kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамгершілік- асыл қасиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық тәрбие сағаты. тақырыбы Адамгершілік -асыл қасиет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік- асыл қасиет»

«Адамгершілік тәрбиесі— басты мақсат»


Мақсат: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа,

кішіпейілдікке үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!

Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.

-Адамгершілік дегеніміз не?

1 оқушы: Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау деп ойлаймын.

 2 оқушы: Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес,заманда,бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек.Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен деп армандаймын.

 3 оқушы: адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс- әрекеті,еңбек,татулық осының бәрі адамгершілікке жатады.Ар ұят жоқ жерде қылмыста,алдау, арбау ,тонауда болады.

4 оқушы: ия, дұрыс айтасыз Қазақ осы арға үлкен мән берген. «Жаным-арымның садағасы» дейтін қазақ үшін ардан қымбат ештеңе жоқ. «Ар» деген сөздің өзі түркі тілінен тазалықты білдіреді.

 - Баллар сендер адамгершіліктің не екенін біледі екенсіндер,ал енді сол адамгершілік категорияларының бірі-парыз. Сендер оны қалай түсінесіңдер?

 5 оқушы: Менің ойымша Парыз ол халықтың жарқын болашағы үшін күрес. Бұл адамның ата-анасына, Отанына мектебіне,қоршаған ортасына деген көңіл күй.

 Мұғалім: ия дұрыс айтасын Парыз дегеніміз ол адамның тыныс тіршілігімен орын алатын сезім.Оған халыққа қызмет ету және адам қай әлеуметтік топқа жатса сол топтын алдында борышын өтеу жатады.

 

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

1 оқушы: Кешірімді болу, кек сақтану, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

2 оқушы: Ізеттілік-айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

3 оқушы: Әділ болу –адамшылықтың асыл белгісі.Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

4 оқушы: Рұқсат сұрау- адамдар қарым – қатынасындағы ішкі мәдениетті айнақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және қол сұқпау. Әр адам бір – бірінің құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық-әр адам ұлттына, нәсіліне,намысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

 5 оқушы: Кешікпеу- бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

 Мұғалім: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

 6 оқушы:Барлық дамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

  Мұғалім: Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – ананың, өз Отаныңнын мақтанышы боласың. Алған мағұматтарды қорытындылай келе, келесі сұрақтарға кезек береміз.

 1 тур: Сұрақтар:

1 Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2 Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3 Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

4 Сен өзің жіберген қателегеңді мойындай аласың ба?

5 «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

6 Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

7 Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

2 тур: Мақал-мәтел (Кім тапқыр)

 1. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,

Ақылына ақыл қос.

2. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала

3. Адалдық жүрген жерде,

Адамдық жүреді

4. Асылдың бірі- Адамгершілік

5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік

6. Адалдық ардың ісі

7. Ақылдың алдыменен жүр

Ақымақтың артыменен жүр

8. Өтірік айтып жағынғанша

Шынынды айтып жалын

9. Ауыз ашса сыр көрінеді

Есік ашса төр көрінеді

10.Ақылы жоқ басқа,адырайған көз бітеді

Дуасы жоқ ауызға,судыраған сөз бітеді.

11 «Сөйлесе сөз әдепті»

12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар.

 

3 тур: Сөзжұмбақ.

1 Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2 Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3 Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4 Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5 Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатігездік).

6 Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7 Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

8 Адам іс- әрекеті қозғаушы күші (қажеттілік).

9 Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

10 Ең асыл қасиеттердің бірі (ержүректілік).

 

Жақсы өмір дегеніміз – бұл………………………………………………….

Адам болу дегеніміз – бұл………………………………………………..

Өмірдегі ең басты нәрсе — бұл……………………………………………………..

Досың көп болу үшін…………………………………………………..

Егер мен сиқыршы болсам, онда мен………………………………………

Бос уақытым болса, мен………………………………………………………………

Адам бақытты болу үшін………………………………………………………..

Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда………………………………

Мен өзімді …… ………………………………….кезде өте жақсы сезінемін

Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем….

Меніңше жақсылық пен жамандық……………………………..

Мен сыпайы адамды кездестірген сайын…… ………….деп ойлаймын.

Мен …………….. …………………………………………….сайын қуанамын.

Мен өзімді ………………………кездерде аса бақытты сезінемін.

Неге барлық адамдар ………………………..болмайды екен.

 

Қорытынды: Бүгінгі «Адамгершілік тәрбиесі — басты мақсат» тақырыбында өткен тәрбие сағатымызды аяқтай келе барлықтарыңыздың бойында адамгершілік қасиеті болып, әрқашан өмірде сыйластықпен өтуге тілектеспін. Адамгершілік деген сөздің әрбір әрпінде өзіндік мағына бар сияқты Егер оны талдап көрсек адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күн сәулесіндей шуағын төккелі тұрған сендердің бойларыңада осы қасиеттердің болуын тілер едім! Назарларыңызға рахмет.сау болыңыздар!!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адамгершілік- асыл қасиет

Автор: Шынғожинова Айдана Серікқызы

Дата: 11.11.2016

Номер свидетельства: 357861

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Адамгершілік – асыл  ?асиет "
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-8"
    ["file_id"] => string(6) "207076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430327668"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Адамгершілік асыл қасиет""
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik_asyl_k_asiiet_7"
    ["file_id"] => string(6) "432565"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508129674"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Адамгершілік асыл ?асиет" та?ырыбында?ы сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(59) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-tak-yrybyndag-y-synyp-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "329743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464011858"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Адамгершілік - асыл ?асиет" "
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-3"
    ["file_id"] => string(6) "199018"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428503406"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Адамгершілік асыл ?асиет 5"?" сыныбы"
    ["seo_title"] => string(33) "adamghiershilikasylkasiiet5synyby"
    ["file_id"] => string(6) "292429"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455277332"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства