Батаны кім береді?
    -«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер? Тамаша, балалар, олай болса, қазір, осы жерде отырған жасы үлкен атамыз шығып болашақ азаматтарымызға батаңызды берсеңіз деп өтінеміз.

    «Сабағыңды оқы беске,
    Жақсылығың жетсін көпке.
    Үйінің қуанышы бол,
    Бауырыңның жұбанышы бол.
    Сенімін ақта үлкендердің,
    Түлесін көктеп мекенің!»
    Кітапханашы:- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
    Өзгерген не?
    Адам ба? Әлде заман ба?
    Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
    Ей, адамдар!
    Құрметтеңдер үлкенді
    Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
    Келіп қатысқандарыңызға рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
урок на тему ?арттарым-асыл ?азынам

Автор: Сариева Жанар Шаймерден?ызы

Дата: 26.04.2015

Номер свидетельства: 205840


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства