kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай-реалист а?ын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай – реалист а?ын

«Расы жо? с?зіні?,

Ырыс жо? ?зіні?,

??кей жал?ан ма?танмен

Шынны? бетін бояйды.

Б?л с?зімде жал?ан жо?,

Айтылмай с?зім ?ал?ан жо?»

                              Абай.

І. Кіріспе

«Абайды? а?ынды? ?лемі»

ІІ. Негізгі б?лім

1. «?алы? елім, ?аза?ым, ?айран ж?ртым»

2. «А? ?а?аз бен ?ара сияны ермек ?ылып.»

ІІІ. ?орытынды

«?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан»

           Абай – ?лы а?ын, жазушы ?рі «шырайлы ойды? шебері». «Оны? поэзиясы – ?з заманында?ы ?о?амды? ?мірді? е? к?кейтесті, е? к?рделі ж?не ма?ызды м?селелерін ?оз?а?ан, тол?а?ан поэзия. Оны? ?ле?дерінде, ?ара с?здерінде ?аза? ?міріні? к?ркемдеп бейнеленген телегей те?із шынды?ы бар» (З.Ахметов). «Абай не жазса да о?ан суы? а?ыл, жайда? мінезбен ?ара?ан емес. Себебі ол ?зі сол ортадан ?айнап шы?ты». Еліні? сырт-пішінді бейнесін к?рді де, оны «к?зден жас, тілден жыр» ?ылып тамызды. Сол туындыларыны? барлы?ы да заманауи шынды?ты паш етіп, сол ?о?ам ше?беріне сыймады, я?ни, Абай поэзиясы классикалы? д?режеде болды. Осы т?стан Абай ?аза? хал?ыны? поэзиясын абсолют шынды??а шы?ар?анын бай?аймыз. Себебі, а?ын ?ай ?ле?інде болмасын на?ты сол заманны? шынды?ын асырмалап емес, д?п басып, д?л айт?ан. Б?ны оны? ?ара с?здері мен ?ле?дерінен к?ре аламыз. Мысалы, Абай екінші ?ара с?зінде: «ене?ді ?райын ке? ?олты?, ш?лдіреген т?жік, ар?адан ?й т?бесіне саламын деп ?амыс арт?ан, б?тадан ?оры??ан, к?з к?ргенде «?ке-?ке» десіп, шы?ып кетсе, ?ызын бо?тас?ан сарт-с?рт деген осы», - деп, сартты к?ргендегі ?аза?ты? айт?анын айтып, кейіннен «сартты? екпеген егіні, саудагеріні? ж?рмеген жері, ?ылма?ан шеберлігін» к?ріп:

                        Кісіні к?рсе ?ылжа?дап,

                        ?ылжа?шылсып, ыржа?дап,

                        ?з ?йінде ?ипа?дап.

                       .А?ылы бар кісіні

                        Айбаттайды, даттайды, - деді де, ?зі о?ымы?ан, білім-?нерден ?ашы? ж?рген ?аза??а:

                        ?ылым таппай ма?танба,

                        Орын таппай баптанба,

                        ??марланып шаттанба

                        Ойнап бос?а к?луге, - деді.

Міне, осыны да Абай жайдан-жай айта сал?ан жо?. А?ын шы?армаларыны? барлы?ы да тікелей сол заман?а ?атысты болды. Себебі, ол ?зі к?ргенін ой елегінен ?ткізіп барып, жыр?а айналдырды. «Заманыны? тірі пішінді бейнесін» берді. Осылайша, Абайды? «а?ынды? ?лемі» ?зіні? «?ара бас?ан, ?а??ы?ан» хал?ымен етене байланыста болды.

            Абайды? ?ай ?ле?дерін алып ?араса? та, онда халы??а деген реніш, ыза сонымен ?атар білім, ?нер, ?ылым туралы тол?аныстар мен адамды сынайтын ащы сы?а? бар. Мысалы:

                        Сабырсыз, арсыз, еріншек,

                        К?рсе?ызар, жалмауыз

                        Сорлы ?аза? сол ?ш

                   Жек к?рсе? де ?зі? біл, - деп, ?міріні? со??ы к?ндерін «а? ?а?аз бен ?ара сияны ермек ?ылайын» деді де «?ара с?з» жазу?а кірісті. ?ара с?здерінде а?ын философиялы? ой-тол?амдарын айтып, ?аза? еліні? бейнесін реалистік т?р?ыда сомдады. Мысалы, бесінші ?ара с?зінде: «Т?стік ?мірі? болса, кештік мал жи», «?зі?де болмаса, ?ке? де жат», «Мал – адамны? бауы еті», «Байдан – ?мітсіз, ??дайдан – ?мітсіз», «Малдыны? беті – жары?, малсызды? беті - шары?» деген «не адамшылы??а, не ??дайшылы??а жарамайтын» ма?алдарды сынау ар?ылы сондай ма?ал шы?ар?ан ?аза?ты? наданды?ын та?ы к?рсетеді.

«Б?л ма?алдардан не шы?ты? Ма?л?м болды: ?аза? тынышты? ?шін ?ам жемейді екен, ол малды ?алайша табуды білмейді екен. Бар білгені малдыларды алдап, ма?тап алма? екен, бермесе оныменен жауласпа? екен, егер малды болса, ?кесін жаулауды да ?ят к?рмейді екен.», - дейді. Осыны? барлы?ы шын ба ? Шын. Себебі, кезінде «ата-анадан мал т?тті, алтын ?йден жан т?тті» деген де ?азеке? емес пе ? Міне, Абай осы атал?ан ма?алдарды талдай отырып, еліні? д?ниеге деген к?з?арасын аны?тады. Хал?ыны? та?ын «мал» деп атырып, «мал» деп батырып ж?ргенін бекершілік екенін айтып, оны? білім-?ылым?а деген ынтасыны? жо?ты?ына налыды.

«?мір шынды?ына осылайша бойла?ан ойшыл а?ын ?ашан да ел жайы мен ?амын ойлаудан, тол?анудан бір с?тте болса да арыл?ан емес». Біз Абайды? ?мірі мен шы?армашылы?ымен таныса отырып, «сол заманны? тірі пішінді бейнесін к?рдік» (М.?уезов), шынды?ын таныды?. Б?гінде Абай шы?армалары ?з м?н-ма?ынасын жой?ан емес. Себебі, ол – классикалы? д?режедегі туынды. Осы к?нге дейін де, осы к?нде де, осы к?ннен кейін де Абай туындылары еш уа?ытта ?з атын жоймайды. ?йткені, Абай ХІХ ?асырда ?мір с?ріп осы б?гінгі кездегі негізгі м?селеге айналып отыр?ан ?ылым-білім, ?нер салалары туралы жырлап кеткен. Ал осыны? барлы?ы да – ?мір шынды?ы. Сонды?тан да біз Абайды реалист а?ын ретінде танимыз. «?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан» а?ын деп, соны? сал?ан ізіне ереміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай-реалист а?ын»

Абай – реалист ақын


«Расы жоқ сөзінің,

Ырыс жоқ өзінің,

Өңкей жалған мақтанмен

Шынның бетін бояйды.

Бұл сөзімде жалған жоқ,

Айтылмай сөзім қалған жоқ»

Абай.

І. Кіріспе

«Абайдың ақындық әлемі»

ІІ. Негізгі бөлім

1. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

2. «Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылып...»

ІІІ. Қорытынды

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»


Абай – ұлы ақын, жазушы әрі «шырайлы ойдың шебері». «Оның поэзиясы – өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейтесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар» (З.Ахметов). «Абай не жазса да оған суық ақыл, жайдақ мінезбен қараған емес. Себебі ол өзі сол ортадан қайнап шықты». Елінің сырт-пішінді бейнесін көрді де, оны «көзден жас, тілден жыр» қылып тамызды. Сол туындыларының барлығы да заманауи шындықты паш етіп, сол қоғам шеңберіне сыймады, яғни, Абай поэзиясы классикалық дәрежеде болды. Осы тұстан Абай қазақ халқының поэзиясын абсолют шындыққа шығарғанын байқаймыз. Себебі, ақын қай өлеңінде болмасын нақты сол заманның шындығын асырмалап емес, дөп басып, дәл айтқан. Бұны оның қара сөздері мен өлеңдерінен көре аламыз. Мысалы, Абай екінші қара сөзінде: «енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан сарт-сұрт деген осы», - деп, сартты көргендегі қазақтың айтқанын айтып, кейіннен «сарттың екпеген егіні, саудагерінің жүрмеген жері, қылмаған шеберлігін» көріп:

Кісіні көрсе қылжаңдап,

Қылжаңшылсып, ыржаңдап,

Өз үйінде қипаңдап...

...Ақылы бар кісіні

Айбаттайды, даттайды, - деді де, өзі оқымыған, білім-өнерден қашық жүрген қазаққа:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге, - деді.

Міне, осыны да Абай жайдан-жай айта салған жоқ. Ақын шығармаларының барлығы да тікелей сол заманға қатысты болды. Себебі, ол өзі көргенін ой елегінен өткізіп барып, жырға айналдырды. «Заманының тірі пішінді бейнесін» берді. Осылайша, Абайдың «ақындық әлемі» өзінің «қара басқан, қаңғыған» халқымен етене байланыста болды.

Абайдың қай өлеңдерін алып қарасақ та, онда халыққа деген реніш, ыза сонымен қатар білім, өнер, ғылым туралы толғаныстар мен адамды сынайтын ащы сықақ бар. Мысалы:

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар, жалмауыз

Сорлы қазақ сол үшін

Алтыбақан, алауыз, - деген ақын, қазақ халқының сол кездегі суретін сөзбен салып көрсетті, оған деген ызасы мен ашуын осы бір өлең жолдары арқылы танытты. Келесі бір өлеңінде:

Байлар жүр жиған малын қорғалатып,

Өз жүзін онын берер алар сатып

Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып ? – деп,

басқаменен шаруасы жоқ, өз басының қамын ойлаған мен-мендік пен мал үшін «біреуді алдап, біреуді арбап» адамгершіліктен тайып бара жатқан байлардың бейнесін тағы да шынайылықпен суреттеді. Ал, «Сегіз аяқ» өлеңінде Абай түгел сол кездегі әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды қамтып, еліне деген ренішін көрсетіп:

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ,

Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды –

Әдеті надан адамның

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң айтпа сөз.

...Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақтың болды ғой, - дейді.

Соңынан осындай өмір шындығын, халқының түр-сипаты жайлы айтылған өлеңдерін бір арнаға тоғыстырып:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың, - деді.

Басқа өлеңдерінде көрінбеген бір тамшы жанашырлық осы өлеңінде көрінеді. Ол «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген жолдардан анық байқалады. Осыған қарап-ақ халқының қаншалықты надан, «көрсеқызар, жалмауыз» болғандығына қарамастан, ұлы ақынның өз халқын сонда да сүйетінін көреміз. Неткен ұлылық десеңізші ?! Бірақ Абайда сүю мен күю қатар тұр. Себебі, келесі «ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген жолы жаңағы ойды түбегейлі тамырымен жұлып жібереді. Осы сәтте көз алдыңа тағы да надан жұрттың бейнесі оралады...

Әуелде тәңрім сорлы етті,

Арсыз елмен әуре етті...

...Адам деген даңқым бар,

Адам болмас халқым бар, - деп, халқының оңалмасын көрген ақын:

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым

Онан да шықты жаңғырық.

Естісем үнін,

Білсем деп жөнін,

Көп іздедім қаңғырып.

Баяғы жартас - бір жартас,

Қаңқ етер түкті байқамас, - деген қорытындыға келеді де:

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл

Не жазып кетсе де жайы сол

Жек көрсең де өзің біл, - деп, өмірінің соңғы күндерін «ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын» деді де «Қара сөз» жазуға кірісті. Қара сөздерінде ақын философиялық ой-толғамдарын айтып, қазақ елінің бейнесін реалистік тұрғыда сомдады. Мысалы, бесінші қара сөзінде: «Түстік өмірің болса, кештік мал жи», «Өзіңде болмаса, әкең де жат», «Мал – адамның бауы еті», «Байдан – үмітсіз, құдайдан – үмітсіз», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті - шарық» деген «не адамшылыққа, не құдайшылыққа жарамайтын» мақалдарды сынау арқылы сондай мақал шығарған қазақтың надандығын тағы көрсетеді.

«Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін қам жемейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен. Бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен , егер малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен...», - дейді. Осының барлығы шын ба ? Шын. Себебі, кезінде «ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген де қазекең емес пе ? Міне, Абай осы аталған мақалдарды талдай отырып, елінің дүниеге деген көзқарасын анықтады. Халқының таңын «мал» деп атырып, «мал» деп батырып жүргенін бекершілік екенін айтып, оның білім-ғылымға деген ынтасының жоқтығына налыды.

«Өмір шындығына осылайша бойлаған ойшыл ақын қашан да ел жайы мен қамын ойлаудан, толғанудан бір сәтте болса да арылған емес». Біз Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, «сол заманның тірі пішінді бейнесін көрдік» (М.Әуезов), шындығын таныдық. Бүгінде Абай шығармалары өз мән-мағынасын жойған емес. Себебі, ол – классикалық дәрежедегі туынды. Осы күнге дейін де, осы күнде де, осы күннен кейін де Абай туындылары еш уақытта өз атын жоймайды. Өйткені, Абай ХІХ ғасырда өмір сүріп осы бүгінгі кездегі негізгі мәселеге айналып отырған ғылым-білім, өнер салалары туралы жырлап кеткен. Ал осының барлығы да – өмір шындығы. Сондықтан да біз Абайды реалист ақын ретінде танимыз. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ақын деп, соның салған ізіне ереміз.

3




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Абай-реалист а?ын

Автор: Н?рбаева Н?рай

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294513


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства