kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыны? ізденіс жобасы: "?аза?ты? ?ол?нер б?йымы - ?ршы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы білім  беретін Новобогат орта мектебіні? 3-сынып о?ушысы

Жолдас  Фатиманы? «?аза?ты? ?ол?нер б?йымы-?ршы?» та?ырыбында?ы  ?ылыми  ж?мысына

А?ДАУХАТ

Зерттеу   ма?саты:

?ршы?ты?  ?алай, ?ашан пайда бол?анын ж?не ?азіргі  заман?ы  жіп  иіру

станоктарыны?  арты?шылы?ын білу.

Зерттеуді?  міндеті:

1.  ?ршы?ты? шы?у  тарихын   тану.

2. ?ршы?ты? ??рылысын, ж?мыс жасау ?дісін  ме?геру.

3. Заманауи  жіп иіру станоктарыны? ма?ыздылы?ын білу.

Зерттеу   нысаны:

?ршы?ты, ?азіргі кездегі ?олданылып ж?рген жіп иіру станоктарын  ?зара салыстыру.

Зерттеу  жа?алы?ы:

Халы? ?нері- асыл ?азына екендігін, ?ол?нер б?йымы ?ршы?ты? пайдасын.оны? ежелден келе жат?ан жіп иіру  ??ралы екендігін  д?лелдеу, насихаттау.

Зерттеуді? болжамы:

 ?ршы? тек ?ана  б?йым емес, ол  - ?лтты?   бренд. Сонымен ?атар ол ж?йкені тыныштандыру, денені шыны?тыру ??ралы.

Зерттеуді? ?дістері:

Негізгі ?діс-т?сілдері: м?ліметтер жина?тау, баяндау, суреттеу, салыстыру.

Ж?мысты? теориялы? ж?не практикалы? ма?ызы:

 Болаша? сана сезімін, ?лтты? психологиясын ерте заманда?ы ата-бабаларымызды? салт д?ст?рімен, ?ол?нерімен саба?тастыра т?рбиелеп,м?дени м?раны ж?йелі ме?геруге м?мкіндік аламыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыны? ізденіс жобасы: "?аза?ты? ?ол?нер б?йымы - ?ршы?"»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі





Жолдас Фатима Меңдібекқызы

3 сынып оқушысы





Қазақтың қолөнер бұйымы - ұршық





Секция: Этномәдениеттану



Жетекші: Халенова Зоя Молдашқызы

І – санатты бастауыш сынып мұғалімі











Аққыстау

2015 жыл





Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Жолдас Фатиманың «Қазақтың қолөнер бұйымы-ұршық» тақырыбындағы ғылыми жұмысына




АҢДАУХАТ

Зерттеу мақсаты:

Ұршықтың қалай, қашан пайда болғанын және қазіргі заманғы жіп иіру

станоктарының артықшылығын білу.


Зерттеудің міндеті:

1. Ұршықтың шығу тарихын тану.

2. Ұршықтың құрылысын, жұмыс жасау әдісін меңгеру.

3. Заманауи жіп иіру станоктарының маңыздылығын білу.


Зерттеу нысаны:

Ұршықты, қазіргі кездегі қолданылып жүрген жіп иіру станоктарын өзара салыстыру.

Зерттеу жаңалығы:

Халық өнері- асыл қазына екендігін, қолөнер бұйымы ұршықтың пайдасын.оның ежелден келе жатқан жіп иіру құралы екендігін дәлелдеу, насихаттау.


Зерттеудің болжамы:

Ұршық тек қана бұйым емес, ол - ұлттық бренд. Сонымен қатар ол жүйкені тыныштандыру, денені шынықтыру құралы.


Зерттеудің әдістері:

Негізгі әдіс-тәсілдері: мәліметтер жинақтау, баяндау, суреттеу, салыстыру.



Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Болашақ сана сезімін, ұлттық психологиясын ерте замандағы ата-бабаларымыздың салт дәстүрімен, қолөнерімен сабақтастыра тәрбиелеп,мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік аламыз



Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жолдас Фатиманың «Қазақтың қолөнер бұйымы - ұршық» тақырыбындағы ғылыми жұмысына



П І К І Р



Жолдас Фатима- мектебіміздегі дарынды оқушылардың бірі. Зерттеу жұмысында оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.

Оқушының жеке қызығушылығы бойынша таңдаған тақырыбын жас ерекшелігіне сай аша білген.Оқушы өзіндік зерттеулер жасаған. Зерттеу кезінде Фатиманың жасы кішкентай болуы  және ақпараттар іздеу кезінде қиындықтар болды. Соған қарамастан, ол алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын. Өз пікірін ашық айтуға, ойын еркін жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта тақырып аясын кеңейтіп,зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр. Мектепішілік байқауда үздік деп танылып,шығармашылық жоба аудандық кезеңге жолданды.



Мектеп директоры: Қ. Хамзин

Жетекші: З. Халенова

Бастауыш сынып мұғалімі















Мазмұны:



I Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

2.1. Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдері

2.2. Жіп иіру құралдары.

2.3. Жіп иіруді механикаландыру.

III. Қорытынды бөлім:

Халық өнері - асыл қазына.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер.































Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы” өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Қолөнер бұйымдарының бірі-ұршық. Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап; жіп иіретін құрал. Қазақстан аумағында ұршықты шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан  басталады. Әсіресе, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылған. Ежелгі Шығыс елдерінде де қол ұршығы пайдаланылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол —мұрындық (сірге ағаш), басы мен саптан тұрады.  Ағаш, мүйіз, құс, тас, сүйек (түйе мен өгіздің ортан жілігінің айдар басы),  қорғасын сияқты материалдардан жонып жасалған ұршық басы дөңгелек немесе жарты шар тәрізді болады, оның ортасына сап өткізетін тесігі орналасады. Сабы ұршық басынан 3—4 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иіретілген ойық жол жасалынады. Кейде басына бір елі қашықтықтан соң мұрындық (ши, шырпы) орналастырылады. Мұрындық немесе иіретілген ойық жол жіптің сіргеде біркелкі болып жинақталуына септігін тигізеді. Ұршықпен қап, дағар, алаша, басқұр, терме бау, шекпен, т.б. тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер тоқылған. Аз жіп иіруге арналған ұршықтың басы жеңіл, сабы қысқа етіп жасалады

Тоқыма өндірісінде иіру, ширату және тегістеуіш машиналардың жіпті иіріп, ширатып, орауышқа, иіршікке, шөлмекке, т.б. орайтын негізгі тетігі. Ұршықты машиналар 18 ғасырдың II-жартысында қолданыла бастады. Ұршықтың сақиналы, центрифугалы, т.б. түрлері бар. Ұршық табиғи (мақта, жүн, зығыр) және химиялық талшықтарға арналған болып ажыратылады. Ұршық — ұзын, күрделі геометриялық формалы жұқа және иілгіш болат шпиндельден тұрады. Табиғи талшықтарды иіруге арналған сериялы ұршық шпинделінің жоғарғы бөлігіне қағаз патрон немесе ағаш шөлмек  кигізіледі. Шөлмекке шуда оралады. Жіп қозғалмайтын  сақина бойымен сырғанайтын жүгірткі арқылы ұршыққа келеді. Ұршықтың айналуы кезінде шуда жіп тартылады және жүгірткінің сақина бойымен қозғалуын қамтамасыз етеді. Кейіннен ұршықтың иіру, ширату, екі жіпті орау процестерін біріктіретін иіру-ширату машинасы іске асырылды.Кілем,арқан, т.б. арналған жіптер өндірісі кезінде 2 рет ширататын ұршық қолданылады. Мұндай ұршықтар қарапайым ұршықпен салыстырғанда, құрылымы күрделі және өнім өндіруді екі есеге арттырады.



Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, спиральді тәсілмен орап ұзын, мықты тоқыма жіп алу тәсілі.

Ұршықтың құрылысы. Ұршық негізгі үш бөліктен құралады. Олар- ұршықтың басы, сабы және мұрындығы. Ұршықтың басын тығыз ағаштан ойып, жұмсақ тастан қашап, қорғасыннан дөңгелектеп құйып жасайды. Ұршық басының ауыр не жеңілдігі иірілетін жіптің жуан-жіңішкелігіне сәкес болуға тиіс. Ұршық сабының ұзындығы 30 сантиметрдей болады.

Ұршықты саптағанда оның мұрындық өткізілетін, жағын ұршық басқа кигізеді (басынан 3 елідей шығарып). Саптың ұшынан жіп жататын сай салып, ұшынан 1 елідей төменіректен мұрындық өткізеді. Оның жуандығы сіреңке шырпысынан сәл ғана жуандау болады. Жіп ауырлағанда сынып кетпеу үшін, мұрындық қатты ағаштан дайындалады.

Ұршықпен иірілетін жіптердің ең жуаны өрмектің арқауы, күзуі, серуі және түйенің жабуын көктейтін, киіз үйдің түндік, үзік, туырлық сияқты әбзелдерін тігуге арналған шуда жіп, ал ең жіңішкесі - шидем шекпен тоқуға, теріден киім тігуге арналады. Жіп иірілуіне қарай екі түрлі : оңқай жіпсолақай жіп болады. Жіптің бұл түрлері шекпен тоқығанда таңдай түсіру үшін пайдаланылады. Жіп иіргенде шебер майдалап түтілген жүннен шүйке жасап, оны бостау етіп, домалақтап шүберектен не шүйкенің өзінен саусаққа ілетін ілгек шығарады. Иірілген жіпті ұршық сабына төгеді.

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге, арқан есуге, т.б. пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан (мыс., мақта талшығы, зығыр талшығы) немесе әр түрлі талшықтан (мыс., жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан) иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңіш-келілігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері (беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы т.б.). Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді.

Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдері

Қолмен жіп иіру неолит дәуірінен белгілі. Алғаш жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол тарақ пен қол ұршық пайдаланылды (қ. Ұршық). Келе-келе адамзат ұршықты доңғалақ арқылы айналдыру тәсілін, бір мезгілде шүйкелейтін және иіретін құралды ойлап тапты. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің түбітінен иірілетін. Мұндай жіптер таза, жұмсақ, әрі төзімді, созылмалы да әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң қолмен майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл-қыбыр, шөп-шаламынан тазарып, ұйысқаны жазылып, жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады.

Жіп.

Мұндай жүн созып иіруге, иненің жұмсауынан өткізуге, сымның, біздің, иненің ізімен іркілмей жүргізіп отыруға қолайлы. Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйкелей отырып жеңіл-желпі домалаққа төгеді. Домалақтың ортасында әдейі ызған баудан немесе кез келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сыртқа шығып тұрады. Жіп иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортан саусағына іліп алады. Бұл ілмек шүйкені қыл-қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің басына) іліп қою үшін де өте қажет.

Жіп иірудің құралдары

Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі – ұршық. Екіншісі – аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршықпен жүн иірудің де екі түрлі әдісі бар. Бірі – шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және т.с.с.) іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыптығырлай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді. Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырады. Егер оның біраз жері жуандап кетсе, не жіңішкерсе онда оны тарқатып қайта иіру қиын. Сондықтан жіптің ондай жерін үзіп тастап, тегіс жерінен қайта жалғап иірген дұрыс. Шұлық, ұйық, қолғап, шарф, шәлі жіптері өрмек, шуда жіптері сияқты өте пысық иірілмейді. Өйткені бұлай иірілген жіп тоқуға бөгет жасайды, ал тоқылып шыққан заттар өте дөрекі және тықыр болып шығады. Қолғап пен ұйықты кейде мықты болу үшін екі қабатталған жіппен тоқиды. Бірақ мұндайда екі жіпті қосып, қатты ширатудың қажеті жоқ. Тоқуға арналып иірілген жіп домалақтанып жиналады.

Жіп иіруді механикаландыру

Жіп иіруді механикаландыру 1770 – 80 жылдары Еуропада басталды. Техниканың кемелдене түсуіне байланысты түту, шүйкелеу, тегістеу процестері де механикаландырыла бастады. Жіп иіру – тоқыма өнеркәсібінің негізгі өндірісінің бірі. Өңделетін талшықтың қасиетіне және алынатын жіп сапасына қарай жіп иірудің әр түрлі жүйелері пайдаланылады. Тарау тәсіліне қарай иірудің негізгі 4 жүйесі бар: 1) кард жүйесінде тарауыш машинада ғана таралған мақта, зығыр, шелқабық талшықтарынан, кейде жүннен төмен және орта нөмірлі жіп алынады; 2)тарақтап иіру жүйесінде тарауыш машина да, тарақтап түту машинасы да пайдаланылады. Ұзынынан тегістелген жүн және ұзын талшықты мақтадан жоғары нөмірлі және аса жоғары сапалы жіп алынады; 3) түту жүйесінде талшық таралмайды, тек қылшықтан ажыратылады. Жүннің, зығырдың, жібек қалдығының ең ұзын талшығын өңдеу үшін қолданылады; 4)аппаратты жүйеде тегістеу кареткамен жалғастырылған 2 – 3 тарауыш машина бірден қолданылады да, төмен нөмірлі үлпілдек жіп алынады. Талшық түріне қарай жіп иіру мақта иіру, жүн иіру, жібек иіру, зығыр иіру, т. б. болып бөлінеді. Әр алуан талшықты жіп иіру үшін өңделетін талшықтың қасиетіне қарай әр түрлі машиналармен өңдеудің түрлі тәсілдері пайдаланылады.

Жіп иіру станогы – қысқа талшықтардан жіп иіретін өндіріс машинасы. Алғашқы механикаландырылған жіп иіру станогы 1738 жылы Англияда жасалған. Жіп иіру станогында тазаланған талшықтардан ширатылған шүйке созу тетігінде жіңішкертіліп, станок ұршығымен иіріледі де, одан жіп алынады. Станок 2 түрге бөлінеді: 1) үзілмелі жіп иіру станогында созу, ширату және орау процестері жеке-жеке жүргізіледі; 2) үздіксіз жұмыс істейтін жіп иіру станогында барлық 3 процесс бір мезгілде атқарылады. Әр машинада 200 – 500 ұршық болады. Ұршықтар әр түрлі. Солардың ішінде әрі қарапайым, әрі жоғары өнімді болғандықтан, сақиналы ұршығы бар жіп иіру станоктары көп қолданылады. Мұндағы шүйке бағыттау түйінінің үстімен созу тетігіне қарай өтеді. Одан шыққан шүйке жіп түрінде ширатылады. Жіп жүргізгіштен өткен жіп сақинаға орнатылған жүгіртпеге бағытталады. Жүгіртпенің әр айналымы жіпті бір рет ширатып өтеді, ал жүгіртпенің ұршықтан кейін қалған әр айналымы жіпті келепке бір рет орап шығады. Ұршық 8 – 14000 айн./мин жасайды. Ұршықтың әрқайсысы 1 мин-та 8 – 18 м жіп иіреді. Жіп иіру станогында жұмыс істейтін бір адам 200 – 2000 ұршық жұмысын бақылайды

Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. 
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс. 
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту.

Мен ізденіс жұмыстарымның нәтижесінде қол ұршықтың және қазіргі кездегі жіп иіру станогтарының маңызын, тұрмыста қолданысын, атқаратын жұмыс түрлерін, негізгі сипаттарын білдім. Қазақ халқы өзінің салт-дәстүрін сақтап, ұршық иіру қолөнерінің арқасында киімі де тігілген, алашасы да, кілемі де тоқылған.

Бүгінгі ұрпақ мына біз, ертеңгі болашақ иесіміз. Сол болашақ иелері халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, ұлттық қолөнерімізді өркендету біздің міндетіміз деп білемін.























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:





1. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы

2. С.Кенжахметов «Жеті қазына»

3. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы

4. Ғаламтор беттері

5. Баспасөз материалдары






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыны? ізденіс жобасы: "?аза?ты? ?ол?нер б?йымы - ?ршы?"

Автор: Халенова Зоя Молдашевна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301627


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства