kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ас атасы - нан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға нанның қасиеті туралы тұсінік беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ас атасы - нан"»

Сабақтың тақырыбы: Ас атасы – нан

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға наннан үлкен ас жоқ екенін, дастарханға оңай келмейтінін, келгенге дейін оған орасан зор еңбек жұмсалатынын, адамның еңбегін,

нанның қадірін бағалауды түсіндіріп ұғындыру.

2.Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.

3.Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге, еңбекқорлыққа, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер, көрме ( ұннан жасалған тағамдар: нан, тоқаш, бауырсақ, печенье, пирожки, құймақ, рулет вафли)

Нақыл сөздер: Нан болса, ән де болады.

Нан – ардақты асыл ас, Аттамас одан кәрі жас.

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Барысы: І. Кіріспе.

Нан барлық тағамдардан биік тұрады. Нан – өмір. Нан молшылық пен қуаныш. Нан барша байлықтан да қымбат, ол тіршілік көзі. Нан бар жерде байлық та, береке де, ән де, сән де бар. Нан бар жерде - жан бар. Бір үзім нан! Ол бізге тегіннен тегін келмейді. Сондықтан да еліміз оны ардақтап ардақ тұтады.Әйтседе көп балалар алдарына келген аппақ нанның қайдан қалай келгенін біле бермейді.Ол үшін көптеген адамдар еңбек етіп, маңдай терін төгеді. Диқандар ерте көктемнен бастап, бүкіл жаз бойы, қара күзге дейін күні – түні тынбай еңбек етеді. Осындай еңбек арқасында ғана нан алдымызға келеді.Сондықтан да біз еңбек еткен ауылдағы ағаларымыздың сіңірген еңбегін, қасиетті нанды құрметтеуіміз керек, оны ысырап қылмай, үгітпей жеу керек.

ІІ. Көрмемен жұмыс

  • Мына тағамдардың аттарын атап беріңдер?

  • Жақсы

  • Осы тағамдар неден жасалған?

  • Міне, көрдіңдер ме балалар, ұннан неше түрлі тағамдар жасаймыз.

Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

  • Осы жерде қандай мақал –мәтел айта кеткен жөн болар еді?

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

ІІІ. Енді балалар еңбекке , нанға байланысты мақал - мәтелдер айтып береді.

  • Егін ексең тыңға ек,

Одан өнер өнім көп.

  • Ексең егін, ішерсің тегін.

  • Бақыт кілті – астықта,

Жалынды еңбек жастықта.

  • Жер жомарт, еңбегіңд і аяма.

  • Нан бар жерде – жан бар.

  • Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

  • Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

- Қоныс көркі там,

Дастархан көркі – нан.

- Нан - тамақтың атасы.

Ынтымақ - көптің батасы.

ІV.К елесі кезекте Сөзжұмбақты шешейік:

1.Өзі орып, жұтып, өзі дайын астық шығарады. ( комбайн)

2.Күрең қызыл түсі бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күші бар. ( нан)

3.Біреуін бердім ,

Онын тердім. (тұқым)

4.Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейілде арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не ? ( дастархан)

5.Тегіс жер кесілді , арқандай есілді. ( жыртылған жер)

6.Жезге ұқсас сабағы,

Дәні – халық тағамы.(бидай)

7.Далада әрлі – бері жүреді,

Қара жерді тіледі. (соқа)

8.Бір түйірін ексең,

Жүз түйірін аласың. (дән)

9.Қыр басында әр қилы,

Сары теңіз толқиды. (Егін)

V. Қазақ халқы ырымшыл халық, ендеше дастархан басында сақталтын ырым – тыйымдарға кезек берейік.

  1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

  2. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

  3. Тамақты жатып ішуге болмайды.Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады.Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді.Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

  4. Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің.

5.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

6.Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

VІ. Нанға байланысты тақпақтар айтып көрейік.

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар сірә нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар – деп үстелге қояды.

Нандай жоқ қой асыл дәм


Жеп үйренген асыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетере асыңнан.


Дастарқан басынан

Үзілмес асыл дәм.

Ақ тоқаш, ақ қалаш

Адамның асы нан.


Күріштен, тарыдан,

Араның балынан.

Бәрінен – бәрінен

Тағамның сәні нан.


Ұқ мұны сен бөбек,

Нан деген дәм бөлек.

Жерге оның түйірін,

Түсірмей жеу керек.


О, адамдар, айтарым бар,

Нанды баспаңдар.

Онда қол жетпейтін аспан бар.,

Әлі ешкім жазбаған дастан бар.

Өтініп сұраймын,

Ана бол, дана бол, бала бол,

Нанды баспаңдар!


Нанға үлкен жүрекпен

Қараңдар!

Нанды өмір деп санаңдар.

Нан болмаса,

Қызығың, бақытың

Құр әуре, далбаса.


Нансыз тыныштық та болмайды,

Көкіректі мұң

Жерді шаң торлайды.

Екі ел бірін – бірі жалмайды.

Елімнің құдыретін асырып тұрған ,

Менің де, сенің де оның да

Мерейін үстем ғып тұрған


Дән емес пе?

Дән - ән емес пе,

Дән - нәр емес пе?


Дән – нәресте,

Дән – тіршілік тоқтамайтын..

О, адамдар!

Тіршілік арнасын сақтаңдар.

Диқан еңбегін

Тер төгіп ақтаңдар,

Әр дәнді жоғалтпай ,

Өмірдей сақтаңдар!


Нан қоқымын шашпаймыз,

Жерде жатса баспаймыз.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаймыз.

Барлығы: Тістелген нанды тауыса жеп, қалдық қалдырмаймыз.

VІІ . Сабақты қорытындылау: Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер.Осының бәрі өздігінен орындалмайды , үстелге өздігінен келмейді.Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - демекші еңбек етулерің керек.Сендердің еңбектерің – ата – ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.

Барлығы: Нан болса – ойнап күлеміз,

Нан барда – еркін жүреміз.

Тіршілік көзі – нан- ғана,

Нан қадірін білеміз- дей келе сынып сағатымызды аяқтаймыз.Хош сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ас атасы - нан"

Автор: Нургалиева Бакыт Казыбаевна

Дата: 05.03.2018

Номер свидетельства: 460805

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Ас атасы-нан" "
    ["seo_title"] => string(14) "as-atasy-nan-2"
    ["file_id"] => string(6) "181944"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425416299"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "« Ас атасы – нан »             (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(31) "as-atasy-nan-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "208498"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430827680"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ас атасы нан ( тіл дамыту)"
    ["seo_title"] => string(19) "asatasynantildamytu"
    ["file_id"] => string(6) "284210"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453950615"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ша?ын орталы? Ас атасы нан ( тіл дамыту)"
    ["seo_title"] => string(39) "shag-yn-ortalyk-as-atasy-nan-til-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "284229"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453954005"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) ""ас атасы-нан"
    ["seo_title"] => string(14) "as_atasy_nan_1"
    ["file_id"] => string(6) "384569"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485529273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства