Білімділік: Елордасы Астана туралы жан- жақты білімдерін кеңейту,тереңдету, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жалғау түрлерін қайталау. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; өзара сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Астана – бас қала.»
Сабақтың тақырыбы: Астана – бас қала. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Елордасы Астана туралы жан- жақты білімдерін кеңейту,тереңдету, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жалғау түрлерін қайталау. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; өзара сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету. Тәрбиелік: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың суреттері Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
б) Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық.бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеу
3.Астанада болғанда қандай әсем жерлерді көрдіңдер?
Мұғалім сөзі.Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі - туған жер, қала, ауыл, аудан тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы болса, Отанды, жерді, елді сүюге баулу мектептің, ата - ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті талап етеді. Сондықтан елордасы Астана қаласына саяхат жасаймыз.Саяхаттың алдында сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлеміз. «Тарихшылар»,«Сәулетшілер», «Зерттеушілер». Осы саяхат арқылы біз Астана туралы көп деректерді біліп аламыз.
«Тарихшылар», «Сәулетшілер» , «Зерттеушілер» интерактивті тақтаны қолдана отырып, кез келген сурет бойынша өз білгендерін айтады. Бұл ғимараттың (ескерткіштің, бұрқақтың, т.с.с.) Астанада орналасқаны туралы, оның қандай екені туралы сөйлем құрастырып айтады.
Сыныбымыздан биылғы жаз каникульы кезінде отбасымен Бертағова Арайлым мен Сақыпжан Жаннұр барған болатын.Енді бізге олар өздерінің осы сапарларында алған әсерлерін айтып өтсе.
Келесі тапсырма бойынша «Сұхбат »
Тележүргізуші: — Сәлеметсіз бе?
Арай,Жаннұр: — Сәлеметсіздер ме?
Тележүргізуші: — Сіздер Астана қаласына бірінші рет келіп тұрсыздар ма?
Тележүргізуші: - Астананың қандай жерлеріңде болдыңыз? Астана сіздерге ұнады ма?
Арай,Жаннұр: - Иә, өте әдемі қала екен.
- Бәйтерекке шықтық, Думан ойын сауық орталығында болдық.
— «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер. 2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан. Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Зал ортасында әлемдік діндердің өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» - Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің алақанының таңбасы орналасқан.
2. «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады. 3. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.
3. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған. Арнайы қондырғылар ішкі температураны бір қалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындары жұмыс істейді.
4. Думан ойын-сауық орталығы. 2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.
Астана қаласына қандай тілек айтар едіңіз
Арай,Жаннұр: — Біздің айтар тілегіміз мынадай: көркейіп, гүлденіп өсе берсін, әлемдегі ең сұлу, әдемі қалалардың қатарларына қосылсын.
Тележүргізуші: — Тілегіңізге көп рахмет, сау болыңыз!
Арай,Жаннұр: — Сау болыңыздар!
«Тарихшылар»- «Астана қаласының өткен тарихын»,
«Зерттеушілер»- «Астана қаласының қазіргі кезеңін» «Сәулетшілер» - «Астана болашақта» тақырыбында постер қорғайды
«Тарихшылар» тобы-
Астана - Қазақстанның бас қаласы. - Астана болған қалалар: 1925жылы Қызылорда (Ақмешіт) 1929жылыАлматы(Верный) 1997жылы Астана (Ақмола) 1998жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы АлматыданАқмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілдеҚазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды
.Климаты-Континентальды. Қыс мезгілі өте суық, ұзақ, қатты. Жаз мезгілі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +20 С. Қызықты мәліметтер 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Астана – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Астана Есіл өзенінде орналасқан. Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.
«Зерттеушілер» тобы өз білімдерін келесі тапсырмада көрсете біледі. Біздің жеріміз өте бай. Оны бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Қазақстан күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізат өндіруден екінші орын, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді. Астана қаласының аумағ ыҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный , Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағ ыауылдардың және Цилиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды. Бүгінде Астана -71014 га (1998 ж. -25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегополис, соның ішінде Алматы ауданы- 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты. Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін , Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.
«Сәулетшілер» тобы-Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің ойыма алтын күндей елтаңбамыз,көгімізде желбіреген көк байрағымыз,аспанымызда әуелеген әнұранымыз есіме түседі. Біз дәл осындай тәуелсіз елдің болашағымыз.Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес. Атап айтар болсақ,еліміздің қол жеткізген жетістіктернің бірден-бірі Елордамыз Астана.Олай айтуымыздың себебі, аз ғана жылдар ішінде Астанамыз бой көтерді. Қазіргі Астанамыз болашақтың,жастардың арман қаласы.Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Ғасырлар бойы ата-бабларымыз арман еткен, бас-аяғы төрт-бес жылда бой көтерген Астана тарихта болған емес. Елорадамыз Астана жайлы өз ойымды жүрек жарды өлеңіммен аяқтағым келеді.
Оқушылар Астана туралы тақпақтарын ортаға шығып айтады.
Арайлым:Астанам менің,
Ақ ордам менің,
Танытты сені бақ орнап елім.
Шаттыққа төсі бөленген елдің
Болашағын да сенен көремін.
Жамила:Астанам менің,
Айбыным менің,
Берекем менің,
Байлығым менің,
Дос болар сенде тоғысқан жандар,
Басталар сенен тойлы күндерім.
Астанам менің,
Ажарым менің,
Армандар саған созады қолын.
Жазады бүгін шаршаған кезде
Өзіңе қарап қазағым белін.
Санжар:Астанам менің,
Қалқаным менің,
Асқақтаттьң ғой Арқаның жерін.
Армандап жүрген ертеңім бе едің,
Қиялдап жүрген ертегім бе едің?!
Дана:Астанам менің,
Ақылшым менің,
Жаныма әр кез жақынсың менің
Аңсаған кезде,
Шаршаған кезде
Өзіңе қарап отырсын елім.
Айкөркем:Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.
Астана – Азияның жас қаласы,
Ажарын көрген адам қызығардай.
«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,
Астана қарқын алды өсер дара.
Есілдің жағалауын жарқыратқан,
Аққудың ұясындай әсем қала.
Жаннұр:Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы,
Тамсантқан таңғажайып дәру жүзі.
Бой жазған Сарыарқаның самалында,
Астана – Азияның ару қызы.
Құлшынған күншығыста жас қалаға,
Батасын берді Алатау бастап алға.
Ақжарқын Азияға нұрын шашқан,
Тілейміз құт, береке Астанаға.
Сабақты қорытындылау- Тест тапсырмалары 1. Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан. а) Сарыарқа б) шығыс в) батыс с )оңтүстік 2.Астана қаласының символы: а) ту б) елтаңба в) әнұран с) Бәйтерек 3.Астана .... қала: а)көне б)ескі в)бас с)таза 4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші 5.Астана қаласының тұсаукесер тойы: а) 1998 б) 1991 в) 1997 с)1995 6.Астананың бұрынғы аты: а) Ақтөбе б) Алматы в) Ақмола с) Орал 7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан? а) Еділ б) Есіл в) Қарасу с) Жайық 8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады? а )100 –ден астам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам 9. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап: а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана - жас қала 10.Астананың туған күні: а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с) 6 маусым Жауабы: 1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а
Оқушылар енді өзіміздің « Астанаға » деген тілегімізді стикерге жазып жүрекшеге жабыстырамыз.