kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Адам және заң»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы : «Адам және заң» 

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ата заңымызғадеген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.       

Түрі:  пікірталас,сұхбат.                                                                                                Көрнекілігі: Таратпа қағаздар, видеоролик, қанатты сөздер 

Жүру барысы:                                                                                                                     

І. Құқық туралы жалпы түсінік                                                                                                                                

ІІ.Әкімшілік жауаптылық                                                                                                                      

ІІІ. Кәмелетке толмағандардың еңбегі. Отбасыдағы балалар құқығы                                                                                                

 ІҮ.Сұрақ- жауап.                                                                                                                      

Ү.Қорытынды



                                        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Адам және заң»»


Тақырыбы : «Адам және заң» 

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ата заңымызғадеген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.                                               

Түрі:  пікірталас,сұхбат.                                                         Көрнекілігі: Таратпа қағаздар, видеоролик, қанатты сөздер 

Жүру барысы:                                                                                                                     

І. Құқық туралы жалпы түсінік                                                                                                                              

ІІ.Әкімшілік жауаптылық                                                                                                                     

ІІІ. Кәмелетке толмағандардың еңбегі. Отбасыдағы балалар құқығы                                                                                               

 ІҮ.Сұрақ- жауап.                                                                                                                      

Ү.Қорытынды


Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар!                                                                                 

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді  Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген мына қанатты сөздермен бастасақ деймін.  Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы дей отырып «Адам және заң» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.                                                                                           

І. Конституциялық құқық туралы не түсінесіңдер?                                                         

Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері бар. 
а)  Оқушы неге құқылы? 
Білім алуға, емделуге, демалуға
ә) Оқушыларының міндеттері қандай?
1. Мектептің ішкі тәртіп — ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті. 
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға. 
3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті. 
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге. 
5. Сабаққа қажетті құрал — жабдықтарының толық болуына. 
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге. 
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға

8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.  Оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де  бар:

Тиым салынады: 
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды мектеп  аумағына

әкелуге. 
2. Мектеп ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды

жақындатуға. 
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, ұрлық жасауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға, жеке мүлкін тартып алуға. 
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. 

ІІ. Әкімшілік жауаптылық ( Ситуациялық жағдайдан  шығу)

а) Ситуациялық жағдай 
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген. 
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма? 
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді? 
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме? 
Дұрыс жауабы: 
1. Бейсенкүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді. 
2. Бейсенкүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды. 
б) Ситуациялық жағдай 
Марат пен Салтанатқала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады. 

1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? 
Жауабы: 
Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді. 

ІІІ. Пікір сайыс:

Тақырып: «Жастар және қылмыс» бейнефильмінен үзінді көрсету.

Әр топ бейнефильмнен түйген өз ой - тұжырымдарын білдіруі керек? Уақыт 3 минут.
І топ: Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
ІІ топ: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
ІҮ. Сұрақ – жауап

1. Бала дегеніміз кім?
2. Қазақстанның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жыл 16 желтоқсан)
3. Республикалық басқару нешеге бөлінеді? (2 -ге парламенттік және президенттік)
4. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі)
5.«Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады? (5 бөлім)
6. Қосарлы азаматтығы бар адам? (бипатрид)
7. Конституциялық Кеңес неше адамнан тұрады? (7 адамнан)
8. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (Бала туған кезден)
9. Заң бұзушылық деген не?

(Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет)

1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitution» құрылым, )
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
6. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
7. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
8. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? (Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.)
9. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

«Ой жалғау» 
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 
3. Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Тура биде... (туған жоқ) 

6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң болсын )
7. Батыр болсын, жорық жолы... ( мақұл болсын )
1. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
3. Әдепті бала ... (арлы бала) 
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
5. Әділ істің...(арты игі)                                                                                                    

6. Абыз болсын, абыз сайлау... ( парыз болсын)
7.  Би болсын, би түсетін... ( үй болсын )

Ү.Қорытынды

Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Н.Ә.Назарбаевтың:  «Ата  заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» деген сөзімен аяқтаймыз.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
«Адам және заң»

Автор: Гулия Темирбековна Сальменова

Дата: 13.01.2022

Номер свидетельства: 597629

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Адам ж?не за?" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "adam-zh-nie-zan-synyp-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "314835"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459779706"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Адам ж?не За?"
    ["seo_title"] => string(15) "adam-zh-nie-zan"
    ["file_id"] => string(6) "314559"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459707655"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Адам ж?не За?"
    ["seo_title"] => string(17) "adam-zh-nie-zan-1"
    ["file_id"] => string(6) "314560"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459707662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Жас?спірім ж?не за?" та?ырыбында д??гелек ?стел "
    ["seo_title"] => string(55) "zhasospirim-zh-nie-zan-tak-yrybynda-don-ghieliek-ustiel"
    ["file_id"] => string(6) "177857"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424716691"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(224) "Канспект урока беларускай літаратуры на тэму:"Мудрасць старэйшых. Беларуская народная казка «Ад крадзенага не пасыцееш». "
    ["seo_title"] => string(129) "kanspiekt-uroka-bielaruskai-litaratury-na-temu-mudrasts-stareishykh-bielaruskaia-narodnaia-kazka-ad-kradzienagha-nie-pasytsieiesh"
    ["file_id"] => string(6) "216196"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432898427"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства