kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұзда жанған алау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамгершілікке, елін,жерін қорғауға үйрету.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сынып сағаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұзда жанған алау»

Мұзда жанған алау«25жыл»


1-жургізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер! 1986 жылғы оқиға біздің әлі есімізден шығар емес, оны естен шығаруда мүмкін емес.Өйткені ол бізге тәуелсіздік шапағын сыйлап кетті емес пе?


2-жүргізуші:Сол күнгі тәуелсіздік туын, яғни қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп , өз елімізді дүние жүзіне таратып кеткен боздақтарымыздың әруағына тағзым ете тұрып еске алуымыз керек.


1-жүргізуші: Ендеше,бүгінгі біздің 16-желтоқсан құрбандарын еске ала отырып «Мұзда жанған алау» атты ашық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші: 1986 жыл 16-желтоқсан.Бұл күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды,онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып,орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды,онда қызмет етпеген.Міне осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың Республика халқының пікірімен санаспауы түрткі болды.Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды.Бұл оқиға сол себепті де тарихтажелтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.


1-жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жан жарасы.Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене де айтуға болады.Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып,ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді.Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті.Республикада тұратын 6милионнан астам адамнан қазақтан лайықты ешкімді таппай,сенімсіздік білдірген Мәскеугеқарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық,нашақорлық деп айып тағып,жаныштады. Желтоқсан құрбандарын 1минут үнсіздікпен еске алайық (А теперь минута молчания).


2-жүргізуші: Ән «Желтоқсан желі»орындайтын Ш-12 топ студенттері.

Желтоқсан бірде,

Ел тоқсан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ

Көрінді шын ақ айбарлы

Тондырды мені,

Тондырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

Жоғалтып нуын,

Жоғалтып қуын

Аралда суын тауысты.

Қаңырап мекен, аңырап бөкен,

Өріске бөтен ауысты.

Тондырды мені,

Тондырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.


Шайкалды күйім,

Шайқалды миым-

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да кеміп,

Әлім де кеміп,

Қинады берік жанымды.

Тондырды мені,

Тондырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

Балалар өлер,

Балалар келер,

Аналар берер тішілік.

Гүлденер дала,

Түрленер қала

Бұтаққа жаңа бүр шығып.


Тондырды мені,

Тондырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.



1-жүргізуші: 18-желтоқсан күні алаңға кайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды.Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып,қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19-желтоқсан күні қаланың әр тұсында кайтадан шеруге шықпақ болған алтытопты басыптаратты.Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталқандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған).


2-жүргізуші:Ия сол кездегі желтоқсанның 17-18 күнгі бет қаратпас таулы өңірдің ылғалды аязыда, жалдамалы жендеттердің сүсорғышпен атқылағанда тиген жерін қанжардай тіліп түсер мұздай сулары да азаттық аңсаған жастардыңжалындаған жүректерін суыта алған жоқ.Олар ұлтын сүйді.Тіпті қажет десеңіз, олар күллі адамзат баласының жанын,тәнін жеңгенімен рухын ешбір озбыр күш жеңе алмайтынын дәлелдеп шықты.

Тағдырларын қыстың алғашқы үсігіне тап болған сол кездегі жастар, түрлі оқу орындарының көкөрім студенттері, Исатай мен Махамбеттің,Қабанбай мен Бөгенбайдың,Кейкі мен Кенесарының ұрпақтары екенін көрсетті.Қалай десекте, бүгінгі тәуелсіздікке бастаған сара жол сол бір жылғы Алматыда өткен жастар көтерілісінен бастау алғаны белгілі.Ия, бізге еркіндік оңай келген жоқ.


1-жүргізуші: Көрініс: «Қайсар рухты Қайрат»


2-жургізуші:Қайраттай қайсар ұлдардың,

Қанымен келген еркіндік.

Сәбира менен Ләзаттың,

Арымен келген еркіндік.

Желтоқсанның алғашқы,

Қарымен келген еркіндік.

Алтынайдай ананың

Зарымен келген еркіндік.

Алаңда салған Шәмшінің,

Әнімен келген еркіндік

Қиындықтың осындай

Бәрімен келген еркіндік!


1-жургізуші:

Алдарыңызда Ш-12 топ студенттері, қарсы алыңыздар.


Ақмаржан:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқағанда – Желтолқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастағанда – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.


Армангүл:

Жалғыз Отан, адамның жүрегі ғой

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой,

Ел үші желтоқсанда құрбан болған,

Ербол,Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой

Сәбира,Ләззат сынды жауқазындар,

Болашаққа даңғыл жол салып берген-

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Тәуелсіздік сатылмас құн болады,

Жаңа туған ел енді тең болады.

Кең байтақ, байлығы мол даламызды,

Қорғамасақ ұрпаққа сын болады.




Гүлдана:

Нашақор деп,ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдікпен шындықты,

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан,

Адамдар азап шеккен күн,

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.



Бақтілек:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула,Желтоқсанның мұзға жақын алауы.

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.



2-жүргізуші: Қазақстан Республикамызға 24жыл. 24жыл аз уақыт көрінгенімен ол ғасырға белгісіз уақыт. Осы уақыт аралығында қазақ халқын әлем таныды, 17миллионнан астық. Тіліміз бен дініміз, діліміз қайта оралды. Қазақстан Республикасының экономикасы дамып, саясаты тұрақталды.

1-жүргізуші: Ортаға Қлышбаева Айсұлуды «Арман» өлеңімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп-тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.



1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ресми тілі – орыс тілі.Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

Өзінсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулы, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.



2-жүргізуші: Ш-12 топ студенті Айтжанова Гүлденнің орындауында ән «Чемпиондар».

1 жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанның 17 - 18 жұлдызы. Ол жетпіс жылғы қысаң қағидаға тап - тауыр болған санаға жас толқынның қасқайып қарсы тұруы. Ол бүгінгі ой, іс - әрекет сөз бостандығының бастауы. Биыл сол желтоқсан оқиғасына 27 жыл. Алайда, әлі де болса бұл оқиғаны түрліше түсініп, басқаша топшылап, әр түрлі ойдың жетегінде жүргендер бар.
2 жүргізуші: Аса қатал қанқұйлы оқиғаның нәтижнсінде 8000 адам заңсыз ұсталып, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды. Бір топ бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге бірнеше сағат етпетінен жатқызды, қыздарды алаңда бұрымынан сүйреп, ұсталғандарын өлімші етіп соққылаған фактілерді кездестірдік.
1 жүргізуші: Мен қазақпын! Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат. Ал, оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және Кеңес өкіметін орнату жолдарынан абыроймен өтті. Халқының жартысына жуығы жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді. Кеңес өкіметі өсіріп жеткізген жас зиялыларынан айырған 1937 - 1938 жылдардың трагедиясын бастан кешті. Одан Ұлы Отан соғысы, кешегі желтоқсан оқиғасы.

Тарихы терең, қасіреті қатпарлы халқымыздың әлденеше ғасыр бұрын армандаған тәуелсіздік туы бізге сағындырып ғана емес, зарықтырып тиді. Көнекөз тарихқа көз жіберсек, бабалар арманы, батырлар қанымен келген тәуелсіздік АЛЛА сыйлаған ұлы БАҚЫТ. Оның өлшемі де, бағасы да жоқ. Осы жолда опат болған бағыландарымыздың бағасына жете білсек, тірлігіміздің баянды болары белгілі. Осы жолда талай бала жетімдік, талай ана жесірлік көргені баршаға аян.
Нәтижесінде елді еркіндікке жеткізген ата - баба ерлігін, еңбегін есте сақтап, жас ұрпаққа өнеге ете алсақ Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болары анық. Ащы күндеріміз тәтті жылдарға ұласып, тәуелсіздігіміз баянды болғай.

1 жүргізуші: Қарсыласқаны үшін түрмеде Қайратты ұрып - соғады,
намысын қорлап балағаттайды, түрменің тас қамалында отырғанмен қорлау мен азаптың қандай түріне де мойымай, демі шыққанша туру жолдан таймайды.

Қайраттың анасының жоқтауы
Қаңғып келген шүрегей, көлдің суын бүлдірдің,
Бұлай болып кетерін күні бұрын кім білді.
Тұнып тұрған көл еді, бейбіт жатқан ел еді
Желтоқсанның дауылы қара бұлтты төндірді.
Сол дауылға ілесіп Қайратым да кетті ме
Жанып тұрған от еді, сол түбіне жетті ме
Қол - аяғын кісендеп оқудағы баламды,
Жала жауып жан алғыш түрмесіне жапты ма.
Жанын қинап түрмеде жалғыз оқпен атты ма
Қыл бұрауды салғанда «Анашым!»,- деп жатты ма.
Қос өкпесін езгілеп, ұрып - соғып тепкілеп,
Қайратымды жендеттер тұзақ салып асты ма.
Кім біледі, Аллам - ау, не болғанын баламның,
Жауап берер жан бар ма өліміне панамның.
Елжіреген жүрегім қан жылайды бүгінде,
Қатарлары Қайраттың келмей кетіп жүре ме.
Күліп кетіп тұрады, күнде балам түсіме,
Көнем - дағы қайтейін жаратқанның ісіне.
Желтоқсанның дауылы бүкіл елді шарпыды,
Ел бүлдірген «Шүрегей» қарғыс айтам өзіңе.

1 жүргізуші: Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
2 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
- 1991 жыл 16 желтоқсан - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
- 1991 жыл 1 - желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.
- 1992 жылы 2 наурызда ҚР дүниежүзіндегі ықпалды және беделді БҰҰ - ға мүше болды.
1 жүргізуші: 1992 жыл 8 мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
- 1992 жыл 4маусымда ҚР - ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында
еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
- 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге» айналымға енді.
2 жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа Астанасы бой көтерді. Бас аяғы 18
жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
1 жүргізуші: Бірлік болсын елге аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!
Осымен кешіміз тәмәм болды,
Бабаларым арман еткен, аңсаған
Тәуелсіздікті ту еткен
Ұзағынан сүйіндірсін о, жасаған!

Желтоқсан оқиғасынан соң 99 адамның сотталып, оның екеуі ату жазасына кесілгені, соның бірі қаршадай Қайрат болғандығы баршамызға мәлім. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен оған кешірім жасалып, өлім жазасы жиырма жыл кесімге ауыстырылған болатын. Бірақ өкінішке қарай, Қайрат арада бір ай шамасында, нақтылап айтсақ 21 мамырда Семей түрмесінде 21 жасқа қараған шағында қолына кісен салынып, оның 21-ші камерасында қаскөйлікпен өлтірілді.
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.
Ләззаттың өлімінде үлкен құпия бар. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық учелищеге оқуға түскен. 16 жастағы Ләззат 1986 жылы училищенің екінші курсында оқып жатқан еді.Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған , ол жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Ләззатты жерлеу кезінде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылса, Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мұзда жанған алау

Автор: Жакенова Анаргуль Зейнуловна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375983

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Желтоқсанның мұзда жанған алауы-азаттықтың желбіреген жалауы"
    ["seo_title"] => string(73) "zhieltok_sannyn_mu_zda_zhang_an_alauy_azattyk_tyn_zhielbirieghien_zhalauy"
    ["file_id"] => string(6) "388817"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486445572"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Т?уелсіздік ?астерлі ??ым""
    ["seo_title"] => string(30) "t-uielsizdik-k-astierli-u-g-ym"
    ["file_id"] => string(6) "315251"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459856078"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Жаса м??гі, азат  жерім,   Т?уелсіз елім-?аза?стан!"
    ["seo_title"] => string(54) "zhasa-m-n-ghi-azat-zhierim-t-uielsiz-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "276626"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452771104"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "т?рбие са?аты "Т?уелсіздік хабаршысы Желто?сан""
    ["seo_title"] => string(45) "trbiiesagatytuielsizdikkhabarshysyzhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "266418"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450160483"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "?атынас саласы Тіл дамыту п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті "Кім не істейді?""
    ["seo_title"] => string(71) "katynassalasytildamytupninienuiymdastyrylganokuisriekietikimnieistieidi"
    ["file_id"] => string(6) "312026"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459273637"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства