Тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдарын ұғындыру.“Қазақстан - 2030” бағдарламасында көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктің денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, тақырыпқа сәйкес слайдтар. Барысы. I бөлім. Ғылыми жоба қорғау.
Просмотр содержимого документа
««Бақытым да, байлығым да – денсаулығым»»
Күні: 02.12.2016ж Сыныбы :6 «г»
Тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдарын ұғындыру.“Қазақстан - 2030” бағдарламасында көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктің денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, тақырыпқа сәйкес слайдтар. Барысы. I бөлім. Ғылыми жоба қорғау.
Шарты: әр топтың мүшелерінің денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтуы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен «жылы лебіздер» атты психологиялық тринингі өткізіледі.
Гиппократ: “Мөлшерден тыс тоқтық та,аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрі де денсаулыққа қолайсыз”.
Ибн-Сина: ”Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді”.
Жүргізуші Ұзақбай Исламбек: Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырамын. Олай болса жаңалыққа жан құмар ізденімпаз жастармен «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» атты тәрбие сағатын Елбасының сөзімен бастаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсетті. .
Ғылыми жоба қорғау бойынша Тайжан Назерке «Денсаулық» тобынан шығып қорғады.1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады. Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. «Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, Кофеин, карамель, көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген. Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен – күнге дәлелденіп отыр. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді. Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Кока-кола әсіресе балалардың бас сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді
Болатбекова Мейірім «Сағыздың денсаулыққа тигізетін пайдасы немесе зияны? Күнде теледидардан сағыздың мыңдаған жарнамасын бақылаймыз. Бүгінде дүкендегі ең өтімді тауарлардың бірі сағыз болып тұр. Дәмі, түрі, көлемі, тіпті түсіне қарай сағыздың көңілімізге ұнағанын сатып аламыз. Сағызды әсіресе жас¬тар жақсы көреді. Содан болар, үнемі шайнап, шар етіп үрлеп жатқан жастарды көп кез¬дестіреміз. Кейбі¬еуге ол әдет болып қалған. Сағызды адамдар ертеден білген. Сағызды каучуктен өндірген Еуропаға сағызды алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. Қазақстанда сағызды каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Оңтүстік Америкаға келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау щыққан. Ал бұл өнімді өндіретін алғашқы кәсіпорын 19- ыншы ғасырдың ортасында пайда болыпты. 1880 жылы уақыт өте келе, жаңа технологиялар бойынша сағыздың құрамына түрлі дәмдеуіштер қосылған сағыздар пайда бола бастайды. Алғашқы дәм күшейткіш сағыздарды Уильям Ригли, «Wrigley» компаниясын құрған иегері өндірді.Сағыз бұйымы уақыт өте келе заманауи өзгерістерге де ұшырады. 1. Сағыздың компонеттері кариес, пародонтоз сияқты ауыз ауруларына шалдықтырады;2. Балаларға арналған «Орбит» сағызының құрамында қант өлшемі қарапайым сағыз өнімдеріне қарағанда 60%-ға жоғары, жас бүлдіршіндерде тіс ауруларының ерте басталуының себебі де осы3. Құрамында тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспалар қолданылады.4. Адамның ішкі мүшелеріне зиянын келтіреді, яғни бауыр мен бүйрек ауруларына шалдықтырады. 5. «Стиморол» сағызы қатерлі ісік ауруын тудырады. 6. Үнемі сағыз шайнаушылардың ақылдары төмендейді; • Сағызды тамақтанбасақ ас ретінде пайдаланбауға тырысу керек; • Тамақ ішіп болғаннан кейін, тек 5-10 минут сағыз пайдалы екендігін есте сақтау жөн; Орақова Шамшырақ сөзінен: Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі.Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады.Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. “Қазақстан 2030”бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы “Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” арнайы заң қабылданған. Дұрыс тамақтанатын адамдар көп ауырмайды, психологиялық жағдайы жақсарады, көңіл-күйі көтеріңкі болады, ең бастысы жұмысқа қабілеттілігі,оқуға деген қызығушылығы артады .Сонымен, дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Салауатты өмір салтын сақтау қағидалары Дұрыс тамақтану; Уақытымен ұйықтау; Белсенді жұмыс пен демалыс; Зиянды қылықтардан аулақ болу; Адамға организм бір рет қана беріледі. Адам денесін еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Көптеген аурулар – дұрыс емес тамақтанудың нәтижесінен болады.Салауатты өмір салтын сақтау қағидалары (оқушылармен бірге анықтау). Дұрыс тамақтану; Уақытымен ұйықтау; Белсенді жұмыс пен демалыс;Зиянды қылықтардан аулақ болу;Адамға организм бір рет қана беріледі. Адам денесін еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Көптеген аурулар – дұрыс емес тамақтанудың нәтижесі.
Постер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап алынды.: Зиянды әдеттерге нелер жатады?ü Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?ü Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?ü Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.ü (Балалардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту).
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын талқылады.
Қорытынды: «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» атты тәрбие сағатымыздың соңына келіп жеттік. Міне, балалар біздің темекінің, есірткінің, ішімдіктің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар зиянды әдеттерге әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Әр адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек. Бізге өте қымбат дүние десек те болады. Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болулары керек. Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек. Тәрбие сағатымызға ат салысып қатысқандарыңызға өте ризамыз. Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.