Тәрбие ісінің меңгерушісі: ___________________________________
13.10.2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Әдептілік -әдемілік»
Мақсаты: 1. Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; 2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету. 3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, слайдтар,постерлер,маркерлер Сабақтың жоспары
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Әдептілік
Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық Ә. ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады. М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында Ә. пед. сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Пед. ғылымында Ә. гуманистік Ә., демократиялық Ә. және діни Ә. болып бөлінеді. а) Гуманистік Ә. — оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген; б) Демократиялық Ә. — қоғамның рухани дамуы мен экон. жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады; в) діни Ә. — гуманистік және демократиялық Ә-ті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.
Әдептіліктің 5 белгісі
Әдептілік – тәрбие белгісі. Жұрт алдында әдептілікті сақтау – мәдениетті болудың басты белгісі. Мәдениетті адам ешқашан дөрекі мінез танытпайды, жат қылық жасамайды. Ал біз білгенімізше әдептіліктің 5 белгісін ұсынғалы отырмыз.
1. Театрда т.б. мәдени орындарда танысыңды кездестіріп қалсаң, көрермендерге кедергі келтірмес үшін басыңды изеп немесе жымиып амандассаң – жеткілікті. Сондай-ақ, театр спорттық киімде баратын қоғамдық орын емес екенін ұмытпаған жөн.
2. Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамаған жөн: аяқ-киім тазалау, қоқыс тастау, дауыс көтере сөйлеу, кезекке қарамау, бояну мен тарану.
3. Үлкен адамдардың ортасында ұқыпты киініп жүр. Қолдарыңды тізеңде, не үстел үстінде ұстаған жөн.
4. Үстел үстінде өзіңді дұрыс ұста. Дастарханға қойылған қасық, шанышқыны дұрыс пайдалана біл. Сорпаны қасықпен бір ұрттағанда, ауызға сыятындай мөлшерде алу керек. Көпшілік арасында отырғанда, тамақ ішу тәртібін білгенің жөн.
5. Қолды қалтаға салып жүруді ешқашан әдепке айналдырма. Бұл – мәдениеттілікке жатпайды. Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Олай болса әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы:«Әдептілік -әдемілік» 7 «а» сынып»
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:«Әдептілік -әдемілік»
7 «а» сынып
Сынып жетекші: Ханов Ш.У
2017-2018 оқу жылы