kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен - Патриотпын!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық  қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық  дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен - Патриотпын!»

Сабақтың тақырыбы: Мен - ПАТРИОТПЫН!

Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.


Сабақтың ресурстық картасы.


Ресімдеу

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар

Қазақстан Республикасының картасы (физикалық,саяси)

Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б.

Музыкалық және бейнекөркемдеу

Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «МеніңҚазақстаным» әндерінің аудио жазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 5 ғимараты» бейне

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта

Бейнепроектор

Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтел дер және т.б.

Эпиграфтар

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»

Н.Ә. Назарбаев

«Патриот болу нені білдіреді?

Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ оған міндетті түрде нақты бір нәрсе істеу".

Ш. Уәлиханов

Тақырыптықкөрмелер мен ақпараттық стендтер

«Мен – Қазақстанның патриотымын».

«Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында»

«Қазақстанның болашағы - менің болашағым»,

«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.

4. Сабақтың өткізілу барысы

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

І. Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Практиға бағдарланған негізгі бөлім

ІІІ. Рефлексия. Инновациялық бөлім



I-блок. Мотивациялық

«Ассоцация» тәсілі

Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Осы туралы ойларыңыз?


(Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жердежүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Еліүшін өз еңбегімен көпнәрсежасайалады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.)


Мұғалім :

Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.

Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.






II-блок. Практикаға бағдарланған


Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?

(әр оқушы өз ойларын ортаға салады)

Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?

(әр оқушы өз ойларын айтады, кейін Көк тудың желбірегені, Атамекен әндерінен үзінді орындалады)

Осы жас аралығындағы білім алушылардың бойында мінез-құлық қалыптасады, қарым-қатынас, диалог арқылы практикалық іске деген мотивация пайда болады.



Келесі пратикаға бағдарланған жұмыс түрі

ᴥ «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;

Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарғажерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.

Ахмет Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.


Бекет ата кесенесі - Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысының Оғланды жерінде орналасқан. Бұл діни сәулеттің ескерткіші XVIII ғасырмен даталанады. Бекет ата маңыздылығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи жерлеу орнымен қатар бірге тұрған киелі орын болып саналады. Екі жүзжылдық бойы осы жерге әулиенің рухына сыйыну үшін қажылыққа келген адамдар барып жатады.

Бекет ата Болмыс кітабы ашық болған көріпкел мен әулие ретінді белгілі. Сонымен қатар ол емдеуші, физика, математика, астрономия заңдарын білген адам ретінде де белгілі болған.

Мешіт жобасы бойынша дөңгелеек болып табылады (диаметрі шамамен 4,5 м ). Төбесі тегіс күмбездің формасына ие. Жалпы айтқанда ішкі көрінісі қазақтың киіз үйіне ұқсас. Оңтүстік-батыс қабырғасында михраб текшесінің бар болуына қарағанда, бұл намаз залы болып саналады. 



Отырар қалашығы - IX ғасырдан XVII ғасырға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ең ірі, әрі дамыған қалалардың бірі. . Қалашық тарихта ортағасырлық сауда орталығы Фараб ретінде әйгілі ежелгі қала Отырырдың үйінділері болып табылады.

1218 ж. Отырардың билеушісі Қайыр ханның әмірімен Шыңғыс ханның керуеніндегі көпестерді өлтіріледі. Бұл моңғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына себеп болады. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. Моңғол шапқыншылығынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырылады. Тірі қалғандары Моңғолияға айдалады. Бірақ 1218 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданады. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Әмір Темір мемлекеті құрамына енеді. Темір мұнда бірнеше рет болып, 1405 ж. осында қайтыс болады. 16 ғ. екінші жартысынан кейін қала қазақтардың билігіне біржола көшеді. Отырар — 18 ғасырдың басына дейін толыққанды өмір сүрген қала. Кейін құлдырауға ұшыраған.


(Топтар ежелгі ескерткіштер мен қалалар туралы айтқаннын кейін,Интерактивті тақтада бейнеролик көрсетіледі. )

ᴥ «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы;


Топтарға тапсырма

Тақтадан көрсетілген қолөнер бұйымдарының атауы, жасалу жолы, не мақсатта пайдаланғаны туралы айтып кетуі

Мысалы: Домбыра, киіз, қылыш, қыш ыдыстар, білезік, ер тоқым


ᴥ «Мұражай алаңы». Қазақстан мұражай залдарында тарихи реконструкциялау элементтері бар театрландырылған экскурсия ұсынылады Мұражай экспонаттарымен таныстыратын білім алушы-экскурссия жетекшісін даярлауды қарастыру; сабаққа музыкалық шығармалар, суреттер, слайд-шоу, мультимедиялық презентациялар енгізіп экспозиция ресімдеу. Білім алушылардың тақырыпты және экскурссия материалдарын толық «тереңірек меңгеруі» үшін театрландырылған сценарий және әртүрлі есте қалатын костюмдердегі білім алушы топтарын дайындау.


Әр топтан бір экскурсия жетекшісі шығып интерактивті экскурсия жүргізеді

Алтын адам –

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1]Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуіріненсақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышевтапқан.


Экспо 2017 Астана халықаралық көрмесі –

2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашады. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады.

ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Көрмеге 2 миллион турист келіп, келушілердің жалпы саны шамамен 5 миллионды құрайды деп болжанады. Келушілердің жалпы санынан 85%-ын қазақстандықтар, ал 15%-ын шетел мемлекеттерінің азаматтары құрайды деп жоспарланып отыр, олардың көпшілігі ТМД елдері мен Қытайдан келеді. Туристердің едәуір саны Еуропа, Түркия мен АҚШ-тан келеді деп күтіледі.

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда бастайды және 10 қыркүйекте аяқталады.

ЭКСПО-2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның еі көлемді жобасы. Астана Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің құпия дауысқа салу барысында Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152 Бас ассамблеясы кезінде 2012 жылғы 22 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің орны ретінде таңдалды. Астана өтініміне 103 ел қолдау көрсетті. Алдағы көрме елдің барлық өңірлері қатысатын ұлттық жоба болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті мұражайы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі— Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады. Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 126 000 астам сақтам бірлік бар, соның ішінде Мемлекет Басшысының жеке кітапханасының қоры 16 000 астам дана кітап пен баспа басылымдарынан, Мемлекет басшысының жеке мұрағатының қоры 100 000 жуық сақтам бірлігінен тұрады. Музей қорын 8 000 астам сақтам бірлік құрайды. Жалпы аумағы 12 мың шаршы шақырым. Резиденция музейге айналғанымен әлі күнге дейін Президент жылына бір-екі рет жиналыс өткізіп тұрады. Жұмыс күндері үшінші қабатта Президент кабинеті орналасқан. Екінші қабатта Президент әкімшілігі жұмыс жасап, Төртінші қабаттағы күмбезді залда салтанатты шаралар мен қабылдаулар болып отырған. Бұл орында құрметті қарауыл тұрып, Президент өз кабинетіне кірген сайын құрмет көрсетіп тұрған.

ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

- «патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды;

- сәндік-қолданбалы өнер заттарын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды;

- мұражай сайты материалдарын пайдалануды орындай алады.


Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларыңды, пікірлеріңді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата - баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;



Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.



5 мектеп – лицейі

























Білім күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Мен – ПАТРИОТПЫН!









Класс: 6 «В»

Мұғалім: Князова Б.Б.













2017 - 2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мен - Патриотпын!

Автор: Князова Балзира Бақытжанқызы

Дата: 15.10.2017

Номер свидетельства: 432446

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Шы?арма "Мен патриотпын!""
    ["seo_title"] => string(22) "shygarmamienpatriotpyn"
    ["file_id"] => string(6) "321657"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344170"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Шы?арма "Мен - патриотпын!""
    ["seo_title"] => string(23) "shygarmamienpatriotpyn1"
    ["file_id"] => string(6) "321661"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344597"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен- патриотпын!"
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "432249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507909443"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) ""Мен -патриотпын""
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_5"
    ["file_id"] => string(6) "432526"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508087227"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Мен-патриотпын."
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_2"
    ["file_id"] => string(6) "432289"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1507923165"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства