kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

???Ы? – ?МІР АЙНАСЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ыаывввввввффнпеорттттгггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«???Ы? – ?МІР АЙНАСЫ»


«№35 орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі











аймақтық семинар





сыныптан тыс іс-шара



( әңгіме-сұхбат сабағы )





6 «А» сынып жетекшісі

М.А.Смайлова








2015 – 2016 оқу жылы

Құқық – өмір айнасы


Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңға бағынып, тәртіпті болып өсуге тәрбиелеу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаларды қалыптастыру.

Түрі: әңгіме-сұхбат.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бейнебаян, қанатты сөздер.

Кіріспе сөз (мұғалімнің сөзі): Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі 6а сыныбында өткелі отырған «Құқық – өмір айнасы» атты әңгіме-сұхбат сабағымызға қош келдіңіздер!


Әңгіме-сұхбатты өткізудегі мақсатымыз – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңға бағынып, тәртіпті болып өсуге тәрбиелеу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаларды қалыптастыру.


Сабағымызды бастамастан алдын мына бір бейнебаянға назар аударсақ.

( интерактивті тақтадан бейнебаян қойылады )

Міне, өздеріңіз көріп, тамашаланыңыздай, әлем халықтарының әр жерінде адам құқықтары туралы аз да болса мәлімет алдық. Ал біздің халқымызда құқық ұғымын қалай түсінеміз? Жалпы құқық дегеніміз не?


І. Құқық дегеніміз не?

Мұғалім: Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау-жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституцияның негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің Конституциясы «Адат» деп аталды. Бұдан кейін 13-ғасырда Шыңғыс ханның «Үш жосысы», 14-ғасырда Қасым ханның «Қасқа жолы», 15-ғасырда Есім ханның «Ескі жолы», 16-ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болды.
1989 жылы 20 қарашада Бала құқықтары туралы Конвенция БҰҰ-да қабылданып, 1995 жылы желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек.

Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлі заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
Біздің сынып оқушылары 2 топқа бөлініп отыр және олар өз топтарын таныстырсын. Кезекті сынып оқушыларына берейін.


1. Аяжан: «Тәртіп» тобы. Ұранымыз: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
2. Дариға: «Әділет» тобы. Ұранымыз: «Әділ заң – аспан тірегі»
Милана: Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтеское. Кант. Джефферсон сияқты ойшылдар Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын тыныштығын біздің мемлекетіміздің

Ата Заңы – Конституция қорғайды.


ІІ. Құқығыңды білесің бе?

Мұғалім: Жақсы балалар, сендер де есейіп келе жатсыңдар. Ақ пен қараны ажырата бастадыңдар. Енді өздеріңнің құқықтарыңды да білсеңдер керек. Қандай

құқтарыңды білесіңдер?

  1. Бала құқықтары:

Рустем: Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқығы бар.
Перизат: Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес.
Милана: Бала мектепте кінәлі болғанда да, оны ешкімнің ұрып-жазалауға кемсітіп, қорлауға құқығы жоқ.
Перизат: Баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтерушараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнермен айналысуға құқығы бар.
Ерсұлтан: Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
Серик: Әр баланың ой-пікірі, ар-ожданы дін еркіндігіне құқығы бар.
Замир: Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
Ертай: Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
Аяна: Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Перизат: Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
Рустем. Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы.

Алуа: Тегіне, нәсіліне ұлтына, әлеуметтік жағдайына, жынысына, біліміне қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.
Перизат: Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
Аяжан: Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.


Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Жақсы. Өз құқықтарыңды айтып өттіңдер. Енді қандай міндеттеріңіз бар? Сол жөнінде де айта кетсеңдер?

(оқушылар өз міндеттерін айтады)

  1. Бала міндеттері:

Аяжан: Оқушылар басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешуге міндетті.

Мейрамжан: Мектепте, сыныпта сабырлылықты, тыныштықты сақтауға міндетті.
Алуа: Мектеп жарлығына сәйкес жағдайда мектеп қызметкерлері мен кезекші оқушылардың айтқанын орындауға, мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер қауіпсіздік техникасын және тазалықты сақтауға міндетті.
Рустем: Темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы, сабырлы болып, киімін таза ұстауға, өз-өзіне қарауға міндетті.

Замир: Әр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға құрметтеуге, тарихи мәдени мұраларды сақтауға табиғат пен табиғи байлықтарды қорғауға міндетті.

Мұғалім: («Ата Заңым – асыл қазынам»). Өте жақсы, міндеттеріңізді де біледі екенсіңдер. Олай болса, Ата Заң туралы не біледі екенсіңдер? Қане, біргелікте тыңдап көрейікші.

Милана:

Халықтың ақ тілегі,

Ізгіліктің бастауы.
Ата заң бұл киелі –
Еліміздің бас заңы.

Аяна: Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ! 5-бап.
Шындығымның шырайы,
Бақытымның күн, айы,
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы.

Перизат: Біреудің атына кір келтіруге, тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ. 12-бап.
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі

Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!
Алуа: Заң алдында жұрттың бәрі тең. 14-бап.
Бұл заңда жеңіс даңқымыз,
Салтанат құрған салтымыз.
Сүйініш, қамқор қорғаушы,
Сүйеді заңын халқымыз.

Ертай: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқығы бар. 19-бап.
Ана тілің арың бұл.
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Серик:

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. 75-бап.
Шыр етіп жерге түскенде,
Жұтқаным ауа таза леп.
Жер-Ана, сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет!


ІІІ. Ситуациялық сұрақтар.

1. Сен дүкенге бардың делік, сатушы саған байқамай, артық ақша беріп жіберді. Сен не істер едің?

2. Бір оқушы сыныптасына: «Ертең 200 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деді. Сен не дейсің?

3. Мектеп оқушысы телефон ұрлады. Сен оның ұрлағанын өз көзіңмен көрдің Не істер едің?

4.Сыныпта бір оқушы екіншісінің сөмкесіне сызып тастады. Не істер едіңдер?

5. Бейнебаяндағы құқық бұзушы Саянның іс-әрекеті арқылы пікір тастау.

( Әрбір сқрақтан кейін балалардың жауаптары тыңдалады )


ІV. Әсемнің хаты.

Мұғалім: Біздің мектеп оқушылары Қазақстанның басқа қалаларындағы өзі қатарлас достарымен хат алысып тұрады. Осындай хаттардың бірі 8 сынып оқушысы Бурамбай Гүлданаға Көкшетау қаласының тұрғыны Әсем есімді қыздан келген екен. Гүлдана сол хатты қазір сендерге оқып берсін.


Әсемнің хаты.

Сәлем, Гүлдана! Сабақтарың қалай, бәрі жақсы ма? Ата-анаңның хал-жағдайы ше? Мен бұрынғы Әсем емеспін. Менің өмірім бұрынғыдан мүлдем өзгеріп кетті. Өйткені анам қатты ауырып екі ай төсекте жатты, дертіне дауа табылмай, ақыры дүниеден өтті. Әкем болса, анамның өлімінен соң төрт айдан кейін-ақ басқа әйелдің құрығында кете барды. Бірақ ол әйел мені қабылдамады. Тірі жанға тамақ керек. Ал оқу – екінші мәселеме айналды. Тамақ табу үшін ақша керек, ақша табу үшін жұмыс істеу керек. Әкемнен иненің көзіндей көмек жоқ. Мен кәмелеттік жасқа толмасам да өз тамағымды өзім табайын деген мақсатпен көлік жуатын орындарға бардым. Ол жерге неше түрлі байлар машиналарын әкеліп жудыртады. Еңбегім үшін 500-1000 теңге табамын. Бұл жерге кейбір жаман ниетті адамдар да келеді екен. Олар маған қисынсыз сөздер айтып, намысыма тигісі келеді. Осындай сәттерде мен анамды қатты сағынамын. «Анашым, анашым, неге мені тастап кеттің, сенің орныңа мен кетсем болмас па еді, аялы алақаныңды сағындым, анашым, мені өзіңмен бірге алып кетші, анашым!» деп бастығыма көрсетпей, тасалау жерге барып көз жасымды көл қылатынмын. Қазір менің барарға жерім, басарға тауым жоқ. Туған-туыстардың да бүйрегі бұрып, мені іздейтіні жоқ. Мен қазір мектепте оқығанымда өзіңдей

8-сыныпта отырған болар едім. Өкінішке орай, 7-сыныптан соң-ақ мектеп табалдырығын аттаған жоқпын. Мендегі жағдай осындай. Әрі қарай өмірімнің не болары бір Аллаға аян. Ата-анаңның көзі тірісінде қадіріне жет, олардың зейініне тиетіндей сөздер айтпа.Сәлеммен Көкшетаудың көкшесінде күңіренген досың Әсем.


Мұғалім: Ал оқушылар, осы хатты жазып отырған Әсемге не айтар едіңдер? Қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Әсем қандай құқығынан айрылды? Қол көмектеріңіз болмаса да тіл көмектеріңіз бар шығар енді? Ендеше, біргелікте Әсемге хат жолдайық. (оқушылар хат жазып, жазғандарын оқиды).

V. Құқық туралы мақал-мәтелдер.

Мұғалім: «Мақал – сөздің мәйегі» дейді дана халқымыз. Балалар, ата-бабамыздан айтылмаған сөз қалмаған. Құқығымызға жақындау жанасатын қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. Біреуге ор қазба, өзің түсесің. (Серик)
2. Заңның құрығы – бәрінен ұзын. (Замир)
3. Ұрлық түбі – қорлық. (Ерсұлтан)
4. Өтірікшінің құйрығы – бір-ақ тұтам. (Аяжан)
5. Тура биде – туған жоқ. (Мейрамжан)
Туғанды биде – иман жоқ.
8. Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер. (Ертай)
9. Тек жүрсең, тоқ жүресің. (Перизат)

10. Заңды сыйлаған еркін жүреді. (Алуа)

11. Заң біткен жерде зұлымдық басталады. (Аяна)
12. Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. (Милана)
13. Тәрбиелі – тәртіптің құлы. (Дариға)

Тәртіп – елдің құлы.
14. Сенің құқығың – менің құқығым. (Рустем)

15. Шыңдық бар жерде өтірік байқап жүреді, (Перизат)
Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.
17. Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың, (Аяжан)
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың.

18. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, (Милана)
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.


VІ. Ұлылардан қалған асыл сөз.
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу – айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Қазіргі кезде жас өспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың түрлері көбеюде. Заң ережелерінің барлығы да адамдарды адал жолға салу, оларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынан туған. Ата-ананың сөзін алмаған бала бір пәлеге ұрынары сөзсіз. Осыған байланысты нақыл сөздер қаншама. «Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет», «Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбас», «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім де мақтамайды».

Сонымен келесі кезекте қазақтың ертедегі, аңыз әңгімесіне байланысты өз ойларымызды ортаға салайық:

Ерсұлтан: Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды (385-хадис Мұхаммед Пайғамбар).
Серик: Заң – жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі (Кант).
Перизат: Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен кейін он үшке дейін құлыңдай қина,он үштен ары сырласыңдай сыйла (халық даналығынан).
Замир: Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа (халық даналығынан).
Ертай: Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу-ақ. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ (Жүсіп Баласағұн).


VІІ. Түйін. «Құқығын білген қор болмас»
Мұғалім: Балалар, қылмыс – қоғамға қауіпті әрекет. Кәмелеттік жасқа толмаса да 16 жастан бастап жасөспірім қылмысы үшін жауапқа тартылады. Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек? Және бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді мына стикерлерге жазып тақтаға ілесіңдер.

(оқушылар стикерге жазғандарын тақтаға іледі)


Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан,
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.


Біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі сынып сағатта біраз нәрсе ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы – ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздары болып өсейік деген сеніммен бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз. Келген қонақтарымызға көп-көп рахмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
???Ы? – ?МІР АЙНАСЫ

Автор: Смайлова Миргул Алланазаровна

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333087

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Тілім мені? ? тірлігімні? айнасы» "
    ["seo_title"] => string(34) "tilim-mienin-a-tirlighimnin-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "192050"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427393660"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "внеклассная работа по теме "Домбыра -халы? ж?регіні? айнасы" "
    ["seo_title"] => string(65) "vnieklassnaia-rabota-po-tiemie-dombyra-khalyk-zhurieghinin-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "194758"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427809784"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Баспас?з-  ?мір айнасы" "
    ["seo_title"] => string(20) "baspasoz-omir-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "206715"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430241779"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "« Имандылы? – инабаттылы? айнасы» "
    ["seo_title"] => string(28) "imandylyk-inabattylyk-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "214481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432312296"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?айталау -білім айнасы.( К?бейту, б?лу)"
    ["seo_title"] => string(36) "k-aitalau-bilim-ainasy-kobieitu-bolu"
    ["file_id"] => string(6) "290997"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455039807"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства