Сәлем – арабтың тыныштық бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді қолданып амандасады. Пайғамбардың атын атап, еске түсіргенде, де мұсылмандар: ғаләй һиссәләм! (Оған тыныштық болсын!) Сөзін қосып айтады. « Сәлем – сөздің басы » делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп, адамшылық – амандасудан басталады.