Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы "Адамгершілік -асыл қасиет"»
Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары А Ажығожина
Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет» Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру. Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау. 2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру. Түрі: ашық тәрбие сағаты Әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі) Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік. Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Барысы:
Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,
әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін «деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.
Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.
Топқа бөлу. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз адамгершілік тақырыбында болғандықтан біздің сабағымызға ата- аналар да қатысып отыр, сондықтан «Тұрғындар мен үйлер» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.
-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.
-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады
-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады
-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.
Адамгершілік бастауы неде?
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Адамгершілік туралы ойшылдар не дейді соған назар салыңдар/ слайд/
Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін оқитын Ақбота
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқитын Ұлпан
Ал енді осы жерде ортаға жиналып шаттық шеңберін құрайық
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Шеңбер – бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. «Жақсы немесе жаман қасиеттер» тренингі . — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі. Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Енді осы қалпымызда тұрып өзіміздің бір жағымды , бір жағымсыз қасиетімізді айтайық. Оқушылар барлығы айтып өтеді. Жаман қасиеттеріңнен арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңді үйге барғаннан кейін қағазға жазып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз. Ал енді орнымызға , тобымызға отырайық, топтарға тапсырма. бірінші топқа- адам бойында кездесетін жағымды қасиет екінші топқа - адам бойында кездесетін жағымсыз қасиет үшінші топқа- жағымсыз мінезден арылу жолдары ал ата – аналар сіздерге де тапсырма әрқайсыңыз мына параққа өз балаңыздың бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттерін жазып беріңіздер.
Жағымды қасиеті
Жағымсыз қасиеті
Ал енді осы топтық жұмысты , сендердің пікірлеріңмен келісе отырып мына «Маржан сөздермен» қорытындылайық. / слайд/ Енді балалар біздің электронды почтамызға мынадай құпия хаттар келіп түскен екен осы хаттарға үңіліп , пікір білдірейік. Сендердің бұл ойларыңды мына мақал – мәтелдермен қорытындылағым келіп тұр , осы мақалдардың мәніне үңіліп көрейікші. Келесі тапсырма «суреттегі адамгершілік сыры» мына экрандағы суреттерге қарап әңгіме құрастырыңдар. Адамгершіліктің қарапайым құпиялары Келесі тапсырма мен тақтаға төрт сөз жазамын «адамгершілік, қайырымдылық , жасаймын, Топта талқылау және бір шығарманы оқу.
«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе? Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
«Жұлдыздар» ойыны Бізге жұлдыздар не үшін керек? Әрине жұлдыздар бізге түнде жарық сыйлайды және әдемілік үшін керек. Мен сендерге қазір түсті жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді алып, ортасына атыңды және өз атыңның бас әріпінен келетін жағымды сөздер жазасыңдар.
1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ). 2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?»
Жағдаят: «Балам, анау не?» ...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі: - «Балам, анау не? » деп сұрапты. - «Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы: - «Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі: - «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті. (Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)
Мұғалім сөзі: Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды
Қорытынды: Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .