kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сынып сағаты А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығына арналған. Сабақ  дөңгелек үстел түрінде өтіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»»

Сынып: 9 «К» Мерзімі:

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
Дөңгелек үстелдің мақсаты: 1. Оқушыларды Ұлы ақынның 170 жылдығына орай жан-жақты қабілеттерін ашып, білімдерін кеңейту.

2. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
3. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд.

Түрі: Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: 9 «К» сынып оқушылары

Модератор: Оразбаева Арайлым Мауткалиевна

Дөңгелек үстелді өткізу тәртібі

Дөңгелек үстелде келесі сұрақтарды талқылау жоспарланады:

  • А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына жалпылама сипаттама беру. Қазіргі таңдағы оның алатын орнын қарастыру.

  • Шығармаларының негізгі тақырыптарын анықтау.

  • Оқушылар өздерінің алдын ала дайындап келген тапсырмаларын көрсету арқылы шығармашылықтарын шыңдайды.

Өткізудің негізгі түрі – сұрақтарға дұрыс жауап беру, жан-жақты дайындалған шығармаларды тыңдау және талқыға салу болып табылады.
Өту барысы:

«Көзімнің қарасы» әуені ойнап тұрады.

«Ой қозғау» әдісі

  • Балалар, биылғы жылы біздің елімізде көптеген атаулы мерекелер өтілуде. Олай болса, қандай атаулы шаралар өтіледі екен. Атап өтейікші.

(ҚР Ата заңына 20 жыл. Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл. Ұлы Жеңіске 70 жыл. Қазақ хандығына 550 жыл, Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл)
Кіріспе.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. Олай болса, Абай десем ...... арықарай бір ауыз сөзбен ойымызды жалғастырсақ.

«Талқылау» әдісі

Абай десем,..........

«Зымыран сұрақтар» әдісі

1. Абай қашан және қай жерде дүниеге келген? (1845 ж. Бұр. Семей облысы, Шыңғыстау бөктерінде).

2. Абай алғаш кімнен өз сауатын ашады? (Ғабитхан деген татар молдадан)

3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

4.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

5. Абай Семейдегі қандай медреседе білім алған? (Ахмет Риза медресесінде)

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. 
Енді, ақын туралы деректер тыңдайық.

(Әли дайындаған презентациясын, Аринаның постерін тамашалайды.)

Сұрақтар:

  • Абайдың жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерге шақырған өлеңдері туралы не білеміз?

  • Ал, табиғат лирикасына байланысты қандай өлеңдері бар?

  • Абай А.С.Пушкиннің қандай романын өлеңмен аударды? «Евгений Онегин»

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе!

Адамдықты  көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!» - деп ақын Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай- туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі  тәрбиешісі, ана тіліміздің, қазақ поэзиясының гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы, сөз зергері. Олай болса,  Абайдың поэзиясына  көз жіберейік.

(Төлегенов Ернарды жаттап келген өлеңін тыңдау).

Қара сөзі бойынша сұрақтар:

  • Абайдың қанша қарасөзі бар?

  • «Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады», - дейді. Бұл Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?
    («Қырық үшінші сөзі»)

  • «...Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес» десе, енді бір жерінде: «Ырыс алды - тірлік» дейді. Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар....
    Осы үзінді Абайдың нешінші қара сөзінен алынған?
    («Алтыншы»)

    Досов Темірлан бір қара сөзін жатқа айтады.

Абай әндерінің біразы өкінішке, күрсініске, өкпеге толы. Жақсысына қуанады, қайғысына ортақтасады, жаманына ренжиді, ұқпағанына өкінеді. Абай жүрегінен «айналасы жұп жұмыр келген» Ән боп төгіледі де
«Қайнайды қаным,
Ашиды жаным
Мінездерін көргенде,» - деп халықтан бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын ащы өкінішпен айта келіп, осының себебін іздейді де,
Ол: «Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным
Қаңғыртты қыста басымды,» - деп іштегі запыранын әнмен төгіп – төгіп алды.

Осы өлең жолдары Абайдың қай әнінен алынған?
(«Сегіз аяқ»)


Каниева Жансаяның орындауында бір ән.


Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.

                                                                                  Нұрсұлтан Назарбаев


«Әлем таныған Абай» атты буклет, макетті тыңдау.

Буклет – Байжуминова Динара

Макет – Раимханова Нэйля






Абайға арнау.


Абай кім ол? Ол – даналықтың сөзі емес пе?

Ол – поэзия көгінде күн боп атар гүл емес пе?

Ол – сусындатып нәр берген дүйім жұртқа,

Ол – нақ қазақ шежіресінің көзі емес пе?


Абайдай дара талант бұл әлемде,

Көре берсін қызығын ел бұл өмірде.

Қуанады кең әлем, күллі халық,

Ақынның қалдырған мұрасы мен өнеріне.


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бүгінгі дөңгелек үстелдің өтілуі бойынша бағалау жүргізеді.


Қорытынды:

Ұлы Абай- қазағымның беделі,

Ұлы Абай -кең дүниенің есігі,

Өлең-жырдың, қарасөздің бесігі,

Заманының дарасы ол данасы,

Абайды білсін қазақтың байтақ даласы,

Абайды оқы, қазақтың барлық баласы! –деп сабағымызды аяқтаймыз.


«Көзімнің қарасы» әнін орындау.














ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ



Шығыс қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№6 орта мектебі» КММ






Сынып сағаты

Дөңгелек үстел



ТАҚЫРЫБЫ: «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл)








Модератор: 9 «К» сынып жетекшісі

Оразбаева Арайлым Мауткалиевна








Өскемен қаласы

2014 – 2015 оқу жылы



























Абай десем.......




Абай десем.......






Абай десем.......






Абай десем.......




Абай десем.......




Абай десем.......




Абай десем.......



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Автор: Оразбаева Арайлым Мауткалиевна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375271

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(58) "olmieitu_g_yn_artyna_soz_k_aldyrg_an_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "420447"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1496640097"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
    ["seo_title"] => string(63) "oldi_deuge_bola_ma_oilandarshy_olmeitug_yn_artyna_soz_kaldyrgan"
    ["file_id"] => string(6) "551666"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1590607401"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Абай-реалист а?ын"
    ["seo_title"] => string(19) "abai-riealist-ak-yn"
    ["file_id"] => string(6) "294513"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455648463"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "А?иы? а?ын М??а?али"
    ["seo_title"] => string(24) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali"
    ["file_id"] => string(6) "329759"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464013781"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?деби кеш Та?ырыбы "?аза?ты? дара ту?ан данасы""
    ["seo_title"] => string(41) "diebikieshtakyrybykazaktyndaratugandanasy"
    ["file_id"] => string(6) "281608"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453555088"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства